Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облыстық Әділет департаментінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 4-06/1966 хатымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Заңының
6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Павлодар облысын көгалдандырудың 2005-2007 жылдарға арналған "Жасыл ел" бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) - бекiтiлсiн.
2. Облыс қаржы департаментi жыл сайын Бағдарламаның дер кезiнде қаржыландыруын қамтамасыз етсiн.
3. Облыс табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу департаментi жыл сайын 20 қаңтар мерзiмiне орай облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат ұсынатын болсын.
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Сессия төрағасы Г. Досжанова
Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров
Павлодар облысы мәслихатының
2005 жылғы 30 мамырдағы
III-сайланған XII-сессиясының
N 49/12 шешiмiне қосымша
Павлодар облысын көгалдандырудың
2005-2007 жылдарға арналған "Жасыл ел" бағдарламасы
Атауы |
Павлодар облысын көгалдандырудың 2005-2007
|
Бағдарламаны
|
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005
|
Негiзгi әзiрлеушi |
Облыс табиғи ресурстар және табиғат
|
Мақсаты |
Ағаш отырғызу көлемiн көбейту, елдi
|
Мiндеттерi |
Облыс қалалары мен ауылдық елдi мекендерiнде
|
Iске асыру
|
2005 -2007 жылдар |
Қаржыландыру
|
Республикалық бюджет, облыстық бюджет,
|
Күтiлетiн
|
Ағаш егiлген жерлердiң көлемiн ұлғайту,
|
Павлодар облысын көгалдандырудың 2005-2007 жылдарға арналған "Жасыл ел" Бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына
Жолдауын
iске асыру мақсатында жасалды.
Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2004 жылғы 14 мамырдағы N 542
қаулысымен
бекiтiлген 2004-2006 жылдарға арналған "Қазақстан ормандары" бағдарламасы қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы басты мiндеттерiнiң қатарына орман алқабын кеңейтудi, өсiмдiктер әлемiн сақтауды және тиiмдi пайдалануды қойды.
Бағдарлама - ағаш егу жұмыстарының көлемiн, елдi мекендердi көгалдандыру және соның нәтижесiнде облыс аумағында орман алқабын кеңейту жөнiндегi негiзгi мақсаттарды анықтайды.
3. Проблемалардың қазiргi жай-күйiн талдау
Облыс аумағында орман-тоғайлы алқапты ұлғайту тұрғындардың өмiр сүруiне қолайлы жағдай жасау және биологиялық көптүрлiлiктi сақтау мақсатындағы экологиялық ахуалды жақсартудың маңызды құрамдас бөлiгi болып табылады. Ормандар аса маңызды климат реттеу, орта құрау, егiстiк жерлер мен топырақ құнарлығын сақтау, су қорғау және санитарлық-гигиена жөнiндегi функцияларды атқарады. Бiр гектар орман орташа есеппен бiр жыл iшiнде 10 тонна көмiрқышқыл газды, 68 тонна шаңды жұтып атмосфераға 10-нан 20 тоннаға оттегiн бөледi.
Павлодар облысында орман қорының жалпы көлемi 456,7 гектарды құрайды. Жекеменшiкте орманды иелену тiркелмеген.
Ағаш отырғызу және ағаш егу көлемдерiнiң бiрнеше есе қысқаруы орман питомниктерiнiң елеулi бөлiктерiнiң жоғалуына және егу материалдарын өсiру көлемiнiң қысқаруына әкеп соқты.
Облыс орталығындағы, басқа елдi мекендердегi бұрынғы егiлген қорғаныш және көгалдандыру мақсатындағы ағаш және бұталар тұқымдас екпелер түрi өте аз, жасыл аймақтар, парктер, скверлер, жалпы қолданыстағы басқа да екпе ағаштар қоры жаңадан құрылмайды.
Автомобиль жолдары мен темiржолдар бойына, егiстiк жерлер мен жайылымдарды қорғау мақсатындағы екпе ағаштары жеткiлiксiз.
Осы екпе ағаштарына күтiм болмағандықтан (күтiм мақсатындағы, санитарлық мақсаттағы ағаш шабу, топырақ құнарлығын сақтау жұмыстарының мерзiмiнде жүргiзiлмеуi) елеулi аумақтағы екпе ағаштарының құруына әкеп соқты, ал аман қалғандары нашар жағдайда. Осыған байланысты олар тұрғындардың демалыс орны бола алмайды және өзiнiң тыңайтқыштық мақсатына сәйкес емес.
4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты болып облыс аумағында тоғайлы жерлердi көбейту, оларды қалпына келтiру, және тұрғындардың тұрмыстарына қолайлы жағдай жасау үшiн ағаш егу, елдi мекендердi көгалдандыру, биологиялық көптүрлiлiктi сақтап қалу жөнiндегi басты бағыттарды анықтау болып табылады.
Аталған мақсаттарға жету үшiн ормандарды қалпына келтiру және елдi мекендердi көгалдандыру жөнiндегi шараларды iске асыруға тұрғындарды, мемлекеттiк емес мекемелердi, студенттер мен оқушыларды облыстың ормандарын үнемi өсiру, елдi мекендерiн көгалдандыру және елдi кеңiнен тарту қажет.
Бағдарламаның негiзгi мiндетi облыс қалалары мен басқа да елдi мекендерiнде көшеттер отырғызу, мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде орманды алқаптар аумағын көбейту болып табылады.
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi
Мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандарды қалпына келтiру және ағаш егу жөнiндегi негiзгi көлемдер Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2004 жылғы 14 мамырдағы N 542
қаулысымен
бекiтiлген 2004-2006 жылдарға арналған "Қазақстан ормандары" бағдарламасында анықталғанын ескерсек, онда облыс қалалары мен елдi мекендерiнде көгалдандыру жұмыстарын кеңейту, олардың айналасында және автомобиль жолдары мен темiр жолдардың бойында жасыл аймақтар құру Бағдарламаны iске асырудың басты бағыты болып табылады.
Ормандарды ұдайы қалпына келтiру және ағаш егу шығындарының қомақтылығын ескере отыра бiрiншi кезекте:
саябақтардың, тынымбақтардың, өзендер мен су қоймалары жағалауларының жасыл аймақтарын жаңадан ашу және барларын қайта құру;
автомобиль және темiржолдарының бойында орман қорғау жолақтарын жасау;
iрi өнеркәсiп аумақтарында және олардың айналасында санитарлық қорғаныс аймақтарын ашу.
Көгалдандыру жұмыстарын екпе материалдарымен қамтамасыз етудiң басты мақсаттарының бiрi облыстағы орман питомниктерiн қалпына келтiру және жаңасын жасау болып табылады.
Жасыл құрылыстар жөнiндегi жұмыстарды дамытуға:
- қалалар мен елдi мекендерде белгiленген нормаларға сәйкес қалпына келтiру және салу негiзiнде жасыл аймақтар мен жалпы қолданыстағы екпе ағаштар қорын;
- қажеттi мөлшерде көшеттер өсiру үшiн мемлекеттiк және жекеменшiктегi питомниктер желiсiн дамыту енедi.
Жасыл құрылыстар жоспары қалалар мен аудандардың атқарушы органдарының басқаруымен жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен iске асырылады.
Қалалар мен елдi мекендердiң аумағында көгалдандыру жұмыстары облыстағы орман қорғау мекемелерi мен "Зеленстрой" ЖШС, "Дендро" ЖШС, "Озеленение" ЖШС дайындаған iрi өлшемдi екпе материалдарын отырғызу тәсiлiмен жүргiзiледi, олар негiзiнен көгалдандыру алқабын арттыруға, көшеттер түрлерiн кеңейту мен ағаштардың перспективтi және сәндi түрлерiн қолдануға, бұрынғы парктер мен тынымбақтарды қалпына келтiруге бағытталған.
Бұл күндерi архитектура, қала құрылысы, және құрылыс департаментi Усолка ауданында көлемi 10,5 га жерге Қазақстан Республикасы бiрiншi Президентi паркiнiң орнын белгiледi, болашақта ол қарсы жағалауға дейiн кеңейiп, жаяу адамдар көпiрi салынатын болмақ. Жобада ағаштың жақсы және сәндiк түрлерiн отырғызу, аумақты көкшөппен жабу, гүлзарлар жасау, бүркiп тұратын суару құрылғысын орнату, қоршау, жарықтандыру, шағын аттракциондар орнату қарастыралатын болады. Парктi салудың болжамды құны - 210 млн. теңге.
Жоспардағы екпе көлемi және облыстың қалалары мен аудандардағы парктер мен скверлер туралы мәлiметтер 1 кестеде келтiрiлген.
р
/
с
|
Қалалар
|
Iрi мөлшерлi екпе
|
Қолданыста-
|
||
2005 ж . |
2006 ж . |
2007 ж . |
2005 ж. |
||
1 |
Павлодар |
15000 |
15000 |
15000 |
56/79,88 |
2 |
Екiбастұз |
8835 |
8300 |
12300 |
13/38,8 |
3 |
Ақсу |
6740 |
7390 |
8084 |
16/5,0 |
4 |
Ақтоғай |
5400 |
5670 |
5953 |
12/1,1 |
5 |
Баянауыл |
1168 |
1640 |
1960 |
19/5,77 |
6 |
Железин |
3000 |
3200 |
3500 |
13/38,0 |
7 |
Ертiс |
4500 |
5000 |
5300 |
2/1,0 |
8 |
Качиры |
4800 |
6500 |
8000 |
7/22,2 |
9 |
Лебяжi |
4500 |
5000 |
5500 |
13/15,5 |
10 |
Май |
2200 |
3000 |
3500 |
11/11,0 |
11 |
Павлодар |
4500 |
4500 |
4500 |
16/0,64 |
12 |
Успен |
3550 |
3600 |
4000 |
13/,035 |
13 |
Шарбақты |
10000 |
10000 |
10000 |
16/41,5 |
|
Барлығы |
74193 |
79500 |
89597 |
207/295,39 |
Көгалдандыру жұмыстарын екпе материалдарымен қамтамасыз ету үшiн жалпы көлемi 107 га облыстағы орман қорғау мекемелерiнiң питомниктерi қалпына келтiрiлетiн болады. Үрлiтүп мемлекеттiк мекемесiнде бiр питомник құру қаралып жатыр.
Орман қорғау мекемелерi аумағындағы екпе материалдарын өсiру питомниктерiнiң көлемi төменде келтiрiлген. га.
Мемлекеттiк
|
Орман
|
Соның iшiнде суармалы |
||||
2005 ж. |
2006 ж. |
2007 ж. |
2005 ж. |
2006 ж. |
2007 ж. |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Павлодар |
40/1 |
45/2 |
50/3 |
1 |
3 |
8 |
Максим -
|
47/1 |
50/2 |
57/3 |
1 |
3 |
6 |
Үрлiтүп |
- |
10/ |
12/1 |
- |
1 |
2 |
"Ертiс
|
58/10,2 |
58/15,5 |
77/18,3 |
20 |
22 |
24 |
Баянауыл
|
2,8/0,6 |
2,8/0,8 |
2,8/1 |
- |
- |
- |
Барлығы |
147,8/ 12,8 |
165,8/ 20,3 |
198,8/ 26,3 |
22 |
29 |
40 |
Мемлекеттiк емес мекемелердiң питомниктерiнiң көлемi төменде көрсетiлген: га.
N р /с |
Аталуы |
Орман питомник
терiнiң
|
Соның iшiнде
|
||||
2005 ж. |
2006 ж. |
2007 ж. |
200
5
|
2006 ж. |
2007 ж. |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1 |
"Горзелен -
|
50 |
55 |
60 |
4 |
5 |
6 |
2 |
"Дендро" ЖШС |
1,0 |
1,0 |
1,0 |
1,0 |
1,0 |
1,0 |
3 |
"Озеленение"
|
12 |
14 |
16 |
4 |
4 |
4 |
4 |
"Флора" ШҚ |
35 |
40 |
42 |
10 |
10 |
10 |
|
Барлығы |
98 |
110 |
119 |
19 |
20 |
21 |
Қажеттi мөлшерде екпе материалдарын өсiру үшiн орман тұқымдарын жинауды ұлғайту қажет. Ол үшiн облыстың мемлекеттiк орман қоры аумағында: қарағай, қайың, үйеңкi, терек, тал және тағы да басқа ағаштардың тұқымдарын жинау жұмыстары ұйымдастырылады.
Орман қорғау мекемелерi мен ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда жыл сайын ағаш тұқымдарын мынадай көлемде жинау жоспарланып отыр: кг.
N
|
Аталуы |
Қылқан жапырақтылар
|
||
|
|
2005 ж. |
2006 ж. |
2007 ж. |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
"Ертiс орманы"
|
530 |
1600 |
1900 |
2. |
Баянауыл мемлекеттiк
|
40 |
50 |
60 |
|
Барлығы қылқан
|
570 |
1650 |
1960 |
3. |
Облыс табиғи ресурстар
|
350 |
455 |
580 |
|
Барлығы жапырақтылар |
350 |
455 |
580 |
|
Барлығы |
920 |
2155 |
2440 |
Көгалдандыру жұмыстары үшiн жоспарланған көшеттер өсiру көлемi және қолда бар тамырланған шыбықтар көлемi төменде берiлген:
дана
N
|
Атауы |
Жапырақ тұқымдастардың iрi
|
||
2005 ж. |
2006 ж. |
2007 ж. |
||
1 |
2 |
6 |
7 |
8 |
1 |
Шырша |
6000 |
9000 |
23000 |
2 |
Сiбiр шыршасы |
80 |
80 |
100 |
3 |
Қайың |
16900 |
22000 |
23200 |
4 |
Терек |
8400 |
9400 |
10600 |
5 |
Пирамида бейнелi терек |
330 |
450 |
670 |
6 |
Үйеңкi |
18950 |
20000 |
24000 |
7 |
Тал |
19100 |
20000 |
22000 |
8 |
Шырғанақ |
3000 |
3200 |
3200 |
9 |
Шаған, шетен |
600 |
600 |
600 |
10 |
Тал |
1600 |
1900 |
2100 |
11 |
Виргин Мойылы |
300 |
300 |
350 |
12 |
Алқызыл, сарыағаш, қараған |
3500 |
3600 |
3700 |
|
Барлығы жапырақтылар |
143080 |
172850 |
193220 |
|
Барлығы |
149160 |
181930 |
216320 |
Облыстың мемлекеттiк орман қорында мемлекеттiк мекемелердiң ағаш отырғызу көлемi: га.
N
|
Аталуы |
2005 жыл |
2006 жыл |
2007 жыл |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
"Ертiс орманы"
|
1000 |
2228 |
2228 |
2 |
Баянауыл мемлекеттiк
|
60 |
120 |
170 |
3 |
Павлодар мемлекеттiк
|
20 |
20 |
20 |
4 |
Максим Горький
|
20 |
30 |
20 |
5 |
Үрлiтүп мемлекеттiк
|
13 |
15 |
17 |
|
Барлығы |
1113 |
2413 |
2455 |
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда ағаш егу және екпе ағаштарды отырғызу жұмыстарына 2005 жылы республикалық бюджеттен 52,1 млн. теңге, 2006 жылы 285,5 млн. теңге, 2007 жылы 230,4 млн. теңге қаралған. Көлiк жолдары мен бағыттағы қондырғылар бойында қорғаныш ағаш егу және оларды күту жұмыстары автомобиль жолдарына, темiржолдарға және тағы да басқа қондырғыларға иелiк ететiн ұйымдар мен басқармалардың қаражаттары есебiнен олардың арнайы бөлiмшелерi жүргiзiледi. Автомобиль жолдары бойында қорғаныш екпе ағаштарын отырғызу көлемi төменде көрсетiлген.
N
|
Аталуы |
Автомобиль және темiржолдары
|
||
2005 ж. |
2006 ж. |
2007 ж. |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Қазақстан
|
7800 дана
|
9800 дана
|
12240
|
2 |
Жолаушылар көлiгi
|
80 га
|
80 га
|
80 га
|
"Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" - "Павлодар тасымалдау бөлiмшесi" акционерлiк қоғамының филиалы темiр жол бойында жыл сайын 18 га қалқан тоғайларын отырғызу, осыған сәйкес 2005 жылы - 0,2 млн. теңге, 2006 жылы - 0,3 млн. теңге, 2007 жылы - 1,0 млн. теңге. жоспарланып отыр.
Материалдық-техникалық қамтамасыз етуде екпелi тоғайларды, питомник шаруашылықтарын қажеттi мөлшерде тыңайтқыштармен, биологиялық дәрiлермен, химикаттармен және тағы да басқа материалдармен қамтамасыз ете отырып ормандарды қалпына келтiру, өсiру, оларды күту жөнiндегi жұмыстарды толық қамтамасыз ету қаралған. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың мемлекеттiк мекемелерi бойынша орман егу техникасы мен қондырғылар орталықтандырылған түрде республикалық бюджеттiң қаражатынан алынады.
Орман және жануарлар әлемiн қорғау жөнiндегi мекемелерде материалдық-техникалық базаны облыстық бюджеттiң және орман шаруашылығы қызметiнен түскен өз қаражаттары есебiнен нығайтып отыру қаралған.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 53
қаулысына
сәйкес мемлекеттiк орман қоры аймағында орман питомниктерiн құру және қалпына келтiру жөнiндегi Бағдарламаны iске асыруға облыстық бюджеттiң қаражаты қажет.
8 кесте
N
|
Мемлекеттiк мекемелердiң атауы |
Барлығы
|
Есептер (ормандар мен отырғызылған ормандарды күзету, қорғау, ұдайы өсiту) млн. теңге |
||
2005 жыл |
2006 жыл |
2007 жыл |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Павлодар |
90,0 |
25,0 |
30,0 |
35,0 |
2 |
Үрлiтүп |
62,0 |
18,0 |
22,0 |
22,0 |
3 |
Максим - Горький |
60,0 |
18,0 |
21,0 |
21,0 |
|
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментi бойынша барлығы |
212,0 |
61,0 |
73,0 |
78,0 |
Бағдарламаның iс-шараларын жүзеге асыру және отырғызылған ағаштарға күтiм жасау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге қажет қалалар мен аудандардың бюджеттерiнiң қаражаттары төменде көрсетiлген:
N
|
Қалалар мен аудандар |
Жыл сайын ағаш егуге және оларға күтiм жасауға қажет қаражаттар, (мың теңге) |
||
2005 г . |
2006 г . |
2007 г . |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Павлодар |
3411,0 |
5000,0 |
6500,0 |
2 |
Екiбастұз |
1497,0 |
4502,0 |
5553,0 |
3 |
Ақсу |
4500,0 |
5000,0 |
5500,0 |
4 |
Ақтоғай |
336,9 |
353,7 |
371,4 |
5 |
Баянауыл |
233,6 |
1197,2 |
1430,8 |
6 |
Железин |
229,0 |
3680,0 |
4025,0 |
7 |
Ертiс |
- |
2100,0 |
2500,0 |
8 |
Качиры |
- |
2100,0 |
2500,0 |
9 |
Лебяжi |
300,0 |
1500,0 |
2000,0 |
10 |
Май |
324,0 |
1500,0 |
2000,0 |
11 |
Павлодар |
- |
890,0 |
890,0 |
12 |
Успен |
400,0 |
2318,0 |
2560,0 |
13 |
Шарбақты |
320,0 |
2300,0 |
2500,0 |
|
Барлығы |
11461,0 |
32440,9 |
38330,2 |
Облыс аумағында орман-тоғайларды және көгалдандыруды ұлғайту жөнiндегi мiндеттердi орындауды тұрғындарды, қоғамдық ұйымдарды, мектеп оқушыларын, жоғарғы және орта оқу орындарының студенттерiн тарту қаралған.
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда өртенген жерлердi тазалау жөнiндегi жұмыстарды қамтамасыз ету үшiн 2005 жылы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын студенттiк құрылыс отрядтарын құру жоспарланып отыр. Iс-шаралар мен шығындар төменде көрсетiлген:
N р/с |
Аталуы |
Өл-
|
Барлы-
|
Соның iшiнде |
|
"Ертi
с
|
Баянау
ы
л
|
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Тазаланатын
|
га |
1656 |
1456 |
200 |
2 |
Жұмыс
|
күн |
88 |
44 |
44 |
3 |
Еңбекақыны
|
мың теңге |
11404
|
8557
|
2847
|
4 |
Студенттер
|
адам |
260 |
200 |
60 |
5 |
Айлық орташа
|
теңге |
15703 |
15435 |
15970 |
Бұдан басқа да "Менiң меншiктi ағашым" атты табиғат қорғау акциясын кеңiнен тарату қажет, онда әрбiр оқушы жеке ағаш егiп оны мектеп бiтiргенше бағып-қағып күтедi, содан кейiн оны мектепке жаңа келген бiрiншi сынып оқушысына тапсырады.
Елдi мекендердегi парктер мен тынымбақ ағаштарын күту оқу орындарына, бюджеттiк, қоғамдық және тағы да басқа ұйымдарға бағып-қағу жұмыстарын жүргiзу үшiн берiлген тiзбеге сәйкес бекiтiлген.
Бұрынғы ағаш егiлген жерлерге С. Торыайғыров атындағы ПМУ-нiң биология кафедрасы ғалымдарын тарту арқылы ұдайы мониторинг жүргiзiлiп отырады. Тексеру нәтижесi бойынша ауруға шалдыққан ағаштарды санитарлық мақсаттағы шабу, ауру тарататын ошақтарды улы химикаттармен өңдеу жұмыстары жүргiзiледi. Бұл мақсаттарға қалалардың бюджетiнен үш млн. теңге көлемiнде қаржы бөлу қажет.
Бағдарламаны ақпараттармен қамтамасыз етудi қоғамдық ұйымдар мен "Табиғат" қоғамдық қоры атынан iшкi саясат департаментi iске асырады.
Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi жыл сайынғы бұқаралық тыңдауды ұйымдастыру үшiн облыстық бюджеттен 1,2 млн. теңге қарау қажет.
6. Бағдарламаға қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi
Республикалық және меншiктi бюджеттердi қаражаттары осы Бағдарламаға қажеттi қаржыландыру көздерi мен ресурстар болып табылады.
N р/с |
Қаржыландыру көзi (бюджет) |
2005 жыл |
2006 жыл |
2007 жыл |
Жиыны |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Республикалық |
52,1 |
285,5 |
230,0 |
567,6 |
2 |
Облыстық |
73,8 |
86,8 |
93,0 |
253,6 |
3 |
Қалалар мен аудандар |
13 |
105,4 |
111,9 |
230,3 |
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру ормандарды күзету, қорғау, қалпына келтiру саласында тұрақты жағдайды қалыптастыруға, оларды тиiмдi пайдалануға, орман өрттерiн азайтып, оларды сақтауға, заңсыз шабудың алдын алуға және орман шаруашылығының тиiмдiлiгiн арттыруға қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
Орман - тоғайлардың көлемi артады, барлық елдi мекендерде жасыл екпелердiң жақсартылған тұқымдарының түрлерi мен олардың айналасындағы жасыл аймақтар саны көбейедi деп күтiлуде.
8. Павлодар облысын көгалдандырудың 2005-2007 жылдарға
арналған "Жасыл Ел" бағдарламасын iске асыру жөнiндегi
iс-шаралар жоспары
N
|
Iс-
|
Аяқтау
|
Орындалуына
|
Орын-
|
Болжал
|
Қаржылан
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
Питомниктердi жаңғырту, қалпына келтiру және екпе материалдарды өсiру |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментi |
2005 - 2007
|
2005
|
Облыстық бюджет |
2 |
Екпе материалдарды өсiру |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мекемелерi (келiсiм бойынша) |
Қазан, жыл сайын |
2005 ж.-6,4
|
Республи-
|
3 |
Қазақстан этнокартасы үлгiсiнде Павлодар қаласының Усолка шағын ауданында қазақстанның тұңғыш Президентi саябағын салу |
Саябақтың қызмет етуi |
Павлодар қаласының әкiмi, облыс сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментi |
2005 - 2007 жылдар |
2006 ж.-70,02007 ж.-70,0 |
Павлодар
|
4 |
Елдi мекендерде көгалдандыру жұмыстары, қалалар мен аудан орталықтарындағы қазiргi кездегi саябақтар мен тынымбақтарды қайта құру |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыс сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментi |
2005 - 2007 жылдар |
2005 ж.-11,52006 ж.-32,02007 ж.-38,3 |
Қалалар
|
5 |
Өнеркәсiптiк және өзге де өндiрiстiк объектiлер маңында жасыл аймақтарды салу |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментi, кәсiпорындар басшылары (келiсiм бойынша) |
2005 - 2007 жылдар |
2005 ж.-38,1 2006
|
Кәсiпорын
|
6 |
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар мекемелерiнде мектеп орманшылық-
|
Облыс әкiмiне ақпарат |
Облыс бiлiм беру департаментi, аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы (келiсiм бойынша) |
2005 - 2007 жылдар |
2005 ж.-3,0
|
Облыстық
|
7 |
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда жанған жерлердi тазарту үшiн жазғы уақытта студенттiк отрядтарды ұйымдастыру |
Облыс әкiмiне ақпарат |
Аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы (келiсiм бойынша), облыс бiлiм беру департаментi |
2005 - 2007 жылдар |
2005 ж.-11,42006 ж.-13,72007 ж.-15,7 |
Республи
|
8 |
Ғылыми кадрларды тартумен қазiргi кездегi екпелердiң тұрақты мониторингiн ұйымдастыру |
Қорытындылар мен ұсыныстар |
Қалалар әкiмдерi |
2005 - 2007 жылдар |
2005 ж.-1,5
|
қалалар
|
9 |
Облыс мектептерi арасында көгалдандыру жөнiндегi ең жақсы аумаққа конкурс ұйымдастыру |
Қорытынды шығару |
Облыс бiлiм беру департаментi |
2005 - 2007 жылдар |
2005 ж.-1,5 2006 ж.-2,0
|
Облыстық
|
10 |
Облыс мектептерi арасында "Экология. Шығармашылық және балалар" марафонын ұйымдастыру |
Қорытынды шығару |
Облыс бiлiм беру департаментi |
2005 - 2007 жылдар |
2005 ж.-0,7
|
Облыстық
|
11 |
Ғылыми - экологиялық конференцияларды өткiзу |
Қорытындылар мен ұсынымдар |
Аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы (келiсiм бойынша), облыс бiлiм беру департаментi, үкiметтiк емес ұйымдар (келiсiм бойынша) |
2005 - 2007 жылдар |
2005 ж.-0,5
|
Облыстық
|
12 |
Бағдарламаның үкiметтiк емес ұйымдармен кеңестiк-ақпараттық қолдауын қамтамасыз ету |
Қоғамдық қабылдау бөлмесiн құру (қызмет ету) |
Аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы (келiсiм бойынша), табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментi, үкiметтiк емес ұйымдар (келiсiм бойынша) |
2005 - 2007 жылдар |
2005
|
Облыстық
|
13 |
Облыстық "өмiр сүр, жер" фестивалiн өткiзу |
Фестиваль қорытындысын шығару |
Аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы (келiсiм бойынша), облыс бiлiм беру департаментi, үкiметтiк емес ұйымдар (келiсiм бойынша) |
2005 - 2007 жылдар |
2005 ж.-0,5
|
Облыстық
|
14 |
Экологиялық мектебi негiзiнде Павлодар қаласы мектептерiнiң оқушыларын тартумен сәндiк және жемiс ағаштар бағын салу |
Экологиялық мектептiң қызмет етуi |
"Табиғат" қоғамдық қоры (келiсiм бойынша) |
2006 - 2007 жылдар |
2006 ж.-0,4/2007 ж.-0,6 |
Қалалық
|
15 |
Кенжекөл ауылындағы питомниктердi Павлодар педагогикалық институтына, Мичурин ауылындағы питомниктердi Павлодар мемлекеттiк университетiне бекiту |
Қабылдау-
|
Облыс табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментi |
2005 - 2007 жылдар |
|
Қаржылан-
|