Облыстық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің мәселелері туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 14 шешімі. Павлодар облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 14 шілдеде N 3039 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі N 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі N 3 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 29-бабы 2-тармағына, 1997 жылғы 7 мамырдағы "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңының 17-бабы 2-тармағына сәйкес, Азаматтық қорғаныстың мамандандырылған iс-шараларын орындауды қамтамасыз ету мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
      1. Облыстық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiнiң тiзбесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Облыстық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiн құруға және олардың қызмет етуiне жауапты мемлекеттiк органдар облыстық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiн қосымшаға сәйкес құрсын.
      3. Көрсетiлген мемлекеттiк органдар екi ай мерзiмде мыналарды әзiрлесiн және облыс жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар департаментiмен және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар  министрлiгiнiң Павлодар облысы төтенше жағдайлар жөнiндегi департаментiмен (келiсiм бойынша) келiстiрсiн:
      облыстық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi туралы Ережелердi;
      Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi штабтарының дербес құрамдарын;
      меншiк нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан облыстық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi құрамына қосылған мемлекеттiк мекемелер, кәсiпорындар, ұйымдардың тiзбесiн.
      4. Қалалар және аудандар әкiмдерi облыс жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар департаментiмен және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Павлодар облысы төтенше жағдайлар жөнiндегi департаментiмен (келiсiм бойынша) қалалық (аудандық) Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiнiң тiзбесiн келiстiрсiн және оларды құру жөнiндегi тиiстi актiлердi қабылдасын.
      5. Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы 2 маусымдағы "Облыстық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiн құру туралы" N 180, 2000 жылғы 29 мамырдағы "Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы 2 маусымдағы N 180 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" N 130 шешiмдерiнiң күштерi жойылсын.
      6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары А.Ф. Вербнякке жүктелсiн.

      Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов

      Келiсiмдi:

      Қазақстан Республикасы
      Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң
      Павлодар облысы төтенше
      жағдайлар жөнiндегi
      департаментiнiң бастығы А. Садықов

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң
      Павлодар облыстық аумақтық
      басқармасының бастығы Е. Батырханов

      Көлiк инфрақұрылымы комитетiнiң
      Павлодар облыстық басқармасыныың
      бастығы Д. Ақанов

      Павлодар облысы iшкi
      iстер басқармасының бастығы М. Тұмарбеков

      Павлодар облысының төтенше
      жағдайлар саласындағы мемлекеттiк
      бақылау және қадағалау
      басқармасының бастығы С. Адамжанов

      Қазақстан Республикасының
      ақпараттандыру және байланыс
      агенттiгiнiң Павлодар облысы бойынша
      ақпараттандыру және байланыс
      басқармасының бастығы Ю. Волков 

      Павлодар облысы бойынша
      көлiк бақылау басқармасының
      бастығы А. Әубәркiров

      Павлодар облысы бойынша
      өрт сөндiру және авариялық
      құтқару қызметi»мемлекеттiк
      мекемесi филиалының бастығы М. Сәдiрәлин

Павлодар облысы әкiмiнiң    
2005 жылғы 30 маусымдағы    
"Облыстық Азаматтық қорғаныс және
төтенше жағдайлар қызметтерiнiң
мәселелерi туралы" N 14 шешiмiне
қосымша            

Облыстық Азаматтық қорғаныс және төтенше
жағдайлар қызметтерiнiң тiзбесi

N р/с

Облыстық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiнiң атауы

Облыстық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiн құруға және олардың қызмет етуiне жауапты органның атауы

1

2

3

1.

Өртке қарсы қызмет

Павлодар облысының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау басқармасы (келiсiм бойынша) Павлодар облысы бойынша "өрт сөндiру және авариялық-құтқару қызметi" мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы (келiсiм бойынша)

2.

Медициналық қызмет

Облыс денсаулық сақтау департаментi

3.

Қоғамдық тәртiптi қорғау қызметi

Облыстық iшкi iстер басқармасы (келiсiм бойынша)

4.

Сауда және азық-түлiк қызметi

Облыс кәсiпкерлiк және өнеркәсiп департаментi

5.

Жанар-жағар материалдары қызметi

Облыс кәсiпкерлiк және өнеркәсiп департаментi

6.

Энергетика қызметi

Облыс кәсiпкерлiк және өнеркәсiп департаментi

7.

Коммуналдық-техникалық қызмет

Облыс сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментi

8.

Жануарлар мен өсiмдiктердi қорғау қызметi

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Павлодар облыстық аумақтық басқармасы (келiсiм бойынша)

9.

Көлiк қызметi

Облыс бойынша көлiк бақылау басқармасы (келiсiм бойынша)

10.

Техникалық қызметi

Облыс бойынша көлiк бақылау басқармасы (келiсiм бойынша)

11.

Инженерлiк қызмет

Облыс сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментi

12.

Жолдар және көпiрлер қызметi

Көлiк инфрақұрылымы комитетiнiң Павлодар облыстық басқармасы (келiсiм бойынша)

13.

Байланыс және хабарландыру қызметi

Қазақстан Республикасы ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң облыс бойынша ақпараттандыру және байланыс басқармасы (келiсiм бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады