Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2010.10.07 N 235/16 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Заңы 10-бабының, 2-тармағы, 6 , 12 ) тармақшаларына, 2002 жылғы 8 тамыздағы "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы" Заңы 7-бабының, 3-тармағы, 4) тармақшасына, 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдіктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңы 11-бабының 20 -тармағына, 20 бабына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңы 27-бабының, 1-тармағы, 17) тармақшасына сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы шегiнде медициналық көрсетiмдер бойынша емделуге жiберiлетiн науқастардың және оларды сүйемелдейтiн адамдардың жол ақысын төлеудiң нұсқаулығы (бұдан әрi - Нұсқаулық) бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы әкімдігінің 2006.02.20 N 69/2 қаулысымен .
2. Облыс денсаулық сақтау департаментi "Азаматтарды елдi мекен шеңберiнен тыс емделу үшiн тегiн немесе жеңiлдетiлген жолақымен қамтамасыз ету" 253016000 бағдарламасының Нұсқаулыққа сәйкес орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Облыс денсаулық сақтау департаментi науқастарға медициналық көрсетiмдер бойынша жолдамалар берудi iске асырсын.
4. Облыс қаржы департаментi бағдарламаны осы мақсаттарға облыс бюджетiнде арналып көзделген қаражаттар шегiнде қаржыландыруды iске асырсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Р.М. Жұмабековаға жүктелсiн.
Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов
Павлодар облысы әкiмдiгiнiң
2005 жылғы 26 шілдедегі
"Медициналық көрсетiмдер бойынша
Қазақстан Республикасы шегiнде
емделуге жiберiлетiн науқастардың
және оларды сүйемелдейтiн
адамдардың жолақысын төлеу
жөнiндегi нұсқаулықты бекiту
туралы" N 248/6 қаулысымен
бекiтiлген
Медициналық көрсетiмдер бойынша Қазақстан Республикасы шегiнде
емделуге жiберiлетiн науқастардың және оларды сүйемелдейтiн
адамдардың жолақысын төлеу жөнiндегi
нұсқаулығы
Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Заңы 10-бабының, 2-тармағы, 6 , 12 ) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы "Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы" Заңы 7-бабының, 3-тармағы, 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңы 11-бабының 20 -тармағына, 20 бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңы 27-бабының, 1-тармағы, 17) тармақшасына сәйкес әзiрлендi.
1. Медициналық көрсетiмдер бойынша Қазақстан Республикасы шегiнде емделуге жiберiлетiн науқастардың және оларды сүйемелдейтiн адамдардың екi жаққа жолақысы облыс денсаулық сақтау департаментi берген бекiтiлген үлгiдегi жолдама болған жағдайда төленедi.
2. Павлодар облысының денсаулық сақтау департаментi (бұдан әрi - Департамент) "Елдi мекен шеңберiнен емделуге шығатын азаматтарды тегiн және жеңiлдетiлген жолақысымен қамтамасыз ету" 253016000 бағдарламасының әкiмшiсi болып табылады.
3. Медициналық көрсетiмдер бойынша Қазақстан Республикасы шегiнде емделуге жiберiлетiн науқастардың және оларды сүйемелдейтiн адамдардың жолақысы (екi жаққа) жылына бiр рет, ал қайта емделу көрсеткіштері болған жағдайда - бірнеше рет төленедi.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы әкімдігінің 2006.02.20 N 69/2 қаулысымен ..
4. Медициналық көрсетiмдер бойынша Қазақстан Республикасы шегiнде емделуге жiберiлетiн науқастардың және оларды сүйемелдейтiн адамдардың жолақысын (екi жаққа) қаржыландыру облыстық бюджет қаражаты есебiнен iске асырылады.
2. Медициналық көрсетiмдер бойынша Қазақстан Республикасы
шегiнде емделуге жiберiлетiн науқастардың және оларды
сүйемелдейтiн адамдардың жолақысын төлеу тәртiбi
5. Медициналық көрсетiмдер бойынша Қазақстан Республикасы шегiнде емделуге жiберiлетiн науқастардың және оларды сүйемелдейтiн адамдардың жолақысын Департамент мынадай құжаттар негiзiнде төлейдi:
1) өтiнiш;
2) жеке куәлiк көшiрмесi;
3) департамент берген белгiленген үлгiдегi емделуге жолдама;
4) стационарлық науқастың сырқатнамадан жазылған көшiрмесi;
5) СТН (салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi) көшiрмесi;
6) банк бөлiмшелерiндегi жеке есептердiң немесе төлем карточкаларының көшiрмесi;
7) ДКК (дәрiгерлiк консультациялық комиссия) анықтамасының көшiрмесi (сүйемелдей отырып жол жүрген жағдайда);
8) ӘЖК (әлеуметтiк жеке код) көшiрмесi;
9) туу туралы куәлiк (бала үшiн) көшiрмесi;
10) жол жүрген фактiсiн растайтын билеттер.
6. Медициналық көрсетiмдер бойынша Қазақстан Республикасы шегiнде емделуге жiберiлетiн науқастардың және оларды сүйемелдейтiн адамдардың жолақысы темiржол және қалааралық автомобильдiк көлiктерде (екi жаққа), бiрақта темiржол көлiгiнiң жедел поезiнiң купелiк вагон билетiнiң құнынан аспайтын мөлшерде iске асырылады. Ерекше жағдайда (аталған көлiк құралдарының болмағаны немесе шұғыл жағдайда) Департаменттiң рұқсатымен экономикалық класс тарифi бойынша әуе көлiгiмен жол жүру ақысы жүзеге асырылады.
7. Науқастардың емделгенiн және оны сүйемелдейтiн адамның жол жүрген фактiсiн растайтын құжаттар емделген орыннан келген күннен бастап екi айлық мерзiмнен кешiктiрмей тапсырылуы тиiс.
8. Науқастың және оны сүйемелдейтiн адамның билеттерiн жоғалтқан жағдайда емделу орнына дейiн барып-келу жолақысының құнын растайтын анықтама тапсырылуы тиiс.
9. Департамент науқастардың және оларды сүйемелдейтiн адамдардың жолақысын ақшалай қаражаттарды Павлодар облысының қалалар мен аудандарының банкiлерiнiң бөлiмшелерiндегi жеке (карт) шоттарға аудару арқылы жоғарыда аталған құжаттарды тапсырған күннен бастап екi ай iшiндегi мерзiмде төлемін жүзеге асырады.