Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2010.10.07 N 235/16 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы 27 бабының 2-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
облыс әкімдігінің 2005 жылғы 26 шілдедегі "Қазақстан Республикасы шегінде медициналық көрсетімдер бойынша емделуге жіберілетін науқастардың және оларды сүйемелдейтін адамдардың жол ақысын төлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 248/6 қаулысына (Павлодар облысы әділет департаментінде 2005 жылғы 17 тамыздағы N 3041 тіркелді, "Звезда Прииртышья" газетінің 2005 жылғы 1 қазандағы N 111 санында жарияланды) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағындағы "2005 жылға арналған" деген сөздер мен сандар алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы шегінде медициналық көрсетімдер бойынша емделуге жіберілетін науқастардың және оларды сүйемелдейтін адамдардың жол ақысын төлеу жөніндегі нұсқаулықтың 3-тармағы "жылына бір рет" деген сөздерден кейін ", ал қайта емделу көрсеткіштері болған жағдайда - бірнеше рет" деген сөздермен толықтырылсын.
Облыс әкімі