Павлодар облысы әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау туралы" N 169/5 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 12 қыркүйектегі N 284/7 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 11 қазанда N 3049 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 236/18 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2009.12.25 N 236/18 қаулысымен.      

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағы 17-тармақшасына сәйкес, жоғары оқу орындарында оқып жүрген аз қамтамасыз етiлген отбасынан шыққан, жетiм-студенттерге әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында облыс әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 14 маусымдағы "Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау туралы" N 169/5  қаулысымен бекiтiлген (Павлодар облысының әдiлет басқармасында 2004 жылғы 18 маусымда N 2621 болып тiркелген, "Звезда Прииртышья" газетiнiң 2004 жылғы 6 шiлдедегi N 78, "Сарыарқа самалы" газетiнiң 2004 жылғы 08 шiлдедегi N 80 сандарында жарияланған) аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау қағидасына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      2-тармағындағы "2004 жылғы 2-тоқсаны" деген сөздер "тиiстi жылдың 2-тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын.

        Облыс әкiмі                                   Қ. Нұрпейiсов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады