Эротикалық сипаттағы материалдарды Басатын мерзімді баспа басылымдарын бөлшектеп сату ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі N 2/199 қаулысы. Алматы қалалық Әділет департаментінде 2005 жылғы 19 сәурде N 649 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі N 2/368 қаулысымен

      Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 18.04.2013 N 2/368 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451-I "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 14-бабы 2-тармағының талаптарын орындау жолында, Алматы қаласы Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұсынылған эротикалық сипаттағы материалдарды басатын мерзімді баспа басылымдарын бөлшектеп сату ережесі бекітілсін (бұдан әрі "Ереже").
      2. (2 тармақтың күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2008.09.25 N 6/768  қаулысымен).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Боқашқа жүктелсін.

      Алматы қаласының Әкімі

      Әкімдік хатшысы

Алматы қаласы Әкімдігінің 
2005 жылғы 11 сәуірдегі  
N 2/199 қаулысымен бекітілді

Эротикалық сипаттағы материалдарды басатын
мерзімді баспа басылымдарын бөлшектеп сату
ЕРЕЖЕСІ

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451-I "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 14 бабы 2 тармағы негізінде әзірледі.
      1. Эротикалық сипаттағы материалдарды басатын басылымдарын бөлшектеп сату балалар мен оқу орындарынан, мемлекеттік мекемелерден, мәдениет, денсаулық сақтау және білім мекемелерінен, сондай-ақ сәулет және тарихи ескерткіштерден 300 метр қашықтықта оралған жылтыр орамдарда және арнайы бөлінген жабдықталған жайларда жүзеге асырылады.
      2. Осы ереже эротикалық сипаттағы материалдарды басатын барлық мерзімді баспа басылымдарына, оның ішінде таяу және шығыс шет елдерден алынып келетін басылымдарға тарайды.
      3. Эротикалық мазмұндағы өнімдерді осыған арналмаған жерлерде сату, тарату немесе жарнамалайтын тұлғалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155-П "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексінің 339 бабына сәйкес жауапкершілікте болады.       

      Әкімдік хатшысы      

Алматы қаласы Әкімдігінің
2005 жылғы 11 сәуірдегі
N 2/199 қаулысына 2-қосымша
 

Эротикалық сипаттағы материалдары басатын
мерзімді баспа басылымдарының нарықтық
мониторингін жүргізу жөніндегі комиссия

       Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2008.09.25 N 6/768 (2-тармаққа қараңыз) қаулысымен .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады