ІІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 11 маусымдағы XXV-сессиясының "Алматы қаласының орталық бөлігінде жүк көлігінің жүруін шектеу туралы" шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

ІІІ сайланған Алматы қаласы Мәслихатының ХVІІІ сессиясының 2005 жылғы 28 қыркүйектегі N 182 шешімі. Алматы қалалық әділет департаментінде 2005 жылғы 1 қарашада N 676 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 282 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXV сессиясы 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 282 шешімімен.

      III-сайланған Алматы қаласының Мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 11 маусымдағы XXV-сессиясының "Алматы қаласының орталық бөлігінде жүк көлігінің жүруін шектеу туралы" шешіміне (Алматы қаласының Әділет департаментінде 2003 жылғы 23 маусымда№N 537 болып тіркелген,«"Алматы Ақшамы" газетінің 2003 жылғы 1 шілдедегі және«"Вечерний Алматы" газетінің 2003 жылғы 12 шілдедегі сандарында жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1. Шешімге:
      1) 2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Райымбек - Жангелдин - Қалдаяқов - Луганский - Тәттімбет - Горная - Әл-Фараби - Саин шаршысында жүк автокөлігінің қозғалысы шектелсін"», бұл жағдайда сенбі, жексенбі күндері (жұма күнгі 24.00-ден 6.00-ге дейін) және мереке күндері (24.00-ден 6.00-ге дейін) қаланың авариялық, құтқару қызметтерінің және асфальт және бетон  төсеудің үздіксіз технологиялық үрдісін қамтамасыз ететін көлігінен басқа жүк автомашиналарының қозғалысына тыйым салынады.
      2) мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Рысқұлов даңғылының оңтүстік жағындағы, Жангелдин көшесінің батыс жағындағы, Сайн көшесінің шығыс жағындағы шаршыда және ары қарай осы шешімнің 2 тармағындағы көрсетілген шаршысында жүк массасы 15 тоннадан асатын жүк автомашиналарының қозғалысына тыйым салынсын, (Рысқұлов даңғылының өзін қоспағанда)".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экология және төтенше жағдайлар мәселесі жөніндегі тұрақты комиссияға (А.Б. Біртанов) және Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары З.И.Заяцқа жүктелсін.

       Алматы қалалық ІІІ сайланған
      Мәслихаты ХVІІІ сессиясының
      төрағасы                             С. Қалақов

      Алматы қалалық ІІІ сайланған
      Мәслихатының хатшысы                Т. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады