Алматы қаласы орталық бөлiгiнде жүк көлiгi қозғалысына шек қою туралы

Күшін жойған

ІІ сайланған Алматы қаласы Мәслихатының ХХV сессиясының 2003 жылғы 11 маусымдағы шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 23 маусымда N 537 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 282 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXV сессиясы 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 282 шешімімен.

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" заңының 6 бабы 1 тармағы 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" заңының 15 бабына сәйкес Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту және атмосфералық ауаны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру мақсатында II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты  шешiм қабылдады:
       1. II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаттың 27.02.2003 жылғы ХХIV-i сессиясының "Алматы қаласы орталық бөлiгiнде жүк көлiгiнiң жүруiне шек қою туралы" шешiмi қайта бекiтiлсiн.
      2. Райымбек - Жангелдин - Қалдаяқов - Луганский - Тәттімбет - Горная - Әл-Фараби - Саин шаршысында жүк автокөлігінің қозғалысы шектелсін, бұл жағдайда  сенбі, жексенбі күндері (жұма күнгі 24.00-ден 6.00-ге дейін) және мереке күндері (24.00-ден 6.00-ге дейін) қаланың авариялық, құтқару қызметтерінің және асфальт және бетон  төсеудің үздіксіз технологиялық үрдісін    қамтамасыз ететін көлігінен басқа жүк автомашиналарының қозғалысына тыйым салынады.
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы Мәслихатының 2005 жылғы 28 қыркүйектегі N 182 шешімімен.
       2-1. Рысқұлов даңғылының оңтүстік жағындағы, Жангелдин көшесінің батыс жағындағы, Сайн көшесінің шығыс жағындағы шаршыда және ары қарай осы шешімнің 2 тармағындағы көрсетілген шаршысында массасы жүгімен қосқанда, жүктемені тарату кезінде бір белдеме үшін 8 тоннадан асатын жүк автомашиналарының қозғалысына тыйым салынсын, (Рысқұлов даңғылының өзін қоспағанда).
      Ескерту. 2-1 тармақпен толықтырылды - Алматы қаласы Мәслихатының 2005 жылғы 28 қыркүйектегі N 182 және 2006 жылғы 28 ақпандағы N 232 шешімдерімен.
       3. Осы шешімнің орындалуын бақылау экология және төтенше жағдайлар мәселесі жөніндегі тұрақты комиссияға (Б.Е. Бөлекбаев) және Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары З.И.Заяцқа жүктелсін.

       II-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихаты ХХ-шi сессиясының
      төрағасы

      II-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихатының хатшысы

II-i сайланған Алматы қалалық  
Мәслихатының 2003 жылғы    
11 маусымдағы ХХV-i сессиясының 
шешiмiне қосымша        

Алматы қаласының орталық бөлiгiне жүк
көлiгiнiң жүруiне шек қою туралы

      Осы Тәртiп Алматы қаласындағы жүк автокөлiгiн пайдаланатын барлық жеке және заңды тұлғаларға, меншiк түрлерiне қарамастан, қолданылады.
      1. Алматы қаласының орталық бөлiгiнде жүк автокөлiгiнiң жүруi тек қана арнаулы рұқсатнамаларға сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Рұқсатнамаларды санын, түрлерiн және мерзiмдерiн Алматы қаласы бойынша жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн өкiлеттi орган (жол полициясы басқармасы) анықтайды.
      3. Мүдделi адам рұқсатнаманы алу үшiн жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн өкiлеттi органға өтiнiш жасайды.
      Өтiнiште мыналар көрсетiлуi тиiс:
      - негiз, Алматы қаласының орталық бөлiгiне өтуiнiң мақсаты, қозғалыс бағыты;
      - баратын орны;
      - Алматы қаласының орталық бөлiгiне өту үшiн қажет мерзiм;
      - тасымалданатын жүктi аталуы;
      - маркасы және тiркелу нөмiрлерi көрсетiлген автомашиналар саны.
      Өтiнiшке мыналар қоса берiледi:
      - автомашиналарға арналған, құқық беретiн құжаттар;
      - жеке тұлғалар үшiн жеке куәлiгi және жүргiзушi куәлiгi;
      - заңды тұлғаны тiркелуi туралы куәлiгi;
      - техникалық диагностика станциясында автокөлiктi техникалық жағдайын тексеруден өткенi туралы құжат.
      Жол қозғалысын қамтамасыз ететiн өкiлеттi орган осы Тәртiптi 3-тармағында көрсетiлген өтiнiш және құжаттар негiзiнде барлық қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап 7 күн iшiнде өтiнiш иесiне рұқсатнама бередi. Рұқсатнама тегiн берiледi.
      4. Рұқсатнама беруден бас тарту барлық қажеттi құжаттарды ұсынған сәттен бастап 3 күндiк мерзiмде негiздемелерi көрсетiлiп, жазбаша рәсiмделедi.

       II-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихаты ХХ-шi сессиясының төрағасы

      II-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихатының хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады