2006 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

IІІ сайланған Алматы қалалық мәслихатының XХ сессиясының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 219а шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2006 жылы 4 қаңтарда N 690 тіркелді. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 368 хатымен

       Ескерту. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 368 хатымен

      

      "Қазақстан Республикасы Су Кодексінің"  38 бабының  5 тармақшасына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің  454 бабының  1 тармақшасына сәйкес III сайланған Алматы қаласының мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :

      1. 2006 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес қайта бекітілсін.

      2. ІІІ сайланған Алматы мәслихатының ХХ сессиясының "2006 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 206 шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау экология және төтенше жағдайлар мәселелер жөніндегі тұрақты бақылау комиссиясына (Біртанов А.Б.) және Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы Қ.И. Баеділовке жүктелсін.

      ІІІ сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      ХХ сессиясының төрағасы

      ІІІ сайланған
      Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы

                                              ІІІ сайланған
                                        Алматы қаласы мәслихатының
                                              ХХ сессиясының
                                       2005 жылғы 23 желтоқсандағы
                                         N 219а шешіміне қосымша

            2006 жылға арналған Алматы қаласы бойынша
               жер үсті көздеріндегі су ресурстарын
              пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары

Арнайы су пайдалану түрлері

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызмет,

тиын/текше
метр

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қосқанда,

тиын/текше метр

Ауыл шаруа
шылығы

тиын/текше метр

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын
тоған су шаруашылықтары, 
тиын/текше метр

өзен, көл, теңіз бассейндері

 

1

2

3

4

Балқаш көлі мен өзендердің бассейні

3,69

10,15

2,92

2,77

таблицаның жалғасы

Арнайы су пайдалану түрлері

Балық шаруашылығы, су көздерінен балық аулайтын тұтынушылар, теңге/тонна

Гидроэнергетика,
тиын/квт.
сағат

Су
көлігі,
тиын/
тонна км..

өзен, көл, теңіз бассейндері

 

5

6

7

Балқаш көлі мен өзендердің бассейні

72,48

1,08

0,31

       ІІІ сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      ХХ сессиясының төрағасы

      ІІІ сайланған
      Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады