"Алкоголь өнімімен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды лицензиялау мәселелері туралы" қала әкімдігінің 2005 жылғы 13 шілдедегі N 830 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 25 маусымдағы N 786 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының әділет басқармасында 2007 жылғы 10 шілдеде N 13-1-71 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 1419 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2007.10.01 N 1419 Қаулысымен

      "Нормативтік-құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңының 28 бабына сәйкес, Петропавл қаласы әкімінің аппараты құрылымының өзгеруіне байланысты қала әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қала әкімдігінің "Алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды лицензиялау мәселелері туралы"»2005 жылғы 13 шілдедегі N 830 қаулысына (2005 жылғы 26 шілдедегі N 13-1-13 мемлекеттік тіркеу, "Добрый вечер"»газетінің 2005 жылғы 12 тамыздағы N 32 саны), ("Петропавл қаласы әкімдігінің»"Алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды лицензиялау мәселелері туралы"»2005 жылғы 13 шілдедегі N 830 қаулысына өзгерістер енгізу туралы"»Петропавл қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 6 наурыздағы N 293 қаулысымен өзгерістер енгізілген), 2006 жылғы 3 сәуірдегі мемлекеттік тіркеу N 13-1-35,»"Проспект-СК"»газетінің 2006 жылғы 14 сәуірдегі N 14 саны), (Петропавл қаласы әкімдігінің "Алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды лицензиялау мәселелері туралы"»2005 жылғы 13 шілдедегі N 830 қаулысына өзгерістер енгізу туралы"»Петропавл қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 28 шілдедегі N 1202 қаулысымен өзгерістер енгізілген, 2006 жылғы 2 тамыздағы мемлекеттік тіркеу N 13-1-46, 2006 жылғы 18 тамыздағы»"Проспект-СК"»газеті) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Қаулының 1 тармағындағы»"Кәрібаев Қайрат Қалелханұлына" сөздері»"Құлжанова Тотыкамал Ниязқызына"»сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Н.Құлжановаға жүктелсiн.

      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

     Қала әкiмiнің м.а.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады