1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңартылған

Атырау облысы әкімінің 2005 жылғы 21 ақпандағы N 3 шешімі. Атырау облыстық әділет департаментінде 2005 жылғы 1 сәуірде N 2404 тіркелді. ҚР Атырау облысы әділет департаментінің 2006 жылғы 23 мамыр 3-2185/06 хаты негізінде мемлекеттік тіркелуге жатпайды.№

ҚР Атырау облысы әділет департаментінің
2006 жылғы 23 мамыр 3-2185/06 хатынан
үзінді:

      Атырау облыстық әділет департаменті ертеде тіркелген нормативтік құқықтық актілеріне қайта тексеріс жүргізілген қорытындысы бойынша және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 4-2-1/и623 хатына сәйкес, Сізге Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38-бабының талаптарына сәйкес келмейтін тіркелген нормативтік құқықтық актілердің тізімін, "Заң" деректер базасына тиісті жазбаларды енгізу үшін, жолдайды.
      Қосымша 2 бетте.

      АОӘД бастығы
      Қосымша:
      15) Атырау облысы әкімінің 2005 жылғы 21 ақпандағы N 3 "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын  мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" шешімі (Атырау облыстық әділет департаментінде 2005 жылғы 1 сәуірде N 2404 тіркелді)

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 қарашадағы N№1173 "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" қаулысын іске асыру мақсатында шешемін:
      1. Қоса беріліп отырған 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
      2. Атырау қаласының және аудандардың әкімдері 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі тиісті өңірлік жоспарларын бекітсін және Ұлы Отан соғысына қатысушылардың материалдық-тұрмыстық  және әлеуметтік жағдайларына айрықша көңіл бөле отырып, оларды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
      3. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі комиссия мерейтойдың сапалы және уақтылы өтуі үшін іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі жұмысты үйлестіруді қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау В.В.Супрунға - облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

      Облыс әкімі

Облыс әкімінің     
2005 жылғы шешіміне қосымша

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

п/п

Іс-шаралар

Орындалуына жауаптылар

Орындалу мерзімі

1941-1945
жылдардағы Ұлы
Отан соғысындағы
Жеңістің 60
жылдығы мерекелік медалі тапсырылатын
азаматтардың саны мен санатын
айқындау

Аудандар және Атырау қаласы әкімдері, Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, Мемлекеттік
зейнетақы төлеу
орталығының Атырау
облыстық филиалы (келісім
бойынша), Атырау облысының
қорғаныс істері жөніндегі
департаменті (келісім бойынша), Атырау облысының ішкі істер
басқармасы (келісім бойынша)

2005 жылғы
ақпан

2

Ұлы Отан соғысының
қатысушылары мен
мүгедектеріне
бір жолғы
материалдың
көмек төлеуге
материалдарды
уақтылы дайындау

Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар
департаменті, Атырау облысы экономика және
бюджеттік жоспарлау
департаменті

2005 жылы
ІІ тоқсан

3

Жергілікті
бюджет есебінен
бір жолғы
әлеуметтік көмек
көрсету:
- Ұлы Отан
соғысының
қатысушылары мен
мүгедектеріне,
- Ұлы Отан
соғысы
жылдарында қаза
тапқан
жауынгерлердің
(қайтыс болған,
із-түссіз
жоғалып кеткен)
екінші рет
некеге отырмаған
жесірлеріне,
-«Ерлік еңбегі
үшін» медалімен
наградталған тыл
еңбеккерлеріне,
- Ұлы Отан
соғысы
жылдарында 6
айдан кем емес
жұмыс жасаған
тыл еңбеккер-
леріне

Аудандар және Атырау қаласы әкімдері, Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті

2005 жылғы сәуір

4

Астана және Москва қалаларында өтетін 1941-1945 жылдардағы Ұлы
Отан соғысындағы
Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуге арналған парадқа
облыстан қатысатын делегацияның
тізімдерін жасау

Облыс әкімі аппаратының
үйымдастыру-инспекторлық
бөлімі

2005 жылғы наурыз-сәуір

5

Астана, Москва
қалаларында өтетін Ұлы Жеңістің мерекелік шараларына қатысатын облыс
делегациясын
теміржол және
әуе көліктеріне
билеттерді брондау мен сатып алуды,
медициналық қызметкерлерді алып жүруін қамтамасыз етуді ұйымдастыру

Облыс әкімі аппаратының
ұйымдастыру-инспекторлық
бөлімі, Атырау облыстық
денсаулық сақтау департаменті, Қазақстан темір жолы»Ұлттық
компаниясы Акционерлік
қоғамының Батыс аймақтағы өкілдігі (келісім бойынша), Отырар тревел Авиаагенттігі
(келісім бойынша)

2005 жылғы
5-10 мамыр

6

Астана, Москва қалаларындағы
парадқа қатысушылар үшін
арнайы киім үлгісінің толық
жинағына тапсырыс беру

Атырау облысың мәдениет бөлімі

2005 жылғы сәуір

7

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына
қатысушылардың материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту бойыншақосымша шаралар алу

Аудандар және Атырау қаласы әкімдері

2005 жыл бойына

8

Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен
қатысушыларына
облыстық медициналық ұйымдарында медициналық тексеру, сауықтыру мен оларды емдеуді ұйымдастырылуын
бақылауды күшейту

Аудандар әкімдері, Атырау облыстық денсаулық сақтау
департаменті

2005 жыл бойына

9

Ұлы Отан соғысына
қатысушылардың жерленген жерлерін
көріктендіруді, Отан қорғаушылардың
ескерткіштерін жөндеу мен жаңғыртуды
жүргізу

Аудандар және Атырау қаласы әкімдері, Атырау облысы мәдениет бөлімі, Атырау облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау инспекциясы Коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны

2005 жылғы
10 сәуірге дейін

10

Ұлы Отан соғысының
ардагерлеріне табыстау үшін Жеңістің 60 жылдығына арналған естелік кәдесыйлар мен баспа өнімдерін
дайындау

Атырау облыстық ішкі саясат департаменті, Атырау-Ақпарат Коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорны, Атырау облысы мәдениет бөлімі

2005 жылғы
наурыз-сәуір

11

Ұлы Отан соғысының
қатысушылары туралы Естелік кітабын шығару жөніндегі
құжаттарды дайындау

Атырау облыстық ішкі саясат департаменті, Атырау-Ақпарат Коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорны, Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша), Атырау облыстық Соғыс және еңбек ардагерлері кеңесі (келісім бойынша)

2005 жылғы сәуір

12

Ұлы Отан соғысы туралы атыраулық шығармашылардың, жазушылардың естеліктерін, сонымен қатар облыстық Соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің жұмысы туралы кітап серияларын шығаруды
ұйымдастыру

Демеушілік көмек

Жыл бойына

13

Халық қаһарманы Х.Доспанованың өмірі мен қызметі туралы деректі фильм шығару

Демеушілік көмек

Жыл бойына

14

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу
жөніндегі іс-шараларды бұқаралық ақпарат
құралдарында кеңінен
жариялауды қамтамасыз ету

Аудандар және Атырау қаласы әкімдері, Атырау облыстық ішкі саясат департаменті

үнемі

15

Облыстық телеканалдарында
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы
оқиғаларға арналған
фильмдерді көрсетуді
ұйымдастыру

Атырау облыстық ішкі саясат департаменті, Атырау облысы мәдениет бөлімі

2005 жылғы наурыз-мамыр

16

Облыс суретшілерінің
1941-1945 жылдардағы ұлы Отан соғысындағы
Жеңістің 60 жылдығына арналған көрмесін ұйымдастыру

Атырау облысы мәдениет бөлімі

2005 жылғы мамыр

17

Оқушы жастар арасында Елім менің әскери-партиоттық әндер фестивалін ұйымдастыру

Атырау облысы білім беру департаменті, Атырау облысы мәдениет бөлімі

2005 жылғы 28-29 наурыз

18

Оқу орындары мен елді мекендерде Жеңіс күніне ұштастырылған
тәрбиелік-насихаттық, мәдени-ойын-сауық және бұқаралық-спорт-
тық іс-шараларды өткізу, осы мақсатта, Халық қақарманы»Х. Доспанова, Кеңес Одағының батырларын еске алуға арналған республикалық турнирлер өткізу

Аудандар жәәне Атырау қаласы әкімдері, Атырау облысы білім беру департамені, Атырау облысы дене шынықтыру және спорт бөлімі

2005 жылғы наурыз-мамыр

19

Ұлы Отан соғысы жылдарында Совет Одағының батыры атағымен марапатталған атыраулықтардың және Халық қаhарманы Х.Доспанованың мерейтой күндерін атап өтуге арналған
шараларды ұйымдастыру және өткізу

Аудандар және Атырау қаласы әкімдері, Атырау облысы білім беру департаменті

2005 жыл бойына

20

әскери-патриоттықклубтардың Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығына арналған өңірлік слетін өткізу

Атырау облысы білім беру департаменті

2005 жылғы мамыр

21

Х. Доспанованың "Халық қаһарманы" атын насихаттау мақсатында, Атырау облысында және тұрғылықты жері бойынша шаралар ұйымдастыру

Атырау облыстық ішкі саясат департаменті, Атырау облысы білім беру департаменті, Атырау облысы мәдениет бөлімі

2005 жылғы
25-30 сәуір

22

Соғыс батырларының атымен аталатын көшелердің, мектеп алаңдардың мерекелерін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуді ұсыну

Аудандар және Атырау қаласы әкімдері, Атырау облыстық Соғыс және еңбек ардагерлері кеңесі (келісім бойынша)

2005 ж. сәуір-
мамыр

23

"Сөнбейтін Жеңіс жарығы" атты фотокітаптар сатып алу

Демеушілік көмек

2005 жылғы сәуір

24

Ұлы Отан соғысындағы
Жеңістің 60 жылдығына арналған салтанатты
жиналыстар өткізу, соғыс ардагерлері мен еңбек ұжымдарындағы тыл
еңбеккерлерін мемлекеттік наградалар, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығы» мерекелік медальдарымен құрметтеу, естелік кәдесыйлар мен сыйлықтарды табыстай отырып, ұлығылау

Аудандар және Атырау қаласы әкімдері, Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, Атырау облыстық ішкі саясат депаратаменті, Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша), Атырау облыстық денсаулық сақтау департаменті, Атырау облысы мәдениет бөлімі

2005 жылғы
6 мамыр

25

Аудандар делегацияларын және мерейтой салтанатына
қатысушыларға қызмет көрсетуді және шараларды өткізуді, кәсіпорын, ұйым және мекемелердің өкілдеріне бекітіп беру

Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі

2005 жылғы сәуір

26

Аудандардан келген делегацияларды күтіп алуды және орналастыруды, көлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру

Облыс әкімі аппаратының
ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі, "Атырау облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

2005 жылғы мамыр

27

Ұлы Отан соғысындағы
Жеңістің 60 жылдығын
мерекелеу құрметіне Мұнайшы стадионында театрланған көрініс және республикаға,облысқа танымал атақты орындаушылардың қатысуымен гала-концерт ұйымдастыру

Атырау қаласы әкімі, Атырау облысы мәдениет бөлімі

2005 жылғы 6 мамыр

28

Жергілікті гарнизон әскерлерінің және құқықтық құрылымдарының парадын, соғыс ардагерлері мен тыл
еңбеккерлерінің мерекелік шеруін өткізу

Атырау қаласы әкімі, Атырау облысы мәдениет бөлімі, Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша), Атырау облысының ішкі істер басқармасы (келісім бойынша)

2005 жылғы 9 мамыр

29

Мәңгілік алауға гүл дестелерін қою, мерекелік от шашу

Атырау қаласы әкімі, Атырау облыстық ішкі саясат департаменті, Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша), Атырау облысы мәдениет бөлімі, Атырау облысының ішкі істер басқармасы (келісім бойынша)

2005 жылғы 9 мамыр

30

Жеңістің 60-жылдығына арналған, ипподромда ат-спорты жарыстарын өткізу

Ауыл шаруашылығы департаменті, Атырау облысы дене тәрбиесі және спорт бөлімі, Демеушілік көмек

2005 жылғы 7 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады