Облыс әкiмиятының 2002 жылғы 12 қарашадағы N№272 "Облыстық сәулет-қала құрылысы кеңесін құру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық әкiмиятының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 81 қаулысы. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2005 жылғы 2 сәуірде N 2408 тіркелді. ҚР Атырау облысы әділет департаментінің 2006 жылғы 23 мамыр 3-2185/06 хаты негізінде мемлекеттік тіркелуге жатпайды. Күші жойылды - Атырау облысы әкімиятының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 62 қаулысымен.

      Ескерту: Күші жойылды - Атырау облысы әкімиятының 2009.03.27 N 62 қаулысымен.

       ҚР Атырау облысы әділет департаментінің 2006 жылғы 23 мамыр 3-2185/06 хатынан үзінді:

      Атырау облыстық әділет департаменті ертеде тіркелген нормативтік құқықтық актілеріне қайта тексеріс жүргізілген қорытындысы бойынша және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 4-2-1/и623 хатына сәйкес, Сізге Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38-бабының талаптарына сәйкес келмейтін тіркелген нормативтік құқықтық актілердің тізімін, "Заң" деректер базасына тиісті жазбаларды енгізу үшін, жолдайды.
      Қосымша 1 бетте.

      АОӘД бастығы
 
      Қосымша:
      ...
      12) Атырау облысы әкімиятының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 81 "Облыс әкiмиятының 2002 жылғы 12 қарашадағы N№272 "Облыстық сәулет-қала құрылысы кеңесін құру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Атырау облыстық әділет департаментінде 2005 жылғы 2 сәуірде N 2408 тіркелді)
      ...     

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, Атырау облысы әкімиятының 2004 жылғы 10 желтоқсандағы N 245 "Атырау облысының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы" қаулысының 2-тармағы 5) тармақшасын басшылыққа алып, облыс әкімияты қаулы етеді:

      1. Облыс әкімиятының 2002 жылғы 12 қарашадағы N 272 "Облыстық
сәулет-қала құрылысы кеңесін құру туралы" қаулысына (Атырау облысы әділет басқармасында 2002 жылғы 13 желтоқсанда 1220 тіркелген келесі өзгеріс) енгізілсін:
      облыс әкімиятының қаулысымен бекітілген "Облыстық сәулет-қала құрылысы кеңесі туралы" ереженің:
      1-тармағындағы "Кеңес өз қызметін облыс әкімінің және облыстық сәулет және қала құрылысы саясаты басқармасының басшылығымен жүзеге асырады" сөздері "Кеңес өз қызметін облыс әкімінің және Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің басшылығымен жүзеге асырады" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
С.К.Нокинге жүктелсін.

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады