Атырау облысы халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық Мәслихатының 2005 жылғы 27 сәуірдегі N№210-ІII шешімі. Атырау облыстық әділет департаментінде 2005 жылғы 31 мамырда N 2427 тіркелді. ҚР Атырау облысы әділет департаментінің 2006 жылғы 23 мамыр 3-2185/06 хаты негізінде мемлекеттік тіркелуге жатпайды. Күші жойылды - Атырау облыстық Мәслихатының 2011 жылғы 3 қазандағы № 275/1711/-МШ хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық Мәслихатының 2011.10.03 № 275/1711/-МШ хатымен.
       ҚР Атырау облысы әділет департаментінің 2006 жылғы 23 мамыр 3-2185/06 хатынан үзінді:

      Атырау облыстық әділет департаменті ертеде тіркелген нормативтік құқықтық актілеріне қайта тексеріс жүргізілген қорытындысы бойынша және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 4-2-1/и623 хатына сәйкес, Сізге Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38-бабының талаптарына сәйкес келмейтін тіркелген нормативтік құқықтық актілердің тізімін, "Заң" деректер базасына тиісті жазбаларды енгізу үшін, жолдайды.
      Қосымша 2 бетте.

      АОӘД бастығы
      Қосымша:
      7) Атырау облыстық мәслихатының 2005 жылғы 27 сәуірдегі N 210-ІІІ "Атырау облысы халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы туралы" шешімі (Атырау облыстық әділет департаментінде 2005 жылғы 31 мамырда N 2427 тіркелді)

      Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, облыстық мәслихат кезектен тыс ХІІ сессиясында шешім етті:

      1. Облыс әкімиятының 2005 жылғы 31 наурыздағы N 125 "Атырау облысы халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы туралы" қаулысымен ұсынылған Атырау облысы халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы бекітілсін (жалғанды).
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет және жастар істері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж.Б.Өмірбекова) жүктелсін.

      Облыстық мәслихат 
      ХІІ сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихат хатшысы

Атырау облыстық әкімиятының қаулысы 2005 жылғы 31 наурыз N 125

Атырау облысы халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы туралы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N№903 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған
Бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар жоспары туралы" қаулысын облыс әкімиятының 2003 жылғы 8 қазандағы N№213 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Атырау облысының іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" қаулысын орындау мақсатында облыс әкімияты қаулы етеді:
      1. Атырау облысы халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) мақұлдасын және облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын.
      2. Аудандар және Атырау қаласы әкімдері, жергілікті бюджеттен
қаржыландырылатын атқарушы органдар Бағдарламаны іске асыру жөніндегі шаралар қабылдансын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Б.С. Рысқалиевке жүктелсін.

      Облыс әкімі

Облыс әкімиятының      
2005 жылғы 31 наурыздағы N 125
қаулысына қосымша     

Атырау облысы халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
Мазмұны

1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
4. Қаржыландырудың қажетті ресурстары мен көздері
5. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
6. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

1. Бағдарламаның паспорты

Атауы          Атырау облысы халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға
               арналған өңірлік бағдарламасы
Әзірлеу үшін   Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N
негіз          149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы, Қазақстан                   Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N                    903 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006       жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" қаулысы, облыс әкімиятының 2003 жылғы 8 қазандағы N 213 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Атырау
               облысының іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" қаулысы 
Негізгі        Жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Атырау
әзірлеушілер   облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік                     бағдарламалар департаменті 
Іске асыру мерзімі  2005-2007 жылдар 
Мақсаты        Тиімді жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық
               деңгейін төмендету, жұмыс күшінің сапасын арттыру.
Міндеттері     жұмыспен қамтылу деңгейін ұлғайту, жұмыс күшіне                       ұсыныстың және жұмыс орындары санының теңгерімділігін                 көтеру, оқыту, қайта оқыту, кадрларды қайта даярлау                   және біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру жолымен                   кадрлар әлеуетін дамыту, кәсіпкерлік қызметті және                    өзін-өзі жұмыспен қамтуды қолдау.
Қаржыландыру   Бағдарламаны қаржыландыру жергілікті бюджет қаржысы
көздері        есебінен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының                     заңдарымен тиым
               салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады.
               2005 жылы - 294,1 миллион теңге;
               2006 жылы - 313,0 миллион теңге;
               2007 жылы - 318,0 миллион теңге.
Күтілетін      Бағдарламаны іске асыру 22200 мың жаңа жұмыс орындарын нәтижелер      енгізу, 14700 мың жұмыссызды жұмысқа орналастыруға
               жәрдемдесу, 22800 мың адам үшін қоғамдық жұмыстар
               ұйымдастыру, 5550 мың адамды кәсіптік оқыту және                      қайта даярлауға жіберу есебінен еңбек рыногындағы                     кернеулікті төмендетуге және 2007 жылдық аяғында                      жұмыссыздық деңгейін 1,5%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік                 береді.

2. Кіріспе

      Атырау облысы халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына , облыс әкімиятының 2003 жылғы 6 қазандағы N 213 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Атырау облысының іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді.
      Бағдарламаны дайындау Атырау облысының 2005-2007 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді даму жоспарын болжау есебімен жүзеге асырылды. Бағдарламаны әзірлеуде әлеуметтік-еңбек саласын реттейтін басқа да облыстық бағдарламалар  ескерілді. Бағдарлама 2005-2007 жылдарға арналған Үкімет саясатының негізгі бағыттары мен басымдылықтарын анықтайды. Бағдарлама ережесін жүзеге асыру қалалық және аудандық жұмыспен қамту бағдарламаларын әзірлеу және орындау жолымен іске  асырылады.
      Бағдарламада халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты мен
міндеттері анықталды, сонымен қатар оны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі белгіленді.

3. Проблеманың қазіргі жағдайын талдау

      Экономикадағы өзгерістер және меншік құрылымының өзгеруі,
республикадағыдай Атырау облысында да, жұмыспен қамтылу саласындағы және еңбек рыногындағы нақты өзгерістерге әкелуде.
      Атырау облысындағы экономикалық белсенді халық саны 2005 жылғы 1 қаңтарда 227,0 мың адамды құрады. Олардың қатарында 206,4 мың адам
экономикалық қызметтің барлық түрлерімен қамтылған және 20,5 мың адам кәсіпсіз, яғни жұмыссыздар ретінде топтастырылады.
      Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының сипатты ерекшелігі соңғы жылдары жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі болып табылады. Ресми жұмыссыздар үлесі 2002 жылдан бергі кезеңде 2004 жылдық аяғында 10,1 мың адамнан 4,2 мың адамға, ал жұмыссыздық деңгейі тиісінше 4,9%-дан 1,8%-ға төмендеді.
      Жұмыссыздардың білім деңгейі төмен болып қалуда, жұмыссыздардың тек қана 5 %-ының жоғары, 30%-ының орта-кәсіптік білімі бар.  Жұмыссыздардың негізгі санатын кәсіптік білімі жоқтар құрайды, жалпы орта білімі барлар - 65%. Жұмыссыздардың 70% бір жылдан аса жұмыс жасамағандар. Жұмыссыздардың құрамында әйелдер (50%) басымдық жағдайда орын алады, әрбір екінші жұмыссыз ауылдық жерде тұрады. Барлық жұмыссыздардың жартысынан көбі соңғы жұмыс орындарынан өз еріктерімен есеп айырысқан. Әртүрлі оқу орындарын бітірушілер жұмыссыздардың 24%-ын құрайды.
      Қазіргі заманғы еңбек рыногына жасалған талдау соңғы жылдары жалпы және тіркелген жұмыссыздардың сапалық мінездемесінің, жұмыс күшіне сұраным пен ұсыным құрылымының өзгергенін көрсетеді. Жұмыс тәжірибесі бар білікті жұмысшы кадрлар көп талап етілуде. Ұзақ уақыт жұмыс жасамағандар қолданыс таба алмауда, олар еңбек рыногын қалыптастыратын қалыптасқан жұмыссыздардың негізгі санатын құрайды.
      Бұрын жұмыс жасамаған жұмыссыздар саны өсуде, көбінесе бұлар оқуын жалғастыруға материалдық мүмкіндіктері жоқ мектеп бітірушілер, оқу орындарын бітірушілер де жұмысқа орналасуда қиындықтар көруде.
      1. Еңбек рыногындағы шешуші мәселелер болып табылатындар:/
      1) тиімсіз жұмыспен қамтылудың басымдылығы;
      2) жұмыс күшіне сұраным мен ұсынымның біліктілік-кәсіптік құрылымының сәйкессіздігі;
      3) білікті кадрлардың еңбек әлеуетін жоғалтуы;
      4) кадрларды даярлаудың экономиканың қажеттілігіне сәйкес келмеуі;
      5) халықтың жекелеген әлеуметтік-демографиялық тобын (жастар,
әйелдер, мүгедектер, оралмандар және т.б.) жұмысқа орналастырудағы төтенше күрделі жағдай;
      6) халықтың жекелеген топтарының еңбек тәртібі мен еңбекті қорғау туралы еңбек заңдарының нормаларын толық деңгейде сақтамауы;
      7) ауылшаруашылығы аудандарында жұмыссыздықтың жоғары деңгейі.
      2. 2005-2007 жылдары жұмыс күшіне болжалған сұраныс.
      2005-2007 жылдардағы кезеңге жасалған болжамдар бойынша экономиканың құрылымында және тиісінше еңбек рыногы мен халықты жұмыспен қамту саласында іргелі өзгерістер болады.
      2004-2007 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық даму аймақтық Бағдарламасын іске асыруды;
      2005-2007 жылдарға арналған тұрғын-үй құрылысы Бағдарламасын іске асыруды;
      Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін игеру Мемлекеттік бағдарламасын орындауды;
      селолық аумақтарды дамыту бағдарламасын және Агроөнеркәсіптік
Бағдарламаны жүзеге асыруды;
      шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау Бағдарламасын іске
асыруды;
      білім беру және денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасын, сапасын және қол жетімділігін нығайтуды қамтамасыз ететін кешенді шараларды іске асыру қарастырылуда.
      3. Барлық бағдарламаларды орындау барысында жоспарланған мерзімде
келесі міндеттер шешілетін болады:
      1) шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеруге мүмкіндік беретін алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу негізінде жаңа өндірістерді құру және қолданыстағы өндірістерді кеңейту және халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру;
      2) ауылшаруашылық өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін жағдай жасау, селодағы жұмыспен қамтылуды көтеруге мүмкіндік беретін селоның өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту деңгейін жақсарту;
      3) халықты өнімді жұмыспен қамту және табысын көбейту есебінен
кедейлікті қысқарту, халықтың денсаулық сақтау және білім беруде сапалы қызметтерге қол жетімділігін арттыру, аз қамтылған азаматтарды атаулы әлеуметтік қорғауды жақсарту.
      Жоғарыда келтірілген барлық іс-шараларды жүзеге асыру 2005-2007 жылдардағы кезеңде экономикалық қызметтің барлық салаларында 22200 мыңға жуық жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша 2005-2007 жылдардағы кезеңде құрылатын жұмыс орындарының саны

№ р/с

Экономиканың салалары атауы

жылдар

Барлығы

2005

2006

2007

1

2

3

4

5

6

1

Өнеркәсіп

820

850

855

2525

2

Құрылыс

3560

3600

3650

10810

3

Көлік

100

125

130

355

4

Ауыл шаруашылығы

400

420

425

1245

5

Шағын және орта бизнес

1200

1250

1200

3650

6

Денсаулық сақтау

200

230

230

660

7

Білім беру

150

170

160

480

8

Мәдениет

100

135

130

365

9

Туризм және спорт

150

180

170

500

10

Басқа да салалар

520

540

550

1610


Облыс бойынша барлығы

7200

7500

7500

22200

      Экономикада болжалған оң қозғалыстар 2005-2007 жылдары жұмыспен қамтылғандар санын көбейтуге мүмкіндік береді. Жұмыспен қамтылудың ұлғаюы болжам бойынша мұнай-газ кешенінде, әсіресе мұнайгаз ғимараттары құрылысында күтілуде. Мұнай газ өндірудің дамуы қолайлы инвестициялық ахуалдың болуымен, бәсекелес ортаның дамуымен, мұнай-газ өндіруші салада мемлекеттің қатысуымен және кен пайдалануда заңдардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдірумен анықталатын болады. Бағдарламаны іске асыру сонымен қатар, машина жасау және металл өңдеу, құрылыс, құрылыс материалдары өнеркәсібінде және т.б. экономиканың шектес салаларында өндірісті жандандыруға мүмкіндік береді. Мұнай газ кешені және құрылыста қызмет көрсететін (инженер-жылу техниктері, газ кәсібінің мамандары, инженер-механиктер, прорабтар, автокөлік жүргізушілері, бұрғылаушылар, тас қалаушылар, ауыр салмақты машина машинистері, темір бетон құрастыру монтаждаушылары, автокөлік жөндеу темір ұсталары, ақаутапқыштар, дәнекерлеушілер, электромонтерлер және электриктер т.б.) жоғары-білікті мамандар мен жұмысшыларға сұраныс артады.
      Облыстың шағын кәсіпкерлігінде жұмыс күшінің болжалған сұранымы облыстың экономикалық жағдайы және ең алдымен экономиканың мемлекеттік емес секторындағы кәсіпорындардың шаруашылық қызметін реттейтін барлық заңнамалары тұрақталған жағдайда ғана болжалған мерзімде 3,5 мыңнан кем емес адамды құрауы қажет. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар санының едәуір өсуі құрылыс материалдарын өндіру және шығару, сауда және қоғамдық тамақтану, халыққа қызмет көрсету және тұрмыстық қызмет көрсету салаларында күтілуде.
      Облыс экономикасының болашақта білікті кадрларға қажеттілігі
басшылар, басқару жүйесі және әкімшілік-өндірістік қамтамасыз ету мамандары (орта және жоғары топ меңгерушілері, экономистер, маркетологтар, сату жөніндегі менеджерлер және тағы басқа) санының өсуімен сипатталатын болады.
      Ақпараттандыру саласындағы даму процестеріне байланысты компьютерлік
технологияларды игерген білікті мамандарға сұраныс артады. 
      Облыс бойынша облыс экономикасының 2005-2015 жылдардағы мерзімде өнеркәсіп саласында, 2004-2008 жылдары бюджеттік салада, 2005-2010 жылдары ауыл шаруашылығында мамандарға қажеттілігі анықталды. Жұмыс күшіне сұранысты анықтау мониторингі жүйелі жүргізілетін болады.
      4. Жұмыстан босатылған қызметкерлерді тиімді қолдауды жүзеге асыру мақсатында Бағдарламада келесі шаралар қарастырылды:
      1) жұмыс орнынан босатылу тәуекелінде тұрған қызметкерлерді озық оқытуды ұйымдастыруды қолдау;
      2) азаматтардың жұмыстан босатылған жағдайда бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру;
      3) жұмыстан босатылған қызметкерлердің жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөніндегі белсенді бағдарламаны іске асыру мақсатында еңбек рыногында әлеуметтік әріптестікті дамыту (кәсіпорындарда кеңестік пункттер құру және жұмыстан босатылатын қызметкерлерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөнінде кеңестер беруді ұйымдастыру);
      4) жергілікті атқарушы органдардың, кәсіптік одақтардың, жұмыс
берушілердің салалық және аймақтық қауымдастығы мен бірлестіктерінің
жергілікті еңбек рыногында қызметкерлердің жұмыстан босатылу және жұмыспен қамтылуын қолдау процестерін реттеу жөніндегі өзара байланыс механизмін әзірлеу.

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

      Бағдарламаның мақсаты - жұмыссыздық деңгейін төмендету, жұмыс күшінің сапасын көтеру, тиімді жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ету.
      5. Бағдарламаның міндеттері:
      1) жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру;
      2) жұмыс күшінің және жұмыс орындары санының үйлестірілген ұсынысын көтеру;
      3) кадрлар әлеуетін кадрларды оқыту, қайта оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру жолымен дамыту;
      4) кәсіпкерлік қызметті және өзін-өзі жұмыспен қамтуды қолдау.

5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен оны іске асыру тетігі

      Жұмыссыздардың жұмысқа орналасу деңгейін және тиімділігін арттыру-жұмыспен қамту уәкілетті органдарының негізгі міндеттерінің бірі. Оның табысты шешілуі салалық және секторлық бағдарламалар шеңберінде қосымша жұмыс орындарын құрумен анықталады.

5-1. Жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу

      Халықты жұмыспен қамту органдарының негізгі күші жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл нысанын жетілдіруге және бос жұмыс орындары дерекқорын толықтыруға, оны тиімді пайдалануға, азаматтардың ыңғайлы жұмыс іздеу уақытын және ұзақ уақыт жұмыссыздық кезеңін қысқартуға бағытталатын болады.
      Бос жұмыс орындары туралы ақпараттарды жинау, бос жұмыс орындарын жасырған және азаматтардың (мақсатты топтарды қосқанда) құқығын шектеген жұмыс берушілерді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмыстар жетілдірілетін болады.
      Кестеге сәйкес бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі және бос жұмыс
орындарының шағын жәрмеңкелері, Ашық есік күндері ұйымдастырылады. Түскен бос орындарға жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі бөлім мамандарын шақыру арқылы ашық тестілеу жүргізіледі. Ақпараттық мәліметтер банкі негізінде халықты еңбек нарығындағы сұраным мен ұсыным жағдайы туралы ақпараттандыру жүйесін дамыту жөніндегі шаралар алынатын болады.
      2005 жылы барлығы 4800 мың адам, 2006-2007 жылдары 10 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылатын болады деп топшылануда.
      6. Өтініш білдірген азаматтарды жұмысқа орналастыру келесі ірі
жобаларға қатысты жүзеге асырылатын болады:
      1) екінші буынды Жоба құрылысына және өңделмеген газды айдауға - 2000 адам;
      2) "Аджип ККО" компаниясының газ өңдеу зауыты құрылысын салуға - 2000 адам;
      3) аймақтың инфрақұрылым нысандары құрылысын салуға - 2000 адам.
      Қазіргі уақытта осы жобалар үшін жұмыс күшіне сұраныс анықталды және құрылыс мамандықтары бойынша сәйкесті жұмысшы кадрларды дайындау жұмыстары басталды.
      Шағын және орта бизнесті дамыту салаларында жаңадан құрылатын жұмыс орындарына 1000 адам жұмысқа орналастырылатын болады.

5-2. Қоғамдық жұмыстар

      Еңбек нарығындағы белсенді саясат белгілерінің бірі қоғамдық жұмыстар 2005-2007 жылдары басым дамитын болады.
      Қоғамдық жұмыс түрлері кеңейеді, соның ішінде арнайы жобаларды жүзеге асыру бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара байланыс жасау есебінен олардың әлеуметтік маңыздылығы артады. Қоғамдық жұмыстар "Жолдар құрылысын салу", "Курьер", "Кітапқа екінші өмір", "Село", "Күзет", "Жастар тәжірибесі", "Медицина",  "Орман"  жоба бойынша жүзеге асырылады.
      Қоғамдық жұмыстарға қатысуда басым құқыққа атаулы әлеуметтік көмек алудан үміткер жұмыссыздар және халықтың мақсатты топтарындағылар ие болады.

5-3. Мақсатты топтардың жұмыспен қамтылуын арттыру жөніндегі шаралар

      Жұмыспен қамту туралы заңнамаларға сәйкес мақсатты топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөніндегі шаралар қарастырылуда. Оларға 21 жасқа дейінгі жастар, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар, жас балалар тәрбиелеп отырған жалғыз басты және көп балалы ата-аналар, зейнеталды жасындағылар, оралмандар, бас бостандығынан айыру орындарынан босағандар, аз қамтылғандар жатады.
      Еңбек рыногында бәсекеге қабілетсіз азаматтарды әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру үшін бейімделу, жұмысқа орналасу, кәсіптік бағдар беру және кәсіптік оқыту арнайы бағдарламалары әзірленіп, жүзеге асырылатын болады.
      Жастардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу
      Жастардың жұмысқа орналасу мәселесі қазіргі жұмыс күшіне сұраныс есебінен ғана емес, перспективалық міндеттер есебінен шешілетін болады.
      7. Бірінші кезектегі міндеттер қатарына:
      1) еңбек жолын алғаш бастаған жастарды жұмысқа орналастыру үшін жағдай туғызу;
      2)  жұмыссыз жастар үшін жұмыс іздеу мерзімін қысқарту;
      3) жұмыспен қамтылмаған жастарды қоғамдық жұмыстарға, басқа да
уақытша жұмыс түрлеріне тарту;
      4) екі-үш түрлі аралас мамандықтарға оқыту жолымен жұмыспен
қамтылмаған жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
      5) жастардың өз ісін, шағын бизнесін±ұйымдастыруына белсенді 
жәрдемдесу, жастардың еңбек биржасын, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастыру;
      6) жұмыспен қамту уәкілетті органдары арқылы алға қарай жұмысқа орналастыру мақсатында "Жастар тәжірибесін" ұйымдастыру.

      8.ҒӘйелдердің жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу
      Жұмыссыз әйелдерді жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытында белсенді шаралар қатарын жүзеге асыру қарастырылуда. Жекелеп алғанда, әйелдердің жұмыс күшінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде жағдайлар туғызылатын болады:
      1) кәсіпкерлер есебінде олардың белсенді қызмет мүмкіндіктерін
анықтау мақсатында жұмыспен қамтылмаған әйелдерге кеңестер және кәсіптік бағдар беру; кәсіпкерлік қызметтің негізіне оқыту, оларға өз ісін және т.б. қалыптастыру және дамыту сатысында құқықтық, қаржылық, және ұйымдастырушылық қолдау көрсету;
      2) жұмыспен қамтылмаған азаматтарды өз ісін ұйымдастыруға дайындау мақсатында шағын кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесуші ұйымдармен және
үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеу;
      3) жұмыссыз әйелдерді кәсіптік даярлау және қайта даярлауға
жәрдемдесу, әсіресе шағын бизнес саласында; қоғамдық жұмыстарға кең көлемде тарту.

      9. Мүгедектердің жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу
      Еңбек қабілеті шектеулі азаматтарды қолдау саласындағы мемлекеттік саясат олардың әлеуетті мүмкіндіктерін іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған.
      Бұл мақсаттарға жету үшін қосымша шаралар болып:
      1) мүгедектердің жұмыспен қамтылуына, олардың кәсіптік бағдарлануына, кәсіптік оқуына және қайта даярлануына, еңбек қызметіне бейімделуіне себепші болатын жағдайлар жасау;
      2) мамандандырылған кәсіпорындар базасын нығайту;
      3) мүгедектердің жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу саласында мемлекеттік
және қоғамдық бірлестіктердің қызметін үйлестіру.
      Мүгедектер үшін әлеуметтік жұмыс орындарын квоталауды қалпына
келтіру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру қарастырылуда.
      Әскери-сынақ полигондары әсерінен зардап шеккен тұрғындар үшін арнайы әзірленген бағдарламаға сәйкес әлеуметтік қорғау шаралары жоспарлануда.

5-4. Әлеуметтік жұмыс орындары

      Әлеуметтік жұмыс орындары - жұмыс берушілердің халықтың мақсатты топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін қабылданған жұмыссыздар еңбегіне жұмыс берушінің жекелеген өтемақы шығындарымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен ақы төлеу құрған немесе ұсынған жұмыс орны.
      2005 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға жергілікті
бюджеттен 10 миллион теңге қаралды.
      Құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналасуда басым құқыққа зейнеталды жасындағылар, оралмандар, мүгедектер мен атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған отбасындағы азаматтар ие болады. 
      Жергілікті жерлерде әкімдер шешімдерімен әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі анықталады.

5-5. Еңбек ресурстарының сапасын арттыру және азаматтардың   еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігінің өсуі

      Жұмыссыз азаматтарды және жұмыссыз халықты кәсіптік оқытудың негізгі міндеті - азаматтарға әртүрлі білім беру қызметтерін көрсету арқылы жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыс берушілердің сұранысы және еңбек нарығы дамуының болжамдары есебімен олардың бәсекеге қабілеттілігін және кәсіптік ұтқырлығын арттыру.
      10. Бұл міндеттерді шешу үшін:
      1) еңбек рыногы жағдайына, белгіленген кәсіптер мен мамандықтар бойынша кадрларға сұранысқа мониторинг ұйымдастыру және болжау;
      2) азаматтарды кәсіптік даярлауды экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес келетін және қызметкерлердің еңбек рыногында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін кәсіптер мен мамандықтар бойынша бағыттау, осы мақсатта білім беру мекемелерінің бөлігін өзгермелі сұранысқа сәйкес қайта бейімдеу;
      3) жұмысшыларға және мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын олардың кәсіптік±ұқырлықтарын кеңейту бағытында қайта қарау, жалпы техникалық даярлықты арттыру және өндірістік тағылымдама үшін мүмкіншіліктерді қарастыру.
      Жұмыссыз азаматтарды жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша нақты жұмыс орындарына, кәсіпкерлікпен және жеке еңбек қызметімен айналысуға мүмкіндік беретін кәсіптерге оқыту қарастырылуда.
      Бағдарламада жұмыс берушілердің жұмыспен қамтылмаған халықты кәсіптік оқыту және қайта оқытуға қатысуы қарастырылған. "ПФД Интернэшнл" компаниясының оқу орталығында ТШО-ның екі жобасы үшін кадрларды даярлау курсы ұйымдастырылатын болады. Ағылшын тілі курстарын "Фиркрофт Инжиринг" компаниясының филиалы, "САИТ" оқу орталығы өткізеді.
      Жыл сайын білім беру қызметіне рұқсаты бар, жұмыспен қамтылмаған халықты және жұмыссыздарды оқытуға құқығы бар мемлекеттік емес оқу орталықтары арасында конкурстық іріктеу жүргізілетін болады. Іріктеу барысында қазіргі заманғы құрал-жабдықтардың болуы, тәжірибе жұмыстары үшін шеберханалардың болуы, халықаралық стандарт талаптарына және өндірістік тәжірибе ұйымдастыру үшін талаптарға сәйкес келуі ескеріледі.

5-6. Еңбек рыногындағы әлеуметтік әріптестік

       Облыстағы әлеуметтік әріптестік еңбек қатынастарының көпдеңгейлі жүйесін құру арқасында қалалық және аудандық деңгейлердегі атқарушы Үкімет органдарының өкілдерімен, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы тараптардың ынталы мәселелер жөнінде көзқарастарын келістіруге және қызметін үйлестіруге бағытталған. Күрделі мәселелерді ашық талқылау нәтижесінде облыста тұрақты жағдай құрылды және қолдау көруде.
      Облыс, аудандар және Атырау қаласы деңгейінде 2005 жылға арналған үшжақты келісім қабылданып, іске асырылуда.

      11. Әлеуметтік әріптестікті әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу механизмі ретінде және еңбек таластарын шешуді қосқанда, белсенділігін арттыру қарастырылуда.
      Осы мақсатта:
      1) атқарушы үкімет органдары өкілдерімен, жұмыс берушілер және
қызметкерлермен арадағы әлеуметтік диалогты жүргізу механизмін алға қарай дамыту;
      2) жалдау және жұмыстан босату, еңбекті қорғау және техника
қауіпсіздігін сақтау, еңбек заңнамаларын сақтау мәселелерін шешуде кәсіптік одақтардың ролін арттыру;
      3) коллективтік еңбек дауларын шешуде және қызметкерлердің жаппай жұмыстан босатылуының алдын-алуда тиісті мемлекеттік органдардың қатысуы;
      4) әлеуметтік әріптестермен жұмыспен қамтылуды арттыру және
жәрдемдесу, жаңа жұмыс орындарын құру жөнінде түбегейлі шаралар қабылдау;
      5) қызметкерлердің мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар жүйесін жасау;
      6) әлеуметтік әріптестік тараптарының күш-жігерін қоғамның барлық топтарының мүдделерінің шынайы есебі негізінде қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жұмылдыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру қарастырылуда.

      12. Аталған мәселелерді шешу:
      1) әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейіндегі әлеуметтік
      әріптестермен арадағы кеңестер мен келіссөздер;
      2) әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеуде әлеуметтік әріптестік
жөніндегі үшжақты комиссияның статусын көтеру;
      3) өздеріне қабылдаған міндеттерді, Облыстың үшжақты комиссияның шешімін сөзсіз орындағаны үшін әлеуметтік әріптестік тараптарының жауапкершілігін арттыру;
      4) қоғамның әлеуметтік әріптестік жағдайы туралы хабардар болуын арттыру.

5-7. Еңбек көші-қоны. Ішкі еңбек рыногын қорғау

      Ішкі еңбек рыногын қорғау көші-қон саясатының халықты жұмыспен
қамтуды қолдаудағы негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
      13. Ішкі еңбек рыногын қорғау мақсатында:
      1) шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарға жергілікті кадрларды жұмысқа орналастыру, қосымша жұмыс орындарын құру;
      2) қазақстандық кадрларды шетелдік жұмыс күшін алға қарай ауыстыру үшін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру саясатын жүргізу;
      3) шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны қатаң сақтау;
      4) шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындар қызметін шетелдік мамандар және жұмысшыларды әкелуге рұқсатының барлығына тексеру қарастырылуда.
      Аталған жұмыс әзірленіп жатқан 2006-2009 жылдары Қазақстан
Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту Тұжырымдамасы шеңберінде
жүргізілетін болады.
      Осы шараларды жүзеге асырудан шетелдік капитал қатысатын
кәсіпорындарда жұмыс жасайтын қазақстандық кадрлар санының өсуі күтілуде.
      2002 жылы біріккен кәсіпорындар мен шетелдік фирмаларда 10,7 мың адам, 2003 жылы - 17,6 мың адам, 2004 жылы - 15,7 мың адам жұмыс жасады, 2005 жылы -18,0 мың адам жұмыс жасайды деп күтілуде.
      Шетелдік жұмыс күшін тартуды шектеу үшін:

р/с

Шаралар атауы

2004 жылы факт

2005 жылы болжам

2006 жылы болжам

2007 жылы болжам

1

Қазақстан азаматтары үшін қосымша жұмыс орындарын құру

5469

5600

5750

5900

2

Қазақстандық кадрларды даярлау,
қайта даярлау және
біліктілігін арттыру

1502

1800

2100

2400

      Оралмандарды әлеуметтік қорғауда шаралар қатары жоспарлануда.
Оралмандарды жұмысқа орналастыру мәселелерін шешу үшін оларды оқыту және қайта оқыту, қоғамдық жұмыстарға қатыстыру, сонымен қатар қосымша жұмыс орындарын құру қарастырылуда.
      Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп өз ісін ұйымдастыру мәселелері бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

5-8. Ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру

      Еңбек рыногындағы жағдайдың үнемі өзгеруі халыққа жаңа ақпараттық қызмет көрсетуді талап етуде. Еңбек рыногындағы жағдайды азаматтарды және жұмыс берушілерді еңбек рыногының дамуы, жұмысқа орналастыру болашағы, оқыту және қайта оқыту туралы ақпараттандыру арқылы жақсартудың қосымша мүмкіндіктері бар. Қорытындысында өздігінен жұмыс іздеу мүмкіндігі артады, кәсіпорындардың кадр саясатында көбірек даярланған шешім қабылданады. Бұлардың барлығы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі органдар тарататын жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы, кәсіп және мансап, жұмыс
күшіне сұраным мен ұсыным үрдісі туралы ақпараттардың кеңейтілуін болжайды.
      Соңғы уақытта байқалған экономиканың өрлеу үрдісі еңбек рыногында жаңа жұмыс күшін тартуды немесе даярлауды қажет етеді. Сонымен қатар, азаматтардың жұмыс іздеу уақытын және кәсіпорындардың бос жұмыс орындарын толтыру мерзімін қысқарту үшін бар бос жұмыс орындарының әлеуетін барынша тиімді пайдалану қажеттігі артады. Осы мақсатта:
      1) халықты жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру үшін бос жұмыс орындары банкін қолдау;
      2) жоғары білікті мамандардың бос жұмыс орындары банкін қалыптастыру және жүргізу;
      3) халықты жұмыспен қамту орталықтары мен жұмыс берушілердің өзара байланысын жетілдіру үшін қосымша индикаторлар жүйесін енгізу;
      4) жұмыс берушілердің сұранысы бойынша ыңғайлы жұмыс орындарын және ыңғайлы қызметкерлер іріктеу;
      5) интернет, электрондық пошта секілді қазіргі заманғы жаңа
ақпараттар алмасу технологиясын пайдалану;
      6) "Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін" және "Ашық есік күндерін" өткізу жұмыстарын жалғастыру жоспарлануда.
      Еңбек және жұмыспен қамту жөніндегі статистикалық есеп беру
көрсеткіштері қатарын кеңейту, сонымен қатар экономика салалары дамуының орта және ұзақ мерзімді болжалуының еңбек сұранысымен өзара үйлесімін қамтамасыз ету.
      2005 жылдан бастап "жұмыспен қамту" бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесі енгізілетін болады.

6. Қаржыландырудың қажетті ресурстары мен көздері

      Бағдарламаны қаржыландыру жергілікті бюджет қаржысы есебінен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдарымен тиым салынбаған басқа да көздерден қаржыландыру қарастырылады.
      жұмыспен қамтуды қолдауға және жұмыссыздықты болдырмауға тікелей бағытталған шараларды іске асыруға жергілікті бюджет қаржысынан - 972,5 млн.теңге жұмсау қарастырылуда, оның ішінде:
      2005 жылы - 294,1 миллион теңге;
      2006 жылы - 313,0 миллион теңге;
      2007 жылы - 318,0 миллион теңге.

7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер

      14. 2005-2007 жылдары Бағдарламаны іске асыру есебінен:
      1) 22200 мың жұмыс орындарын құру (2005 жылы - 7200 мың, 2006 жылы - 7500 мың, 2007 жылы - 7500 мың) және бар жұмыс орындарының санын төмендетуге жол бермеу;
      2) 14700 мың адамға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу (2005 жылы - 4800 мың, 2006 жылы - 4900 мың, 2007 жылы - 5000 мың);
      3) 22800 мың адам үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру (2005 жылы - 7500 мың, 2006 жылы - 7600 мың, 2007 жылы - 7700 мың);
      4) кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға 55500 мың жұмыссызды жіберу (2005 жылы - 1800 мың адам, 2006 жылы - 1850 мың, 2007 жылы - 1900 мың);
      5) 2008 жылдың басында жұмыссыздық деңгейін 7,4 пайызға дейін
төмендету;
      6) бекітілген жұмыссыздық деңгейін 2007 жылдың аяғында 1,5 пайызға дейін төмендету қарастырылуда.

8. Атырау облысы халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға   арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

п/п

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Орындалуына жауаптылар

Іске асыру (орындау)

мерзімі

Болжамды шығыстар (млн.теңге)

қаржыландыру көзі

1

3

4

5

6

7

1. Экономика салаларында жаңа жұмыс орындарын құру

1.

Экономиканың түрлі салаларын да 22200 жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ету, оның ішінде:
2005 жыл - 7200 орын
2006 жыл - 7500 орын
2007 жыл - 7500 орын

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат

Қала, аудан әкімдері

Тоқсан сайын

Талап етілмейді.









2.

Мақсатты топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру
2005 жыл - 240 адам
2006 жыл - 300 адам
2007 жыл - 500 адам

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат

Қала, аудан әкімдері, қала, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

Үнемі

2005 жыл - 10,0 2006 жыл - 13,1
2007 жыл
- 23,0

Жергілікті  бюджет

3.

Қазақстан Республикасының заңнамаларын, жекелеп алғанда бос жұмыс орындарын жасыру және мақсатты топтарды қоса алғанда, азаматтардың еңбек құқықтарын бұзушылықтарды анықтау жөніндегі бақылауды күшейту

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат

Қазақстан Республикасының еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау Министрлігінің департаменті

Үнемі

Талап етілмейді  


2. Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың теңгерімділігі жөніндегі шаралар

4.

Еңбек рыногындағы
және білім беру қызметтері рыногындағы мамандарды даярлау көлемдеріне, бейіндеріне және мерзімдеріне сұраным пен ұсынымды болжау жөнінде жұмыстар жүргізу

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат

Білім беру, ауыл шаруашылығы, экономика және бюджеттік жоспарлау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменттері

Жыл сайын

Талап етілмейді 


5.

Жұмыс берушілердің таяудағы 3 жылда жұмыс күшіне қажеттігін анықтау және кадрлар даярлау жүйесін экономиканың қажеттілігіне сәйкес келтіру мақсатында жұмыс күшіне сұраныс мониторингін жүзеге асыру

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат

Білім беру,  экономика және бюджеттік жоспарлау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменттері, қалалық,  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

Жыл сайын

Талап етілмейді 


3. Халықтың әлеуметтік қолдауға мұқтаж нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру

6.

Мақсатты топтардың жұмыспен қамтылуына мониторинг

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат

Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Үнемі

Талап етілмейді 


7.

Бас бостандығы нан айыру орындарынан босаған адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жұмыспен қамту және қылмыстық-түзету жүйесі органдарының өзара іс-қимылын
күшейтуге бағытталған шараларды жүзеге асыру

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат 

Қала, аудан әкімдері, қала, аудандық жұмыс пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

Тоқсан сайын

Талап етілмейді


8.

Еңбек рыногындағы әйелдердің жұмыспен қамтылуына мониторинг

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат

Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері 

Жыл сайын

Талап етілмейді


9.

Әйелдерді жұмысқа орналастыру үшін мамандандырылған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат

Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

Үнемі

Талап етілмейді


10.

Балалар үйінің тәрбиеленушілерін, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ды қосқанда 23 жасқа дейінгі жастардың жұмыс пен қамтылуына мониторинг

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат

Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, білім беру департаменті

Тоқсан сайын

Талап етілмейді


11.

Мүгедектерді  жұмысқа орналастыру мақсатында кәсіптік ақпараттандыру, кәсіптік кеңес беру жөнінде жұмыспен қамту органдарымен және жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету

Келісім жобасы

Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің департаменті(келісім бойынша)Облыс кәсіпкерлері мен жұмыс берушілер одағы (келісім бойынша)

Үнемі

Талап етілмейді


12.

Оралмандарды жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарға жіберу, қайта оқыту, мемлекет тік әлеуметтік көмек көрсету жолдарымен әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат

Қала, аудан әкімдері, қалалық, аудандық жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

Үнемі

Талап етілмейді

Жергілікті  бюджет

4. Қосымша жұмыс орындарын құратын шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту 

13.

Шағын бизнес субъектілеріне пайдаланылмай тұрған объектілерді, жер учаскелерін, Аяқталмаған құрылыс объектілерін, мақсатты топтардағы адам дарды жұмысқа міндетті қабылдау
шартымен, өтеусіз жерді пайдалануға (жалға) беруді қамтамасыз ету

Әкімдер шешімдері

Қала, аудандар әкімдері

Үнемі

Талап етілмейді


14.

Ауылда шаруашылық жүргізудің дәстүрлі түрлерін, әйелдердің ауылдық жерлерде және шағын қалаларда өзін-өзі жұмыспен қамтуын қамтамасыз ету үшін ұлттық көркем кәсіпшілікті дамыту

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат

Қалалық,аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, ауыл шаруашылығы департаменті

Үнемі

Талап етілмейді


15.

Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер Одағымен бірлесе отырып, жұмыссыз халық арасында жеке ісін ұйымдастыру мәселелері бойынша семинарлар ұйымдастыру

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат

Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

Үнемі 

қажет болған жағдайда


16.

Жеке кәсіпкерлерге, соның ішінде жұмыссыз халық арасында  шағын кредит беру жөніндегі жұмысты жалғастыру

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті

Үнемі

2005 жыл - 270,0
2006 жыл - 275,0 2007 жыл -280,0

БҰҰДБ қаражаты

5. Жұмыс күшін дамыту және азаматтардың еңбек рыногындағы бәсекелестіктігін арттыру

17.

5550 жұмыссызды оқуға жіберу және кәсіптік даярлауды,қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, соның ішінде:
2005 жылы -  1800 адам,
2006 жылы -  1850 адам,
2007 жылы -  1900 адам

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат

Қалалық,аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

Үнемі

2005 жыл - 14,2
2006 жыл - 17,0
2007 жыл - 17,1

Жергілікті бюджет

18.

Мемлекеттік емес оқу орталықтары арасында жұмыссыз халықты және жұмыссыздарды кәсіптік оқытуды ұйымдастыру жөнінде іріктеу өткізу

Комиссия
шешімі

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті

Жыл сайын

қаңтар

Талап етілмейді


19.

Жұмыс берушілердің жұмыссыз халықты кәсіптік даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға қатысуы. Жұмыссыз азаматтарды жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша нақты жұмыс орындары на оқытуды ұйымдастыру

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат

Қалалық,аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

Үнемі

Жұмыс берушілердің қаражаты есебінен

Жұмыс берушілердің қаражаты

20.

Ұжымдық шарттарға жұмыстан босатылған қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлауды есепке алатын қызметкерлерді ішкі өндірістік оқыту жүйесін құру және дамыту жөніндегі шараларды енгізу

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, Облыстық кәсіп одақтар Федерациясы (келісім
бойынша), Облыстық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер Одағы (келісім бойынша)

2005- 2007

жылдар

Жұмыс берушілердің қаражаты есебінен

Жұмыс берушілердің қаражаты

21.

Кәсіптік білім беру сапасын арттыру, Атырау облысында кәсіптік білім берудің және кадрларды кәсіби даярлаудың 2005-2007 жылдарға
арналған өңірлік
бағдарламасының іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберін де еңбек рыногының қажеттілігіне сәйкес, тиісті кадрларды даярлаудың көлемін қамтамасыз ету

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат

Білім департаменті

2005- 2007

жылдар



6. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру

22

22800 адамға қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру, соның ішінде, 2005 жылы - 7500 адам
2006 жылы - 7600 адам 2007 жылы -  7700 адам

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат

Қалалық,аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

Үнемі

2005 жыл-269,9
2006 жыл-282,0
2007 жыл - 277,9

Жергілікті бюджет

23.

Жол құрылысына, ағаш отырғызуға және өңірлердің көлік инфрақұрылымын дамытуға, әсіресе ауылдық аумақтардағы көлік инфрақұрылымын дамытуға арналған қоғамдық жұмыстарды кеңейту және қайта бағдарлау

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат

Қала, аудандар әкімдері

Тоқсан сайын

Талап етілмейді


7. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыспен қамтудың өңірлік проблемаларын шешудегі рөлін арттыру жөніндегі шаралар

24.

Өңірлік ақпарат тық бос орындар базасын толықтыру

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті

Тоқсан сайын

Талап етілмейді


25.

Жұмыста ұзақ үзілісі бар немесе жұмыс тәжірибесі жоқ жұмыссыздарды әлеуметтік еңбекке бейімдеу жөніндегі клубтық жұмысты жетілдіру

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат

Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

Тоқсан сайын

Талап етілмейді


26.

Халықты және жұмыс берушілерді  бұқаралық ақпарат құралдары арқылы еңбек рыногындағы жағдай туралы  хабардар ету Буклеттер, жадынамалар, плакаттар тарату арқылы өз бетімен жұмыс іздеуге жәрдемдесу

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар

Қала, аудандар әкімдері қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

Тоқсан сайын

Талап етілмейді


27.

14700 жұмыссызға жұмысқа орналасу
ға жәрдемдесу, соның ішінде: 2005 жылы - 4800 адам 2006 жылы - 4900 адам 2007 жылы - 5000 адам

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат

Қалалық, аудандық
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

2005-2007 жылдар

Талап етілмейді


28.

Облыстың еңбек рыногындағы ахуалдың мониторингі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат



Талап етілмейді


29.

Ішкі еңбек рыногын қорғау мәселелері бойынша мүдделі органдардың өзара іс-қимылы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және арнаулы бағдарламалар департаменті

Үнемі

Талап етілмейді


30.

Халықты жұмысқа орналастыру жөніндегі іс- шараларды жетілдіру:
1) еңбек рыногындағы жағдай туралы халықты және жұмыс берушілерді хабардар ету;
2) халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуына жәрдем көрсету;
3) жұмыспен қамтудың икемді түрлерін ұйымдастыру;
4)жұмыссыздарды кәсіби даярлау, кәсіби біліктілігін арттыру, қайта даярлау арқылы еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат

Қала, аудандар әкімдері, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті

Үнемі

Талап етілмейді


8. Жұмыспен қамтуды және еңбек рыногын реттеу мәселелерінде еңбек делдалдылығымен айналысатын жұмыс берушілермен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке агенттіктермен жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органның қызметін ықпалдастыру

31.

Жұмыспен қамту органдарының жеке жұмыспен қамту агенттік терімен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу саласындағы өзара іс-қимылын арттыру

Келісімдер

Қала, аудандар әкімдері

Үнемі

Талап етілмейді


32.

Салалық (тариф
тік) келісімдерге кадрлық әлеуетті дамыту жөніндегі: жұмыстан босаған қызметкерлердің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ескеретін, қызметкерлерді өндірісішілік оқыту жүйесін құру және дамыту; жұмыстан босау қатеріндегі жастарды ілгерілеп кәсіптік оқыту;
қызметкерлерді кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру үшін материалдық -техникалық,оқу -әдістемелік базаны жетілдіру
(құру)шараларын енгізу

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат

Қала, аудандар әкімдері,қалалық, аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

2005-2007 жылдары IY -тоқсан

Талап етілмейді


33

Еңбек рыногы жағдайын болжау, жұмыс күшінің болжамды жұмыстан босатылуына мониторинг жүргізу

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат

Қала, аудандар әкімдері, қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

Жыл сайын

Талап етілмейді


9. Білім беру ұйымдарын бітірушілердің жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу

34.

Мемлекеттік ұйымдарда немесе жарғы капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан артығын құрайтын ұйымдарда жұмыс орындарын ұсынуға жәрдемдесу

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат

Қала, аудандар әкімдері

Жыл сайын

Талап етілмейді


35.

Өңірлерде білім беру ұйымдарын бітірушілерді жұмысқа орналастыру мақсатында Жастар тәжірибесін тарату

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат

Қала, аудандар әкімдері, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік  бағдарламалар департаменті

Үнемі

Талап етілмейді 


36.

Жұмыспен қамту жөніндегі шаралар, соның ішінде аймақтық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін, мансап күнін, мамандықтар тұсау кесерін және жастар және білім беру ұйымдарын бітірушілер үшін жұмыс берушілер мен кездесулер ұйымдастыру

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, білім беру департаменті, жұмыс берушілер және кәсіпкерлер Одағы (келісім бойынша)

Жыл сайын

Демеушілер қаражаты есебінен


37.

Жастардың жұмыспен қамтуын ұйымдастыру мәселелері бойынша Жастардың еңбек биржасы Үкіметтік емес ұйымымен өзара іс-қимыл

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне ақпарат 

Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, жоғарғы оқу орындарының ректорлары.

2005-2007 жылдар

Талап етілмейді


      Ескерту: Қысқарған сөздердің тізімі:
      БҰҰДБ - біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады