Атырау облысының 1989 жылы туған азаматтарын 2006 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 42 шешімі Атырау облыстық әділет Департаментінде 2006 жылғы 25 қаңтарда N 2458 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74-ІІІ "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 16, 17 және 44-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 28 қазандағы N 1072 "Қазақстан Республикасының аумағында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы" қаулысын орындау мақсатында шешемін:
      1. Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті (бұдан әрі - Қорғаныс істері жөніндегі Департамент) (келісім бойынша):
      1) 2006 жылғы қаңтар-наурыз айлары бойына, Атырау облысының 1989 жылы туған азаматтарын, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген жасы үлкендерді облыстық Атырау қаласы мен аудандарының шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастырып, жүргізсін.
      2) Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуден өткізген уақытта Атырау қаласы мен облыс аудандарында орындалатын жұмыстарға тексеру жүргізсін, жергілікті жерлерде анықталған кемшіліктерді жоюға жәрдемдессін және практикалық көмек көрсетсін.
      2. Атырау қаласы мен аудандар әкімияттары:
      1) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу үшін ер азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссиялар құрсын.
      2) комиссия мүшелерін тіркеу кезінде қызметтік міндеттерін орындаудан босатсын;
      3) Атырау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының (бұдан әрі - Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма) және Атырау облысының Қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдерінің (бұдан әрі - Қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдер) жоспарларына сәйкес азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін;
      4) Департаменттің, Біріктірілген басқарманың және Қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдердің өтінімдері бойынша шақыру учаскелері үшін орын-жай, мүкәммал мен жабдықтар, сондай-ақ медициналық және техникалық қызметкерлердің, көлік құралдарының қажетті мөлшерін бөлсін.
      Шақыру учаскелеріне азаматтарды тіркеуді өткізу жөніндегі іс-шараларды орындаумен байланысты шығындарды, медициналық және техникалық қызметкерлердің еңбегіне, автокөлікке ақы төлеуді жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырсын;
      5) 1989 жылғы туған жасөспірімдерді шақыру учаскелеріне тіркеу қорытындыларын 2006 жылғы 5 сәуірге дейін Атырау қаласы мен аудандар әкімияттарының мәжілістерінде қарасын.
      6) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына алдын-ала белгілеу, сондай-ақ үміткерлерді әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін іріктеу жөнінде іс-шаралар әзірлеп, жүзеге асырсын.
      3. Атырау облысты Ішкі істер департаменті (келісім бойынша) тіркеу кезінде шақыру учаскелерінде тәртіпті қамтамасыз етуді, белгіленген мерзімде шақыру учаскелеріне келмеген тұлғаларды шұғыл іздестіруді және Біріктірілген басқарма мен Қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдерге жеткізуді, азаматтардың тіркеуден жалтару әрекетінің жолын кесуді ұйымдастырсын.
      4. Атырау облысы Денсаулық сақтау департаменті:
      1) Қала мен аудандардың медициналық комиссияларын жергілікті емдеу мекемелерінің тиісті дайындығы бар және әскери дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша тәжірибесі бар тәжірибелі дәрігерлермен жиынтықтауды бақылауға алсын;
      2) Қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдердің өтінімдеріне сәйкес қажеттілігіне қарай, облыстық емдеу мекемелерінің дәрігер-мамандарын аудандарға жіберсін;
      3) тіркеу барысында анықталған сырқат жасөспірімдермен емдеу-сауықтыру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырсын, емдеу мекемелерінде қажетті орын санын бөлсін, сондай-ақ сырқат шақырушыларды есепке алу және олармен сауықтыру шараларын жүргізу жөніндегі жасөспірімдер кабинеттерінің жұмысын жүргізсін.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөліміне жүктелсін.
      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады