Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарында ақпараттық-қатынас технологияларын енгізу жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссия құру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2005 жылғы 1 наурыздағы N 101 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 5 наурызда N 2212 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 8 маусымдағы N 91 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.06.08 N 91 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, мемлекеттік басқарудың халықаралық стандарттарын енгізу, мемлекеттік органдарда ақпараттандыру жүйесін құру мен енгізудің бірыңғай ақпараттық кеңістігі мен процестерін қалыптастыру бойынша жұмысты үйлестіру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарында ақпараттық-қатынас технологияларын енгізу жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссия құрылсын (бұдан әрі - Комиссия).

      2. Комиссия туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.

      3. Комиссияның дербес құрамы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге енгізілсін.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің аппарат басшысы А.К.Сабдалинге жүктелсін.

      Облыс әкімі

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2005 жылғы 1 наурыздағы     
N 101 қаулысымен бекітілген   

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарында
ақпараттық-қатынас технологияларын енгізу жөніндегі
облыстық ведомствоаралық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

      1. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) мемлекеттік мекемелерді ақпараттандырудың бірыңғай ақпараттық кеңістігі мен процестерін қалыптастыру бойынша жұмысты үйлестіру, мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану (соның ішінде қарызға алынған), ақпараттық алмасу мәліметтері мен мемлекеттік басқарудың халықаралық стандарттарын енгізу, мемлекеттік мекемелерде ақпараттандыру жүйесін құру мен енгізудің бірыңғай ақпараттық кеңістігі мен процестерін қалыптастыру бойынша жұмысты үйлестіру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 шілдедегі N 715 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігін құру Тұжырымдамасын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында құрылды.
      2. Комиссия төрағадан, оның екі орынбасарынан, хатшы мен Комиссия мүшелерінен тұрады.
      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын , заңдарын, Ел басы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

      4. Комиссияның негізгі мақсаттары болып мыналар табылады:
      1) Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мекемелерінің бірыңғай ақпараттық кеңестік пен ақпараттандыруды қалыптастыру саласындағы саясаттың негізгі ережелерін әзірлеу;
      2) мемлекеттік қаражаттар есебінен (соның ішінде қарызға алынған) жүзеге асырылатын облыстың мемлекеттік органдардың ақпараттандыру жоспарларын және бағдарламаларын келісу және қарау;
      3) ақпараттық технологияларды енгізу мәселелер жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
      4) электрондық ұсыныстардың қазақстандық стандарттарын және мәліметтермен алмасуды, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мекемелеріне Қазақстан Республикасы азаматтары арыз-шағымдарының электрондық стандарттарын енгізу мен қарау;
      5) Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мекемелерінің бірыңғай ақпараттық кеңестік пен ақпараттандыру процестерін қалыптастыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
      6) мемлекеттік тілдегі ақпараттық жүйелерді қызмет ету процесін үйлестіру.
      5. Комиссияға жүктелген міндеттерге сәйкес:
      1) облыс әкімінің қарауына бірыңғай ақпараттық кеңестікті құру Тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды енгізеді;
      2) мүдделі мемлекеттік мекемелердің келісімі бойынша Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мекемелерінің бірыңғай ақпараттық кеңестік пен ақпараттандыру саласындағы басымдылықтарды нақтылайды;
      3) мемлекеттік мекемелерге ақпараттандыру мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсетеді;
      4) Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мекемелерінде ақпараттық-қатынас жүйесін пайдалану, сүйемелеу, енгізу және құру процесін ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды енгізеді және қарайды;
      5) <*>;
      Ескерту. 5) тармақшасы алынып тасталған ШҚО әкімдігінің 2006 жылғы 2 наурыздағы N 545 қаулысымен .
      6) Шығыс Қазақстан облысының бірыңғай ақпараттық кеңестік пен ақпараттандыруды қалыптастыру мәселелерін шешкен кезде мемлекет мүдделерін қорғау жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының үкіметіне енгізу үшін облыс әкіміне ұсыныстар енгізеді;
      7) ақпараттық-қатынасты енгізудің әлемдік іс-тәжірибесін зерделейді және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне Қазақстан Республикасында оны пайдалану арқылы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды енгізеді;
      8) облыстың мемлекеттік мекемелерінде ақпараттық-қатынас технологияларын енгізу жөніндегі жұмысты жетілдіруге бағытталған зерттеулерді жүргізуге бастама етеді;
      9) Комиссияның құзыретіне енетін мәселелер бойынша азаматтардың жазбаша арыз-шағымдарын қарайды;
      10) Комиссия өз құзыреттерін жүзеге асырған кезде заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, басқа да мүдделі тұлғалармен өзара әрекеттеседі.

3. Комиссияның құқықтары

      6. Комиссия, оған жүктелген міндеттерге сәйкес, мынадай құқықтарға ие:
      1) Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мекемелерінен оған жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға;
      2) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, өзгерту және күшін жою жөніндегі ұсыныстарды облыс әкімінің қарауына енгізуге;
      3) сараптама және консультация өткізу үшін тиісті ведомстволар, кәсіпорындар мен ұйымдар, ғылыми және зерттеу мекемелерден келісімдері бойынша мамандарды тартуға, сондай-ақ қажетіне қарай жұмыс топтарын ұйымдастыруға;
      4) облыстың мемлекеттік мекемелерінде бірыңғай ақпараттық кеңестік пен ақпараттандыруды қалыптастыру жөніндегі жұмысты жүргізу үшін бюджет қаражаттарын және қаржыландырудың басқа мемлекеттік көздерін (соның ішінде қарызға алынған) пайдалану бойынша ұсыныстар енгізуге;
      5) өз мәжілістерінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын, олардың ақпараттық-қатынас технологияларын енгізу жөніндегі өткізіп жатқан жұмыстары туралы тыңдауға;
      6) ақпараттық-қатынас технологияларын енгізуге бюджет қаражаттарын пайдалану мәселелері бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін уәкілетті мемлекеттік органмен тексеру жүргізуге бастама етеді;
      7) облыстың бюджетінде қаралған қаражаттар есебінің шегінде ақпараттық технологияларды пайдалануды насихаттау мәселелері бойынша кең ауқымды акциялар, семинарлар, "дөңгелек үстелдер", кеңестер ұйымдастыруға.

4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      7. Комиссияның жұмысы қоғамдық бастамаларда жүзеге асырылады.
      Комиссияның мәжілістері қажеттілік туындаған кезде, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес өткізіледі.
      8. Комиссия мәжілістері, оның мәжілістерінде мүшелерінің жалпы санынан үштен екі бөлігі бар кезде ғана құқылы деп есептеледі. Комиссия мүшелері, оның мәжілістерінде өздерін алмастыру құқығынсыз қатысады.
      9. Комиссия шешімдері мәжіліске қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігімен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
      10. Комиссияға, комиссия мүшесі болып табылмайтын лауазымды тұлғалар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
      11. Комиссия төрағасы:
      1) Комиссия қызметіне басшылық етеді және оның мәжілістерінде төрағалық етеді;
      2) Комиссия атқарған жұмыс туралы жарты жылдықта бір реттен кем емес облыс әкімдігіне ақпарат береді;
      3) Комиссия мүшелерінің арасында тапсырмаларды бөледі;
      4) Комиссия отырыстарын дайындау үшін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, мүдделі ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан ақпараттар сұрау және алу;
      5) Комиссия отырыстарының хаттамаларына, жұмыс жоспарларына қол қояды;
      6) Комиссия мүшелерінің оның қызметін жетілдіру және Комиссия құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша ұсыныстарын қарайды;
      7) Комиссияның күн тәртібін белгілейді.
      Ескерту. 11-тармақтың 4-тармақшасы жаңа редакцияда - ШҚО әкімдігінің 2006 жылғы 2 наурыздағы N 545 қаулысымен .
      12. Төраға жоқ болғанда оның міндеттерін төрағаның орынбасары атқарады.
      13. Комиссия төрағасының орынбасары:
      1) төрағаның тапсырмалары мен Комиссияның ұсыныстарын орындауға бақылау жасауды қамтамасыз етеді;
      2) Комиссия төрағасына Комиссияның ағымдағы және болашақ жұмыс жоспарын бекітуге енгізеді;
      3) Комиссияның отырыстарына дайындық үшін жалпы бақылау жасауды жүзеге асырады;
      4) Комиссия төрағасының келісімі бойынша хатшыға немесе Комиссия мүшелеріне комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша материалдарды, азаматтардың жазбаша өтініштерін қарауға жібереді.
      14. Комиссия мүшелері:
      1) Комиссия отырыстарына қатысады;
      2) Комиссия төрағасының және төраға орынбасарының тапсырмаларын орындайды;
      3) Комиссия құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсынымдар, сараптамалық қорытындылар әзірлеуге қатысады;
      4) Комиссия хатшысынан Комиссияның отырыстарына қажетті материалдарды алады;
      5) ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол жазбаша түрде жазылып және хаттамаға қоса тігілуі керек.
      15. Комиссия хатшысы:
      1) Комиссия мүшелеріне оның отырыстарының уақыты мен өтетін орнын хабарлайды;
      2) Комиссия отырыстарына материалдар, Комиссия жұмысының ағымдағы және болашақ жұмыс жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
      3) Комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргізеді;
      4) Комиссия төрағасына оның мүшелері әзірлеген ол қабылдаған шешімдердің уақытында және сапалы орындалу бағасымен атқарылған жұмыстар туралы есеп береді;
      5) олардың жүргізуінде ақпараттандыру мәселелері бар, облыстың қалалары мен аудандары әкімдері аппараттарының лауазымды тұлғаларына әдістемелік көмек көрсетеді;
      6) ақпаратты жинауды, өңдеуді, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, атқарушы органдардың ақпараттық-қатынас технологияларын енгізу іс-тәжірибесін талдауды жүзеге асырады, осы саладағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлейді;
      7) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, атқарушы органдарға және өзге де мүдделі ұйымдарға Комиссияның ұсынымдарын түсіндіреді және жібереді;
      8) Комиссия мүшелерінің оның жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстарын қорытады;
      9) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, атқарушы органдармен, лауазымды тұлғалармен және мүдделі ұйымдармен Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қызметтік хат-жазысуды жүргізеді;
      10) іс жүргізуге жауап береді, комиссияның материалдарын сақтауды және мұрағатқа өткізуді жүзеге асырады;
      11) Комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша Комиссия өкілеттілігі шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      16. Комиссияға облыстың қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдары оған жүктелген міндеттерді орындауға ықпал етуге міндетті.

5. Комиссия қызметін тоқтату

      17. Комиссия өз қызметін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы негізінде тоқтатады.

      Облыс әкімінің аппарат басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады