Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қалалық мәслихатының V сессиясының 2012.05.24 N 5/2-V шешімімен.
Қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 13/4 "Өскемен қаласын көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді қорғау ережесі туралы" 2004 жылғы 29 шілдедегі N 7/6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (тіркеу нөмірі 2319, "Дидар" газетінің 2005 жылғы 14 мамырда жарияланған және "Рудный Алтай" газетінде 2005 жылғы 14 мамырда жарияланған) шешіміне қала прокурорының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 7-265-05 наразылығын қарап және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қала прокурорының наразылығы қанағаттандырылсын.
2. Қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 13/4 "Өскемен қаласын көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді қорғау ережесі туралы" 2004 жылғы 29 шілдедегі N 7/6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1 бөлімнің 8 тармағының 3) тармақшасындағы "периметрі бойынша 50 метр" сөздері "периметрі бойынша 10 метр" сөздерімен ауыстырылсын;
2) 48 тармақтағы "орындау қажет" сөзі "орындауға ерікті" сөзімен ауыстырылсын;
3) 103 тармағындағы 3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"құрылыс кезінде оның учаскелерінде құрылыс аумағынан шыққан автокөлік дөңгелектерімен ластанған автожолдарды және бекітілген аумақ шегіндегі қоршауға іргелес аумағында тазарту жұмыстарын жүргізу";
4) 16 бөлім "Көлік құралдарының жүргізушілерімен Өскемен қаласын көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді қорғау Ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық істерінің қаралуын қамтамасыз ету" алынып тасталсын.
3. Осы шешім әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап іске қосылады.
Сессия төрағасы
Қалалық мәслихаттың хатшысы