Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Өскемен қалалық мәслихатының 2010.07.23 N 26/4 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысының негізінде, Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгертістер енгізілді - Өскемен қалалық мәслихатының 2009.02.18 N 13/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2009.12.30 № 20/7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
1. Қоса беріліп отырған тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы шешім Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
3. Осы шешім 2005 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Қалалық мәслихаттың хатшысы
Қалалық мәслихаттың
2005 жылғы 3 наурыздағы
N 12/4 шешіміне
қосымша
Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй
көмегін көрсету тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Тұрмысы төмен отбасыларға үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді қолдануға көмек көрсетіледі (бұдан әрі-тұрғын үй көмегі). Осы Ереженің 4 тармағына сай тұрғын үй көмегін алуға құқылы отбасылар телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы және кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге тұрғын үй көмегін алуға құқылы. Тұрғын үй көмегін тағайындау қаланың жергілікті атқарушы органымен жүзеге асырылады (бұдан әрі – өкілетті орган).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Өскемен қалалық мәслихатының 2008.04.17 N 6/9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); өзгерістер енгізілді 2009.02.18 N 13/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2009.12.30 № 20/7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
2. Тұрғын үй көмегі, өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) жылына бір рет беріледі.
3. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иелері немесе оның жалдаушысы (жалгері) болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына берілетін атаулы әлеуметтік көмектің бір нысаны болып табылады.
4. Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға тұрмыстық-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін, тұрғын үй көмегін тұтынуға ақы төлеу нақты шығындары осы мақсатқа шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артқанда тағайындалады. Сондағы отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегінде есепке алынады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Өскемен қалалық мәслихатының 2007.06.21 N 34/3 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет тұтынуға шекті жол берілетін шығыс үлесі отбасының жиынтық кірістерінің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - Өскемен қалалық мәслихатының 2007.11.29 N 3/5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2008.04.17 N 6/9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2009.02.18 N 13/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2010.04.16 N 23/11 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
6. Алынып тасталды - Өскемен қалалық мәслихатының 2007.06.21 N 34/3 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
6.1. Алынып тасталды - Өскемен қалалық мәслихатының 2008.04.17 N 6/9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
7. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін алынатын барлық коммуналдық қызметтерге және олардың өзгерістеріне арналған тарифтерді қызмет көрсетушілер береді.
2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары
8. Келесі отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқылары жоқ:
1) жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйін жалға бергендер;
2) жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органда тіркелмегендер, келесі тұлғаларды қоспағанда:
елу жасқа толған тұлғалар;
бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, он алты жасқа дейінгі мүгедек баланы (медициналық-әлеуметтік сараптау анықтамасын ұсынған жағдайда), он сегіз жастан асқан тұлғаларды (медициналық ұйымның дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысын ұсынған жағдайда) күтумен шұғылданатын тұлғалар;
туберкулез, онкологиялық диспансерлерде есепте тұрған, мүгедектік тобы бар тұлғалар (емдеу мекемесінен анықтама ұсынған жағдайда);
жеті жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен, сонымен қатар төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балаларды тәрбиелеумен шұғылданатын аналар;
жүктілік мерзімі сегіз аптадан кем емес әйелдер (емдеу мекемесінен анықтама ұсынған жағдайда);
3) құрамында заңды некеде тұрған тұлғалары бар, жұбайының тұрғылықты мекен-жайын білмейтін (көрсетпейтін) және осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш жасамаған.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Өскемен қалалық мәслихатының 2008.04.17 N 6/9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
9. Алынып тасталды - Өскемен қалалық мәслихатының 2008.04.17 N 6/9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
10. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
11. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, ережеге сәйкес, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - Өскемен қалалық мәслихатының 2009.12.30 № 20/7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
12. Тұрғын үй көмегін алушылар тоқсан сайын отбасының табыстары туралы анықтамаларды, өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет және байланыс қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектерді қоса береді. Алдыңғы тоқсанның коммуналдық қызмет ақысы жартылай төленген және төленбеген жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындалмайды
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Өскемен қалалық мәслихатының 2009.04.24 15/8 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
13. Егер тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну тарифтері заңнамада белгіленген тәртіпте анықталмаған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындау тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен келісілген және тұрғын үй иелерінің жалпы жиналысында бекітілген тарифтер бойынша жүргізіледі. Коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеу құралдары бар тұтынушылар үшін есептеуге алынатын шығындар тұрғын үй ауданы нормасы шегінде жылуды шығындауды ескере отырып алдыңғы тоқсанға нақты шығындар бойынша анықталады немесе есептеу құралдарының көрсеткіштерінің негізінде қызметтер толық көлемде көрсетілген, соңғы тоқсанға, бірақ коммуналдық қызметтердің белгіленген тұтыну нормативтерінен артық емес. Сәуір айында есептелінетін шығындар, сәуір айының түбіртегіне сәйкес нақты шығындар бойынша алынады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Өскемен қалалық мәслихатының 2008.04.17 N 6/9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
14. Құрамында зейнеткерлер, мүгедектер, мүгедек балалар, толық жетімдер, қорғаншылықтағы, төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларды қолдау мақсатында тұрғын үй көмегін есептегенде және құқығын анықтағанда кіріс Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен уақыттың сәйкес кезеңіне белгіленген екі айлық есептік көрсеткішке өзгертіледі (есептеледі).
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Өскемен қалалық мәслихатының 2008.04.17 N 6/9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
15. Орталықтан жылитын жеке үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларының тұрғын үй көмегін есептегенде, қызмет көрсетушілердің тұрғын үй көлемі әлеуметтік нормасының шегінде жоғалтылған жылудың төлемі тарифтерде есепке алынады.
16. Тұрғын үй көмегі үйлеріне жылыту мезгілінде жылу мен ыстық су қосылған және пәтерлері жергілікті жылыту құралдары арқылы жылитын пәтерлер иелеріне тағайындалады. Электр қуатының төлемі жылытумен ыстық судың, тұрғын үй көлемі нормасымен қызмет көрсетушілердің тарифтеріне сәйкес, төлеміне эквивалентті есептеледі есеп айырысу кезеңінде.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді Өскемен қалалық мәслихатының 2009.02.18 N 13/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
17. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасыларына үй көмегін тағайындаған кезде мына шектеулер есепке алынады:
1) арыз беруші заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және жәрдемақы өтінгеннің мекенжайы бойынша тағайындалады;
2) алынып тасталды - Өскемен қалалық мәслихатының 2008.04.17 N 6/9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен;
3) арыз берушінің үйіне 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда, ол баланың ата-анасының табыстары туралы анықтаманы тапсыру қажет;
4) арыз беруші оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып, жалғыз тұрған жағдайда ата-анасының табыстары және олардың тұрғын үй жәрдемақыларын алулары туралы анықтаманы тапсыруы қажет.
Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді Өскемен қалалық мәслихатының 2008.04.17 N 6/9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
18. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер немесе алушы отбасылары оны ресімдеу үшін ұсынады:
1) барлық коммуналдық қызметке және байланыс қызметіне ақы төлеу туралы түбіртектер (өткен тоқсанға) отбасы жағдайы туралы мәліметтер, салық төлеушінің тіркеу нөмірін беру туралы куәлік;
2) стационарлық емес газ плиталары бар үйлер үшін газ баллондар алғандары туралы анықтамалар (өткен тоқсанға);
3) белгіленген үлгідегі өтініш келесі құжаттармен қоса:
отбасы табыстары туралы анықтама және басқа да мәлімделген табыстар (өткен тоқсанға), жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама, жұмыс істемейтіндер үшін (тоқсан сайын);
жеке басының куәлігінің көшірмелері (жылына бір рет немесе қандай да болса өзгерістер болған жағдайда, тоқсан сайын), тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат (жылына бір рет немесе қандай да болса өзгерістер болғанда), немесе жал шарты (жалдау), азаматтарды тіркеу кітабы (жылына бір рет келесі жылдық аттестаттау немесе қандай да болса өзгерістер болғанда);
№ 4 нысанды анықтама (жалғыз басты аналар үшін өткенге дейін жылына бір рет).
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Өскемен қалалық мәслихатының 2007.11.29 N 3/5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); өзгерістер енгізілді 2008.07.10 N 8/7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2009.02.18 N 13/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2009.04.24 15/8 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
18.1. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне толық жөндеу жұмыстарын жүргізуге тұрғын үй көмегін алуға құқылы отбасылар, осы Ереженің 18 тармағында қарастырылған, құжаттардан басқа, анықталған үлгідегі өтініш келесі құжаттармен қосымша тапсырылады:
1) алынып тасталды - Өскемен қалалық мәслихатының 2008.07.10 N 8/7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен;
2) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге нысаналы алымдар мөлшерін анықтайтын пәтер иелерінің жалпы жиналысының шешімінен үзінді (көшірме);
3) кондоминиум объектісін басқару органы мен жөндеу жұмыстарын жүргізуші ұйым арасында жасалған кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жүргізу шарты (көшірме);
4) кондоминиумнің ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілгендігі туралы қабылдау-тапсыру актісі (көшірмесі) Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ өкілімен расталған.
Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне толық жөндеу жұмыстарына тұрғын үй көмегі жалпы жиналыста осы мақсатқа белгіленген шығындардың 100 пайызы мөлшерінде жүргізіледі. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктерін күрделі жөндеуге тұрғын үй көмегіне құқық жүргізілген жұмыстардың қабылдау-тапсыру актісіне қол қойғаннан кейінгі алты ай бойы сақталады.
Ескерту. Шешім 18.1. тармақпен толықтырылды - Өскемен қалалық мәслихатының 2008.04.17 N 6/9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); өзгерістер енгізілді 2008.07.10. N 8/7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2009.02.18 N 13/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
19. Тапсырылған құжаттардың өкілетті органмен қорытындысы бойынша отбасына шарт-өтініш жасалады, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізіледі. Шарт-өтінішке отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және өкілетті орган уәкілімен қолдары қойылады.
Ескерту. 19-тармаққа өзгерістер енгізілді Өскемен қалалық мәслихатының 2009.02.18 N 13/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
20. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады.
21. Электрмен, газбен қамтамасыз етуге, тұрғын үйді ұстауға және лифттерге қызмет көрсету шығындары өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсандағы түбіртектер, газға анықтамалардағы орташа көрсеткіш бойынша алынады. Жылумен, сумен қамтамасыз ету, канализация, қоқыс шығару, байланыс қызметтері бойынша шығындар қызмет көрсетушілер тарифі бойынша коммуналдық қызметтер ақысы толық төленгенде және есептеуіш құралдар бар болғанда және төлеу дерегі бойынша алынады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - Өскемен қалалық мәслихатының 2008.04.17 N 6/9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); өзгерістер енгізілді 2009.02.18 N 13/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
22. Тұрғын үй көмегі өтініш және басқа құжаттар тапсырылған айдан бастап тағайындалады. Толық емес айға тұрғын үй көмегін алуға құқық туындаған жағдайда, тұрғын үй көмегі құқық туындаған айдан кейінгі айдан бастап тағайындалады. Тұрғын үй көмегін тағайындауға құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25-не дейін қабылданады.
Ескерту. 22-тармаққа өзгерістер енгізілді - Өскемен қалалық мәслихатының 2008.04.17 N 6/9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2009.04.24 15/8 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
23. Алушылар тұрғын үй көмегін құжаттарды ресімдеу уақытына қарамастан, тоқсан ішінде алады. Отбасының табыстары туралы анықтамаларды, өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет және байланыс қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектерді ағымдағы тоқсан ішінде ұсынбаған алушыларға тұрғын үй көмегін тағайындау өтініш жасаған айдан бастап жүзеге асырылады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - Өскемен қалалық мәслихатының 2009.04.24 15/8 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
24. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде өкілетті орган өз тұрғын үйінің меншік түрінің, отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының, мәртебесінің өзгеруі туралы хабарлауы керек.
Ескерту. 24-тармаққа өзгерістер енгізілді - Өскемен қалалық мәслихатының 2009.02.18 N 13/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
25. Берілген ақпараттың шындығы және дұрыстығы туралы күмән пайда болса, өкілетті органның уәкілі отбасы табыстары, тұрғын үй шығындары және отбасы мүшелерінің шындық тұрғылықты жерлері туралы ақпаратты талап етуге құқылы. Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талап етілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Өкілетті орган алдын ала жалған мәліметтер берген үшін жалгерлер (немесе меншік үйдің иесі) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда-сот тәртібімен.
Ескерту. 25-тармаққа өзгерістер енгізілді - Өскемен қалалық мәслихатының 2009.02.18 N 13/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
26. Тұрғын үй көмегінің мөлшері жалгерлік (меншік үй иесінің) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде үйді ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу тұжырымы:
П=МСПЖ-(t х д),
П-тұрғын үй көмегінің мөлшері,
МСПЖ-тұрғын үйге ең жоғары әлеуметтік төлем,
t-тұрғын үй төлеміне нормативтік шығын (=10 %),
д-отбасының жиынтық табыстары.
Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде келесі әлеуметтік нормалар қолданылсын:
1) алаңдар:
жалғыз тұратын азаматтар үшін-35 шаршы метр;
2 адамнан тұратын отбасы үшін-45 шаршы метр;
3 адамнан тұратын отбасы үшін-55 шаршы метр;
4 және одан артық адамдардан тұратын отбасы үшін-әрқайсысына 15 шаршы метр, бірақ 90 шаршы метрден артық емес;
2) тұрғын үйді ұстау шығындары 1 шаршы метрге 20 теңге;
3) газды шығындау нормасы айына 1 адамға-6,5 кг.;
4) электр қуатын тұтыну нормасы:
1 адам тұрса-84 кВт;
2 адам тұрса-125 кВт;
3 және одан артық адам тұрса-әрқайсысына 50 кВт-тан, бірақ 300 кВт-тан артық емес;
сондықтан тамақ даярлау үшін электр қуаты шығынының нормасы электроплиталар бар болған жағдайда газды шығындау мөлшерінің құнына теңбе тең.
Тұтыну нормативтері және олардың сумен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, канал жүргізу, қоқысты шығару, лифтіге қызмет көрсету және үйді ұстау бойынша тарифтері қызмет берушілермен ұсынылады.
Ескерту. 26-тармаққа өзгерістер енгізілді - Өскемен қалалық мәслихатының 2007.06.21 N 34/3 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2007.11.29 N 3/5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2008.04.17 N 6/9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2009.02.18 N 13/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2010.04.16 N 23/11 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
4. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер азаматтардың
(отбасылардың) кіріс жиынтығын есептеу
27. Жиынтық табыстарының есептелуі азаматтың (отбасының) табысын белгілеуге тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті органмен жүргізіледі.
28. Отбасының кіріс жиынтығын есептеген кезде отбасы мүшелерінің өтініш тапсырған уақыттағы кірістерінің барлық түрлері ескеріледі, төмендегілерден басқа:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
2) ай сайынғы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы;
3) тұрғын үй көмегі;
4) жерлеуге біржолғы жәрдемақы;
5) баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
6) ең төменгі есептік көрсеткіштің он есе мөлшерінен аспайтын мөлшердегі жергілікті атқарушы органдармен төленетін біржолғы материалдық көмек;
7) белгіленген ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен сомада есеп беру кезеңінде көрсетілген ақшалай және табиғи түрдегі қайырымдылық көмек (құн бағасында);
8) Алынып тасталды - Өскемен қалалық мәслихатының 2009.12.30 № 20/7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
9) отбасына төтенше жағдайлар салдарынан оның денсаулығына және мүлкіне келтірілген зардаптардың орынын толтыру мақсатында көрсетілген көмек;
10) отбасының бір мүшесінің осы отбасында тұрмайтын тұлғаға төлейтін алименті;
11) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес көрсетілген көмектің келесі түрдегі табиғи түрлеріне:
дәрі-дәрмек препараттар;
санаторлық-курорттық емделу;
протездік-ортопедиялық өнімдер (жасау және жөндеу);
жүріп тұру құралдары (кресло-арбалар) және мүгедектерге бөлінген басқа оңалту құралдары;
білім беру туралы заңнамаға сәйкес білім беру мекемелерінде көрсетілетін тегін тамақтану және көмек.
12) халықтың көші-қон мәселелері бойынша заңнамалық актілермен қарастырылған құралдар, оралмандарға:
тұрғылықты мекен-жайына бару және мүліктерін тасымалдау бойынша шығындардың орынын толтыру (соның ішінде малдың);
көшіп келген жерінен тұрғын үй сатып алуға және біржолғы жәрдемақы төлеуге.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - Өскемен қалалық мәслихатының 2008.04.17 N 6/9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
29. Құрамында жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының күндізгі бөлімінде шарттық негізде оқитын студенттері бар отбасыларға тұрғын үй көмегін есептегенде отбасының кіріс жиынтығы ай сайынғы оқуға төленетін ақы мөлшерінен төмен болмауы тиіс.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - Өскемен қалалық мәслихатының 2008.04.17 N 6/9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
30. Алынып тасталды - Өскемен қалалық мәслихатының 2008.04.17 N 6/9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
31. Алынып тасталды - Өскемен қалалық мәслихатының 2008.04.17 N 6/9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
32. Құжаттамалары расталған табыстар түрлеріне еңбекпен, зейнетақыдан, жәрдемақыдан және алименттерден түсетін табыстар жатады. Отбасының жиынтық табысы алименттердің есебінсіз саналады, егерде төлеуші:
1) жұмыс істемейді және алимент төлеу бойынша қарыздары бар (сот орындаушысынан анықтама ұсынған жағдайда) немесе оның мекен-жайы белгісіз болғанда (іздеу салынғаны туралы анықтама ұсынған жағдайда);
2) бас бостандығынан айыру жерлерінде немесе уақытша ұстау изоляторында болған (анықтама ұсынылғанда);
3) туберкулез немесе психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), емделу-еңбек профилакторийлерінде (ЕЕП) емделуде немесе есепте болған (анықтама ұсынылғанда);
4) Қазақстан Республикасында тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрғылықты жерлерге тұруға кеткен (анықтама ұсынылғанда) жағдайларда.
Ескерту. 32-тармаққа өзгерістер енгізілді - Өскемен қалалық мәслихатының 2008.04.17 N 6/9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
33. Әділет органдарының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелген адамдарды ағымдағы заңдарға сәйкес отбасы құрамында деп есептеу керек. Отбасының жиынтық табыстары өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының барлық мүшелерінің және осы мекен жай бойынша тіркелген басқа да адамдардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.
34. Есеп беру кезеңінде бір тоқсаннан артық кезеңге тиесілі біржолғы кіріс алған жағдайда, кіріс жиынтығында алынған кірістің барлық сомасы ескеріледі.
Ескерту. 34 тармақ жаңа редакцияда - Өскемен қалалық мәслихатының 2009.02.18 N 13/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
35. Алынып тасталды - Өскемен қалалық мәслихатының 2009.02.18 N 13/6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
36. Өтініш берушілер Қазақстан Республикасы Заңдары белгілеген тәртіппен ұсынған мәліметтердің күмәнсіздігіне жауапты.
5. Өздері жылытатын жеке меншік құрылыстарында
тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй
жәрдемақыларын ұсыну тәртібі
37. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбастарына тұрғын үй жәрдемақысы үй иесіне, жалдаушылар тұрғын үйді жалдауға келісім-шарт болғанда беріледі.
38. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбастарына тұрғын үй көмегін есептеу үшін көмірдің әлеуметтік шығын жалпы ауданның 1 шаршы метріне 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг аспауы керек.
39. Көмірдің құнын есептеу үшін қала бойынша облыстық статистика басқармасының ұсынуымен орташа бағаны қолданамыз және тоқсанның соңғы айында есептелген әлеуметтік көмек мүмкіншілігіне қараймыз (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан).
40. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылып басқа жанармай түрлерінің құны мен шығын нормасын, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына эквивалентті деп есептеу керек.
41. Көмір сатып алу маусымдыққа байланысты болғандықтан, көмірдің тұрғын үйге барлық әлеуметтік шығын нормасын (көмірдің құнын) өтініш жасаған тоқсанның үш айы бір мезетке алынады.
42. Тұрғын үй көмегін есептегенде жеке меншік үй құрылысында тұратын отбасының табысын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеу керек.
43. Электрмен, газбен қамтамасыз ету бойынша шығындар өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы орташа түбіртектер бойынша есепке алынады. Сумен қамтамасыз ету, су жіберу, қоқыс шығару, байланыс қызметтері бойынша шығындар қызмет берушілердің тарифтері бойынша алынады.
Ескерту. 43 тармақ жаңа редакцияда - Өскемен қалалық мәслихатының 2009.12.30 № 20/7 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
44. Алынып тасталды - Өскемен қалалық мәслихатының 2007.11.29 N 3/5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
6. Тұрғын үй көмегінің қаржыландырылуы мен төлемі
45. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмекті қоса алғанда тұрғын үй көмегі бюджет қаржысы есебінен көрсетіледі.
Ескерту. 45 тармақ жаңа редакцияда - Өскемен қалалық мәслихатының 2008.04.17 N 6/9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
46. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктерін толық жөндеуге көмекті қоса алғанда тұрғын үй көмегін төлеу, екінші дәрежелі банктер арқылы жүзеге асырылады, "Қазпочта" акционерлік қоғамы, алушының жеке шотына аудару жолымен.
Ескерту. 46 тармақ жаңа редакцияда - Өскемен қалалық мәслихатының 2008.04.17 N 6/9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
Қалалық мәслихаттың хатшысы