Халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар және оларды қаржыландыру ережелері туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімиятының 2005 жылғы 18 ақпандағы N 1004 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 25 ақпанда N 2197 тіркелді. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі N 670 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2008.04.14 N 670 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 149-ІІ Заңының 5-бабы 2-тармағына және  7-бабының 6-тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 149-II Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19-маусымдағы N 836 қаулысынасәйкес, халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды белгілеу мақсатында, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 31-бабы 1-тармағының 13-тармақшасы негізінде Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. "Жастар іс-тәжірибесін" ұйымдастыру жөніндегі (1-қосымша), әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, қаржыландыру (2-қосымша) және кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және нысаналы топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің (3-қосымша) Ережелері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қ. Мұсақановқа жүктелсін.

      Күршім ауданының әкімі

Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданының әкімдігінің
2005 жылғы 18 ақпандағы
N 1004 қаулысына
N 1 қосымша

"Жастар іс-тәжірибесін" ұйымдастыру жөніндегі ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Жастар іс-тәжірибесін" ұйымдастыру жөніндегі ереже бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарын бітірген жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мүмкіншіліктерін кеңейту және олардың тәжірибе, білім, дағды алу мақсатында әзірленді.
      2. Ереже "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 149-11 заңының 4, 5, 7, 9, 12 баптарына сәйкес әзірленді.
      3. Ереже жұмыспен қамту қызметінде тіркелген бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарын бітірген жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мәселесі, алғашқы жұмыс тәжірибесін алу, жұмысқа орналасу және еңбек рыногіндегі бәсекелестікке қабылеттілігін арттыру жөнінде уәкілетті органдардың (одан әрі "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі") бағыттарының бірін айқындайды.
      "Жастар іс-тәжірибесі" мекемелерде, кәсіпорындарда (одан әрі "Жұмыс беруші" аталатын) ұйымдастырылып өткізіледі. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" "Жұмыс берушімен" келісім шарт негізінде бірлесіп әрекет жасайды.
      4. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" "Жастар іс-тәжірибесіне" жіберу үшін еңбек рыногіндегі жағдайды және жұмыссыз жастардың құрамын есепке ала отырып оқу орындарын бітірген жұмыссыздардың санын белгілейді.

2. "Жастар іс-тәжірибесін" ұйымдастыру

      5. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" жастардың жұмыспен қамтылуы жағындағы аумақтық еңбек рыногіндегі жағдайды талдау негізінде "Жастар іс-тәжірибесін" өткізу жөнінде шешім қабылдайды.
      Шешім қабылдағанда келесі критерийлер есепке алынады:
      1) оқу орындарын бітірген жұмыссыздар саны және жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздардың жалпы санындағы үлесі;
      2) жастар арасында ұзақ жұмыс істемейтін оқу орнын бітіргендердің санының өсуі;
      3) бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарын бітірушілерде жұмысқа орналасуда мүмкіншілігін төмендететін еңбек стажының, алған мамандығы бойынша тәжірибесінің жоқтығы.
      6. "Жастар іс-тәжірибесін" өткізу жөніндегі шешімді қабылдағаннан кейін "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" қаржылық-экономикалық жағынан тұрақты, одан әрі даму және өндірісін кеңейту болашағы бар, жұмыс орындарында еңбек жағдайы бар, "Жастар іс тәжірибесіне" қатысушыларға потенциалды жұмыс беруші бола алатын мекемелер жөнінде ақпарат жинау жұмыстарын жүргізеді.
      1) "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" бұқаралық ақпарат құралдары арқылы "Жастар іс тәжірибесін" өткізу жағдайлары және мекеменің негізгі принциптері жөнінде ақпарат береді.
      7. Кәсіпорындар жөнінде жиналған ақпаратты қорыту және талдау негізінде "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" оқу орындарын бітірген жұмыссыздарды "Жастар іс тәжірибесіне" қатыстыру үшін іріктейді. Іріктеу критерийлері:
      1) жұмыссыз ретінде "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде" есепте тұрғаны;
      2) қатысушыларға іріктеп алу мерзімінде қолайлы жұмыстың болмағаны;
      3) жасы 24 жасқа толмағаны;
      4) Жұмыссыздар "Жастар іс-тәжірибесіне" келісіммен 6 айға дейін жіберіледі.
      8. "Жастар іс-тәжірибесін" өткізуді "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" өкіметтің атқарушы жергілікті органдарымен, жастар істері жөніндегі комитеттермен және жастарды жұмысқа орналастыруға әуестенген басқа мекемелермен бірлесіп ұйымдастырады.
      9. Оқу орнын бітірген жұмыссызды уақытша жұмысқа алуға келісім берген мекемемен "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" келісім шарт жасайды;
      Келісім шартта жұмысқа алынатын азаматтардың санын, "Жұмыс беруші" жұмыссыз жастарды жұмысқа алатын мамандықтар (кәсіптер) бойынша тізімі, "Жастар іс тәжірибесіне" қатысушыларды мамандыққа сәйкес кәсіби білім мен тәжірибе алуға міндеттермен қамтамасыз етуді көрсетеді.
      10. Жасалған келісім шартқа сәйкес "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" "Жастар іс-тәжірибесі" мөртабаны бар жолдамамен жұмыссызды шарт жасасқан мекемеге жібереді. Жұмыссызды белгілі жұмыс орнына алу жөніндегі шешімді "Жұмыс беруші" қабылдайды. "Жұмыс беруші" жолдаманың үзінді талонын толтырып, жұмыспен қамту орталығының мекен жайына жібереді.
      11. Жұмыссызды уақытша жұмысқа алу жөніндегі шешім қабылдаған жағдайда "Жұмыс беруші" Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заңына сәйкес "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен" келісім шартта ескертілген мерзімге онымен еңбек келісім шартқа (контрактқа) отырады. Жастар іс-тәжірибесінің басталуы алдында жұмыс беруші қажеттілікке байланысты жұмыссызды жұмыс орнына жіберуге міндетті қосымша курстық даярлықты өткізеді.
      12. "Жұмыс беруші" жұмыссызды жұмысқа қабылдағанда "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне" жұмысқа қабылдаған мерзімнен 3 күннен асырмай еңбек-келісім шартының және уақытша жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрықтың көшірмесін ұсынады.
      13. "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысушы еңбек тәртібін бұзған жағдайда "Жұмыс беруші" бір жақтық тәртіпте келісім шартты бұзуға құқылы.
      14. "Жұмыс берушінің" бастауы бойынша жұмыссызбен келісім шарт бұзылғанда, жұмыс беруші "Жастар іс тәжірибесінің" аяқталғаны және "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысушысының жұмыстан босағаны жөнінде 3 күн аралығында "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне" ақпарат береді.
      "Жұмыс беруші" мекемеден жұмыстан босатылу Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заңына сәйкес жүргізіледі.
      Жұмыссыз "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысуының аяқталуы жөнінде "Жұмыс берушіге" және "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне" 3 күн арасында хабарлайды.
      15. Келісім шарттың мерзімі өткеннен кейін "Жұмыс беруші" "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне" жұмыссыздың еңбек келісім шарты (контракт) бойынша жұмысқа қабылданғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін немесе оның жұмыстан босатылуы туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.
      16. "Жұмыс берушінің" шешімі бойынша жұмыссыз "Жастар іс-тәжірибесін" өту мерзімінің аяқталуына дейін тұрақты жұмыс орынына орналаса алады. Онда "Жұмыс беруші" "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне" "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысушының еңбек келісім шарты бойынша (контракт) жұмысқа алынғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін жібереді.
      17. "Жұмыс беруші" келісім шарт мерзімінің аяқталуымен "Жастар іс-тәжірибесін" өткізгені туралы қатысушыға мінездеме ұсынады.
      18. "Жастар іс-тәжірибесінің" аяқталуымен ұсынылған немесе басқа мекемеге тұрақты жұмысқа орналастырылмаған жұмыссыз "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде" жұмыссыз ретінде есепте тұруын жалғастырады.

3. "Жастар іс-тәжірибесінің" қаржылануы

      19. "Жастар іс-тәжірибесінің" қаржылануы жұмыспен қамту бағдарламасының орындалуына бекітілген шығындар сметасына сәйкес аудан бюджеті есебінен жүргізіледі.
      20. Маманды жұмыс орнына жіберуге қажетті қосымша курстық даярлықтың төлемі жұмыспен қамту бағдарламасында жұмыссыздардың кәсіби даярлығына қаралған қаражаттар есебінен жүргізіледі.
      21. "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысушының еңбек төлемі келесі мөлшерде жүргізіледі:
      1) бастауыш және орта кәсіби білім беру оқу орындарын бітіргендерге 1 айлық ең төмен еңбек ақы;
      2) жоғары оқу орындарын бітіргендерге 1,2 айлық ең төмен еңбек ақы.
      22. "Жұмыс беруші" "Жастар іс-тәжірибесінің" қатысушысына өз есебінен қосымша төлем жасай алады.
      23. "Жастар іс тәжірибесіне" қатысушылардың еңбек төлемі "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде" олардың жеке шоттарына аудару арқылы жүргізіледі.
      24. "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысушы жұмыссыздарға есептелген еңбек ақыға әрекеттегі салық заңнамаларына сәйкес салық салынады.

      Күршім ауданы жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің меңгерушісі

Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданының әкімдігінің
2005 жылғы 18 ақпандағы
N 1004 қаулысына
N 2 қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Ереже халықтың нысаналы топтарынан шыққан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін белгілейді, негізгі жағдайларды реттейді және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелермен есеп жүйесін реттейді.
      2. Ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 148-II Заңының 31-бабына сәйкес және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23-қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес әзірленді.
      3. Әлеуметтік жұмыс орны-жұмыс берушілердің кәсібі мен мамандығына сәйкес және аудандық бюджет есебінен жұмысшылардың еңбек ақысына жұмсалған шығынды жартылай өтеумен халықтың нысаналы топтарынан шыққан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің хаттай келісімімен ұсынылған жұмыс орны. Төленетін шығынның бір бөлігін жұмыс берушілер төлейді.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасындағы еңбек, зейнетақымен қамту және сақтандыру жөнінде заңнамалық актілер қолданысқа жатады.

2. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу және ұйымдастыру
тәртібі

      5. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілердің өз қаражатымен төленіп, ал оның жартылай еңбек ақысы аудандық бюджет есебінен толықтырылады.
      6. Жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілердің хаттай келісімі бойынша мекемелердің (ұйымдардың) тізбесін және оған нысаналы топқа жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін ашылатын әлеуметтік жұмыс орындарының санын белгілей.
      7. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған азаматтардың еңбек төлемінің бір бөлігін шартқа сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі төлейді.
      8. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі нысаналы топтан шыққан жұмыссыздарға таңдау жүргізеді.
      9. Жұмыс беруші жұмыссыздарды "Әлеуметтік жұмыс орындарына" жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырады, жолдаманың үзінді талонын толтырады және оны жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мекен жайына жібереді.
      10. Жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына алғанда жұмыс беруші онымен "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес еңбек шартында жұмыспен қамту орталығымен аталған мерзімге еңбек шартына (контракт) отырады.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың
көздері мен жағдайы

      11. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмыссыздардың еңбек төлемі ай сайын жеке еңбек келісім шартына сәйкес жұмыс берушінің өз қаражатынан жүзеге асады және еңбек ақы төлемі орындайтын жұмыстың көлеміне, сапасына және қиындығына байланысты.
      12. Жұмыс берушілердің төлейтін еңбек ақысы әлеуметтік жұмысқа орналасқан жұмыссызға жартылай аудан бюджеті қаражатынан 0,5-тен 1,0-ге дейін ең төмен еңбек ақы мөлшерінен мерзімі 6 айдан аспайтын жұмыс берушінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне берген істеген жұмыс күндері жөніндегі анықтамаға сәйкес төленеді.
      Жұмыссыздардың еңбек төлемі бойынша дотацияны жұмыспен қамту жөнінде уәкілетті органдар жұмыспен қамту бағдарламасы есебінен жұмыс берушілердің есеп шотына жібереді.
      13. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздардың аудан бюджетінен төленетін еңбек төлеміне заңнамаға сәйкес тәртіпте салық салынады.
      14. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан нысаналы топқа жататын жұмыссыздардың еңбек ақысы нақтылы орындалған жұмысына, оның көлеміне қарай төленеді.
      15. Жұмыс берушілер аудан бюджетінен өз шығындарын төлеуге түскен қаржыны әлеуметтік жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбек төлеміне пайдаланады.
      16. Мекеменің есеп шотына аудан бюджетінен түскен жұмыссыздардың еңбек ақысын мақсатты пайдалануға жұмыс беруші жауапкершілікті.

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және
қаржыландыру тәртібіне бақылау жасау

      17. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерін сақтауға бақылауды заңнамалық тәртіпте мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

      Күршім ауданы жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің меңгерушісі

Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданының әкімдігінің
2005 жылғы 18 ақпандағы
N 1004 қаулысына
N 3 қосымша

Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және нысаналы топтан
жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру
және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің
ЕРЕЖЕСІ

      Ереже "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19-маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережелеріне және өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес әзірленді.

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
      1) өтініш беруші-кәсіби даярлыққа жіберілген және шығындарын өтеуге өтініш берген жұмыссыз немесе нысаналы топтан жұмыспен қамтылмаған азамат;
      2) шығындарды өтеу-өтініш берушінің жол жүруіне, тамақтануына, тұруына және медициналық куәландыруына жартылай немесе толық төлеу;
      3) нысаналы топтан жұмыспен қамтылмаған азамат-аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесіне өтініш берген жұмысқа жарамды жастағы, жұмыспен қамтылған халықтың санына жатпайтын, жергілікті атқарушы органдар белгілеген нысаналы топқа енгізілген азамат.
      2. Облыс бойынша оқу орны орналасқан жерде тұрмайтын жұмыссыздың өтініші бойынша оқу орнына барып, қайта қайтуға арналған шығындарды өтеу жүзеге асырылады.
      3. Облыс шегінде тұру, медициналық куәландыру, оқу орнына барып қайта қайту шығындарының өтеуін ауданды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі жүргізеді.
      4. Медициналық куәландыру шығындардың өтелуі кәсіби даярлықты белгілеуді талап ететін мамандықтар бойынша оқытуға жіберілген өтініш берушілерге жүргізіліп нәтижесіне қарамастан төленеді.
      5. Өтініш берушілер медициналық куәландыруды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша өтеді.
      6. Өтініш берушілердің шығындарының өтелуі құжаттарды ұсынған күннен бастап, бірақ оқу аяқталған күннен бір ай кешіктірмей жүргізіледі.
      7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінде ресми тіркелген және кәсіби даярлыққа, біліктілігін арттыру мен қайта даярлыққа жіберілген жұмыспен қамтылмаған азаматтар шығындарды өтеу құқығына ие.

2. ШЫҒЫНДАРДЫҢ ӨТЕУІН АЛУҒА ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ

      8. Өтініш беруші аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесіне жазбаша өтініш береді және қажетті құжаттарды ұсынады.
      9. Өтініш пен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен сенімділігі үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш берушіге жүктеледі.

3. ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫң ТІЗІМІ

      10. Шығындардың өтеуін алу үшін қажетті құжаттар.
      1) тұратын жеріндегі банкте жеке шотының нөмірі көрсетілген жазбаша өтініш;
      2) теміржол көлігімен, жолаушы автокөлігімен (таксиден басқа) жол жүру құжаттарымен немесе жол жүрудің құны туралы аталған тасымалды түрлерімен айналысатын мекеменің анықтамасы;
      3) медициналық куәландыруды өткені жөніндегі төлем құжаты болып табылады.

4. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУДІҢ МӨЛШЕРІ

      11. Шығындардың толық өтелуі:
      1) медициналық куәландыру-құжаттармен расталған зерттеудің құны үшін;
      2) өңір (облыс, аудан) шегіндегі оқу орнына барып қайта қайту жолына-құжаттармен расталған жол жүру құны үшін беріледі.
      12. Тұру шығындарының жартылай өтелуі мынадай мөлшерде жүргізіледі:
      1. өзге жерден келген өтініш берушілер Өскемен, Семей қалаларында оқып жатақханаларда тұрған уақытта-ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айында үш айлық есептік көрсеткіштен аспайтын;
      2) өзге жерден келген өтініш берушілер басқа тұрғын жерлерде оқып жатақханаларда тұрған уақытта-ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айында екі айлық есептік көрсеткіштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда-айлық екі айлық есептік көрсеткіште.
      13. Өскемен және Семей қалаларында оқитындар үшін тамақтану шығындарының өтелуі айына 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, өзге елді мекендерде айына 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.

5. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ ТӘРТІБІ

      14. Шығындарды өтеудің төлемі Халықты жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға қаралған аудандық бюджет қаражаттарының есебінде жүргізіледі.
      15. Тұру шығындарын жартылай өтеудің төлемі оқудың аяқталуы бойынша немесе ай сайын жүргізіледі.
      16. Тамақтану шығындарын өтеу төлемі ай сайын жүргізіледі.
      17. Медициналық куәландыру мен өңір шегіндегі (облыс, аудан) оқу орнына барып қайта қайту жолына арналған шығындардың толық өтелуінің төлемі құжаттар ұсынған кезден бір ай ағымында жүргізіледі.
      18. Өтініш берушіге өтелу шығындардың толық немесе жартылай төлемі ақшалай түрде жеке шотқа түсіру жолымен жүзеге асырылады.

      Күршім ауданы жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің меңгерушісі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады