Облыстық кейбір ауылдық елді мекендерінің қайта атауы туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 22 қазандағы N 22-3 бірлесткен шешімі мен Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2005 жылғы 6 қыркүйектегі N 293 қаулысы. Батыс Қазақстан облыстық Әділет департаментінде 2005 жылғы 9 қарашада N 2946 тіркелген.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, Бөкейордасы және Казталовка аудандарының жергілікті атқарушы және өкілетті органдарының бірлескен шешімдері мен ұсыныстарына сәйкес, облыстық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2004 жылғы 1 қазандағы N 1-1, 2005 жылғы 6 шілдедегі N 1-2 қорытындысының есепке ала отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Батыс Қазақстан облысының кейбір ауылдық елді мекендерінің атаулары қайта аталсын:
      Бөкейордасы ауданы бойынша:
      Искра ауылдық округіндегі Искра ауылы Ұялы ауылы деп;
      Искра ауылдық округі Ұялы ауылдық округі деп;
      Казталовка ауданы бойынша:
      Мирон ауылдық округіндегі Богатырев ауылы Болашақ ауылы деп;
      Мирон ауылдық округі Болашақ ауылдық округі деп.
      2. Осы шешім Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді.

      Сессия төрағасы                  Облыс әкімі
      Облыстық мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады