Кедендік кіріс ордерін толтыру мен есебін жүргізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 24 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4033. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 270379-баптарына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН: Қараңыз.K100296
      1. Қоса беріліп отырған Кедендік кіріс ордерін толтыру мен есебін жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. "Кедендік кіріс ордерін толтыру мен есебін жүргізу ережесін және оның нысанын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2336 болып тіркелген, "Ресми газет" газетте 2003 жылғы 16 тамыздағы N 33 (138) болып жарияланған) Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 23 мамырдағы N 236  бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Кедендік бақылау департаменттері мен кедендердің бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Ө.К.Бейіспеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.І.Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Б.Т.Әбдішевке жүктелсін.
      7. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен отыз күнтізбелік күн өтуі бойынша қолданысқа енгізіледі.

      Қаржы вице-министрі -
      Төраға

Қазақстан Республикасы    
Қаржы вице-министрі -    
Қаржы министрлігінің     
Кедендік бақылау комитеті   
төрағасының          
2006 жылғы 16 қаңтардағы  
N 24 бұйрығымен бекітілген 

  Кедендік кiрiс ордерiн толтыру мен есебiн жүргiзудiң
ережесi 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кедендік кіріс ордерін толтыру мен есебін жүргізу ережесі Қазақстан Республикасы Кеден  кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 270 және  379-баптарына сәйкес әзірленді және кедендік кіріс ордерін (бұдан әрі - ККО) толтырудың, олардың есебін жүргізудің тәртібін айқындайды, сондай-ақ ККО-нің нысанын белгілейді.

      2. ККО түптелген үш парақтардан тұратын ( 1-қосымша ), оларды деректер базасына енгізгеннен кейін қатаң есептілік бланкісі болып табылады және кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу мен бақылауды, кедендік ресімдеуді жүзеге асырушы кеден органының уәкілетті лауазымды адамы (бұдан әрі - орындаушы инспектор) толтырады.
      Қажет болған жағдайда, түптелген үш парақтардан ( 2-қосымша ) тұратын кедендік кіріс ордеріне қосымша парақты (бұдан әрі - ҚККО) инспектор-орындаушы толтырады. ҚККО-нің парақтары тиісінше ККО-нің парақтарына қоса тігіледі және ККО-нің ажырамас бөлігі болып табылады. Әрбір ҚККО-да тауарлар атауының 7-ге (жетіге) дейінгі деректерін толтыруға болады, ККО-да тұтастай алғанда тауарлар атауының 50-ге (елуге) дейінгі деректерін толтыруға болады.
      Кеден органының лауазымды адамы арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудi пайдалану арқылы ККО мен ҚККО қалыптастырады және негізгі парағын басады.
      Форс-мажорлық жағдаят (электр энергиясы және т.б. болмаған) салдарынан туындаған жағдайларда, кейiн оларды мiндеттi түрде форс-мажорлық жағдаят салдарын жойған сәттен бастап екі жұмыс күнінің ішінде жасай және деректер базасына енгізе отырып ККO және ҚККО-i баспа машинасында жазып толтырады.

      3. ККО-ның ресiмделген бланкiлерінің есебі арнайы журналдарда жүргiзіледi. Журналды толтыру және сақтау қатаң есептiлiктегі құжаттармен жұмыс iстеудiң қолданылып жүрген ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Ресiмделген бланктердiң есебiн жүргізу журналдары күнтiзбелiк жылдар бойынша жүргiзiледi. Журналдар алдын ала нөмiрленген, тiгiлген, мөр басылған және кеден органы бастығының, не оның орнындағы адамның қолы қойылған болуы тиiс.

      5. ККО мен ККОП-ның бірінші және екінші даналары оның ресімдеуді жүргізген кеден органында жасалады және сақталады.
      ККO мен ККОП-тың үшiншi даналары төлеушiнiң қолына берiледi.

      6. Жеке тұлғалар тауарларды (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен салмақ және құн нормасы шегінде) жолаушы ұсынатын кедендік декларация негізінде оңайлатылған тәртіппен не заңды немесе жеке тұлғалар белгіленген үлгідегі (тиісті қаржылық жылға Республикалық бюджет туралы Заңнамамен белгіленген он айлық есеп көрсеткішінен аспайтын декларацияланған тауарлар партиясының кеден құны және тауарлардың қауіпсіздігі бойынша талаптарды қоспағанда, тарифтік емес реттеу шаралары белгіленбеген тауарларға қатысты) ұсынған өтініштердің негізінде өткізген кезде, кеден органының лауазымды адамы арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудi пайдалану арқылы ККО-ның электронды көшірмесін жасайды, не кейiн оларды мiндеттi түрде жасай және деректер базасына енгізе отырып ККO баспа машинасында жазып толтырады. Мәлімделген кеден құнының толық еместігі туралы негіз бар болған кезде кеден органы өз бетімен тауардың кеден құнын Кодекстің  39-тарауына сәйкес айқындауы мүмкін. Қараңыз.K100296

      7. ККО мен ҚККО-мен қоса тiгiлген құжаттарымен бiрге сақтау мерзiмдерi мәлiмделген кеден режимiне сәйкес ресiмделетiн ЖКД-ның бiрiншi даналарын сақтау мерзiмдерiне ұқсас болады.

  2. ККO мен ҚККО толтырудың жалпы принциптерi

      8. ККО мен ҚККО-i форс-мажорлық жағдаят (электр энергиясы және т.б. болмаған) салдарынан туындаған жағдайларда Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының N 2355 болып тіркелген (бұдан әрі - Өтініш), 2003 жылғы 20 мамырдағы N 219 бұйрығына  1-қосымшаға және кедендiк ресiмдеу үшiн қажетті құжаттарға сәйкес нысан бойынша тұлға ұсынған жолаушы кеден декларациясы негiзiнде орындаушы инспектор мемлекеттік немесе орыс тілінде арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудi пайдалана отырып не баспа құрылғыларында жасайды және жазады.

      9. ККО мен ҚККО-нiң әрбiр данасы орындаушы инспектордың тегi, аты, әкесiнiң аты (бұдан әрi - Т.А.Ә.) мiндеттi түрде көрсетiле отырып, оның жеке нөмiрлiк мөрiмен және қолымен куәландырылады.

      10. ККО мен ҚККО-де тазартулар мен түзетулер болмауы тиiс.

      11. ККО мен ҚККО-iн дұрыстығы мен толық толтыру үшін орындаушы инспектор жауаптылықта болады.

      12. Берiлетiн ақпараттың дұрыстығы үшiн тауарларды декларациялауды жүзеге асыратын тұлға жауаптылықта болады.

      13. Егер қандай да бiр баған толтырылмаса, онда ККО қағаздағы данасына сызықша қойылады.

  3. ККО бағандарын толтырудың тәртiбi

      14. ККО-ның бағандары мынадай тәртiп бойынша толтырылады:
      1-баған. "Ордердiң түрi".
      Баған үш кіші бағаннан тұрады:
      1.1. "Бағыт" кіші бағанда мына жай түсiндiрiледi:
      "ИМ" - еркiн айналым үшiн тауарлар шығаруға қолданылатын режимдi мәлiмдеу кезiнде;
      "ЭК" - тауарлардың экспортына қолданылатын режимдi мәлiмдеу кезiнде;
      1.2. "Өткізу тәсілі" кіші бағанда мына жай түсiндiрiледi:
      "СБ" - ККО Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы алып жүретiн қол жүгiнде өткiзiлетiн тауарларға қатысты толтырылады;
      "HБ" - ККО Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы алып жүрмейтiн қол жүгiнде өткiзiлетiн тауарларға қатысты толтырылады;
      "MП" - ККО Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы халықаралық почта жөнелтiлiмдерiндегi өткiзiлетiн тауарларға қатысты толтырылады;
      ККО кедендік ресімдеу кезінде Өтініштің негізінде 1.2. "Өткізу тәсілі" кіші бағанда "HБ" көрсетiледi.
      1.3. кіші бағанында. Көлік құралдары Жіктеуіштерінің түріне сәйкес көлік құралдары түрінің коды (3-қосымша) және кедендік шекарадан өткен көлік құралының саны көрсетіледі. Аталған кіші бағанның үшінші бағанасында көлік құралының мемлекеттік нөмірі көрсетіледі.
      2-баған. "Қосымша парақтар саны".
      Бағанда ҚККО-нiң саны көрсетiледi. Егер ҚККО толтырылмаса, онда бұл бағандағы ККО-ның қағаз тасығышында сызықша қойылады.
      3-баған. "Анықтамалық нөмiр".
      Бағанда ККО-ның мынадай элементтерден тұратын ККО-ны тіркеу Журналы бойынша берілген тіркеу анықтама нөмiрi қойылады: 

      99999/99999 / 999999/9
        1    2 3      4

      мұнда:
      1 элементі - ККО-ны ресiмдеудi жүзеге асырушы Қазақстан Республикасы кеден органдарының Жiктеушiсiне сәйкес кеден органының коды;
      2 элементі - кедендiк кiрiс ордерi ресiмделген күнi (күнi, айы және ағымдық жылдың соңғы саны);
      3 элементі - ККО-ны тіркеу Журналы бойынша берілген ККО-ның тіркеу нөмiрi;
      4 элементі - тек халықаралық почта жөнелтiмдерi (бұдан әрi - ХПЖ) үшiн ғана толтырылады, почта жөнелтiмiнiң (жалпы немесе берушi) байланыс кәсiпорны берген алты орынды нөмiрi көрсетiледi.
      Қалған жағдайларда "4 элементі" орнына сызықша қойылады (мысалы: 20400/11050/123445/-).
      4-баған. "Төлеушi".
      Кеден төлемдерi мен салықтарын төлеушi туралы мәлiметтер көрсетiледi.
      Баған бес кіші бағаннан тұрады:
      4.1. кіші баған екі тараудан тұрады:
      бірінші тарауда заңды тұлғаның атауы не жеке тұлғаның А.Т.Ә. көрсетіледі.
      екінші кіші тарауда резиденттер немесе резидент еместер көрсетіледі.
      4.2. кіші бағанда төлеушінің почталық мекен-жайы көрсетіледі.
      4.3. кіші бағанда үш тараудан тұратын тіркеу нөмірі көрсетіледі:
      бірінші тарауда жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы құрылтай құжаттарға немесе куәліктерге сәйкес тұлғалар санаттарының екі таңбалы сандық коды;
      екінші тарауда - Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының N 2355 болып тіркелген, 2003 жылғы 20 мамырдағы N 219 бұйрығымен бекітілген Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау ережесіне  1-қосымшаға сәйкес Қазақстандық әкімшілік-аумақтық объектілердің Жіктеуіш кодтарына сәйкес ҚӘАО екі таңбалы коды;
      үшінші тарауда - салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
      4.4. кіші бағанда жеке тұлғалар үшін - төлқұжаттық деректерi, төлқұжатының нөмiрi мен сериясы, қашан және кiмнiң бергенi, не жеке басын куәландыратын және төлқұжаттың орнындағы басқа құжаттың нөмiрi және заңды тұлғалар үшін - КҰЖЖ коды көрсетiледi.
      4.5. кіші бағанда төлеушінің тұрақты тұратын елінің коды мен атауы көрсетіледі.
      Егер сыртқы экономикалық қызметке қатысушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылса, онда барлық кіші бағандар толтырылады.
      Резидент болмаған жағдайда, тек 4.1., 4.2. және 4.5. кіші бағандары толтырылады.
      5-баған. "Өзге партнер".
      Бағанда тауарды жөнелтуші/алушы туралы мәліметтер көрсетіледі.
      Баған үш кіші бағаннан тұрады:
      5.1. кіші бағанда заңды тұлғаның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің атауы (жеке тұлға үшін - тегі және аты, әкесінің аты);
      5.2. кіші бағанда - өзге партнердің тұратын жері (мекен-жайы);
      5.3. кіші бағанда - тұратын елінің атауы көрсетіледі.
      6-баған. "Валюта бағамы".
      ККО ресімделген күнi Ұлттық Банк белгiлеген валютаны айырбастаудың рыноктiк бағамы бойынша АҚШ/еуро долларының ұлттық валютаға шаққандағы бағамына сәйкес шамасын көрсетедi.
      7-баған. "Жөнелтуші/межелі ел".
      Бағанда тауарларды еркін айналым үшін шығаруда қолданылатын режимді мәлімдеу кезінде - жөнелтуші ел және тауарлар экспортына қолданылатын режимді мәлімдеу кезінде - межелі ел көрсетіледі.
      Баған екі кіші бағаннан тұрады:
      7.1. "Код" кіші бағанда әлем елдерінің Жіктеуіштеріне сәйкес тауарларды жөнелтуші/межелі елдің сандық коды;
      7.2. "Атауы" кіші бағанда әлем елдерінің Жіктеуіштеріне сәйкес тауарларды жөнелтуші/межелі елдің қысқаша атауы көрсетіледі.
      8-баған. "Қосымша ақпарат/ұсынылатын құжаттар".
      Бағанда кедендік мақсаттар үшін қажетті ұсынылатын құжаттар туралы мәліметтер көрсетіледі.
      Әрбір реквизиттер жаңа жолдан көрсетіледі және реттік нөмірі болады.
      1 нөмірде көлік құжаттарының нөмірі көрсетіледі.
      2 және 3 нөмірлерінде ол бойынша тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтуіне сәйкес не олар бойынша Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін кеден режимінің өзгеруін орындау мақсатымен ұсынылған шарттар туралы мәліметтер;
      2 - жасалған қайтарымсыз шарттардың нөмір мен күні және оған қолданыстағы қосымшалар;
      2.1. - тауардың жеткізілуіне арналған шот-проформның нөмірі мен күні;
      3 - жасалған қайтарымды шарттардың нөмір мен күні және оған қолданыстағы қосымшалар;
      3.1. - тауарларды төлеуге және жеткізуге арналған тиісті шоттардың нөмірлері мен күні (шот-фактура, инвойс);
      3.2. - зияткерлік меншікке құқық беру жөніндегі келісімнің нөмірі (лицензиялық келісім, тауарлық белгіні пайдалануға арналған келісім және т.б.);
      3.3. - шарты шығару жағдайында, оларға байланысты осындай жеңілдіктер ұсынылған (мысалы, "3.3 - ұсынылған жеңілдіктерге сәйкес пайдалануға міндеттенеміз"), тек сондай мақсаттарда шарты шығарылған тауарларды пайдалану туралы міндеттер көрсетіледі.
      4 нөмірде егер тауарлар осы органдардың бақылауына жататын болса, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының берген рұқсат құжаттарының (рұқсат) санаттары, нөмірі мен күні көрсетіледі.
      5 нөмірде егер, олар кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар болып табылатын уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес осы бағанды толтыру тәртібі 1-4-тармақтарда санамаланбаған өзге құжаттар туралы мәліметтер көрсетіледі.
      9-баған. "Жалпы кеден құны".
      Тауарлардың (оның ішінде ҚККО келтірілген) жалпы кедендік құны көрсетіледі, әрi "төлем валютасы" тақырыбының астында - тек ұлттық валютада, ал "АҚШ долларында" тақырыбының астындағы құн АҚШ долларында көрсетiледi.
      10-баған. "Кеден баждары мен салықтарын есептеу".
      ККО бойынша кеден төлемдері мен салықтарын есептеу туралы ақпараттар көрсетіледі. Егер тауарларға бір атаумен кедендік ресімдеу жүргізілсе, онда ҚККО толтырылмайды.
      Аталған баған үш сатыда толтырылады:
      Бірінші саты. Ақпараттар тиісті бағандарда:
      10.1. - сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына (СЭҚ ТН) сәйкес тауардың жіктелген коды - құрылымдық код ашық жерсіз және өзге де әртүрлі белгілерсіз жазылады;
      Тауар коды төмендегі шарттар орындалған кезде:
      егер жиынтық кеден төлемін төлеу ерекшелік ставкасы бойынша жүргізілсе;
      егер Қазақстан Республикасында сәйкестігін міндетті растауға жататындарды және 0402, 0405, 0406, 0901, 0902, 0903, 0905, 0906, 0907, 0908, 0909, 0910, 1001, 1002, 1003, 1004, 1005, 1006, 1007, 1008, 1102, 1103, 1104, 1105, 1107, 1108, 1211, 1501, 1502, 1507, 1508, 1509, 1510, 1511, 1512, 1513, 1514, 1515, 1516, 1517, 1601, 1602, 1603, 1604, 1701, 1702, 1704, 1805, 1806, 1904, 1905, 2001, 2002, 2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009, 2101, 2102, 2103, 2104, 2105, 2501, 2517, 2523, 2524, 3205, 3208, 3209, 3210, 3211, 3303, 3305, 3306, 3503, 3506, 3605, 4014, 4410, 4814, 5007, 5111, 5112, 5113, 5208, 5209, 5210, 5211, 5212, 5309, 5407, 5408, 5512, 5513, 5514, 5515, 5516, 5802, 5904, 5905, 6103, 6104, 6105, 6106, 6107, 6108, 6109, 6110, 6112, 6113, 6115, 6203, 6204, 6205, 6206, 6207, 6208, 6209, 6210, 6211, 6212, 6302, 6401, 6402, 6403, 6404, 6405, 6806, 6807, 6810 тауар позицияларында СЭҚ ТН-ге сәйкес жіктелетіндерді қоспағанда тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмаса, СЭҚ ТН тауар позициясының деңгейінде көрсетіледі.
      Бұл ретте шығу елі белгісіз не бір елден шығарылатын, бір тауар позициясында жіктелген тауарлар бір тауар ретінде декларациялануы мүмкін.
      Барлық қалған жағдайларда тауардың коды СЭҚ ТН тауарлық кіші қосалқы позицияның деңгейінде көрсетіледі.
      10.2. - төлеушінің ЖКД-ғы немесе мәлімдеу жазбасына сәйкес тауардың атауы;
      10.3. - тауардың таза салмағы килограммен;
      10.4. - қосымша өлшем бірлігінің (ҚӨБ) атауы;
      10.5. - ҚӨБ-ғы тауар мөлшері;
      10.6. - әлем елдерінің Жіктеуіштеріне сәйкес тауардың шыққан елінің коды;
      10.7. - ұлттық валютадағы кеден құны;
      10.8. - АҚШ долларындағы кеден құны көрсетіледі.
      Екінші саты. Есептелген төлемді ұлттық валютада тiкелей санайды, жол бойынша және жүйелi түрде мынадай бағаналар толтырылады: "Түpi", "Есептеу негiзi", "Ставка" және "Сомасы".
      "Түрi" бағанасында төлемнiң кеден төлемдерiнiң жiктеушiсiне сәйкес коды көрсетiледi, кедендік төлемдердің жиынтық ставкасын тауарға қолданған жағдайда не аталған тауарға кеден бажының нөлдік ставкасы заңнамасына сәйкес орнатқан жағдайда кеден бажын төлеу коды көрсетілмейді. Қосымша құнға салық төлеу коды кедендік төлемдер жиынтығының ставкасын тауарға қолдануды қоспағандағы барлық жағдайларда көрсетіледі. Егер заңнамада аталған тауар акциздік тауар ретінде айқындалған жағдайда акциздерді төлеу коды көрсетіледі.
      "Есептеу негiзi" бағанасында Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төлемнің тиісті түрін есептеу үшін салық салу базасы көрсетiледi. Аталған бағанда кеден төлемдерiн есептеу ұлттық валютада жүргізiледi.
      "Cтaвкa" бағанасында кеден төлемдерi мен салықтарының тиісті түрлерінің ставкасы көрсетiледi.
      "Сомасы" бағанасында "Ставка" бағанасында көрсетiлген ставкаға "Есептеу негiзi" бағанасында көрсетiлген шаманы қолдану жолымен алынған кеден төлемдер мен салықтардың есептелетін сомасы көрсетiледi. Егер есептеу кезiнде ЕУРО-дағы ставка пайдаланылса, онда кедендік төлемдер мен салықтар сомасы ресімделген күндегі ЕУРО-ның ресми бағамы бойынша ұлттық валютада қайта есептеледі.
      Бiрнеше төлемдер есептелген кезде, соңғы жолда "ЖИЫНТЫҒЫ" деген сөз бен тиiсiнше төлемнiң ұлттық валютадағы жиынтық сомасы қойылады. Бұл ретте, "ЖИЫНТЫҒЫ" бағанындағы соманы есептеу кезінде тек төлеуге есептелген ("БН", "КБ", "төлем карточкаларын пайдалана отырып кедендік төлемдер сомасын төлеу"(ПК) төлем тәсілдері) төлемдер қосылады.
      Үшінші саты. Есептелетін кеден төлемдерi мен салықтарын тiкелей есептегеннен кейiн есептелген төлемдер қандай төлем тәсiлімен және төлемдердің iс жүзiнде төленгендiгi қандай төлем құжаттары бойынша/қандай құжаттардың негізінде жеңілдіктер берілгені туралы ақпарат көрсетiледi.
      Бұл ретте "Төлем тәсілі" ("СП") және "Есептеудiң егжей-тегжейi", сондай-ақ 11 кіші бағанда "Барлығы, төлеуге жатады" бағанасын жолма-жол толтырады.
      "СП" бағанасында:
      "БН" - банк арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу;
      "КБ" - банк арқылы (банк түбiртегi) қолма-қол есеп айырысу;
      "ПК" - төлем карточкаларын пайдалана отырып кеден төлемдерiнiң сомасын төлеу;
      "УН" - кедендік төлемдерді шартты есептеу көрсетiледi.
      "Есептеудiң егжей-тегжейi" бағанасында әрбiр төлем тәсiлiнiң қарсы жағына мынадай төлем деректемелерi көрсетiледi:
      1) егер төлем қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргiзiлсе төлем құжатының нөмiрi және күнi;
      2) егер төлем банк мекемесi арқылы қолма-қол ақша төлеу арқылы жүргiзiлсе - ол бойынша төлем қабылданған төлем құжатының нөмiрi және күні;
      3) егер төлем байланыс кәсiпорынның кассасы арқылы жүргiзiлсе байланыс кәсiпорынның кассасына төленген күнi мен ол бойынша байланыс төлеу кассасына төлеу жүргiзiлген кассалық кiрiс ордерiнiң нөмiрi;
      4) егер төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргiзiлсе - фискалдық түбіртектің нөмірі, күні, уақыты көрсетіледі;
      5) "УН" төлем тәсілі көрсетілсе - оның негізінде төлем төлеуден босату (жеңілдік) ұсынылған құжаттың реквизиттері көрсетіледі.
      Бөлшекті бірлігі бар алынған мән дөңгелектеу ережесі бойынша үтірден кейін екі таңбаға дейін дөңгеленеді.
      ҚККО бланкасын пайдалана отырып төлемдерді есептеген кезде бағандар ККО-ға ұқсас толтырылады.
      11 кіші бағанында "Барлығы, төлеуге жатады" ККО және ҚККО-ғы барлық тауарлар бойынша төлемнің қорытынды сомаларын қосқанда алынған төлеуге жататын кедендiк төлемдер мен салықтар сомасы цифрлармен және сөзбен көрсетiледi.
      Аталған кіші бағанда көрсетiлген сомалар ККО 10-бағанының "Есептеудiң егжей-тегжейi" бағанасында және ККО қосымша парағының 3-бағанында санамаланған төлем құжаттарында қойылған ақшалай қаражаттың жалпы сомасына да сәйкес келуi тиiс.
      12-баған. "Кеден органы лауазымды адамының қолы".
      Бағанда аталған ККO-ны ресiмдеген кеден органы лауазымды адамының (орындаушы инспектордың) қолы қойылады. Қолы орындаушы инспектордың жеке нөмiрлiк мөрiмен куәландырылады.
      13-баған. "Төлеушiнiң қолы". Бағанға ККО 4-бағанындағы көрсетiлген адам немесе оның өкiлi болып табылатын адам, не төлемдердi ККО-ны пайдалана отырып iс жүзiнде жүзеге асырған адам өзiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсете отырып қол қояды.
      14-баған. "Мәлімдеменің/ЖКД нөмірі".
      Оның негізінде ККО ресімделген Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының N 2355 болып тіркелген, 2003 жылғы 20 мамырдағы N 219  бұйрығына сәйкес ресімделген Өтініштің немесе жолаушы кеден декларациясының анықтама нөмірі көрсетіледі.
      Бұл ретте, егер белгіленген үлгідегі өтініштің анықтама нөмірі көрсетілсе, онда тиісті нөмірдің алдына - "З" әріпі, егер жолаушы кеден декларациясының анықтама нөмірі көрсетілсе - "П" әрпі қойылады.
      Мысалы:
      Белгіленген үлгідегі өтініштің негізінде ККО толтырылған жағдайда - З50100/09115/000006;
      Жолаушы кеден декларациясының негізінде ККО толтырылған жағдайда - П50100/09115/000001.
       Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008.04.04  N 160 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

  4. ҚККО бағандарын толтырудың тәртiбi

      15. ҚККО-нiң бағандары мынадай тәртiп бойынша толтырылады:
      1-баған. "N қосымша парақ".
      Бағанда ҚККО-нiң екi мәндi реттiк нөмiрi қойылады, мысалы "01".
      2-баған. "Анықтамалық нөмiр".
      Қосымша парақтың 2-бағанына ККО-ның 3-бағанында көрсетiлген анықтамалық нөмiр туралы мәлiметтер көшiрiледi.
      3-баған. "Кеден баждары мен салықтарын есептеу".
      Тауардың әрбір атауы үшін жеке-жеке ККО-ның 10-бағанының кіші бағанына сәйкес ұқсас толтырылады.
      4-баған. "Кеден органы лауазымды адамының қолы".
      ККО-ның негізгі парағының 12-бағанына ұқсас толтырылады.
      5-баған. "Төлеушiнiң қолы".
      ККО-ның негізгі парағының 13-бағанына ұқсас толтырылады.

      16. ККО кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке түсуге тиіс сомаларын санау және есептеу үшін, сондай-ақ тауарлардың сыртқы сауда статистикасында есебін жүргізу мақсаты үшін қызмет етеді. Инспектор орындаушы тауарлар туралы, сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу туралы барлық қажетті мәліметтерді ККО және ҚККО-ға енгізеді, содан соң төлем түрлерін, мемлекеттік бюджет кірісіне төлеуге қажетті кедендік төлемдер мен салықтардың сомасын төлеушіге хабарлайды.
      Есептелген кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуші төлегеннен және кеден органы ғимаратында (үй-жайында) орналасқан екінші деңгейдегі банк кассасынан тиісті сомаға түбіртекті инспектор орындаушыдан не кеден органының ғимаратында орнатылған электронды терминал беретін чектерді не мемлекеттік бюджетке тиісті кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеушінің төлегендігін растайтын, күнсайын кеден органына Қазақстан Республикасы Қазынашылық комитетінің басқармалары ұсынатын нысанды алғаннан кейін, ККО және ҚККО үш данада басылады және тауар шығарылады. Бұл ретте, бірінші дананы инспектор орындаушы белгіленген тәртіпке сәйкес басқа құжаттармен бірге сақтауға тапсырады, екінші дананы кеден органының бухгалтериясына береді және ККО-ның үшінші данасы төлеушінің қолына беріледі.

  5. Қорытынды ережелер

      17. ККО-ның бағандарында талап етiлетiн мәлiметтердi көрсету үшiн жеткiлiктi орындар болмаған жағдайда, оларды ҚККО-нiң тиiстi бағандарында көрсетуге рұқсат етiледi. ҚККО өзге де кеден төлемдерiн есептеу кезiнде есеп кестесi ретiнде де пайдалануы мүмкiн. ҚККO-нiң әрбiр данасы орындаушы инспектордың қолымен және жeкe нөмiрлiк мөрiмен куәландырылады, ал ККО-ның екiншi бағанына олардың саны қойылады.

      18. Ақшалай қаражат ККО бойынша iс жүзiнде төленгеннен кейiн ККО-ға қандай да бiр өзгерiстер енгiзуге рұқсат етiлмейдi. Заңсыз есептеу фактiлерi анықталған жағдайда, бұрынғы нұсқасының күшiн жоя отырып жаңа ККО ресiмдеу қажет. Жаңа ККO-да аталған ККО-ны күшi жойылғанның орнына ресiмдеу туралы тиiстi белгiнi соңғының (күшi жойылғанның) анықтамалық нөмiрiн көрсете отырып жасау қажет.

      19. ККО-ға кез келген сiлтеме ККO-ның 3-бағанында көрсетiлген анықтамалық нөмiр бойынша жүзеге асырылады.

                                          Кедендік кіріс ордерін
                                        толтыру мен есебін жүргізу
                                           ережесіне 1-қосымша

Кедендік кіріс ордері
                                                       ККО
                                      _____________________________
                                     |1-баған. ордердің түрі|2-
_____________________________________|______________________|баған.
3-баған. Анықтама нөмірі             |1.1.|1.2.|    1.3.    |қосымша
                                     |Ба- |Қоз-|____________|парақ-
                                     |ғыты|ғалу|Ше- |к/қ|к/қ|тардың
                                     |    |тә- |ка- |са-|мем|саны
                                     |    |сілі|ра- |ны |нө-|
                                     |    |    |дағы|   |мі-|
                                     |    |    |к/қ |   |рі |
                                     |    |    |тү- |   |   |
                                     |    |    |рі- |   |   |
                                     |    |    |нің |   |   |
                                     |    |    |коды|   |   |
-------------------------------------|--------------|--------------
4-баған. Төлеуші                     |5-баған. Өзге |6-баған.
                                     |       партнер|валюта бағамы
4.1.                                 |--------------|
                                     |5.1.          |
-------------------------------------|--------------|--------------
   заң.тұлға.   резидентік (рези-    |заң.тұлға.ата-|  |     |АҚШ
     атауы      дент/резидент емес)  |уы (ж.тұлға.  |  |_____|
                                     |Т.А.Ә.)       |         
4.2.                                 |5.2.          |
-------------------------------------|--------------|--------------
   төлеушінің почталық мекен-жайы    | почталық     |  |     |еуро
4.3. Тіркеу                          | мекен-жайы   |  |_____|
                                     |N 5.3.        |
-------------------------------------|--------------|--------------
   Санат    ҚӘАО        СТН          |Тұрған елі    |  |7-баған.
                                     |              |  |Жөнелтуші/
4.4.                                 |              |  |межелі ел
_____________________________________|              |  |7.1. |7.2.
   ОКПО коды - заң.тұл. үшін;        |              |  |Код  |Атауы
Серия және төлқұж.№/жеке тұл.үшін    |              |  |     |
           - куәлік N                |              |  |     |
4.5. Тұрақты тұратын елі             |              |  |     |
_____________________________________|              |  |     |
         Код         Атауы           |              |  |     |
_____________________________________|_____________________________
8-баған. Қосымша ақпарат/            |9-баған. Жалпы кеден құны
ұсынылатын құжаттар                  |
1.                                   |
_____________________________________|______________
2.                                   |              |
_____________________________________|              |АҚШ долларымен
2.1.                                 |              |
_____________________________________|______________|
3.                                   |
_____________________________________|______________
3.1.                                 |              |
_____________________________________|              |ұлттық валютада
3.2.                                 |              |
_____________________________________|______________|
3.3.                                 |
_____________________________________|
4.                                   |
_____________________________________|
5.                                   |
_____________________________________|_____________________________
10- |10.1.|10.2. Тауар атауы|10.3.|Тө|Есеп- |Став-|Со-| |МП|Есеп-
ба- |СЭҚ  |                 |Таза |ле|теудің|ка   |ма | |  |теудің
ған.|ТН   |                 |сал- |м |негізі|     |   | |  |егжей-
Ке- |бо-  |                 |мағы,|тү|      |     |   | |  |тегжей-
ден.|йынша|                 |кг   |рі|      |     |   | |  |лігі
баж.|тауар|                 |     |  |      |     |   | |  |
мен |коды |                 |     |  |      |     |   | |  |
са- |-----|-----------------|-----|--|------|-----|---|-|--|-------
лық.|_____|_________________|_____|__|______|_____|___|_|__|_______
есе-|10.4.|10.5.|10.6.|10.7.|10.8.|__|______|_____|___|_|__|_______
птеу| ҚӨБ |ҚӨБ-ы|Шық- |Ұлт. |АҚШ  |  |      |     |   | |  |
    |атауы|саны |қан  |ва-  |дол  |  |      |     |   | |  |
    |     |     |елі- |лют. |ла-  |  |      |     |   | |  |
    |     |     |нің  |Кеден|рын- |  |      |     |   | |  |
    |     |     |коды |құны |дағы |  |      |     |   | |  |
    |     |     |     |     |кеден|  |      |     |   | |  |
    |     |     |     |     |құны |  |      |     |   | |  |
____|_____|_____|_____|_____|_____|__|______|_____|___|_|__|_______
    |     |     |     |     |     |ЖИ|      |     |   | |  |
____|_____|_____|_____|_____|_____| Ы  |______|_____|___|_|__|_______
 
  11-баған. Барлығы төлеуге жататын
          санмен ______________      жазумен ________________
___________________________________________________________________
12. Кеден органы        |13. Төлеушінің қолы |Кеден үшін дана     1
лауазымды адамының қолы |                    |
                        |                    |
        М.О.            |                    |
________________________|____________________|
14. Өтініштің/ЖКД нөмірі|____________________|
___________________________________________________________________

                                          Кедендік кіріс ордерін
                                        толтыру мен есебін жүргізу
                                           ережесіне 2-қосымша

       ККО қосымша парақ

1-баған. N қосымша парақ               2-баған. Анықтама нөмірі
___________________________________________________________________
3-ба-|3.1. | 3.2. Тауардың |3.3. |Төлем|Есеп- |Став-|Со-|МП|Егжей-
ған. |СЭҚ  |     атауы     |Таза | түрі|теудің| ка  |ма |  |тег-
Кеден|ТН   |               |сал- |     |негізі|     |   |  |жейлі
бажы |бо-  |               |мағы,|     |      |     |   |  |есептеу
мен  |йынша|               |кг   |     |      |     |   |  |
са-  |та-  |               |     |     |      |     |   |  |
лықт.|уар- |               |     |     |      |     |   |  |
есеп-|дың  |               |     |     |      |     |   |  |
теу  |коды |               |     |     |      |     |   |  |
     |_____|_______________|_____|_____|______|_____|___|__|_______
     |_____|_______________|_____|_____|______|_____|___|__|_______
     |3.4. |3.5.|3.6.|3.7. |3.8. |_____|______|_____|___|__|_______
     |ҚӨБ  |ҚӨБ |Шық-|Ұлт. |АҚШ  |     |      |     |   |  |
     |коды |-ғы |қан |ва-  |дол- |     |      |     |   |  |
     |     |саны|елі-|лют. |лары-|     |      |     |   |  |
     |     |    |нің |кеден|ндағы|     |      |     |   |  |
     |     |    |коды|құны |кеден|     |      |     |   |  |
     |     |    |    |     |құны |     |      |     |   |  |
     |_____|____|____|_____|_____|_____|______|_____|___|__|_______
     |     |    |    |     |     |ЖИЫН-|      |     |   |  |
     |     |    |    |     |     |ТЫҒЫ |      |     |   |  |
     |_____________________________________________________________
     |3.1. | 3.2. Тауардың |3.3. |Төлем|Есеп- |Став-|Со-|МП|Егжей-
     |СЭҚ  |     атауы     |Таза | түрі|теудің| ка  |ма |  |тег-
     |ТН   |               |сал- |     |негізі|     |   |  |жейлі
     |бо-  |               |мағы,|     |      |     |   |  |есептеу
     |йынша|               |кг   |     |      |     |   |  |
     |та-  |               |     |     |      |     |   |  |
     |уар- |               |     |     |      |     |   |  |
     |дың  |               |     |     |      |     |   |  |
     |коды |               |     |     |      |     |   |  |
     |_____|_______________|_____|_____|______|_____|___|__|_______
     |_____|_______________|_____|_____|______|_____|___|__|_______
     |3.4. |3.5.|3.6.|3.7. |3.8. |_____|______|_____|___|__|_______
     |ҚӨБ  |ҚӨБ |Шық-|Ұлт. |АҚШ  |     |      |     |   |  |
     |коды |-ғы |қан |ва-  |дол- |     |      |     |   |  |
     |     |саны|елі-|лют. |лары-|     |      |     |   |  |
     |     |    |нің |кеден|ндағы|     |      |     |   |  |
     |     |    |коды|құны |кеден|     |      |     |   |  |
     |     |    |    |     |құны |     |      |     |   |  |
     |_____|____|____|_____|_____|_____|______|_____|___|__|_______
     |     |    |    |     |     |ЖИЫН-|      |     |   |  |
     |     |    |    |     |     |ТЫҒЫ |      |     |   |  |
     |_____________________________________________________________
     |_____________________________________________________________
     |3.1. | 3.2. Тауардың |3.3. |Төлем|Есеп- |Став-|Со-|МП|Егжей-
     |СЭҚ  |     атауы     |Таза | түрі|теудің| ка  |ма |  |тег-
     |ТН   |               |сал- |     |негізі|     |   |  |жейлі
     |бо-  |               |мағы,|     |      |     |   |  |есептеу
     |йынша|               |кг   |     |      |     |   |  |
     |та-  |               |     |     |      |     |   |  |
     |уар- |               |     |     |      |     |   |  |
     |дың  |               |     |     |      |     |   |  |
     |коды |               |     |     |      |     |   |  |
     |_____|_______________|_____|_____|______|_____|___|__|_______
     |_____|_______________|_____|_____|______|_____|___|__|_______
     |3.4. |3.5.|3.6.|3.7. |3.8. |_____|______|_____|___|__|_______
     |ҚӨБ  |ҚӨБ |Шық-|Ұлт. |АҚШ  |     |      |     |   |  |
     |коды |-ғы |қан |ва-  |дол- |     |      |     |   |  |
     |     |саны|елі-|лют. |лары-|     |      |     |   |  |
     |     |    |нің |кеден|ндағы|     |      |     |   |  |
     |     |    |коды|құны |кеден|     |      |     |   |  |
     |     |    |    |     |құны |     |      |     |   |  |
     |_____|____|____|_____|_____|_____|______|_____|___|__|_______
     |     |    |    |     |     |ЖИЫН-|      |     |   |  |
     |     |    |    |     |     |ТЫҒЫ |      |     |   |  |
     |_____________________________________________________________
     |_____________________________________________________________
     |3.1. | 3.2. Тауардың |3.3. |Төлем|Есеп- |Став-|Со-|МП|Егжей-
     |СЭҚ  |     атауы     |Таза | түрі|теудің| ка  |ма |  |тег-
     |ТН   |               |сал- |     |негізі|     |   |  |жейлі
     |бо-  |               |мағы,|     |      |     |   |  |есептеу
     |йынша|               |кг   |     |      |     |   |  |
     |та-  |               |     |     |      |     |   |  |
     |уар- |               |     |     |      |     |   |  |
     |дың  |               |     |     |      |     |   |  |
     |коды |               |     |     |      |     |   |  |
     |_____|_______________|_____|_____|______|_____|___|__|_______
     |_____|_______________|_____|_____|______|_____|___|__|_______
     |3.4. |3.5.|3.6.|3.7. |3.8. |_____|______|_____|___|__|_______
     |ҚӨБ  |ҚӨБ |Шық-|Ұлт. |АҚШ  |     |      |     |   |  |
     |коды |-ғы |қан |ва-  |дол- |     |      |     |   |  |
     |     |саны|елі-|лют. |лары-|     |      |     |   |  |
     |     |    |нің |кеден|ндағы|     |      |     |   |  |
     |     |    |коды|құны |кеден|     |      |     |   |  |
     |     |    |    |     |құны |     |      |     |   |  |
     |_____|____|____|_____|_____|_____|______|_____|___|__|_______
     |     |    |    |     |     |ЖИЫН-|      |     |   |  |
     |     |    |    |     |     |ТЫҒЫ |      |     |   |  |
     |_____________________________________________________________
     |_____________________________________________________________
     |3.1. | 3.2. Тауардың |3.3. |Төлем|Есеп- |Став-|Со-|МП|Егжей-
     |СЭҚ  |     атауы     |Таза | түрі|теудің| ка  |ма |  |тег-
     |ТН   |               |сал- |     |негізі|     |   |  |жейлі
     |бо-  |               |мағы,|     |      |     |   |  |есептеу
     |йынша|               |кг   |     |      |     |   |  |
     |та-  |               |     |     |      |     |   |  |
     |уар- |               |     |     |      |     |   |  |
     |дың  |               |     |     |      |     |   |  |
     |коды |               |     |     |      |     |   |  |
     |_____|_______________|_____|_____|______|_____|___|__|_______
     |_____|_______________|_____|_____|______|_____|___|__|_______
     |3.4. |3.5.|3.6.|3.7. |3.8. |_____|______|_____|___|__|_______
     |ҚӨБ  |ҚӨБ |Шық-|Ұлт. |АҚШ  |     |      |     |   |  |
     |коды |-ғы |қан |ва-  |дол- |     |      |     |   |  |
     |     |саны|елі-|лют. |лары-|     |      |     |   |  |
     |     |    |нің |кеден|ндағы|     |      |     |   |  |
     |     |    |коды|құны |кеден|     |      |     |   |  |
     |     |    |    |     |құны |     |      |     |   |  |
     |_____|____|____|_____|_____|_____|______|_____|___|__|_______
     |     |    |    |     |     |ЖИЫН-|      |     |   |  |
     |     |    |    |     |     |ТЫҒЫ |      |     |   |  |
     |_____________________________________________________________
     |_____________________________________________________________
     |3.1. | 3.2. Тауардың |3.3. |Төлем|Есеп- |Став-|Со-|МП|Егжей-
     |СЭҚ  |     атауы     |Таза | түрі|теудің| ка  |ма |  |тег-
     |ТН   |               |сал- |     |негізі|     |   |  |жейлі
     |бо-  |               |мағы,|     |      |     |   |  |есептеу
     |йынша|               |кг   |     |      |     |   |  |
     |та-  |               |     |     |      |     |   |  |
     |уар- |               |     |     |      |     |   |  |
     |дың  |               |     |     |      |     |   |  |
     |коды |               |     |     |      |     |   |  |
     |_____|_______________|_____|_____|______|_____|___|__|_______
     |_____|_______________|_____|_____|______|_____|___|__|_______
     |3.4. |3.5.|3.6.|3.7. |3.8. |_____|______|_____|___|__|_______
     |ҚӨБ  |ҚӨБ |Шық-|Ұлт. |АҚШ  |     |      |     |   |  |
     |коды |-ғы |қан |ва-  |дол- |     |      |     |   |  |
     |     |саны|елі-|лют. |лары-|     |      |     |   |  |
     |     |    |нің |кеден|ндағы|     |      |     |   |  |
     |     |    |коды|құны |кеден|     |      |     |   |  |
     |     |    |    |     |құны |     |      |     |   |  |
     |_____|____|____|_____|_____|_____|______|_____|___|__|_______
     |     |    |    |     |     |ЖИЫН-|      |     |   |  |
     |     |    |    |     |     |ТЫҒЫ |      |     |   |  |
___________________________________________________________________
4-баған. Кеден       |5-баған. Төлеушінің қолы|Кеден үшін дана    1
органының лауазымды  |                        |
адамының қолы        |                        |
                     |                        |
      МО             |                        |
___________________________________________________________________

                                          Кедендік кіріс ордерін
                                        толтыру мен есебін жүргізу
                                           ережесіне 3-қосымша

                 Көлік құралын жіктеудің түрлері

Түрдің коды

Көлік құралдарының атауы

10

Теңіз көлігі

11

Ішкі су көлігі

12

Паром

20

Теміржол көлігі

21

Теміржол жүгі

31

Жүк автокөлігі

32

Жеңіл автокөлік

33

Автобус

34

Ат-арба көлігі

40

Әуе көлігі  

50

Почта 

51

Әуе почтасы

55

Экспресс-почта

60

Өзгелер  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады