Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау ережесін және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2004 жылы 16 ақпандағы N 41 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 8 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 27 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4043. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 71 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 71 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) нормативтік құқықтық актілерін заңнамалық актілерге сәйкес келтіру мақсатында Агенттік Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау ережесін және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2004 жылы 16 ақпандағы N 41  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2771 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      атауында және 1-тармақта "тағайындау" деген сөзден кейін "және босату" деген сөздермен толықтырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау ережесінде және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарда:

      атауында және кіріспесінде "тағайындау" деген сөзден кейін "және босату" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақта "тағайындалады" деген сөз "тағайындалуы мүмкін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
      "4-1-тарау. Тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін міндеттерін орындаудан босату

      13-1. Уәкілетті орган тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін міндеттерін орындаудан мынадай негіздер бойынша босатады:
      1) тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшелерінің өз міндеттерін орындамауы және (немесе) ойдағыдай орындамауы;
      2) қаржы ұйымында тарату рәсімдерін жүргізу бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Ереженің талаптарын бұзуы.

      13-2. Уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесі тарату комиссиясының есептері, тарату комиссиясының қызметіне жүргізілген тексеру актілері мен өзге де материалдар негізінде қорытынды дайындайды.

      13-3. Біліктілік комиссиясы қорытындыны қарап, әңгімелесу үшін тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін шақырады.
      Біліктілік комиссиясының отырысы хаттамамен ресімделеді.

      13-4. Уәкілетті орган біліктілік комиссиясы әзірлеген қорытынды мен хаттаманың негізінде тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін міндеттерін орындаудан босату туралы шешім қабылдайды.

      13-5. Міндеттерді орындаудан босату туралы шешімнің көшірмесі тарату комиссиясының төрағасына және (немесе) мүшелеріне оған қол қойылған күннен бастап үш күн ішінде жіберіледі.";

      14-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті:
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қола алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қола алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады