Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 190 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы және «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Ұсынылып отырған Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындау және босату Қағидалары мен тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптар бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 25 ақпандағы
№ 71 қаулысымен
бекітілген
Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының тарату комиссиясын тағайындау және босату Қағидалары
және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптар
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Осы Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындау және босату Қағидалары және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы және «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) еріксіз таратылып отырған банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (бұдан әрі – қаржы ұйымы) төрағасын және тарату комиссиясының мүшелерін тағайындау және босату тәртібін анықтайды және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. Тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі болып тағайындалу үшін құжаттар ұсынған және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін кандидаттар (бұдан әрі – кандидат) арасынан уәкілетті органның шешімімен (бұдан әрі – тағайындау туралы шешім) тағайындалады.
2. Уәкілетті органның қызметкері болып табылмайтын тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері тарату комиссиясы қызметінің барлық кезеңі ішінде Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
3. Қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері қаржы ұйымының тарату массасы болмаған не ол ағымдағы шығыстарды жабу үшін жеткіліксіз болған жағдайда уәкілетті органның қызметкерлері арасынан тағайындалады.
Уәкілетті органның қызметкерлері Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсынбайды және тестілеу мен әңгімелесуден өтпейді.
4. Уәкілетті орган қаржы ұйымының тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшесінің (мүшелерінің) бос орнына кандидаттарды іріктеу жөніндегі іс-шаралар өткізілетіні туралы хабарландыруды қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымының қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның Интернет-ресурсында жариялайды.
2. Кандидаттарға қойылатын талаптар
5. Кандидатқа мынадай талаптар қойылады:
жоғары экономикалық немесе заң білімінің немесе бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы білімінің болуы;
қаржы ұйымдарын және өзге де заңды тұлғаларды тарату рәсімдерін жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу.
6. Мынандай адам қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі болып тағайындала алмайды:
өтелмеген соттылығы бар;
оған қатысты қаржы ұйымында тарату рәсімдерін жүргізу, тарату рәсімдерін жүзеге асырған кезде жүктелген міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қысым жасайтын не басқаларға артықшылық беретін әрекеттер жасау, өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) жасау (бұрын қаржы ұйымының (филиалдың) басшысы, тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болған адам үшін) бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу фактілерінің болуы анықталған;
соңғы үш жыл ішінде Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 7), 9), 10), 13) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу фактілері бар;
осы қаржы ұйымын және басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданғанға дейін (оның ішінде банкроттық негізі бойынша) бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының немесе басқа заңды тұлғаның бірінші басшысы (Басқарма төрағасы), басшының орынбасары, бас бухгалтері болған. Көрсетілген талап қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады (оны банкрот деп тану негізін қосқанда);
депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның немесе Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының лауазымды адамын қоспағанда, борышкердің немесе таратылатын қаржы ұйымы кредиторының құрылтайшысы (қатысушысы, акционері) не лауазымды адамы болып табылатын;
таратылатын қаржы ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы, акционері) не лауазымды адамы болып табылатын;
таратылатын қаржы ұйымының дебиторы не кредиторы болып табылатын;
таратылатын қаржы ұйымына қатысты үлестес болып табылатын.
3. Қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі болып
тағайындалу үшін ұсынылатын құжаттарды қарау және тағайындау туралы шешім қабылдау
7. Қағидалардың 8, 12-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кандидат уәкілетті органға өзін қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі етіп тағайындау туралы өтінішін ұсынады, оның атауы мынадай құжаттар қоса беріле отырып, өтініште көрсетіледі:
1) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2) жоғары білім туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының нотариалды куәландырылған көшірмелері;
4) кандидаттың бұрын тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі болғаны туралы куәландыратын құжаттардың көшірмелері (мұндай құжаттар болған жағдайда);
5) сотталмағандығы туралы анықтама;
6) Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша кандидаттың тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі етіп тағайындауға арналған сауалнамасы;
7) ұсынылған құжаттар тізімдемесі.
8. Өзге қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болып табылатын не бос орынға өтініш берген күн алдындағы жыл ішінде өзге қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болған кандидат өзін қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі етіп тағайындау туралы өтінішін ұсынады, оның атауы мынадай құжаттар қоса беріле отырып, өтініште көрсетіледі:
1) кандидаттың тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі болып табылатыны не бұрын болғаны туралы куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
2) Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша кандидаттың тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі етіп тағайындауға арналған сауалнамасы;
3) сотталмағандығы туралы анықтама.
9. Уәкілетті орган Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген құжаттар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініштің және құжаттардың Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды. Кандидат ұсынған құжаттарды Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келу мәніне тексеру кезінде уәкілетті орган мемлекеттік органдарға және (немесе) өзге де тұлғаларға сұрау салулар жібереді.
10. Егер уәкілетті органға ұсынылған құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін болса, олар қаралмай-ақ кандидатқа қайтарылады. Қайтарылған құжаттардың көшірмелері кандидаттың іс қағаздарына қосып тіркеледі.
Кандидаттың қайталап ұсынылған құжаттары жаңадан келіп түскен болып есептеледі және Қағидаларда белгіленген тәртіппен қаралады.
11. Ұсынылған құжаттардың Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесі тестілеуге және әңгімелесуге жіберілген кандидатура(лар) бойынша қорытынды дайындайды.
Бұл қорытынды кандидат ұсынған құжаттар пакетіне қоса беріледі.
Бұрын қаржы ұйымының (филиалдың) басшысы болған немесе тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі болып тағайындалған кандидат үшін қорытындыда оның аталған лауазымдарындағы қызметі туралы, оның жол берген бұзушылықтары, қаржы ұйымындағы тарату рәсімдерінің жағдайы туралы мәліметтер көрсетіледі.
12. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның немесе Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметкері болып табылатын кандидат Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның немесе Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметкері болып табылатын кандидат Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсынбайды.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның немесе Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының өтінішхаты көрсетілген кандидаттың әңгімелесуге жіберілуі үшін негіз болып табылады.
13. Уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесі тестілеу өткізуге дейін жеті жұмыс күні бұрын кандидатты тестілеу өткізілетін күні және орны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
Кандидат белгіленген мерзімде тестілеуден өту үшін негізді себептер бойынша келмеген жағдайда, кандидат келмеу себептерін көрсете отырып, уәкілетті органға бұл туралы хабарлайды. Уәкілетті орган оған тестілеуден өту үшін жаңа мерзім белгілейді және тестілеу өткізуге дейін үш жұмыс күні бұрын кандидатты бұл туралы хабардар етеді.
Кандидаттарды тестілеу 30 сұрақ бойынша 45 минут ішінде компьютерлік тестілеу әдісімен жүргізіледі.
Кандидаттарды тестілеуге арналған сұрақтар уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Кандидаттарды тестілеу кезінде тестілеуден өтетін адаммен бір үй-жайда тек қана уәкілетті органның жауапты бөлімшесі қызметкерлерінің болуына рұқсат етіледі.
Кандидаттың тестілеуден өтуі кезінде қандай да бір жазбаша, электрондық немесе басқа ақпараттық материалдардың пайдаланылуына жол берілмейді. Осы тармақта баяндалған талаптардың бұзылуы тестілеудің теріс нәтижесіне теңестіріледі.
Тестілеудің оң нәтижесі алынған жағдайда (кем дегенде 70% дұрыс жауап) кандидат әңгімелесуге жіберілген болып есептеледі.
Кандидат тестілеуден өткеннен кейін дереу қол қойғызу арқылы тест нәтижелерімен таныстырылуға тиіс.
14. Әңгімелесуді уәкілетті органның бірінші басшысы бұйрығының негізінде құрылатын біліктілік комиссиясы өткізеді. Біліктілік комиссиясына Төраға (уәкілетті органның бірінші басшысы) басшылық етеді. Біліктілік комиссиясының құрамына уәкілетті органның бірінші басшысының орынбасары және уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері кіреді. Біліктілік комиссиясының шешімдері біліктілік комиссиясының отырысына қатысқандардың жай көпшілік дауысымен қабылданады.
Әңгімелесу қорытындылары біліктілік комиссиясының хаттамасымен ресімделеді.
Әңгімелесудің мақсаты кандидаттың қаржы ұйымдарын және өзге де заңды тұлғаларды тарату рәсімдерін жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер бойынша білімінің болуын, кандидаттардың Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін белгілеу, сондай-ақ кандидаттардың кәсіби білімін, қабілетін және жеке қасиеттерін анықтау болып табылады.
15. Уәкілетті орган тағайындау туралы шешімді дайындалған қорытынды және біліктілік комиссиясының хаттамасы негізінде қабылдайды және уәкілетті органның бірінші басшысының (оның міндетін атқаратын адамның) бұйрығы түрінде ресімдейді. Уәкілетті органның бірінші басшысының (оның міндетін атқаратын адамның) тағайындау туралы бұйрығында таратылатын қаржы ұйымының атауы, тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің тектері, аттары және бар болса әкелерінің аттары, олардың жеке бастарын куәландыратын құжаттардың деректемелері көрсетіледі.
16. Уәкілетті органның бірінші басшысы (оның міндетін атқаратын адам) бұйрығының көшірмесі бұйрыққа қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болып тағайындалған кандидатқа оның жіберілуін тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарымен жіберіледі немесе қолма-қол табыс етіледі.
17. Уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуден өтпей қалған және тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болып тағайындалмаған кандидатқа жазбаша хабарлама жібереді.
18. Өңірде қаржы ұйымының тарату комиссиясы төрағасының немесе мүшесінің-бөлімше басшысының бос орны болған жағдайда Қағидаларда белгіленген құжаттарды ұсынбай-ақ және тестілеу мен әңгімелесуден өтпей-ақ уәкілетті органның бұйрығымен міндетін атқаруды тарату комиссиясының басқа мүшесіне не тарату комиссиясына тартылған қызметкерге үш айға дейінгі мерзімге уақытша жүктеуге жол беріледі.
19. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда кандидатты қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі етіп тағайындамайды:
1) ұсынылған құжаттарда дәйексіз ақпарат болса;
2) қаржы ұйымында тарату рәсімдерін жүргізу, жүктелген міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қысым жасайтын не басқа кредиторларға артықшылық беретін әрекеттер жасау, өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) жасау (бұрын қаржы ұйымының (филиалдың) басшысы, тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болған адам үшін) бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу фактілері туралы құжаттар мен мәліметтер болса;
3) ол Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
4) тестілеудің және (немесе) әңгімелесудің нәтижесі теріс болса не тестілеуге және (немесе) әңгімелесуге негізді себепсіз келмесе.
4. Тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін
міндеттерін орындаудан босату
20. Уәкілетті орган тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін міндеттерін орындаудан мынадай негіздер бойынша босатады:
1) тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшелерінің өз міндеттерін орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы;
2) заңды тұлғаларды тарату рәсімдерін жүргізу бөлігінде азаматтық, қаржылық заңнамалар мен әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнаманың және Қағидалардың талаптарын бұзуы;
3) уәкілетті органның Қағидалардың 3-тармағына сәйкес уәкілетті органның қызметкерлері арасынан тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін тағайындау туралы шешімі;
4) тарату комиссиясы төрағасының не мүшесінің өз еркімен міндетін атқарудан босату туралы өтініші;
5) Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның немесе Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының өз қызметкерін тарату комиссиясы төрағасының немесе мүшесінің міндетін атқарудан босату туралы өтінішхаты.
21. Уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесі тарату комиссиясының есептері, тарату комиссиясының қызметіне жүргізілген тексерулер актілері, өтінішхаттар және өзге де материалдар негізінде қорытынды дайындайды.
22. Уәкілетті орган тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін міндеттерін орындаудан босату туралы шешімді дайындалған қорытынды және біліктілік комиссиясының хаттамасы негізінде қабылдайды.
23. Міндеттерді орындаудан босату туралы шешімнің көшірмесі оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тарату комиссиясының төрағасына және (немесе) мүшелеріне оның жіберілуін тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарымен жіберіледі немесе қолма-қол табыс етіледі.
Мәжбүрлеп таратылатын банктің,
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
тарату комиссиясын тағайындау
және босату қағидаларына және
тарату комиссиясының төрағасы
мен мүшелеріне қойылатын талаптарға
қосымша
Нысан
|
Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Кандидаттың тарату комиссиясының төрағасы не мүшесі етіп тағайындауға арналған
САУАЛНАМАСЫ
_____________________________________________________________________
(мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының толық атауы)
_____________________________________________________________________
20__ жылғы ___________________
(күні)
Лауазымның атауы ______________________________________________
Өмірбаян деректері:
1. Тегі, аты, бар болса – әкесінің аты
_____________________________________________________________________
(толық көрсетіңіз)
2. Тұрғылықты жерінің мекенжайы (оның ішінде почта индексін көрсете отырып)
_____________________________________________________________________
3. Туған күні мен жері
_____________________________________________________________________
4. Азаматтығы
_____________________________________________________________________
5. Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері
_____________________________________________________________________
6. Тұрғылықты жері бойынша тіркелуі
_____________________________________________________________________
7. Байланыс телефонының толық нөмірі
_____________________________________________________________________
8. Білімі туралы деректер (біліктілікті көтеру курстарын қоса алғанда):
тармақша |
оқу орнының, факультеттің (бөлімшенің, мамандықтың) атауы) |
оқу кезеңі |
берілген мамандық |
білімі туралы дипломның, сертификаттың, куәліктің деректемелері |
оқу орнының орналасқан жері |
1. |
|||||
2. |
|||||
... |
9. Сіздің біліктілігіңізді және құзыреттілігіңізді объективті
түрде айқындау үшін маңызды деп санайтын кез келген басқа ақпарат:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
10. Қаржы ұйымдарының және заңды тұлғалардың жарғылық
капиталында тікелей және (немесе) жанама қатысу:
тармақша |
заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері |
заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері |
Сіздің осы заңды тұлғаның жарғылық капиталында қатысу сомаңыз бен үлесіңіз |
1. |
|||
2. |
|||
... |
11. Алынған қарыздар туралы мәліметтер:
тармақша |
қарыз берген тұлғаның атауы (адамның аты) мен орналасқан жері |
қарыз бойынша негізгі борыш сомасы |
қарыз берілген күн |
қарыз |
ағымдағы сәттегі берешек сомасы |
қарыз бойынша сыйақы ставкасы |
1. |
||||||
2. |
||||||
... |
12. Қаржы нарығында құқық бұзушылықтар жасағаныңыз үшін
әкімшілік жауапкершілікке тартылдыңыз ба?
_____________________________________________________________________
13. Бұрын қаржы ұйымының немесе мәжбүрлеп таратылатын немесе банкрот
деп танылған басқа заңды тұлғаның басшы қызметкері болдыңыз ба?
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тарату (банкроттық) туралы
соттың шешім шығарған күні, таратылу (банкрот болу) себебі)
14. Өтелмеген соттылығыңыз бар ма?
_____________________________________________________________________
15. Сізге қатысты қаржы ұйымында тарату рәсімдерін жүргізу,
тарату рәсімдерін жүзеге асырған кезде жүктелген міндеттерді
орындамау немесе тиісінше орындамау, жекелеген кредиторлардың
мүдделеріне қысым жасайтын не басқаларға артықшылық беретін әрекеттер
жасау, өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) жасау бөлігінде Қазақстан
Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу фактілері бар ма?
Осылар бар болса, қандай екенін көрсетіңіз ____________________
_____________________________________________________________________
(ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі)
16. Сізде соңғы үш жыл ішінде Қазақстан Республикасының 2007
жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 7), 9), 10),
13) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің
бастамасымен еңбек шартын бұзу фактілері бар ма?
_____________________________________________________________________
17. Сіз осы қаржы ұйымын және басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп
тарату туралы шешім қабылданғанға дейін (оның ішінде банкроттық
негізі бойынша) бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының
немесе басқа заңды тұлғаның бірінші басшысы (Басқарма төрағасы),
басшының орынбасары, бас бухгалтері болдыңыз ба? ___________________
____________________________________________________________________
(ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі, тарату (банкроттық) туралы
соттың шешім шығарған күні, таратылу (банкрот болу) себебі)
18. Сіз борышкердің немесе таратылатын қаржы ұйымы кредиторының
құрылтайшысы (қатысушысы, акционері) не лауазымды адамы болып
табыласыз ба? _______________________________________________________
19. Сіз таратылатын қаржы ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы,
акционері) не лауазымды адамы болып табыласыз ба?
_____________________________________________________________________
20. Сіз таратылатын қаржы ұйымының дебиторы не кредиторы болып
табыласыз ба? _______________________________________________________
21. Сіз таратылатын қаржы ұйымына қатысты үлестес тұлға болып
табыласыз ба? _______________________________________________________
Қолы __________ Күні ___________
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 25 ақпандағы
№ 71 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының «Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау және босату ережесін және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2004 жылғы 16 ақпандағы № 41 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2771 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау ережесін және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2004 жылы 16 ақпандағы № 41 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4043 тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау және босату ережесін және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2004 жылғы 16 ақпандағы № 41 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 187 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5441 тіркелген).
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Еріксіз таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау және босату ережесін және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2004 жылғы 16 ақпандағы № 41 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2011 жылғы 1 шілдедегі № 71 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7123 тіркелген, 2011 жылғы 19 қазанда «Заң газеті» газетінде № 152 (1968) жарияланған).