"Мемлекеттік мекемелердің дебиторлық берешек туралы есептерді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 461 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы N 30 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылы 27 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4058. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 644 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008.12.30 N 644 Бұйрығымен.
___________________________________________

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 121-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мекемелердің дебиторлық берешек туралы есептерді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 461 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3368 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 4 мамырдағы N 170 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3638 болып тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің дебиторлық берешек туралы есептерді жасау және ұсыну ережесі:
      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      "11-1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері теңгерімдерінің есептеу баптары бойынша дебиторлық берешектің жағдайы туралы талдамалы деректер осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және мынадай үлгіде толтырылады:
      1-бағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы көрсетіледі;
      2-бағанның бағаншаларында әрбір қосалқы шот бойынша есепті кезеңде қалыптасқан дебиторлық берешек сомаларын көрсете отырып, бухгалтерлік есепке алудың қосалқы шоттарының атаулары мен кодтары көрсетіледі;
      3-бағанда есепті күнгі жағдай бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша тұтастай алғанда дебиторлық берешектің сомасы көрсетіледі;
      4-бағанда қаржы жылының басында қалыптасқан бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша дебиторлық берешектің жалпы сомасы көрсетіледі;
      5-бағанда ағымдағы жылы қалыптасқан дебиторлық берешектің сомасы көрсетіледі (3 және 4 бағандар айырмасы);
      "Есепті күнге жиыны" және "Жылдың басына жиыны" деген жолдарда есепті күнге және қаржы жылының басында қалыптасқан әрбір қосалқы шот бойынша тұтастай алғанда дебиторлық берешектің жалпы сомалары көрсетіледі;
      "Ауытқу" деген жолда ағымдағы жылы қалыптасқан әрбір қосалқы шот бойынша дебиторлық берешектің сомасы көрсетіледі ("Есепті күнге жиыны»және "Жылдың басына жиыны деген жолдар айырмасы).";

      20-тармақта:
      "15" деген сан "20" деген санмен ауыстырылсын;
      "нақтыланған есептерді" деген сөздерден кейін "тиісті кезеңдердегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері теңгерімдерінің есептеу баптары бойынша дебиторлық берешектің жағдайы туралы талдамалы деректермен бірге" деген сөздермен толықтырылсын;

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "22. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары ұсынатын КБ-Б-жиынтық және КБ-Ө-жиынтық нысандары бойынша дебиторлық берешек туралы есептер, сондай-ақ осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері теңгерімдерінің есептеу баптары бойынша дебиторлық берешектің жағдайы туралы талдамалы деректерге жергілікті атқарушы органның, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның және олардың жасалуына жауапты оның құрылымдық бөлімшесінің басшылары қол қояды және тиісті жергілікті атқарушы органның мөрімен расталады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "23. Қазынашылық комитеті ұсынатын КБ-Б-жиынтық және КБ-Ө-жиынтық нысандары бойынша дебиторлық берешек туралы есептер, сондай-ақ осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері теңгерімдерінің есептеу баптары бойынша дебиторлық берешектің жағдайы туралы талдамалы деректерге Қазынашылық комитетінің, олардың жасалуына жауапты оның құрылымдық бөлімшесінің басшылары қол қояды және Қазынашылық комитетінің мөрімен расталады.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Есептілік және статистика департаменті (Л.И.Парусимова) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында оның кейінгі жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы       
Қаржы министрінің          
2006 жылғы 26 қаңтардағы      
N 30 бұйрығына қосымша      

                                       Мемлекеттік мекемелердің
                                       дебиторлық берешек туралы
                                       есептерді жасау және ұсыну
                                          ережесіне 5-қосымша

      Республикалық/жергілікті бюджеттік бағдарламалар
     әкімшілері теңгерімдерінің есептеу баптары бойынша
           дебиторлық берешектің жағдайы туралы
               200__жылғы_________арналған
                    талдамалы деректер

Бюджеттің түрі - _______________
Мерзімділігі -   тоқсандық, жылдық
Өлшем бірлігі - мың теңге

ББӘ атауы

Қосалқы шоттар

Есепті
күнге

Жылдың
басына

Жылдың
басымен
салыстыр-
ғанда
ауытқу

N_

N_

N_




1

2

3

4

5

1.







2.







...







Есепті күнге
жиыны







Жылдың басына
жиыны







Ауытқу







  Қазынашылық комитетінің/бюджетті
атқару жөніндегі жергілікті
уәкілетті органның басшысы
         _____________         _________________________
    М.О     (қолы)            (қолтаңбаның толық жазылуы)
 
Қазынашылық комитеті құрылымдық
бөлімшесінің/деректерді жасауға
жауапты, бюджетті атқару
жөніндегі жергілікті уәкілетті
органның басшысы

        _____________         __________________________
            (қолы)            (қолтаңбаның толық жазылуы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады