Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына Типтік біліктілік талаптарын бекіту туралы" 2004 жылғы 23 қаңтардағы 02-01-02/9 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 10 ақпандағы N 02-01-02/28 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 21 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 4096. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2008 жылғы 9 қаңтардағы N 02-01-02/5 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2008.01.09.  N 02-01-02/5  Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы"  Заңының  5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына Типтік біліктілік талаптарын бекіту туралы" 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 02-01-02/9  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2697 тіркелген, 2004 жылғы 13 және 14 қаңтардағы N 33-34, 35 "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 24 ақпандағы  N 02-01-02/21  және 2005 жылғы 11 ақпандағы  N 02-01-02/21  бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына типтік біліктілік талаптарында:

      5-тармақтың 2), 3) тармақшаларында; 6-тармақтың 2), 3) тармақшаларында; 7-тармақтың 14) тармақшасында; 9-тармақтың 6) тармақшасында ", не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқуы" деген сөздер алынып тасталсын;

      5-тармақтың 4) тармақшасында; 6-тармақтың 4) тармақшасында; 7-тармақтың 3), 4), 10), 15) тармақшаларында; 8-тармақтың 3), 8) тармақшаларында; 9-тармақтың 7), 11) тармақшаларында "оқуы" деген сөз "оқуды (магистратура, докторантура) аяқтауы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың 5) тармақшасында; 6-тармақтың 5) тармақшасында; 7-тармақтың 5), 6), 11), 16) тармақшаларында; 8-тармақтың 4), 9) тармақшаларында; 9-тармақтың 3), 8), 12) тармақшаларында "оқуы" деген сөз "оқуды (бакалавриат) аяқтауы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың 4), 5) тармақшаларында; 6-тармақтың 4), 5) тармақшаларында; 7-тармақтың 3), 4), 5), 6), 10), 11), 15), 16) тармақшаларында; 8-тармақтың 3), 4), 8), 9) тармақшаларында; 9-тармақтың 3), 7), 8), 11), 12) тармақшаларында "бойынша" деген сөзден кейін "немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      9-тармақтың 2) тармағында "басшылық лауазымдарда" деген сөздерден кейін ", не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды (магистратура, докторантура) аяқтауы" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады