"Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша қызметті лицензиялаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі N 97 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 3 ақпандағы N 67 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 21 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 4098. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 20 маусымдағы N 385 бұйрығымен.

        Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.06.20 N 385 бұйрығымен.

-------------Бұйрықтан үзінді----------------

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының  27-бабының  1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылған деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2008 жылғы 20 маусымдағы  
N 385 бұйрығына қосымша  

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. ...;
      2. ...;
      3. ...;
      4. ...;
      5. ...;
      6. "Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша қызметті лицензиялаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі N 97 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 3 ақпандағы N 67  бұйрығы  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 21 ақпанда N 4098 тіркелді; 2006 жылғы 10 наурыздағы N 42-43 (849)»"Заң газетінде" жарияланды).
-----------------------------  

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша қызметті лицензиялаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі
N 97  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1124 тіркелген, 2000 жылғы 30 мамырдағы "Казахстанская правда" газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 21 маусымдағы N 67, 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150, 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 4, 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 484 бұйрықтарымен өзгерістер енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша қызметті лицензиялаудың ережесінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензияны алушыға (Лицензиатқа) лицензияны беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, қайтадан бастау және тоқтату, лицензияны соттан тыс қайтарып алу тиісті облыстың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі - Лицензиар) жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Уәкілетті органның мемлекеттік астық инспекторы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес астықты сақтау бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) қайтарып алу туралы Лицензиарға ұсыныс енгізеді.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;";

      7-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

      12-1-тармақтың 1) тармақшасындағы "қайта тіркеу" деген сөздер "тіркеу (қайта тіркеу)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Лицензияны қайтарып алуды ұсыну Лицензиардың шешімімен құрылған комиссиямен астық қабылдау кәсіпорынын тексерудің негізінде жүзеге асырылады. Лицензия қайтып алынған жағдайда Лицензиат ресми хабарлауды алғаннан бастап он күн ішінде лицензияны Лицензиарға қайтарады.";

      14-1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен" деген сөздер "Лицензиардың шешімімен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақта:
      бірінші абзацтағы "облыстық аумақтық басқарманың бірінші басшысының бұйрығымен" деген сөздер "Лицензиардың шешімімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Лицензияның әрекетін тоқтату туралы Лицензиар шешімінің көшірмесі Лицензиатқа жіберіледі.";

      15-1-тармақта "Лицензиар белгіленген заңнамалық тәртіппен лицензияны қайтып алуы" деген сөздер "уәкілетті орган лицензияны қайтып алу туралы Лицензиарға ұсыныс енгізеді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "18. Лицензиар заңнамада белгіленген тәртіппен тоқтата тұру себебін көрсете отырып, лицензияның әрекетін тоқтата тұруға құқығы бар. Лицензияның әрекетін тоқтата тұру астық қабылдау кәсіпорынын тексеру қорытындысының негізінде жүргізіледі. Лицензияның әрекетін тоқтату туралы Лицензиар шешімінің көшірмесі жеті календарлық күннен көп емес мерзімде Лицензиатқа жіберіледі.
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi лицензиясының күшiн тоқтата тұруды Лицензиардың өтiнiшi бойынша сот жүргізеді.
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi лицензиясының күшiн тоқтата тұру туралы өтiнiштi Лицензиар Қазақстан Республикасының заңдық актiлерi негізінде белгiленген тәртiппен сотқа жолдайды.";

      23-тармақтың бірінші абзацындағы "жоюға міндетті" деген сөздер "жояды" деген сөзбен ауыстырылсын; 

      24-тармақтағы "облыстық аумақтық басқарманың ұсынысының және" деген сөздер алынып тасталсын;

      29-1-тармақта:
      "облыстық аумақтық басқармасының бірінші басшысымен бекітіледі және Лицензиарға тапсырылады" деген сөздер "Лицензиардың шешімімен бекітіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ресімделген" деген сөзден кейінгі "және бекітілген" деген сөздер алынып тасталсын;

      Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша қызметті лицензиялаудың ережесіне 2-қосымшада:
      "Бекітілді" ҚР АШМ аумақтық басқармасының бастығы ____________ Аты, жөні 200__ жылғы "__"_____" деген сөздер алынып тасталсын;
      текст бойынша "Мемлекеттік астық инспекторы" деген сөздер "Лицензиардың өкілі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Комиссия мүшелері:" жолынан кейінгі текст мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "ҚР АШМ АБ мемлекеттік астық инспекторы_________________";
      текст бойынша "Өсімдіктерді қорғау және карантин бойынша инспектор _________________" жолындағы "Өсімдіктерді" сөзінің алдында "ҚР АШМ АБ" деген сөздермен толықтырылсын;
      текст бойынша "Санитарлық бақылау" деген сөздер "Санитарлы-эпидемиологиялық қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      текст бойынша "Экологиялық бақылау" деген сөздер "Қоршаған ортаны қорғау саласы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Егіншілік департаменті (Буць А.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады