Астық қабылдау кәсiпорындарында астықты сақтау жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың Ережелерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2000 жылғы 4 сәуірдегі N 97 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 29 сәуір тіркелді. Тіркеу N 1124. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 20 маусымдағы N 385 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.06.20 N 385 бұйрығымен.

-------------Бұйрықтан үзінді----------------

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының  27-бабының  1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылған деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2008 жылғы 20 маусымдағы  
N 385 бұйрығына қосымша  

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша
қызметті лицензиялаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі N 97  бұйрығы  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 29 сәуірде N 1124 тіркелді);
      2. ...;
      3. ...;
      4. ...;
      5. ...;
      6. .... 
-----------------------------  

      Ескерту: Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150   бұйрығымен

      "Элеваторларда астық пен оны қайта өңдеу өнiмдерiн қабылдау, сақтау, өңдеу жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың жекелеген мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 ақпандағы N 273  қаулысына  сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса берiлiп отырған Элеваторларда астық пен оны қайта өңдеу өнiмдерiн қабылдау, сақтау, өңдеу жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың Ережелерi бекiтiлсiн.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде оның мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.     

       Министр

     
Ауыл шаруашылығы министрлігі
 2000 жылғы 4 сәуірдегі N 97
бұйрығымен бекітілген   

  Астық қабылдау кәсiпорындарында астықты сақтау
жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың 
Ережелерi

      Ескерту: Ереженің атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150   бұйрығымен .   

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже астық қабылдау кәсiпорындарында астықты сақтау жөнiндегi қызметтi iске асыруға арналған бас лицензия беру, қайтарып алу, олардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату және қайтадан бастау тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi. 
       Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150   бұйрығымен 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 4   бұйрығымен .  

      2. Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензияны алушыға (Лицензиатқа) лицензияны беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, қайтадан бастау және тоқтату, лицензияны соттан тыс қайтарып алу тиісті облыстың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі - Лицензиар) жүргізіледі.
       Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 3 ақпандағы N 67   бұйрығымен

      2-1. Уәкілетті органның мемлекеттік астық инспекторы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес астықты сақтау бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) қайтарып алу туралы Лицензиарға ұсыныс енгізеді.
       Ескерту: 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 3 ақпандағы N 67   бұйрығымен

      3. Астықты сақтау жүзеге асырылатын меншiк құқығында астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пунктi) бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары лицензиялау субъектiлерi болып табылады. 
       Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді  - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150   бұйрығымен 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 484   бұйрығымен .

      4. Егер заң шығарушы актiлерде басқаша көзделген болмаса, лицензиялар иелiктен алынбайды, яғни Лицензиатор және заңды тұлғаларға бермейдi. 
       Ескерту: 4-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150   бұйрығымен .  

      5. Осы Ережелерде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 
      1) астық қабылдау кәсіпорны - астық сақтау жүзеге асырылатын меншік құқығындағы астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) бар заңды тұлға;
      2) астықты сақтау - астық қоймасында (элеваторда, астық қабылдау пунктінде) жүзеге асырылатын, астық қабылдауды, өлшеуді, кептіруді, тазартуды, сақтауды және тиеп жөнелтуді қамтитын қызмет көрсетулердің технологиялық кешені;
      2-1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
      3) астықты қабылдау бойынша қызмет көрсету - астықтың астық сақтау қоймасына келіп түсуі, партияларды қалыптастыру және тиімді орналастыру кезіндегі астықтың көлемі мен сапасын анықтау бойынша, сонымен бірге дербес шоты бойынша астықты есептеу іс-шаралары;
      4) астықты өлшеу бойынша қызмет көрсету - таразыда астықтың салмағын анықтау;
      5) астықты кептіру бойынша қызмет көрсету - астық ылғалдылығын төмендетуге бағытталған технологиялық операциялар жиынтығы;
      6) астықты тазарту бойынша қызмет көрсету - астықта бар қоспаларды бөлу жөніндегі технологиялық операциялардың жиынтығы;
      7) астықты сақтау бойынша қызмет көрсету - астықтың санды-сапалы сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі технологиялық операциялар жиынтығы астық сақтау қоймаларында астықтың сапасы мен жағдайын бақылау жөніндегі іс-шаралар;
      8) астықты тиеп жөнелту бойынша қызмет көрсету - астықты жіберу жөніндегі технологиялық операциялардың жиынтығы. 
       Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150   бұйрығымен 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 4   бұйрығымен 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 484   бұйрығымен 2006 жылғы 3 ақпандағы N 67   бұйрығымен .

  2. Лицензия берудiң шарттары мен тәртiбi  

      6. Лицензиар, бiлiктiлiк деңгейi "Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау жөніндегі" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 ақпандағы N 273  қаулысымен  белгiленген талаптарға сай келетiн барлық тұлғалар үшiн тең негiзде және жағдайда лицензиялар берудi жүзеге асырады. 
       Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150   бұйрығымен

      7. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары лицензия алу үшiн Лицензиарға мынадай құжаттар бередi: 
      1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш; 
      2) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу куәлiгiнiң нотариалдық расталған көшiрмесi; 
      3) лицензиялық алымды төлегендiгi туралы түбiртек немесе төлем құжатының көшiрмесi; 
      4)  алынып тасталды ;
      5) астық қабылдау кәсіпорнының мүліктік кешеніне меншік құқығын тіркеу туралы куәліктің нотариалдық расталған көшірмесі. 
       Ескерту: 7-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің 2000 жылғы 21 маусымдағы   N 167  бұйрығымен 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150   бұйрығымен 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 4   бұйрығымен 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 484   бұйрығымен 2006 жылғы 3 ақпандағы N 67   бұйрығымен .

      7-1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы "Астық туралы"  Заңының  25, 28, 29, 31 баптарына сәйкес лицензия беру кезінде мәлімдеуші заңнамалық актілермен белгіленген жағдайларда уақытша басқаруды кіргізу мүмкіндігі және астық қабылдайтын кәсіпорындарды басқару жөніндегі құрылтайшылардың құқығын шектеу жайлы хабарландырылуға (таныстырылуға) жатады. Хабарландыру Лицензиардың берілген хабарламалар журналында тіркеледі және мәлімдеушіге жазбаша қол қойылып беріледі. 
       Ескерту: 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150   бұйрығымен 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 484   бұйрығымен .  

      8. Лицензия, егер заң шығарушы актiлер басқа мерзiм белгiлемесе ("Лицензиялау туралы"  ҚРЗ  17-бап), барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiкпей берiледi. 

      9. Астықты сақтау бойынша лицензияда астық сақтау қоймасының (элеватордың, астық қабылдау кәсіпорнының) орналасқан жері көрсетіледі. 
       Ескерту: 9-тармақ өзгертілді, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150   бұйрығымен 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 4   бұйрығымен .

      9-1. Лицензиат лицензия алған кезде осы Ережедегі  1-қосымшаға  сәйкес нысан бойынша астық қолхатына қол қоюға уәкілетті адамдардың аты-жөні және әкесінің аты жазылған, олардың қойылған қолдарының үлгілері, сондай-ақ астық қолхатына қойылған мөрдің бедер-таңбасының үлгісі бар карточканы нотариалды растап Лицензиарға табыс етеді.
       Ескерту: 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 484   бұйрығымен .  

      10. Мынадай негiздер бойынша лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн: 
      заң шығарушы актiлер осы санаттағы субъектiлер үшiн астық пен оны сақтау бойынша қызметтi жүзеге асыруға тыйым салуы; 
      осы Ережелердiң 7-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық тізбесімен берiлмеуi; 
      қызметтiң осы түрiмен шұғылдану құқығы үшiн алым төлемеу; 
      өтiнiш берушi "Астықты астық қабылдау кәсіпорындарында сақтау жөніндегі" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 22 ақпандағы N 273  қаулысымен  белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай келмейдi; 
      өтiнiш берушiге қызметтiң осы түрiмен шұғылдануға тыйым салған, ол жайында соттың шешiмi бар;
      кәсіпорын Жарғысының қызмет түрлері бөлігінде "Астық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  19-бабының  талаптарына сәйкес келмеуі. 
      Өтiнiш иесi аталған кедергiлердi жойғанда өтiнiш жалпы негiзде қаралады.
       Ескерту: 10-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150   бұйрығымен 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 4   бұйрығымен 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 484   бұйрығымен .

      11. Лицензия беруден бас тарту туралы шешiм жөнiнде, өтiнiш берушi сотқа шағым ете алады. 

      12. Заңды тұлғаны тiркеу, сол сияқты мекен-жайы және басқа банктiк деректемелер өзгертiлген жағдайда 10 күн мерзiмде Лицензиат бұл туралы Лицензиарға хабарлауға мiндеттi.

      12-1. Заңды тұлғаның атауы немесе ұйымдастыру-құқықтық нысаны өзгертілген жағдайда ол бір ай ішінде мынадай қосымша құжаттарымен лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті:
      1) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігінің нотариалдық расталған көшірмесі;
      2) лицензиялық алымды төлегендігі туралы түбіртек немесе төлем құжатының көшірмесі;
      3) лицензияның түпнұсқасы.
       Ескерту: 12-1-тармақпен толықтырылды, өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 484   бұйрығымен 2006 жылғы 3 ақпандағы N 67   бұйрығымен .

      13. Лицензия сот тәртібiмен қайтарылып алынуы мүмкін:
      1) біліктілік талаптарды Лицензиат бұзғанда;
      2) Лицензиаттың өзі жүзеге асыруға лицензия алған қызмет түрімен айналысуына сот тиым салғанда;
      3) Лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтата тұрған себептер 
жойылмаса;
      4) Лицензия алған кезде Лицензиат көрнеу жалған ақпарат берген жағдайларда.
       Ескерту: 13-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150   бұйрығымен .   

      14. Лицензияны қайтарып алуды ұсыну Лицензиардың шешімімен құрылған комиссиямен астық қабылдау кәсіпорынын тексерудің негізінде жүзеге асырылады. Лицензия қайтып алынған жағдайда Лицензиат ресми хабарлауды алғаннан бастап он күн ішінде лицензияны Лицензиарға қайтарады.
       Ескерту: 14-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2006 жылғы 3 ақпандағы N 67   бұйрығымен .

      14-1. Лицензиат лицензиядан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда соттан тыс тәртіппен лицензия кері қайтарып алынады. Лицензияның соттан тыс тәртіппен кері қайтарып алынуы Лицензиардың шешімімен жүзеге асырылады.
       Ескерту: 14-1-тармақпен толықтырылды, өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 484   бұйрығымен 2006 жылғы 3 ақпандағы N 67   бұйрығымен .

      15. Лицензияның әрекетін тоқтату Лицензиардың шешімімен:
      лицензияны қайтарып алу туралы сот шешімінің;
      заңды тұлғаның жойылуы немесе қайта құрылуының негізінде жүргізіледі;
      Лицензияның әрекетін тоқтату туралы Лицензиар шешімінің көшірмесі Лицензиатқа жіберіледі.
      Лицензияның әрекетін тоқтату туралы бұйрықтың көшірмесі Лицензиарға және Лицензиатқа жіберіледі.
       Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150   бұйрығымен 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 4   бұйрығымен 2006 жылғы 3 ақпандағы N 67   бұйрығымен .

      15-1. Егер астық қабылдау кәсіпорынын уақытша басқару астық жөніндегі қолхат міндеттемесін орындау қабiлеттiлігiн қалпына келтірмеген жағдайда, уәкілетті орган лицензияны қайтып алу туралы Лицензиарға ұсыныс енгізеді және астық қабылдау кәсіпорынын жоюды бастауы мүмкін.
       Ескерту: 15-1-тармақпен толықтырылды, өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150   бұйрығымен 2006 жылғы 3 ақпандағы N 67   бұйрығымен .

      16. Лицензиялық алым мөлшерi мен оған төлем жүргiзу тәртiбi заңдарда белгiленедi.

      17. Лицензияны қолдануды тоқтатуға байланысты дауларды соттар шешедi.

      18. Лицензиар заңнамада белгіленген тәртіппен тоқтата тұру себебін көрсете отырып, лицензияның әрекетін тоқтата тұруға құқығы бар. Лицензияның әрекетін тоқтата тұру астық қабылдау кәсіпорынын тексеру қорытындысының негізінде жүргізіледі. Лицензияның әрекетін тоқтату туралы Лицензиар шешімінің көшірмесі жеті календарлық күннен көп емес мерзімде Лицензиатқа жіберіледі.
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi лицензиясының күшiн тоқтата тұруды Лицензиардың өтiнiшi бойынша сот жүргізеді.
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi лицензиясының күшiн тоқтата тұру туралы өтiнiштi Лицензиар Қазақстан Республикасының заңдық актiлерi негізінде белгiленген тәртiппен сотқа жолдайды.
      Ескерту: 18-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2006 жылғы 3 ақпандағы N 67   бұйрығымен .

      18-1. Астық сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтас алғанда немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру:
      1) астық қолхатынан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген фитосанитариялық ережелер мен нормаларды бұзғаны;
      3) нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны не уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамағаны;
      4) астық қабылдау кәсіпорындары үшін шектелген қызметті жүзеге асырғаны;
      5) астық қолхаттарын ұстаушылардың өтініштері бойынша, астықты қабылдау және түсіру-тиеу кезінде және олар құжаттамамен расталған жағдайда астықтың саны мен сапасының көрсеткіштерін үнемі бұрмалау фактілерінің анықталғаны (кейінгі күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет);
      6) жыл сайынғы міндетті аудит өткізу туралы талаптарды орындамағаны үшін жүргізіледі. 
       Ескерту: 18-1-тармақпен толықтырылды, өзгертілді, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150   бұйрығымен 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 4   бұйрығымен 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 484   бұйрығымен .

      19. Лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы шешiм жөнiнде Лицензиат сотқа шағым етуге құқылы. 

      20. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы мәселенi қарау тексерiстiң нәтижелерi бойынша лицензиаттың қатысуымен жүргiзiледi. 

      21. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы мәселенiң қаралатын күнi мен орыны туралы Лицензиаттың өзiне қолын қойдырып немесе пошта арқылы хабарламамен (ескерту хатымен) құлақтандырылады. 

      22. Лицензиат келмей қалған жағдайда лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы шешiм оның қатысуынсыз қабылданады. 

      23. Лицензияның қолданылу күшi тоқтатылған жағдайда Лицензиат анықталған бұрмалаушылықты жояды, осыдан соң Лицензиардың жазбаша хабарламасы бойынша лицензияның қолданылу күшi жаңартылуы мүмкiн.
      Лицензияның қолданылу күшiн тоқтату жөнiнде жазбаша хабарлама алғаннан кейiнгi Лицензиаттың iс-әрекетi заңсыз болып есептелiнедi және заңдарда белгiленген жауапкершiлiкке тартылады.
       Ескерту: 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2006 жылғы 3 ақпандағы N 67   бұйрығымен

      24. Лицензияның қолданылу күшi тоқтатылған себептер жойылғаннан кейiн Лицензиармен, заңды бұзу анықталып жойылғанын растау құжаттарының негізінде алып лицензияны қолдану жаңғыртылады. 
       Ескерту: 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 4   бұйрығымен 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 484   бұйрығымен 2006 жылғы 3 ақпандағы N 67   бұйрығымен

      25. Лицензия жоғалған жағдайда Лицензиат көшiрме алуға құқылы. Лицензиаттың өтiнiшi бойынша, қосымша ақы алмай, он күн iшiнде Лицензиар көшiрменi бередi. Сонымен бiрге Лицензиат астық қабылдау кәсiпорындарында астықты сақтау жөнiндегi қызметпен шұғылдану құқығы үшiн алым төлейдi. 
       Ескерту: 25-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150   бұйрығымен .  

  3. Есеп және бақылау  

      26. Астық сақтау жөнiндегi қызметтi тиiстi лицензиясыз немесе лицензиялық нормалар мен тәртiптердi бұзып жүзеге асыру заңдарда белгiленген жауапқа тартуға себеп болады. 
       Ескерту: 26-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 4   бұйрығымен .

      27. Лицензия бланкiлерi қатаң есептiлiк құжаттары болып табылады. 
      Лицензия бланкiлерiн берудiң есебi арнайы журналда жүргiзiледi. 

      28. Бiлiктiлiк талаптарының және осы Ережелердiң сақталуын тексерудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Лицензиар жүргiзедi. 

      29. Лицензия берген Лицензиар өз құзыретi шегiнде Лицензиаттардан тиiстi құжаттарды талап етуге және бақылау функцияларын орындауға қажеттi ақпарат алуға құқылы. 

      29-1. Лицензиаттың біліктілік талаптарға сәйкестігін растау үшін Лицензиат жыл сайын астық қабылдау кәсіпорнының жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тексеріледі. Соның қорытындысы бойынша  астық қабылдау кәсіпорнының біліктілік талаптарына сәйкестігі және жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы нысанасына осы Ережедегі  2-қосымшаға  сәйкес нысан бойынша зерттеу актісі (бұдан әрі - зерттеу актісі) жасалады. Астық қабылдау кәсіпорынының біліктілік талаптарға сәйкестігін және жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығын тексеру кестесі және комиссия құрамы жыл сайын Лицензиардың шешімімен бекітіледі. Көрсетілген тексеру мерзіміне үш айдан кем емес уақытта кесте Лицензиарға жеткізіледі. Ретті түрде ресімделген зерттеу актісі Лицензиарға жіберіледі, ол құжаттың түскен уақытынан бастап отыз календарлық күннен көп емес мерзімде лицензияны растау туралы шешім қабылдайды.
      Лицензияны растаудан бас тарту оның әрекетін тоқтата тұру үшін негіз болады.
       Ескерту: 29-1-тармақпен толықтырылды, жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150   бұйрығымен 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 4   бұйрығымен 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 484   бұйрығымен 2006 жылғы 3 ақпандағы N 67   бұйрығымен

      29-2. Лицензиат статистикалық мемлекеттiк органдарының келiсiмi бойынша Лицензиар белгiлеген үлгiлерi мен мерзiмдерi жөнiндегi бiлiктiлiк талаптарын сақтау мәселелерi жөнiндегi есептердi тапсыруға мiндеттi.
       Ескерту: 29-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150   бұйрығымен .

      30. Лицензиар астық қабылдайтын кәсiпорындарда астықты сақтау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензиялардың бiрыңғай реестрін жүргiзедi. Оған лицензияларды беру, олардың қимылын тоқтата тұру және қайтарып алу туралы барлық мәлiметтер кiргiзiледi.
       Ескерту: 30-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 29 мамырдағы N 150   бұйрығымен .

                                   Астық қабылдау кәсіпорындарында 
                                   астықты сақтау бойынша қызметті 
                                       лицензиялаудың ережесіне     
                                              1-қосымша

       Ескерту: Қосымшамен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 484   бұйрығымен .

                         Карточка

__________________________________________________________________
      (астық қабылдау кәсіпорнының атауы, орналасқан жері)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(астық қолхатына қол қоюға уәкілетті адамдардың аты-жөні және
әкесінің аты)

      Қойылған қолдарының үлгілері және мөрдің бедер-таңбасы

______________________________________         ___________________
(аты-жөні және әкесінің аты, лауазымы)                (қолы)
______________________________________         ___________________
(аты-жөні және әкесінің аты, лауазымы)                (қолы)
______________________________________         ___________________
(аты-жөні және әкесінің аты, лауазымы)                (қолы)

М.О.

                                 Астық қабылдау кәсіпорындарында 
                                 астықты сақтау бойынша қызметті 
                                    лицензиялаудың ережесіне     
                                           2-қосымша             

       Ескерту: Қосымшамен толықтырылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылық министрінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 484   бұйрығымен 2006 жылғы 3 ақпандағы N 67   бұйрығымен .

       Астық қабылдау кәсіпорнының біліктілік талаптарға
         сәйкестігін және 200__ жылғы егіннің астығын
                қабылдауға дайындығын зерттеу
                           Актісі

200__ жылғы "___"________             ____________________________
                                 Астық қабылдау кәсіпорнының атауы

Мына құрамдағы комиссия:
Төраға: Лицензиардың өкілі__________ _____________________________
Комиссия мүшелері:
Астық қабылдау кәсіпорнының басшысы ______________________________
Санитарлы-эпидемиологиялық қызмет
органының өкілі __________________________________________________
Қоршаған ортаны қорғау саласы органының өкілі ____________________
ҚР АШМ АБ Өсімдіктерді қорғау және карантин бойынша инспектор_____
кәсіпорынның 200__ жылғы егіннің астығын қабылдауға дайындығына
тексеру жүргізді.
Тексерумен анықталды:

 1. Ғимараттардың, құрылыстардың және құрал жабдықтардың дайындығы
___________________________________________________________________
              Объект           |Өлшем бірлігі|01.01.200__|Дайындығы
                               |             |жылғы қолда| туралы
                               |             |   бары    | мәлімет
___________________________________________________________________
Астық қоймасының сыйымдылығы      мың тонна
оның ішінде: элеваторлық          мың тонна
пайдалануға жоспарланғаны         мың тонна
оның ішінде: қоймалық             мың тонна
пайдалануға жоспарланғаны         мың тонна
оның ішінде тұқым сақтауға
арналған қоймалық                 мың тонна
Астық кептіргіштер                штук/тонна
                                  1 сағатта
Асфальтталған алаңдар             мың м 2
Автомобиль түсіргіштер            штук
Астық тазалау машиналары          штук
Жылжымалы тасымалдау жабдықтары   штук
Автомобиль таразылары             штук
Вагон таразылары                  штук
Астық температурасын бақылайтын
арақашықтық қондырғылар           комплект
Белсенді желдету үшін
желдеткіштер                      штук
___________________________________________________________________
м 2  - шаршы метр

  2. Зертханалардың және зертханалық құрал жабдықтардың дайындығы
___________________________________________________________________
           Объект            |Өлшем бірлігі|  01.01. |Дайын. |Дайын
                             |             |200_жылғы|далғыны|емесі
                             |             |  қолда  |       |
                             |             |  бары   |       |
___________________________________________________________________
Зертхана                          штук
Сынақ алғыштар                    штук
Ылғал өлшегіштер                  штук
Кептіргіш шкафтар                 штук
Өлшегіштер                        штук
Дән маңызын анықтау үшін
жуатын жабдықтар                  штук
Зертханалық таразылар             штук
Дән ұнтау үшін диірмендер         штук
Елеуіштер комплектісі             штук
___________________________________________________________________

                 3. Іс шаралардың орындалысы
___________________________________________________________________
           Талаптар            |   Орындалысы (керек  | Растайтын
                               |  емесін сызу керек)  |құжатты беру
                               |                      |  мерзімі
___________________________________________________________________
Экологиялық бақылаудың
талаптары                       Орындалды  Орындалмады
Санитарлық бақылаудың
талаптары                       Орындалды  Орындалмады
Өсімдіктерді қорғау және
карантин бойынша талаптары      Орындалды  Орындалмады
Зертханада өлшемдердің
жай-күйін бағалау туралы
куәліктің бар болуы             Бар        Жоқ
Қозғалмайтын мүлікке құқықты
тіркеу органы берген, үшінші
тұлғалардың міндеттемелері
бойынша кепілге мүліктің
қойылмағаны туралы анықтама     Бар        Жоқ
Жылдық қаржылық есепке жыл
сайынғы аудиторлық тексеру
жүргізуді талап ету             Орындалды  Орындалмады
Жылдық балансты және пайда
мен залал туралы есепті
жариялауды талап ету            Орындалды  Орындалмады
___________________________________________________________________

     4. Карантин, зиянды және өте қауіпті зиянкес организмдерді
        залалсыздандыру жөніндегі жұмыстар бойынша іс шаралар
___________________________________________________________________
         Объект         |Өлшем бірлігі|Іс шаралар|Фирманың атауы,
                        |             |          |лицензияның N __
___________________________________________________________________
Силос корпусы              м 2 3 )
Астық қоймалары            м 2 3 )
Технологиялық жабдықтар    штук
Жер алаңдары               м 2
___________________________________________________________________
м 2  - шаршы метр
м 3  - текше метр

                    5. Кадрлармен қамтамасыз етілуі
___________________________________________________________________
              Мамандықтың атауы           | Қажет | Бары | Білімі
___________________________________________________________________
Аға лаборант
Лаборант
Сынақ алушы
Таразышы
Астық кептіруші
Автомобиль аудару құралдарының маманы
Айыру жабдықтарының маманы
Тасымалдау құралдарының маманы
Слесарь
Электр монтеры
Жұмыскер
___________________________________________________________________

              Астық қабылдаушы кәсіпорнының біліктілік
          талаптарды сақтауы жөнінде комиссия қорытындысы

_____________________________ астық қабылдау кәсіпорны біліктілік
талаптарға сай келеді (сай келмейді)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Төраға:
      Лицензиардың өкілі _________________________
      Комиссия мүшелері:
      Санитарлы-эпидемиологиялық қызмет
      органының өкілі ____________________________
      Қоршаған ортаны қорғау саласы
      органының өкілі ____________________________
      ҚР АШМ АБ Өсімдіктерді қорғау және
      карантин бойынша инспектор _________________
      Астық қабылдау кәсіпорнының басшысы ________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады