Өндірістік мониторинг жүргізудің типтік ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылғы 2 ақпандағы N 45-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 24 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 4101. Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007.04.24. N 123 (ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007.04.24. N  123  (ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  8 және  25-баптарына  сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Өндірістік мониторинг жүргізудің типтік ережелері бекітілсін.
      2. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Қазақстан Республикасы   
Қоршаған ортаны қорғау   
министрінің       
2006 жылғы 2 ақпандағы  
N 45-ө бұйрығымен    
бекітілген        

Өндірістік мониторинг жүргізудің типтік ережелері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Өндірістік мониторинг жүргізудің типтік ережелері (бұдан әрі - Типтік ережелер) табиғатты пайдаланушыларға-заңды тұлғаларға (бұдан әрі - табиғатты пайдаланушылар) өндірістік мониторинг ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін анықтайды.

      2. Осы Типтік ережелерде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
      1) өндірістік мониторинг (бұдан әрі - ӨМ) - өндірістік процестің, қоршаған ортаға физикалық және химиялық факторлар әсер етуінің және шаруашылық немесе өзге іс-әрекеттің нәтижесінде қоршаған ортаның жай-күйіндегі өзгерістердің белгіленген өлшемдерін эксперименттік (өлшеу негізінде) және/немесе жанама (есептеу негізінде) бағалау;
      2) эмиссиялар-ластаушы заттардың немесе физикалық әсер ету факторларының қоршаған ортаға тікелей немесе жанама түсуі.

      3. ӨМ жүзеге асыру шеңберінде операциялық мониторинг, эмиссиялар мониторингі және әсер ету мониторингі орындалады:
      1) операциялық мониторинг (немесе өндірістік мониторингті бақылау мониторингі) - табиғатты пайдаланушы іс-әрекеті көрсеткіштерінің өндірістің технологиялық регламентінің шарттарын сақтауды бақылау үшін орынды болып саналатын ауқымда екенін растауға арналған технологиялық процесс өлшемдерін бақылау;
      2) эмиссиялар мониторингі - ластану көздерінен өнеркәсіптік эмиссиялардың санын және сапасын бақылау;
      3) әсер ету мониторингі - қоршаған орта объектілерінің жай-күйін санитарлық-қорғаныс аймағының шегінде де, табиғатты пайдаланушылардың шаруашылық іс-әрекетінің процесінде айқындалған басқа учаскелерде де теріс әсер етуді бақылау.

  2. ӨМ мақсаттары мен міндеттері

      4. ӨМ табиғатты пайдаланушының қоршаған ортаға әсер етуі туралы шүбасыз ақпаратты алу, табиғатты пайдаланушының қоршаған ортаны қорғау жөнінде орындаған іс-шаралардың тиімділігін бағалау, табиғатты пайдаланушының қоршаған ортаға әсер етуінің салдарларын бағалау мен болжау мақсатында жүргізіледі.

      5. ӨМ негізгі міндеттері:
      қажетті бақылауларды жүргізу;
      табиғатты пайдаланушы іс-әрекетінің теріс әсер етуіне тәуелді қоршаған орта объектілерінің жай-күйін бағалау, экологиялық талаптарды және өндірістің технологиялық өлшемдерін сақтау;
      табиғатты пайдаланушының қоршаған ортаға теріс әсер етуінің салдарларын азайту мен жою үшін қабылданған іс-шаралардың тиімділігі жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

  3. ӨМ бағдарламасына қойылатын талаптар

      6. Табиғатты пайдаланушы ӨМ бағдарламасын өз бетімен не ҚОӘБ (қоршаған ортаға әсер етуді бағалау), шекті рұқсат етілген шығарындылар (ШРШ), су объектілеріндегі шекті рұқсат етілген төгінділер (ШРТ) нормативтері мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар кәсіпорын қалдықтарымен жұмыс істеу нормативтері жобаларының негізінде заңды немесе жеке тұлғаларды тарта отырып әзірлейді.

      7. Табиғатты пайдаланушылар осы типтік ережелердің 6-тармағында көрсетілген жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін бір айдың ішінде ӨМ бағдарламасын әзірлейді және бекітеді.

      8. ӨМ бағдарламасы:
      бақыланатын өлшемдердің тізбесін;
      бақылауды және өлшеуді жүзеге асыру кезеңін, жалғасуын, жиілігін;
      пайдаланылған техникалық құралдар мен ӨМ (эксперименттік және/немесе жанама) жүргізу әдістері туралы мәліметті;
      сызба картада көрсете отырып сынама алу орындарының (нүктелерінің) орналасуын;
      деректерді есепке алу, талдау және хабарлау әдістерін және жиілігін;
      аккредиттеу туралы мәліметті қоса алғанда, аспаптық өлшеу сапасын қамтамасыз ету тетіктерін;
      штаттан тыс жағдайда іс-әрекет хаттамасын;
      персоналдың ӨМ жүргізуге ішкі жауапкершілігінің ұйымдастырушылық және функционалдық құрылымын қамтуы тиіс.

  4. ӨМ жүргізу ерекшелігі

      9. Табиғатты пайдаланушылар ӨМ жекеменшік нысанына қарамастан стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауіпті объектілерде жүргізеді.

      10. Эмиссияларды немесе эмиссиялардың жанама есебі мен әсер ету мониторингінің шарттарын сипаттау үшін пайдаланылатын мониторинг өлшемдерін қоспағанда, табиғатты пайдаланушылардың өздері операциялық мониторинг өлшемдерін анықтайды.

      11. Табиғатты пайдаланушылар ӨМ өз бетімен немесе аккредиттелген зертханалармен келісілген жағдайларда орындайды.

      12. Табиғатты пайдаланушының әсер ету мониторингі дербес немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша тепе-тең бастауларда көрші кәсіпорындармен бірлесіп жүзеге асырылуы мүмкін.

      13. ӨМ жүргізу кезінде табиғатты пайдаланушы:
      рәсімдік талаптарды сақтайды және алынған деректердің шүбасыздығын қамтамасыз етеді;
      ӨМ қорытындыларын жүйелі бағалайды және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамаларда айқындалған бұзуларды жою жөнінде қажетті шаралар қабылдайды;
      ішкі есепке алуды жүргізеді, ӨМ қорытындылары жөніндегі есепті қалыптастырады және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жыл сайын есеп беру жылынан кейінгі айдың 15 қаңтарына дейін береді;
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға экологиялық талаптардың сақталмау фактілері туралы жедел хабарлайды;
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сұрауы бойынша ӨМ жөніндегі қажетті ақпаратты береді;
      техникалық қауіпсіздікті сақтайды;
      жүзеге асырылған ӨМ шүбасыздығын растау үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың шығыс деректерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
      жұртшылықтың ӨМ бағдарламасына және есеп деректеріне қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
      персоналдың ӨМ жүргізуге ішкі жауапкершілігінің ұйымдастырушылық және функционалдық құрылымын өз бетімен анықтайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады