Өндірістік экологиялық бақылау Бағдарламасын және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды ұйғару ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 24 ақпандағы N 123-Ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 8 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4714 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 16-ө бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 14.02.2013 № 16-ө бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-баптың 29) тармақшасына сай БҰЙЫРАМЫН :

      1. Бұйрыққа қоса тіркелген Өндірістік экологиялық бақылау
бағдарламасы мен өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша
есептемеге қойылатын талаптарды ұйғару ережелері бекітілсін.

      2. Күшін жоғалтқан деп:
      1) "Өндірістік мониторинг жүргізудің үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4101 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2006 жылдың 28 сәуірдегі N 76-77 (1056-1057) нөмірінде жарияланған Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылдың 2 ақпандағы N 45-б бұйрығы ;
      2) "Өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4359 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2006 жылдың 13 желтоқсандағы N 215 (1195) нөмірінде жарияланған Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушының 2006 жылдың 3 тамыздағы N 258-б бұйрығы .

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы     
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы 24 сәуірдегі  
N 123-Ө бұйрығымен бекітілген 

Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламалары мен
өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша
есеп беруге қойылатын талаптарды келісу ережесі

      Ескерту. Барлық мәтін бойынша «уәкілетті органдармен», «уәкілетті органмен», «уәкілетті органдар» сөздері «аумақтық органдармен», «аумақтық органмен», «аумақтық органдар» сөздерімен ауыстырылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010.08.25 N 228-ө (алғашқы ресми жариаланғаннан бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      1. Осы Ереже өндірістік экологиялық бақылау бағдарламалары мен өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есеп беруге қойылатын талаптарды келісу тәртібін анықтайды.

      2. Осы Ереже I, II, III санаттағы нысандарды пайдаланатын, арнайы табиғатты пайдалану құқығы бар барлық жеке және заңды тұлғаларға арналған.

      3. І, II, III санатты нысандары бар табиғат пайдаланушылар өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын келісу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдарға жүгінеді.
       Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010.08.25 N 228-ө (алғашқы ресми жариаланғаннан бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      4. Табиғатты пайдаланушымен әзірленген өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы рұқсат беруші органға қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алуға өтінім бергенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдарда келісіледі.
      Сонымен қатар, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын қарау мерзімі оның келіп түскен күнінен бастап он бес күнтізбелік күннен артық емес.
       Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010.08.25 N 228-ө (алғашқы ресми жариаланғаннан бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      5. Технологиялық объектілерді пайдалануға бергенде, сондай-ақ қоршаған ортаға авариялық эмиссия жасағанда, табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органымен, санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік органымен келісілген әсердің өндірістік мониторингін жүргізеді.

      6. Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша жасалатын есеп ереженің қосымшасында көрсетілген нысанда ұсынылады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010.08.25 N 228-ө (алғашқы ресми жариаланғаннан бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      7. Өндірістік экологиялық бақылау есептемесінде табиғат пайдаланушымен еркін түрде жасалған жұмыстарды орындау туралы түсініктеме хат қоса тіркелу керек.

      8. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын орындау туралы
есептеме және оған қоса тіркелген түсініктеме хат қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдарға осы Ережелердің 9-тармағында көрсетілген кестеге сәйкес тапсырылады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009.07.23. N 144-ө (қолданысқа енгізілу тәрібін 2-т. қараңыз), 2010.08.25 N 228-ө (алғашқы ресми жариаланғаннан бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.

      9. Кезеңдік есептеме тапсыру кестесі:
      атмосфераға шығарылған шығарындар мониторингісі бойынша есеп беру, есептік тоқсаннан кейін 10 жұмыс күн ішінде тапсырылады;
      суға төгілген төгінділер мониторингісі бойынша есеп беру, есептік тоқсаннан кейін 10 жұмыс күн ішінде тоқсан сайын тапсырылады;
      сулар мониторингісінің нәтижелері жыл сайын тапсырылады;
      арыздар бойынша есеп беру (арыздар түскен жағдайда), есептік тоқсаннан кейін 10 жұмыс күн ішінде тоқсан сайын тапсырылады;
      қалдықтар мониторингі бойынша есеп беру есептік тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тоқсан сайын тапсырылады;
      жердің ластану деңгейінің мониторингі бойынша есеп беру есептік тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тоқсан сайын тапсырылады;
      радиациялық мониторинг бойынша есеп беру есептік тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тоқсан сайын тапсырылады;
      санитарлық-қорғау аймағының шеңберінде әсер ету мониторингі (атмосфералық ауа, су ресурстары, топырақ жамылғысы) бойынша есеп беру есептік тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тоқсан сайын тапсырылады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010.08.25 N 228-ө (алғашқы ресми жариаланғаннан бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Өндірістік экологиялық бақылау
бағдарламалары мен өндірістік
экологиялық бақылау нәтижелері
бойынша есеп беруге қойылатын
талаптарды келісу     
ережесіне қосымша     

Өндірістік экологиялық бақылау бойынша есеп нысаны

      Ескерту. Ереже қосымшамен толықтырылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010.08.25 N 228-ө (алғашқы ресми жариаланғаннан бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

1 кесте

1. Жалпы мәлімет

№ р/н

Өндірістік нысанның атауы (орналасқан жері)

Өндірістік үдерістің қысқаша сипаттамасы

Өндірістік экологиялық бақылау жиілігі

1

2

3

4





2 кесте

2. Зертхана туралы мәлімет

№ р/н

Аккредиттелген сынақ зертханасының атауы

Аккредиттелген сынақ зертханасы аттестатының нөмірі және мерзімі

Аккредиттелген сынақ зертханасының ауданы

1

2

3

4





3 кесте

3. Эмиссия мониторингі
3.1. Атмосфералық ауа

Шығарынды көзінің атауы (шығарынды көзінің нөмірі)

Ластаушы заттардың атауы

Бекітілген мөлшер (г/с; т/жыл)

Мониторингтің шынайы нәтижесі (г/сек; т/кв.; т/жыл)

Мөлшерден асуы немесе сақталуы (ШЖБШ)

Заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар

1

2

3

4

5

6

3.2. Су ресурстары

Әсер ету көздерінің атауы (бақылау нүктелері)

Ластаушы заттардың атауы

Бекітілген мөлшер (мг/дм3; т/жыл)

Мониторингтің шынайы нәтижесі (мг/дм3; т/кв.; т/жыл)

Мөлшерден асуы немесе сақталуы (ШЖБТ)

Заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар

1

2

3

4

5

6

3.3. Өндіріс және тұтыну қалдықтары

Қалдықтарды сақтау және көму орнының атауы (орналасқан жері)

Қалдықтардың түрлері

Қауіптілік деңгейі

Эмиссия мөлшері (т/кв.; т/г.)

Шынайы (т/кв.; т/г.)

Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша іс-шаралар

1

2

3

4

5

6

3.4. Жердің ластану деңгейінің мониторингі

Әсер ету көзінің атауы (бақылау нүктелері)

Ластаушы заттардың атауы

Бекітілген мөлшер (мг/кг)

Мониторингтің шынайы нәтижесі (мг/кг)

Мөлшерден асуы немесе сақталуы (ШЖБК, фон)

Заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар

1

2

3

4

5

6

3.5. Радиациялық мониторинг

Әсер ету көзінің атауы (бақылау нүктелері)

Бекітілген мөлшер (мк3в/с)

Мониторингтің шынайы нәтижесі (мк3в/с)

Мөлшерден асуы немесе сақталуы (НРБ 99)

Заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар

1

2

3

4

5

4 кесте

4. Санитарлық-қорғау аймағы шеңберінде әсер ету мониторингі
4.1. Атмосфералық ауа

Сынамалар алынатын нүкте

Ластаушы заттардың атауы

Шынайы концентрация

ШЖБШ мөлшері м.р., мг/м3

ШЖБШ жоғарылауы қысқаша

Заң бұзушылықтарды жою және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныс

1

2

3

4

5

6

4.2. Су ресурстары

Сынамалар алынатын нүкте

Ластаушы заттардың атауы

Шынайы концентрация

ШЖБШ мөлшері мг/л

ШЖБШ жоғарылауы қысқаша

Заң бұзушылықтарды жою және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныс

1

2

3

4

5

6

4.3. Топырақ жамылғысы

Сынамалар алынатын нүкте

Ластаушы заттардың атауы

Шынайы концентрация

ШЖБШ мөлшері мг/кг

ШЖБШ жоғарылауы қысқаша

Заң бұзушылықтарды жою және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныс

1

2

3

4

5

6

Ескерту: * бақылаудың жоспар-кестесіне сәйкес;
            ** ағымдағы жылы мониторингтің шынайы көрсеткіштері жарты
          жылдық және жылдық болып толтырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады