"2006 жылы суда жүзетін жабайы құстарды көктемде аулауды шектеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2006 жылғы 28 ақпандағы N 46 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2006 жылғы 21 наурыздағы N 63 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 27 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4132. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 160 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2010.04.20 № 160 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеу қою мен тыйым салуды белгілеу жөніндегі комиссиясының шешіміне (2006 жылғы 20 наурыздағы N 2 хаттама) сәйкес және құс тұмауының таралуына жол бермеу мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. "2006 жылы суда жүзетін жабайы құстарды көктемде аулауды шектеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2006 жылғы 28 ақпандағы N 46  бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4110 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 7 наурызда N 40 "Юридическая газетада" жарияланған) 1-тармағына мынадай толықтыру енгізілсін:
      "жылқышы құстарды" деген сөздерден кейін ", құрды, саңырау құрды" деген сөздер қосып жазылсын, әрі қарай мәтін бойынша.
      2. Бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады