Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрiнiң 2006 жылғы 26 қыркүйектегі N 245 бұйрығымен.
-------------Бұйрықтан үзінді----------------
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрiнiң
2006 жылғы 26 қыркүйектегі
N 245 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы индустрия және сауда
министрiнiң күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының
тiзбесi
...
3. "Монополиялық табысты айқындау жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Индустрия және сауда министрiнiң 2005 жылғы 14 қыркүйектегi N 302 бұйрығына толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң 2006 жылғы 10 сәуiрдегi N 104 бұйрығы ("Юридическая газета" газетiнде жарияланған, 2006 ж., N 89-90 (1069-1070) Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 4215 нөмiрiмен тiркелген)...
-----------------------------
Бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы заңдарға тәуелді кесімдерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Монополиялық табысты айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі (Нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3836-нөмірімен тіркелген, "Заң газеті" 2005 жылғы 19 қазандағы N 193 (927) газетінде және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық кесімдері бюллетенінде жарияланған) N 302 бұйрығына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Монополиялық табысты айқындау жөніндегі ережесінде:
4-тарауының 8-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
17-бабының
4-тармағын және
18-бабын
бұзғанда рынок субъектілері (тұлғалар тобы) белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерінен негізгі өндірістік құрал-жабдықтарын немесе материалдық емес активтерін, акцияларын (үлестерін, пайларын) алады, нәтижесінде рынок субъектісінің (тұлғалар тобының) аталған іс-әрекеттері (әрекетсіздіктері) бәсекелестікке жол бермеуге, оны шектеуге немесе жоюға және (немесе) тұтынушылардың заңды мүдделеріне қысым жасауға, сондай-ақ рынок субъектісінің (тұлғалар тобының) үстем (монополиялық) жағдайының күшеюіне не пайда болуына әкелді";
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті (Мәтішев Ә.Б.) заңнамалық белгіленген тәртіпте осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынсын.