Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша балық және басқа су жануарларын аулау ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің 2006 жылғы 15 мамырдағы N 16-6/67п Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 29 мамырда тіркелді. Тіркеу N 4241. Күші жойылды -Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 575 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды -ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010.09.07 № 575 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі  Заңына , Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 25 қаңтардағы N 50 қаулысыменбекітілген Су тоғандарда балық және басқа су жануарларын аулауға 2006 жылғы лимиттеріне және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің ережесіне сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша балық және басқа су жануарларын аулау ережелері бекітілсін.
      2. Балық және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және реттеу басқармасы (Ә.В. Шотқараев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Төраға орынбасары Ю.Т.Ромашовқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның м.а.

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрлігінің 
Балық шаруашылығы комитеті   
Төрағасының м.а.       
2006 жылғы 17 мамырдағы    
N 16-6/67п бұйрығымен    
бекітілген          

Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша балық және
басқа су жануарларын аулау ережелері 1. Жалпы ережелер

      1. Осы ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша балық және басқа су жануарларын аулаудың ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасының "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі  Заңына және Қазақстан Республикасының "Ғылым туралы" 2001 жылғы 9 шілдедегі  Заңына сәйкес әзірленген және ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша балық және басқа су жануарларын аулаудың тәртібін анықтайды.

      2. Ережелерде мынадай түсініктер қолданылады:
      1) ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша балық және басқа су жануарларын аулау (бұдан әрі - ғылыми мақсатта балық аулау) - тақырыптамалық жоспарлар мен ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламаларына сәйкес балық шаруашылығы саласында ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру мақсатында арнайы пайдалану тәртібі бойынша балық аулау;
      2) ғылыми қызметтің субъектісі (бұдан әрі - субъект) - қызметінің негізгі бағыты ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыру, кәсіби біліктілігі бар (тиісті құжаттармен расталған) болып табылатын заңды және жеке тұлғалар;
      3) уәкілетті орган - балық ресурстары мен басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану, балық шаруашылығы саласында арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      4) балық аулауға жауапты тұлға - ғылыми мақсатта балық аулауды жүзеге асыруға рұқсат алған субъекттің балық аулауға жауапты ретінде тағайындаған тұлғасы;

      3. Ғылыми-зерттеу мақсатында балық және басқа су жануарларын аулаудың мақсаты болып:
      1) мемлекеттік есеп, кадастр және балық қорларын мониторингін жүргізу;
      2) жануарлар дүниесiнiң жай-күйiн жыл сайын бағалау;
      3) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң жай-күйiн ұдайы зерделеу;
      4) мiндеттi жағдайды ұдайы зерделеу;
      5) халықаралық ғылыми-зерттеу бағдарламаларына қатысу;
      6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, балық объектілерін пайдалануға шектеу қою және тыйым салу нормативтерін негіздеу;
      7) биологиялық саналуандылықты сақтау жөнiндегi шараларды және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды негiздеу;
      8) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғаудың, өсiмiн молайтудың және пайдаланудың құқықтық және экономикалық тетiктерiн әзiрлеу;
      9) су тоғандарына (учаскелеріне) және су жануарларын жерсіндіру және бейімделуге биологиялық негіздемелер дайындау табылады.

  2. Ғылыми мақсатта балық аулауды жүргізуді
ұйымдастыру

      4. Кәсіпшілік емес балықтарды (Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген балық түрлерінен басқа) және балықтардың кәсіпшілік түрінің шабақтарын аулау көлемі шектелмейді.

      5. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес көрсетілген тәртіп бойынша уәкілетті органға ұсынылатын өтінішке субъектілер ғылыми-зерттеу қызметінің мақсаты мен міндеттеріне және ғылыми әдістердің талаптарына сәйкес әрбір ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша балық және басқа су жануарларын аулау квоталарының шамаларына негіздемелер қоса жалғайды.

      6. Субъектілер жүргізілетін жұмыстардың кезеңі мен күнтізбелік жоспары, су тоғанының аты мен оның учаскесі, ауланатын объектілер түрлерінің аты, қолданылатын балық аулау құралдарының саны мен олардың сипаттамалары, аулауға жауапты тұлғалардың тегі, әкесінің аты, есімі, лауазымы көрсетілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасын ұсынады.

      7. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы балық аулауға жауапты тұлғаға парақтары нөмірленген, тігілген, соңғы парағы уәкілетті органның немесе оның аумақтық органының мөрімен бекітілген белгіленген үлгідегі қосымшаға сәйкес ғылыми-зерттеу квотасын пайдалану жорналын (бұдан әрі - квота жорналы) береді.

  3. Ғылыми мақсатта балық аулауды жүргізу

      8. Ғылыми мақсатта балық аулау субъектінің өз күшімен немесе басқа заңды және жеке тұлғаларды тарту арқылы жүзеге асырылады.

      9. Балық аулау ғылыми зерттеу бағдарламаларымен анықталған барлық су тоғандарында және су тоғандары учаскелерінде, оның ішінде жыл бойы балық аулауға тыйым салынатын аймақта, тыйым салу кезеңін қоса жүзеге асырылады.

      10. Балық аулауға жауапты тұлға ғылыми мақсатта балық аулау басталар бұрын уәкілетті органның аумақтық органына ғылыми жұмыстың орны мен уақытын хабарлайды, субъектінің балық аулауды ұйымдастыру туралы бұйрығының көшірмесін ұсынады.

      11. Субъектінің пайдаланушыларға бекітіп берілген су тоғандары учаскелеріне балық шаруашылығының қажеттері үшін су объектісін шектеулi түрде мақсатты пайдалану құқығы туралы жазбаша міндеттемесіне сәйкес жіберіледі.

      12. Балық аулауға жауапты тұлға ғылыми-зерттеу квотасын пайдалану жорналын жүргізеді. Әрбір аулау ғылыми-зерттеу мақсатта пайдаланылған балықтың аулану көлемін және түрін, сонымен қатар аулаудың уақыты мен орнын, қолданылған аулау құралын көрсете отырып жорналда көрсетіледі. Сонымен қатар, жорналда балық аулауға жауапты тұлғаның және балық аулаған адамдардың тегі, аты және әкесінің аты көрсетіледі.

      13. Уәкілетті органның аумақтық органы жануарлар дүниесін пайдалану рұқсатын қолдану тәртібіне және квота журналын кезеңмен тексеру арқылы және олардың қорытындыларын тіркеу арқылы жорналды жүргізуге бақылау орнатады.

      14. Балық аулау оған жауапты тұлғаның қатысуымен ғана жүргізіледі.

      15. Балық аулау жұмыстарына жауапты тұлға, балық аулауға заңды немесе жеке тұлғаларды шақырған жағдайда, заңды немесе жеке тұлғаның өкіліне күнара (жоспар) жұмыс бағдарламасы беріледі. Тұлғамен бекітілген журналға аулауға тапсырма беру мен оның орындалуы тіркеледі.

      16. Балық аулайтын заңды немесе жеке тұлғалардың қойылған тәртіпте жүйелік бұзушылық (3-тен асса) орын алған жағдайда, балық аулауға жауапты адам бұзушылық жасаған заңды және жеке тұлғалардың жұмысын тоқтатып, жазбаша хабарлама уәкілетті органның аумақтық органдарына жіберілуі тиіс.

      17. Егер заңнамалармен қарастырылмаған жағдайда, ғылыми аулау үшін ауланған балық немесе басқа да су жануарлары, ғылыми аулауды жүргізген субъект меншігі болып табылады.

      18. Ғылыми аулау жүргізген субъектілер, балық аулап біткеннен кейін, уәкілетті органның аумақтық органдарына квота журналын береді, рұқсаттарды қолдану сонымен қатар рұқсат қолданған жайлы есеп беруге тиіс.

  4. Ғылыми мақсатта балық аулауға рұқсат беру

      19. Ғылыми мақсатта балық аулауға рұқсат беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсан 2004 жылғы N 1469  қаулысымен бекітілген Жануарлар дүниесімен пайдалану ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

                                        Ғылыми-зерттеу жұмыстары
                                     бойынша балық және басқа да су
                                      жануарларын аулау ережелеріне
                                                 Қосымша

              Ғылыми-зерттеу квотасын пайдалану
                            жорналы

                                 Пайдаланушы _______________________
                                             _______________________

Өлшену
бірлігі,
(кг,
дана)

Квотаның нақты игерілуі, соның ішінде түрлері бойынша

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7










   кестенің жалғасы

Аулаудың
өткізу жері
және уақыты

Аулау
құралдары

Балық аулау жұмыстарына жауапты тұлға (Т.А.Ә., қолы)

Уәкілетті органның
аумақтық органы
(Т.А.Ә., қолы)





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады