Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды ден тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 575 Бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережесіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының мына бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
      1) 2006 жылғы 8 ақпандағы «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтау ережесін бекіту туралы» № 16-6/11п бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы № 4099 тіркелген, «Заң газеті» газетінде жарияланған, 2006 жылы 3 наурыз № 38-39 (845));
      2) 2006 жылғы 27 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2006 жылғы 8 ақпандағы № 16-6/11п «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтау ережесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 16-6/23п бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4108 тіркелген, «Заң газеті» газетінде жарияланған, 2006 жылы 3 наурыз № 38-39 (845));
      3) 2006 жылғы 15 мамырдағы «Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша балық және басқа су жануарларын аулау ережелерін бекіту туралы» № 16-6/67п бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы № 4241 тіркелген, «Заң газеті» газетінде жарияланған, 2006 жылы 2 маусым № 99-100 (906)).
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғи ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және бұрын жарияланған ресми баспа басылымдардың назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің м.а.                                     Е. Аман     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады