"Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы N 57-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 16 маусымдағы N 154-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 20 маусымда тіркелді тіркелді. Тіркеу N 4260. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 28.03.2014 № 64-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы N 57-НҚ  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 21 наурызда N 2217 нөмірмен тіркелген, "Ресми газет" газетінде 2003 жылғы 17 мамырдағы N 20 нөмірінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 476-НҚ бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 63-НҚ бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 16 наурыздағы N 73-НҚ бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесінде:
      10-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      "және шығару" деген сөздер алынып тасталсын;

      "орталық" деген сөздің алдынан "табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын" деген сөздермен толықтырылсын;

      "қорытынды" деген сөз алынып тасталсын;

      "туралы" деген сөзден кейiн "табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның тиісті құрылым бөлімшесi (салалық құрылым бөлімшесi) қорытындысының" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Тіркелімнің республикалық бөлімінен шығару құрылымдық бөлімшенің табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті тоқтату туралы қорытындысының негізінде жүргізіледі."; 

      екінші бөлікте:
      "және шығару" деген сөздер алынып тасталсын;

      "қорытынды" деген сөз алынып тасталсын;

      "туралы" деген сөзден кейiн "салалық құрылым бөлімше қорытындысының" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Тіркелімнің жергілікті бөлімінен шығару құрылымдық бөлімшенің табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті тоқтату туралы қорытындысының негізінде жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      "11-1. Табиғи монополия субъектісі заңды тұлға не жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жері бойынша Тіркелімге енгізіледі."; 

      13-тармақта:
      ", сондай-ақ заңды тұлғаның қызметін тоқтатқандығын" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Қажет болған жағдайда, уәкілетті орган мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органнан және (немесе) табиғи монополия субъектісінен табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті табиғи монополия субъектісінің тоқтатуын растайтын қосымша ақпарат сұрата алады.".

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаменті (Ғ.Т.Жолдыбаева) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.С.Орымбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады