Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 29 қаңтардағы N 17 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 124 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 27 маусымда тіркелді. Тіркеу N 4267. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 17 маусымдағы N 132 қаулысымен.

      Ескерту: Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 17 маусымдағы N 132  қаулысымен .
__________________________________________

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  3-бабы 2-тармағының 11), 15) тармақшаларына,  45-бабының  4-тармағына,  49-бабына  және "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  9-бабы 1-тармағының 5), 6) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 29 қаңтардағы N 17  қаулысына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3484 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 221  қаулысымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3751 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310  қаулысымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 387   қаулысымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3952 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы N 414  қаулысымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3994 тіркелген), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 66  қаулысымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4172 тіркелген) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесінде:
      3-тармақта:
      1) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші-алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "бағалы қағаздар орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша;
      "А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктер шоттарындағы ақша;
      бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банктік қызметті көрсететін резидент емес-ұйымдар шоттарындағы ақша;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы "А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктердегі салымдар (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып);";

      мынадай мазмұндағы 13-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "13-2) бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың, бағалы қағаздар орталық депозитарийінің және акционерлері бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылары болып табылатын, бағалы қағаздар рыногы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын өзге заңды тұлғалардың ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы, елу процентке азайтылған акциялары;";

      2-қосымшада:
      "20 ___ жылғы "__"_______________ жағдай бойынша _________________________________ (Ұйымның, Қордың толық атауы)   Ұйымға және Қорға арналған "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" (К1) және "Өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік коэффициенті" (К2) пруденциалдық нормативтердің есептелуі" кестесінде:

      1-жолда "1.2" деген цифрлар "1.5" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1.3, 1.4, 1.5-жолдармен толықтырылсын:

1.3

бағалы қағаздар орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша

 

100%

 

1.4

"А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктер шоттарындағы ақша

 

100%

 

1.5

бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банктік қызметті көрсететін резидент емес-ұйымдар шоттарындағы ақша

 

100%

 

      мынадай мазмұндағы 3-1-жолмен толықтырылсын:

3-1.

ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы "А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктердегі салымдар (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып)

 

100%

 

      мынадай мазмұндағы 13-2-жолмен толықтырылсын:

13-2.

бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың, бағалы қағаздар орталық депозитарийінің және акционерлері бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылары болып табылатын, бағалы қағаздар рыногы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын өзге заңды тұлғалардың ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы, елу процентке азайтылған акциялары

 

50%

 

      мынадай мазмұндағы 19.1, 19.2, 19.3-жолдармен толықтырылсын:

19.1

Басқаруға алынған зейнетақы активтерінің ағымдағы құны (ЗАА)

 

 

 

19.2

кредит тәуекелінің коэффициенті (k)

 

 

 

19.3

орташа алынған жалпы кіріс (ОАЖК)

 

 

 

      3-қосымшада:
      "20 ___ жылғы "__"_______________ жағдай бойынша ______________________ (Ұйымның, Қордың атауы) Ұйымға және Қорға арналған Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" (К 1 ) және "Өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік коэффициенті (К 2 ) пруденциалдық нормативтерді есептеу үшін қосымша мәліметтер" кестесі мынадай мазмұндағы 8015, 8016, 8017, 8018-жолдармен толықтырылсын:

8015

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің шоттарындағы ақша

 

8016

Бағалы қағаздар орталық
депозитарийінің шоттарындағы ақша

 

8017

"А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктердің шоттарындағы ақша

 

8018

Бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банктік қызметті көрсететін резидент емес-ұйымдар шоттарындағы ақша  

 

      4-қосымшада:
      "20 ___ жылғы "__"_______________ жағдай бойынша Басқарушыға және Брокерге және (немесе) дилерге арналған "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" (К 1 ) пруденциалдық нормативінің есептеуі" кестесі:

      мынадай мазмұндағы 1.3, 1.4, 1.5-жолдармен толықтырылсын:

1.3

Бағалы қағаздар орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша

 

100

 

1.4

"А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктердің шоттарындағы ақша

  

100

  

1.5

Бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылар үшін есеп айырысу банктік қызмет көрсететін резидент-емес ұйымдардың шоттарындағы ақша

  

100

  

      мынадай мазмұндағы 2-1-жолмен толықтырылсын:

2-1

ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы, негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып "А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктердегі салымдар

 

100

 

      мынадай мазмұндағы 12.2-жолмен толықтырылсын:

12.2

бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың, бағалы қағаздар орталық  депозитарийінің және акционерлері қаржы құралдары рыногының кәсіпқой қатысушылары болып табылатын, қаржы құралдары рыногы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын өзге заңды тұлғалардың ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы, елу процентке азайтылған акциялары

 

50

 

      5-қосымшада:
      "20 ___ жылғы "__"_______________ жағдай бойынша Басқарушыға және Брокерге және (немесе) дилерге арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу үшін қосымша мәліметтер" кестесі мынадай мазмұндағы 8024, 8025, 8026, 8027-жолдармен толықтырылсын:

8024

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің шоттарындағы ақша

 

8025

Бағалы қағаздар орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша

 

8026

"А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктердің шоттарындағы ақша 

 

8027

Бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банктік қызметті көрсететін резидент емес-ұйымдар шоттарындағы ақша  

  

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады