Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 179 бұйрығымен.
Үзінді:
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның
27-бабы
1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы хабарласын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 15 сәуірдегі
N 179 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының күшін жойған кейбір
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. ........ .
2. ........ .
3. ........ .
4. ........ .
5. ........ .
6. ........ .
7. ........ .
8. ........ .
9. ........ .
10. ........ .
11. ........ .
12. ........ .
13. ........ .
14. ........ .
15. ........ .
16. ........ .
17. ........ .
18. ........ .
19. ........ .
20. ........ .
21. ........ .
22. ........ .
23. ........ .
24. ........ .
25. ........ .
26. ........ .
27. ........ .
28. "Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 7 қазандағы N 357 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 7 маусымдағы N 202 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4277 болып тіркелді,»"Ресми газет" газетінде 2006 жыл 16 қыркүйекте N 38 (299) жарияланды.
_____________________________________
Мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну тәртібін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 7 қазандағы N 357 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3909 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2005 жылғы 15 желтоқсандағы N 235-236 (969-970) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді жасау және ұсыну ережесінде:
бүкіл мәтін бойынша "әкімшілер", "әкiмшi", "әкімшінің", "әкімшіге", "әкімшімен" деген сөздер тиісінше "субъектілер", "субъекті", "субъектінің", "субъектіге", "субъектімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзацта "субъектілердің" деген сөзден кейін "(бұдан әрі - субъектілер)" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді осы тармақтың төртінші абзацында көрсетілген субъектілерді қоспағанда, субъектілер жасайды және осы Ережеде белгіленген тәртіппен электрондық мемлекеттік сатып алудың ақпараттық жүйелері арқылы және қағаз тасығыштарда ұсынады.";
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Электрондық мемлекеттік сатып алудың ақпараттық жүйелерін енгізбеген субъектілер осы Ережеде белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есеп беруді қағаз тасығыштарда ұсынады.";
19-тармақтың 1) тармақшасында:
"сатып алынатын" деген сөздер алынып тасталсын;
"жоспарланған номенклатурасы және көлемі туралы" деген сөздер "жоспарланған мемлекеттік сатып алу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
24-тармақта:
2) тармақшада "сатып алуды" деген сөздердің алды "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
3) тармақшада "(қорытындылары)" деген сөз алынып тасталсын;
37-тармақта:
"5-іне" деген сөз "3-іне" деген сөзбен ауыстырылсын;
"әкімшілер және" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың есеп беру нысанында:
N п.п. |
|
Барлығы |
Саны |
|||||
Тауарлар, барлығы |
соның ішінде импорт бойынша |
Жұмыс тар, барлығы |
соның
|
Көрсетілетін
|
соның
|
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
р/с N |
|
Барлығы (мың теңге) |
Оның ішінде |
|||||
Тауарлар, барлығы |
оның ішінде импорт бойынша тауарлар |
Жұмыстар, барлығы |
оның ішінде бейрезиденттер орындайтын жұмыстар |
Қызметтер, барлығы |
оның ішінде ҚР бейрезиденттері көрсететін қызметтер |
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (М.Т.Мамашев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында оның кейіннен жариялануына шаралар қабылдасын.