"Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру мен жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 212 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2006 жылғы 23 маусымдағы N 180 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 21 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4305. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007 жылғы 8 қарашадағы N 259 бұйрығымен.

  Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007 жылғы 8 қарашадағы N 259 бұйрығымен.
Үзінді:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) ...
      2) ...
      3) "Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру мен жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 212 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы 23 маусымдағы N 180 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4305 тіркелген, 2006 жылғы 11 тамыздағы N 147(953) "Заң газеті" газетінде жарияланған);
      2. ...
      4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Министр
________________________________________

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  14-бабының 4-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру мен жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 212  бұйрығына  (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу Тізілімінде N 3087 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2005 ж., N 2, 14-бап, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 4195 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 сәуірдегі N 113  бұйрығымен  енгізілген өзгерістер және толықтыруларымен) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      4-тармақтың 2) тармақшасындағы "- кепілдікпен жеткізушілер" деген сөздер ", электр энергиясын кепiлдiкпен жеткiзушiлер және электр энергиясын кейіннен сату мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар" сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (Н.Б.Бертісбаев) бұйрықты бекітілген заңнамалық тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасы
      Индустрия және сауда министрі

      2006 ж. 11 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады