Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резиденттерінің-эмитенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, оларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 271 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 17 маусымдағы N 130 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 25 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4309. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 214 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі  N 214   қаулысымен .
__________________________________

      Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резиденттерінің-эмитенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, оларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 271  қаулысына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3833 тіркелген) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резиденттерінің-эмитенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, оларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру ережесінде:
      2-тармақтағы "шығару андеррайтерлері (менеджерлері))" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ жазбаша хабарлама жасау немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы депозитарлық қолхаттарды немесе эмитенттің жай акцияларына айырбасталатын өзге де бағалы қағаздарды сатып алу жөніндегі эмитенттің өз акционерлеріне ұсынысы және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  22-1-бабы  1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген талаптардың орындалуы туралы ақпараттарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақта:
      бірінші абзацтағы "ұстаушылардың" деген сөз "меншіктенушілердің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "2-қосымшасына" деген сөздер "3-қосымшасына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан тізілім ұстаушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне және сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады