Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резиденттерінің-эмитенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, оларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 271 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 13 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3833. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 214 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі  N 214   қаулысымен .
_________________________________

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  22-1,  34-баптарына  сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резиденттерінің-эмитенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, оларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру ережесі бекітілсін. 
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан тізілім ұстаушыларының қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне және сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы  
нарығын және қаржы ұйымдарын  
реттеу мен қадағалау агенттігі 
Басқармасының         
 2005 жылғы 30 шілдедегі    
N 271 қаулысымен        
 бекітілген           

  Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі
Қазақстан Республикасы резиденттері эмитенттерінің
эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де
бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету,
оларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті
беру, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында туынды
бағалы қағаздарды шығаруға немесе орналастыруға
рұқсат беру ережесі

      1. Осы Ереже қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резиденттері эмитенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды (бұдан әрі - депозитарлық қолхаттар немесе өзге де бағалы қағаздар) шығару жөнінде хабардар ету, оларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру тәртібін, сондай-ақ уәкілетті органның шет мемлекеттің заңдарына сәйкес туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе шет мемлекеттің аумағында туынды бағалы қағаздарды орналастыруға рұқсат беру шарттарын және тәртібін белгілейді.

      2. Эмитент не депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығаруды жоспарлаған өзге тұлға эмитент органы шығарылым туралы шешімді қабылдағаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға эмиссиялық бағалы қағаздары шығарылуға жоспарланған депозитарлық қолхаттардың немесе өзге де бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттері эмитенттерінің атауын, көрсетілген эмиссиялық бағалы қағаздар туралы мәліметтерді (түрі, ұлттық бірегейлендіру нөмірі, саны, номиналды құны), депозитарлық қолхаттар немесе өзге де бағалы қағаздар туралы мәліметтерді (болжамды түрі, саны, базалық активке ара қатынасы, номиналды құны, шығару мерзімі, шығарған елі, шығару валютасы, шығару сомасы, шығару андеррайтерлерін (менеджерлерін), сондай-ақ жазбаша хабарлама жасау немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы депозитарлық қолхаттарды немесе эмитенттің жай акцияларына айырбасталатын өзге де бағалы қағаздарды сатып алу жөніндегі эмитенттің өз акционерлеріне ұсынысы және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  22-1-бабы  1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген талаптардың орындалуы туралы ақпараттарды көрсете отырып, еркін нысанда жасалған хабарламаны жібереді).
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасы төрағасының 2006 жылғы 17 маусымдағы N  130  (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Эмитент не депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығарған өзге тұлға орналастыру аяқталған күннен бастап бір ай ішінде уәкілетті органға еркін нысанда жасалған және шығарған әрі орналастырған елі, шығару валютасы, шығару сомасы, шығару андеррайтерлері (менеджерлері), депозитарлық қолхаттарға немесе өзге де бағалы қағаздарға құқықтарды растайтын есеп жүргізетін ұйым, бірегейлендіру кодтары, орналастыру сәтіне шығарылған бағалы қағаздардың саны және бағасы туралы ақпараты, депозитарлық қолхаттарды меншіктенушілердің тізімі бар оларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті ұсынады.
      Депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті уәкілетті орган ол ұсынылған күннен бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде қарайды. Осы есепті қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасының резидент ұйымына осы Ереженің  3-қосымшасына  сай нысан бойынша назарға алғаны туралы хабарламаны жібереді.
      Депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары жөніндегі есептің осы Ереженің 3-тармағының бірінші абзацында көзделген талаптарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда, уәкілетті орган бұл жөнінде эмитентті не есеп берген өзге тұлғаны хабардар етеді әрі ол хабарламаны алған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей уәкілетті органға пысықталған есепті ұсынады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасы төрағасының 2006 жылғы 17 маусымдағы N  130  (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Шет мемлекеттің заңдарына сәйкес туынды бағалы қағаздарды шығаруға (бұдан әрі - шығару) немесе шет мемлекеттің аумағында туынды бағалы қағаздарды орналастыруға (бұдан әрі - орналастыру) рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасының резидент ұйымы эмитент орган тиісті шешімді қабылдағаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) еркін нысанда жасалған, шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру туралы өтінішті; 
      2) эмитенттің толық атауын, оның заңдары бойынша бағалы қағаздар шығарылымы жүзеге асырылатын мемлекетті және (немесе) оның аумағында орналастыру жүзеге асырылатын мемлекетті, шығару валютасын, шығару сомасын, шығару андеррайтерлерін (менеджерлерін), санын, номиналды құнын көрсете отырып, эмитент органының шығару немесе орналастыру туралы шешімінің көшірмесін;
      3) осы Ереженің 4-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа, орналастыруға рұқсат алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  22-1-бабының  1-тармағында көзделген шарттардың орындалуын растайтын құжаттар;
      мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аударманы (егер шығарылым шет мемлекеттің заңдарына сәйкес жасалған болса) қоса бере отырып, туынды бағалы қағаздардың шығарылымын растайтын құжаттар. 

      5. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы, егер осы Ережеде құжаттардың көшірмелерін ұсыну белгіленбеген болса, құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады (көшірмелер бірінші басшының қолымен және мөрмен куәландырылады). Құжаттағы парақ саны көп болғанда, оның әр парағы куәландырылады не құжат тігіліп, тігілген жердің түйініне және парақтың шетіне желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Бірінші басшының қолы және мөр бедері ішінара қағаз пломбыға, ішінара құжаттың парағына қойылуы тиіс.

      6. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы рұқсат алу үшін ұсынған құжаттарын уәкілетті орган олар ұсынылған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қарайды. Қосымша құжаттар ұсынылған жағдайда құжаттарды қарау мерзімі қайтадан есептеледі.

      7. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы рұқсат алу үшін ұсынған құжаттарын қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасының резидент ұйымына осы Ереженің 1,  2-қосымшаларына  сай нысандар бойынша шығаруға немесе орналастыруға рұқсат береді.

      8. Туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру туралы шешімді уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оның орынбасары қабылдайды.

      9. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  22-1-бабында  көзделген шарттарды орындамаған немесе осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынбаған не олар осы Ереженің 5-тармағының шарттарына сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган оған рұқсат беруден бас тартады.

      10. Уәкілетті орган мүдделі тұлғалардың сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының резидент ұйымының шет мемлекеттің аумағында туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе орналастыруға берген рұқсаттар туралы ақпаратты ашады.

                                   Депозитарлық қолхаттарды немесе
                                     базалық активі Қазақстан
                                     Республикасы резиденттері
                                  эмитенттерінің эмиссиялық бағалы
                                     қағаздары болып табылатын
                                  өзге де бағалы қағаздарды шығару
                                    жөнінде хабардар ету, оларды
                                     орналастыру қорытындылары
                                   жөніндегі есепті беру, сондай-ақ
                                   шет мемлекеттің аумағында туынды
                                  бағалы қағаздарды шығаруға немесе
                                      орналастыруға рұқсат беру
                                       ережесінің 1-қосымшасы

                                              __________________
                                              (эмитенттің атауы)

    Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан
   Республикасы резиденттері эмитенттерінің эмиссиялық бағалы
     қағаздары болып табылатын өзге де эмиссиялық бағалы
    қағаздарды шет мемлекеттің аумағында шығаруға берілген
                           Рұқсат

      _______________________________________________ (уәкілетті
органның атауы) __________________ (мемлекеттің атауы) заңдарына
сәйкес Қазақстан Республикасының резидент ұйымының
___________________________________ (эмитенттің толық атауы және
орналасқан жері) мынадай туынды бағалы қағаздар түрлерін
___________________________________ (туынды бағалы қағаздардың
түрі, олардың саны, номиналды құны)  шығаруға рұқсат береді.

      Уәкілетті органның басшысы                         (қолы)
        (басшының орынбасары)

                                   Депозитарлық қолхаттарды немесе
                                     базалық активі Қазақстан
                                     Республикасы резиденттері
                                  эмитенттерінің эмиссиялық бағалы
                                     қағаздары болып табылатын
                                  өзге де бағалы қағаздарды шығару
                                    жөнінде хабардар ету, оларды
                                     орналастыру қорытындылары
                                   жөніндегі есепті беру, сондай-ақ
                                   шет мемлекеттің аумағында туынды
                                  бағалы қағаздарды шығаруға немесе
                                      орналастыруға рұқсат беру
                                       ережесінің 2-қосымшасы

                                              __________________
                                              (эмитенттің атауы)

   Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан
 Республикасы резиденттері эмитенттерінің эмиссиялық бағалы
    қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды
      шет мемлекеттің аумағында орналастыруға берілген
                          Рұқсат

      _______________________________________________ (уәкілетті
органның атауы) __________________ (мемлекеттің атауы) заңдарына
сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының
___________________________________ (эмитенттің толық атауы және
орналасқан жері) ____________________________________ мынадай
туынды бағалы қағаздар түрлерін ________________________________
(туынды бағалы қағаздардың түрі, олардың саны, бірегейлендіру
коды, номиналды құны) бағалы қағаздарын шығаруға рұқсат береді.

      Уәкілетті органның басшысы                         (қолы)
        (басшының орынбасары)

                                   Депозитарлық қолхаттарды немесе
                                     базалық активі Қазақстан
                                     Республикасы резиденттері
                                  эмитенттерінің эмиссиялық бағалы
                                     қағаздары болып табылатын
                                  өзге де бағалы қағаздарды шығару
                                    жөнінде хабардар ету, оларды
                                     орналастыру қорытындылары
                                   жөніндегі есепті беру, сондай-ақ
                                   шет мемлекеттің аумағында туынды
                                  бағалы қағаздарды шығаруға немесе
                                      орналастыруға рұқсат беру
                                      ережесінің 3-қосымшасы

                                              __________________
                                              (эмитенттің атауы)

         Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі
     Қазақстан Республикасы резиденттері эмитенттерінің
     эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де
        бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары
            жөніндегі есепті назарға алу туралы
                          Хабарлама

      _______________________________________________ (уәкілетті
органның атауы) ____________________________________ (эмитенттің
толық атауы және орналасқан жері) ұсынған
____________________________________ (түрі, саны, бірегейлендіру
коды, бағасы және орналастыру сомасы, орналастырылған елі
көрсетіледі) орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті назарға
алады.

      Уәкілетті органның басшысы                         (қолы)
        (басшының орынбасары)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады