"Суармалы егiс алқаптарына қойылатын талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесi мен нормаларын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 3 тамыздағы N 336 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 5 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 4368. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 476 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 N 476 бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6) тармақшасына, 17-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған "Суармалы егiс алқаптарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесi мен нормалары бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi (Белоног А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаментi (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн ресми жариялауға жiберсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдiң мiндетiн
      атқарушы

      "КЕЛIСIЛГЕH"
      Қазақстан Республикасының
      Қоршаған ортаны қорғау 
      министрі
      2006 жылғы 8 тамыз

Қазақстан Республикасы      
      Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2006 жылғы 3 тамыздағы      
      N 336 бұйрығымен бекітілген     

  "Суармалы егіс алқаптарына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары

  1. Жалпы ережелер

      1.»"Суармалы  егіс алқаптарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары (бұдан әрі - санитарлық ереже) меншік нысанына қарамастан қызметі суармалы егіс алқаптарын (бұдан әрі -  СЕА) жобалауға, күтіп-ұстауға және пайдалануға байланысты жеке және тұлғаларға арналған.

      2. Ұйымдардың басшылары және жеке тұлғалар осы санитарлық ереже талаптарын орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.

      3. Осы санитарлық ереже мал шаруашылығы кешендері мен фермалардың сұйық көңдері және сарқынды сулары қолданылатын мелиоративтік жүйелерге қолданылмайды.

      4. СЕА жұмысын өндірістік бақылау жоспарына сәйкес  ведомстволық зертханалық зерттеулерін  жүргізілуі тиіс.

      5. Осы санитарлық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылған:
      1) биологиялық тоғандар - су қоймаларының өзіндік тазалануы кезіндегі процестерге негізделген, сарқынды суларды биологиялық тазарту үшін арнайы жасалған  жасанды су қоймалары;
      2) гидромелиоративтік жүйе - жерлерді суаруға, суландару және құрғатуға арналған технологиялық өзара байланысты құрылыстардың, қондырғылар мен жабдықтардың кешені;
      3) СЕА - ауыл шаруашылық дақылдарын суаруға, тыңайтуға және өсіруге арналған, арнайы дайындалған және жоспарланған жер участкелері;
      4) суару желісі - суармалы көздерден, суаруды қажет ететін учаскелерге су тасымалдауға үшін арналған жасанды құрылғы.

  2. СЕА орнату аумағына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      6. СЕА-на арналған жер учаскелері жердің рельефін,   топырақтың түрін, су режимін, өсірілетін дақылдардың құрамын, топырақты сулардың жату деңгейін және санитарлық қорғау аймағының (бұдан әрі - СҚА) өлшемін сақтау қажеттігін ескеріп таңдап алынуы керек.

      7. СЕА-на арналған жердің табиғи еңістігі 0,02 аспайтын рельефі болуы тиіс. Ойпатты және су басқа аумақтар СЕА ұйымдастыру үшін пайдаланылмауы керек.

      8. Суару алаңдары елді мекендер бойынша ық жағынан орналасуы тиісті.

      9. СЕА топырағы құмды және құмайтты жер учаскесінде орналасуы тиіс; оларды саздақты және қара топырақты жерде орнатуға рұқсат етіледі, бұл ретте оларға сарқынды сулар көлемінің жүктемесін  азайту керек.

      10. СЕА жобалау кезінде жақын елді мекеннің даму перспективасы, өнеркәсіптік объектілер сарқынды сулар көлемінің ұлғаю ықтималдылығы суландырылатын аумақтан тыс ағызбай және оның барлық көлемін тиімді пайдалану мақсатымен, маңайындағы елді мекендердің, өнеркәсіптік объектілердің келешекте дамуын, іркінді сулардың көлемінің ұлғаю ықтималын, олардың  тәулік ішіндегі режимін ескеру қажет.

      11. СЕА орнатуға рұқсат етілмейді:
      1) орталықтанған шаруашылық - ауыз сумен қамтамасыз етуші көздердің санитарлық қорғау аймағында;
      2) су горизонттарының жер бетіне шығу орындарында, сондай-ақ су өткізбеуші қабатпен қорғалмаған жарықшақты тау жыныстары мен карсттардың аумағында;
      3) курорттардың санитарлық қорғау аумақтарының шегінде;
      4) жер бетінен грунт суларының жату тереңдігі құмды және құмайтты топырақтарда 1,25 метр (бұдан әрі - м) және саздақты және сазды жерлерде 1,0 м. кем болуында.
      СЕА салу аталған топырақтарда топырақты сулардың одан жоғары деңгейде жатуында да рұқсат етіледі, бұл жағдайда құрғатқыш (дренажды) қондырғыларының орнатылуы және СЕА әсер ету аймағында болушы елді мекендерге орталықтанған шаруашылық - ауыз сумен қамтамасыздандыруды ұйымдастыру керек.
      Дренажды суларды жинау және соңынан оларды суландыру қажетіне пайдалануы үшін тоған-жинағыштарды орнату қарастырылуы керек.
      Суару алаңдарының шекаралары бойынша елді мекендер жағына қарай ені ең кемінде 15 м, ал магистралдық жолдар бойы - ең кемінде 10 м санитарлық қорғаушы жасыл желектер отырғызылуы тиісті.

      12. Жылдың кейбір кезеңдерінде сарқынды су СЕА жіберуіне рұқсат етілмейді:
      1) суару алаңдарының көпшілік участкелерін жазғы вегетациялық кезеңіне дайындығы жүретін;
      2) көктем мезгілінде, өнімді жинау және қыстық суаруға алаңдарды дайындауы жүргізілетін күз мезгілінде;
      3) жауын кезеңдерінде.
      Осы уақыттарда сарқынды суды қабылдау үшін, дақылдарды өсіруіне арналмаған резервтік учаскелер қарастырылуы қажет. Суару алаңдарының резервтік ауданын алдын ала есептеуде пайдалы ауданның 25% дейінгі шамасы алынуы керек.

      13. Сарқынды сулар алқаптарға су тарату каналдар желісі арқылы берілуі тиісті. Егер топырақтың жағдайлары қажет ететін болса, сүзіліп тазартылған сарқынды суды құрғатушы (дренажды) желісі арқылы шығарады. Алаңдарды жеке карталарға бөлу керек.

      14. Карталардың өлшемі алқаптардың тағайындалуына және бірқатар басқа жағдайларына (жердің рельефіне, топырақтың сипатына, алаңдардың жалпы аудандарына, карталардағы жұмысты механикаландыру жағдайын қамтамасыз етуге т.б.) байланысты алынуы тиісті. Жерді механикалық өңдеу мүмкіндігін жасау үшін карталардың ұзындығын 300-1500м алу керек. Карталардың ені жердің рельефіне, топырақтың жағдайларына және суару әдісіне байланысты, белгілі шектен (екі жақтан ағызуда 100-200м) жоғары болмауы керек. Жеңіл топырақтар үшін карталардың ені, ауыр топырақтарға қарағанда, кеңірек алынады.
      Су таратушы үймешіктердің алдында екі қатарлас орналасқан карталардың биіктігінің айырмашылығы (террассалық орналасуында) 1м. биік болмауы керек.

      15. Жыралардың біркелкі толуы үшін карталарды ұзындық және көлденеңдік еңістігі бойынша жоспарлау керек. Ұзындық және көлденеңдік еңістіктері сәйкесті алынады: жеңіл саздақтар үшін 0,001 және 0,002, құмайттар үшін 0,002 және 0,003, құмдар үшін 0,003 және 0,004.

      16. Суару желісі, осы желі арқылы алқаптардың барлық участкісіне іркінді судың өздігінен ағатындай жобалануы тиісті. Жердің жыраларын трапециялы кесімді түрінде, ал каналдар мен науаларды - қаптауланған тік бұрышты кесімді түрінде орнату қажет.
      Қоршаушы және таратушы үймешіктердің жоғары жағы бойынша ені 0,7 м кем болмау керек.

      17. Қолайсыз топырақ жағдайларында СЕА құрғатушы (суды әкетуші) желісін орнату қажет. Ол дренаждан, жинаушы және әкетуші  желісінен және ағызу қондырғысынан тұруы керек.

      18. Дренаж топырақтың артық ылғалын уақытында әкетуін және аэробты тотықтыру процессінің өтуіне қажетті ауаны өткізуін қамтамасыз ету керек. Топырақты судың карталардың бетінен 1,5м төмен жатуында дренаж орнатылуы тиісті.

      19. Топырақтың сипатына байланысты дренаж желісі ашық құрғатушы жыралар немесе жабық дренаж түрінде орнатылуы керек. Су өткізімдігі нашар топырақтарда (саздақты) жабық дренаждар орнатылады, ал өткізімдігі жақсы топырақтарда (құм, құмайтты) ашық құрғатушы жыраларды жасауға тиіс.

      20. Дренаждар карталардың бетінен 1,5 м тереңдікте орнатылуы керек, ал кейбір жағдайларда, оларды 1,25 м тереңдікте орнатуға рұқсат етіледі. Дрендердің арасындағы қашықтығы болуы керек: құмды жерде 16-25м, құмайтты топырақта 12-15 м және жеңіл саздақты жерде 8-10 м. Құрғатушы каналдардың еңістігі 0,003 кем болмауы қажет.

      21. Жабық дренаждар диаметрі 75-100 миллиметр (одан әрі - мм) керізделген керамикалық құбырлардан немесе асбестоцементтік құбырлардан жасалынады. Дренді құбырлар грунт суларының ағысының бағытына перпендикулярлы, яғни жергіліктің горизонталіне параллелді орналасуы тиісті. Шөгінділердің түзілуін алдын алу үшін құбырлардағы судың ағу жылдамдығы 0,2-0,25 м/с кем болмауы керек.

      22. Дрендердің ұзындығы 120 м аспауы керек. Құбырлар бір-бірімен тығыз, араларындағы саңылаулары 4-6 мм болатындай салынуы керек. Түйіскен орындарының астына саздан жасалған төсеніш салынуы қажет. Түйісу орны қара қағазбен, киізбен, қайыңның қабығымен, шыммен жабылып, жұмыртаспен жабылуы қажет.

  3. Суару үшін сарқынды суды дайындау әдістеріне
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      23. СЕА жеке орналасқан жануар текті шикізаттарды өңдеу кәсіпорындарының, ет комбинаттарының, емдеу-профилактикалық  мекемелерінің, ұйымдардың вакциналарды және сывороткаларды өндіру бойынша сарқынды суды пайдалануына тиым салынады.

      24. СЕА-да өндірістік сарқынды суды қолданылмайды.

      25. Сарқынды судың 1000-50000 м 3 /тәулік көлемінде, және жасанды биологиялық тазалау құрылымдарының болмауында сарқынды суларды механикалық тазалау қондырғыларында және биологиялық тоғандарда немесе тоған-жинағыштар жүйесінде тазартуына рұқсат етіледі.
      Биологиялық тоғандарда сарқынды судың болу ұзақтығы әрбір климаттық аудандар үшін сәйкесті зертханалық зерттеулермен анықталуы тиісті. Әрбір климаттық аудандарда жылдың мезгіліне байланысты (көктем, жаз, күз) бұл мерзімдер 5 тен 14 күнге дейін алынады. Қыс мезгілінде іркінді суды тоған-жинағыштарға жіберілуі керек.
      Сарқынды суды тазалау жүйесінде биологиялық тоғандардың болуында қансорушы шыбын-шіркейлердің өсіп-өнуін алдын-алуына бағытталған шаралар жүргізілуі тиісті. Мұнда тоғандардың жағалары мен түбі тығыздалып, су өсімдіктерінен мезгілді тазартылып тұруы керек.

      26. СЕА тазартылған өндірістік және араласты сарқынды суларды пайдалану мүмкіндігі әрбір нақты жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және ветеринарлық бақылау органдарымен рұқсат етілуі керек.

      27. СЕА пайда болған сарқынды судың шөгінділерін пайдалану, оларды зиянсыздандырудан кейін ғана рұқсат етіледі. Дайындалған шөгінділерді топыраққа енгізу нормалары, олардың топырақта және ауыл шаруашылық дақылдарында жиналуы.

      28. Сарқынды судың шөгінділерін зиянсыздандыру келесі әдістердің бірімен жүргізілуі тиісті:
      1) метантектерде термофильді зиянсыздандырумен немесе термиялық кептірумен;
      2) инфрақызыл сәулелерімен өңдеу арқылы;
      3)  температурасы 70 о С 20 минут бойы пастеризациялаумен;
      4) температурасы 60-65 о С 1,5 сағат бойы шөгінді мен белсенді тұнбаның қоспасын алдын ала жылытып, анаэробтық стабилизациялау әдісімен. Ол патогенді микрофлора мен гельминт жұмыртқаларының 5-6 тәулік ішінде толық жойылуын қамтамасыз етеді;
      5) коогулянт ретінде әкті қолданып (рН= 11,0 және жоғары), сүзгіш - пресстерде немесе вакуумдық қондырғыларында сусыздандырумен;
      6) 5-6 ай бойы компостаумен, мұнда оның 1-2 айы жылдың жылы мезгіліне келіп, компостың барлық бөлігіндегі температурасы +60 о С кем болмауы керек;
      7) шөгінді алаңдарында 1-3 жыл кептіріледі.
      Сарқынды судың шөгінділерін шөгінді алаңдарында ұстау мерзімі нақты жағдайда патогенді микрофлора мен гельминттердің тірі жұмыртқаларының жоқтығын күәлеуші, зертханалық зерттеу нәтижелерінің негізінде.

      29. Сарқынды судың шөгінділерін пайдалану технологиясы оны өңдеу және зиянсыздандыру әдісіне байланысты алынуы тиісті. Шөгіндіні мелиоративтік алаңына, құрғақ затқа есептегенде 5-15т/га нормасы есебімен мезгілдігі ең кемінде 2-3 жылдан кейін енгізілуі керек. Сұйық шөгіндіні топыраққа енгізуді жерді жыртуда суару әдісімен жүргізу қажет.

  4. СЕА пайдалануына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      30. СЕА пайдалану топырақты, ауыл шаруашылық дақылдарын, су қоймаларын, топырақты сулардың инфекция қоздырғыштарымен, инвазиялармен ластау ықтималын, сондай-ақ оларда уытты заттардың шектік-рұқсатталған  концентрациялардан асатын шамада жиналуын алдын-алуға бағытталған, суару технологиясын сақтау бойынша жұмыстарды орындаудан кейін ғана рұқсат етіледі.

      31. Жер шаруашылық суару алқаптары сарқынды судың мезгілдік және тәуліктік түсуінің біркелкісіздігін ескеріп, олардың есепті көлемін қабылдауын қамтамасыз етуі керек.

      32. Суару желісінің қирау немесе алқаптарға сарқынды судың есепті көлемін қабылдау мүмкіндігінің болмау жағдайларында тоған-жинағыштарды немесе резервтік және буферлік алаңдарды орнатуы қарастырылуы керек. Олар жердің рельефі бойынша ең төмен орындарында орналасуы тиісті. Резервті алаңдар чек түрінде, қоршаушы үймешіктердің биіктігі ең кемінде 0,5 м орнатылады. Буферлік және резервтік алаңдардың жалпы ауданы СЕА аумағының ең кемінде 5% алуы керек. СЕА төменгі шекарасы, биіктігі ең кемінде 0,5 м үймешіктермен үймеленуі тиісті.

      33. СЕА сарқынды сумен суарудың оңтайлы әдісі болып керізделген полиэтилендік құбырлар арқылы және 25-60см тереңдікте салынған кротовиналар арқылы топырақ ішкі суландыру әдісі  саналады. Сарқынды суды жер беткі әдісімен (жыралар, тілкемдер арқылы), сондай-ақ жауындық әдісімен суаруға рұқсат етіледі.

      34. Сарқынды судың суландыру және суару нормалары әрбір нақты жағдайда төмендегілерді:
      1) климаттық ауданын;
      2) топырақтың физикалық-химиялық қасиеттерін;
      3) топырақ бетіндегі сулардың деңгейін;
      4) ауыл шаруашылығы дақылдарының түрін;
      5) сарқынды судың химиялық құрамын;
      6) суару алаңының еңістігін (су қоймасына қарай 5 % жоғары емес) ескере отырып жүргізілуі керек.

      35. СЕА техникалық, дәндік және басқа мал азықтық дақылдарын, сондай-ақ ағаштар мен бұталарды өсіруіне рұқсат етіледі. СЕА көкөністерді (оның ішінде картопты), жидектерді, жемістерді, бақша өсімдіктерін, жүзімдерді өсіруге тиым салынады.

      36. Суару алқаптарын пайдалануда соңғы суару уақыты мен егісті жинау арасында карантиндік мерзім орнатылуы қажет. Карантиндік мерзімі алынуы керек:
      1) аридті аймақ үшін (шөлді және жартылай шөлді) - ең кемінде 8 күн;
      2) субаридті аймақ үшін (далалық, орман-далалық аймақ) - ең кемінде 10 күн;
      3) гумидті аймақ үшін (орманды-шалғынды аймақ) - ең кемінде 14 күн.
      Карантиндік мерзім әрбір нақты жағдайда өсірілетін дақылдардың түрін және оларды пайдалану әдісін ескеріп.
      Тұрғындардың арасында тениаринхоз бойынша және ірі қара малдың арасында финноз бойынша салауатты емес аудандарда өсірілетін шөптер шөптік (витаминдік) ұнға, гранулаларға, брикеттерге ұнтақталуы немесе ең кемінде 3 ай мерзімге сенажға салынуы тиісті.

      37. СЕА жұмыскерлері арнайы киімдерімен жұмыс істеуі керек. Жаңбырлатқыш қондырғыларда қызмет ететін адамдар респираторлармен қамтамасыз етілуі керек.

      38. СЕА қызметкерлері жұмысқа орналасу алдында және кезеңді медициналық байқаудан нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2780 тіркелген "Өндірістік ортаның қолайсыз және қауіпті, зиянды факторларының тигізетін әсерінде болатын қызметкерлер мен жұмысшылардың міндетті алдын алу және кезеңді медициналық байқауды өткізу бойынша Нұсқаулар мен алдын алу және кезеңді медициналық байқаудан өтуге міндетті өндірістік зиянды факторлары мен қызметкерлердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 12 наурыздағы N 243  бұйрығының талаптарына сәйкес өтуі керек.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады