"Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдеу-профилактикалық тағамдар рационын беру нормасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 29 маусымдағы N 170-ө бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 15 тамыздағы N 192-п бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 5 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 4372. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2007 жылғы 31 шілдедегі N 184-п бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2007.07.31 N 184-п бұйрығымен.

      Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдеу-профилактикалық тағамдар рационын беру нормасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің N 137-138(761-762) "Заң газетінде" 2005 жылы жарияланған 2005 жылғы 29 маусымдағы N 170-ө  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3739 тіркелген) төмендегі толықтыру енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге емдеу-профилактикалық тағамдар рационын беру нормасында:
      1-қосымшада: 
      60-тармақта "стирол," деген сөзден кейін "полистирол," деген сөзбен толықтырылсын.
      2. Еңбек және халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры С.С.Әбденов осы бұйрықты Қазақстан Республикасының  Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.   

      Министрдің
      міндетін атқарушы

         "Келісілді"

     Қазақстан Республикасы 
     Денсаулық сақтау министрінің
     міндетін атқарушы

      2006 жылғы 16 тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады