Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 508 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 79 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 2006 жылғы 8 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 4382. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 25 мамырдағы N 49 қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.05.25 N 49 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 508 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2138 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2003 жылғы 27 қаңтар - 9 ақпанда жарияланған; Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармаларының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2794 тіркелген 2004 жылғы 23 ақпандағы N 61 және 2004 жылғы 23 ақпандағы N 20 бірлескен қаулыларымен және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3390 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 179 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбындағы және 1-тармағындағы "Кредиттік серіктестіктердің және" деген сөздер алынып тасталсын;

      кіріспесіндегі және 4-тармағындағы "Кредиттік серіктестіктердің және", "кредиттік серіктестіктерге және" деген сөздер алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықта:
      жоғарғы оң жақ бұрышындағы "Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" деген сөздер алынып тасталсын;

      тақырыбында, 2-тармағында "Кредиттік серіктестіктердің және" деген сөздер алынып тасталсын;

      1, 3 және 5-тармақтардағы "кредиттік серіктестіктер және", "Кредиттік серіктестіктердің және" деген сөздер алынып тасталсын;

      7-тармақта:
      бірінші абзацтағы "Кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық" деген сөздер "Ипотекалық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "аудиторлық есеп" деген сөздерден кейін "(еншілес ұйымдар болған жағдайда - есепті жылдың шоғырландырылған қаржылық есебіне жүргізілген аудит нәтижелері бойынша аудиторлық есеп)" деген сөздермен толықтырылсын;

      8-тармақтағы "Кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық" деген сөздер "Ипотекалық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10-тармақтағы "кредиттік серіктестіктің немесе" деген сөздер алынып тасталсын;

      15-тармақтағы "кредиттік серіктестік немесе" деген сөздер алынып тасталсын;

      17-тармақтағы "кредиттік серіктестіктің немесе" деген сөздер алынып тасталсын;

      20-тармақтағы "Кредиттік серіктестік немесе ипотекалық" деген сөздер "Ипотекалық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1, 2, 3 және 3-1-қосымшаларда:
      жоғарғы оң жақ бұрыштағы "Кредиттік серіктестіктердің және" деген сөздер алынып тасталсын;

      атындағы "кредиттік серіктестіктің немесе" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны кредиттік серіктестіктерге және ипотекалық компанияларға жіберсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Ш.Тәжіяқовқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы 

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан республикасы
      Қаржы нарығы мен қаржы
      ұйымдарын реттеу және
      қадағалау агенттігінің
      Төрағасы
 
       2006 жылғы 16 тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады