Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007.12.03. N 602 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
Жоғары білікті кадрлар даярлауды қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1.»"Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін бекіту туралы"» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3269 тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 қарашадағы N 945 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесінде:
"050718" коды:
"Кәсіптік жоғары білім берудің сырттай оқыту нысаны бойынша мамандықтары (бакалавриат), техникалық ғылымдар және технологиялар, электр энергетикасы" білім беру бейінінде, мамандықтар мен кәсіптердің атауларында:
"электр энергетикасы" деген сөзден кейін "(жалпы орта білім беру базасында)" деген сөздермен толықтырылсын;
"050719" коды:
"Кәсіптік жоғары білім берудің сырттай оқыту нысаны бойынша мамандықтары (бакалавриат), техникалық ғылымдар және технологиялар, радиотехника, электроника және телекоммуникация" білім беру бейінінде мамандықтар мен кәсіптердің атауларында:
"телекоммуникация" деген сөзден кейін "(жалпы орта білім беру базасында)" деген сөздермен толықтырылсын;
"050732"» коды:
"Кәсіптік жоғары білім берудің сырттай оқыту нысаны бойынша мамандықтары (бакалавриат), техникалық ғылымдар және технологиялар, стандарттау, метрология және сертификаттау" білім беру бейінінде, мамандықтар мен кәсіптердің атауларында:
"сертификаттау" деген сөзден кейін»"(жалпы орта білім беру базасында)"»деген сөздермен толықтырылсын.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (М.Р.Нұрғожин) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.