"Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тiзiмiне енгiзу болжамдалған немесе енгiзiлген эмитенттерге, сонымен қатар осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу Агенттiгi төрағысының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 5 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 7 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4408 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы N 04.2-09/119 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2008.05.08  N 04.2-09/119  (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы"  Заңы  6 бабының 5) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :

      1. Осы бұйрықтың мақсаттары үшiн келесi ұғымдарды қолдану белгiленсiн:
      1) делистинг - бағалы қағаздарды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының (әрi қарай - қаржы орталығы) арнайы сауда алаңының сауда-саттықтарын ұйымдастырушының ресми тiзiмiнен уақытша немесе әрдайым шығаруы;

      2) рұқсат ететiн бастаушы - бағалы қағаздарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңында айналымда енгiзуге рұқсат етушiнiң бастамашылығы бойынша ұйымдастыру;

      3) листинг бастаушы - бағалы қағаздарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңында ресми тiзiмделудiң бастамашылығы бойынша ұйымдастыру;

      4) листинг - бағалы қағаздарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңының сауда-саттықтарын ұйымдастырушының ресми тiзiмiне енгiзу және онда болуы;

      5) қаржы орталығының арнайы сауда алаңының листинг комиссиясы - сараптау кеңесi үшiн қорытынды дайындау (бағалы қағаздар және оның эмитенттерi туралы ақпараттарды талдау, сондай-ақ, бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерiн листинг талаптарына сәйкестiгiн тексеру нәтижелерi негiзiнде) негiзгi мақсаты болып табылатын, құрамына сауда-саттықты ұйымдастырушының және Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгiнiң (әрi қарай - Агенттiк) өкiлдерi кiретiн, қаржы орталығының арнайы сауда алаңының сауда-саттықтарын ұйымдастырушының құрылымнан тыс бөлiмшесi;

      6) қаржы орталығының арнайы сауда алаңының листинг талаптары - осы бағалы қағаздарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тiзiмiне енгiзу үшiн сақтауға қажеттi, бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне қойылатын талап;

      7) маркет-мейкер - қаржы орталығының арнайы сауда алаңы сауда-саттықты ұйымдастырушысының ережелерiне сәйкес бағалы қағаздарды әрдайым жариялау және бағаны белгiлеудi қолдау бойынша өзiне мiндеттемелердi алған қаржы орталығының қатысушысы;

      8) қаржы Орталығының листинг емес компаниялары - бағалы қағаздары қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тiзiмiне енгiзiлмеген, бiрақ осы бұйрыққа сәйкес "Қаржы орталығының листинг емес бағалы қағаздары" секторына айналымға енгізiлген эмитенттер;

      9) қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тiзiмi - листинг талаптарына сәйкес келетiн бағалы қағаздар мен тиiстi бағалы қағаздардың эмитенттерiн есепке алу және онда болу үшiн арналған қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тiзiмi;

      10) сараптау кеңесi - Агенттiктiң, қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның және листинг комиссиясының листинг пен делистинг туралы шешiмiнiң қорытындысы негiзiнде қабылданатын сауда-саттықтарды ұйымдастырушының өкiлдерiнен тұратын алқалы орган.

      2. Қаржы орталығының листинг емес компанияларының бағалы қағаздарының сауда-саттығын ұйымдастыру мақсатында қор биржасының сауда жүйесiнде жеке "Қаржы орталығының листинг емес бағалы қағаздар" секторы ашылады.

      3. Бағалы қағаздарды қор биржасының сауда жүйесiнiң "Қаржы орталығының листинг емес бағалы қағаздар" секторына айналымға шығару бағалы қағаздарды шығаруға бастамашылық етушi берген өтiнiшi және бағалы қағаздардың тiркелгендiгiн растайтын құжаттар негiзiнде жүзеге асырылады.

      4. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тiзiмi бiр санаттан тұрады.

      5. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңында листингi үшiн үш шарттың бiреуiн қадағалау тиiс.

      6. Бiрiншi шарт бойынша листинг үшiн қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тiзiмiне енгiзiлетiн эмитенттердiң бағалы қағаздары және ондағылар келесi талаптарға сәйкес болуға тиiс:

      1) Агенттiкпен танылатын, қор биржаларының тiзбесiне кiретiн, қор биржаларының бiрiнде листингтiң болуы;

      2) эмитенттермен ақпараттарды ашу тиісті қор биржаларының ресми сайттарында және сауда-саттық ұйымдастырушысы мен листинг бастаушысы немесе эмитент арасында ақпарат ашу туралы келісім-шарт жасау арқылы жүзеге асырылады;

      3) өз мiндеттемелерi бойынша эмитент дефолт фактiлерiнiң болмауы;

      4) қаржы орталығының арнайы сауда алаңында маркет-мейкердiң бар болуы.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2007.09.02.  N 05-02/205  Бұйрығымен.

      7. Екiншi шарт бойынша листинг үшiн қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тiзiмiне енгiзiлетiн эмитенттердiң бағалы қағаздары және ондағылар келесi талаптарға сәйкес болуға тиiс:

      1) бағалы қағаздарда және олардың эмитенттерiнде Агенттiкпен белгiленген деңгейден төмен емес, рейтинг бағалары Агенттiкпен танылатын, рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесiне кiретiн бiр немесе одан да көп рейтинг агенттiгiмен берiлген рейтинг бағаларының бар болуы;

      2) сауда-саттықты ұйымдастырушының листинг бастаушысымен немесе эмитентпен ақпаратты ашу туралы шарт жасау;

      3) өз мiндеттемелерi бойынша эмитент дефолта фактiлерiнiң болмауы;

      4) эмитенттiң бағалы қағаздарын шығаруға тiркеген елдiң заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық меморандумның бар болуы;

      5) қаржы орталығының арнайы сауда алаңында маркет-мейкердiң бар болуы.

      8. Yшiншi шарт бойынша листинг үшiн қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тiзiмiне енгiзiлетiн эмитенттердiң бағалы қағаздары және ондағылар келесi листинг талаптарына сәйкес болуға тиiс:

      1) эмитент резидентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасына сәйкес эмитенттi мемлекеттiк тiркеу қайта құру нәтижесiнде эмитент құрылған, қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тiзiмiне (ұйымның (ұйыммен) бар болу мерзiмi есепке алынуы мүмкiн) оның бағалы қағаздарын енгiзу туралы өтiнiш берiлгенге дейiн кем дегенде бiр жыл бұрын жүзеге асырылған;

      2) эмитенттiң қаржы есебi қаржы есебiнiң халықаралық стандарттарына (IFRS) немесе Америка Құрама Штаттарында (әрi қарай - АҚШ) қолданыстағы қаржы есебiнiң стандарттарына (GААР) сәйкес жасалады;

      3) эмитенттiң жылдық қаржы есебiнiң аудитi халықаралық аудит стандарттарына сәйкес Агенттiкпен бекiтiлген, қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңына енгiзу үшiн аудиторлық ұйымдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сай аудиторлық ұйыммен жүргiзiледi;

      4) соңғы анықталған қаржы жылында эмитенттiң тексерiлген қаржы есебiне сәйкес немесе соңғы аяқталған тоқсанда активтерiнiң көлемi кем дегенде 1,0 миллион АҚШ долларындағы баламасын құрайды;

      5) эмитенттiң меншiктi капиталы оның жарғылық капиталынан кем болмауға тиiс және соңғы аяқталған қаржы жылында оның соңғы тексерiлген қаржы есебiне сәйкес және соңғы аяқталған тоқсанда кем дегенде 0,2 миллион АҚШ долларындағы баламасын құрайды;

      6) сауда-саттықты ұйымдастырушысының листинг бастаушысымен немесе эмитентпен ақпаратты ашу туралы шарт жасау;

      7) өз мiндеттемелерi бойынша эмитент дефолта фактiлерiнiң болмауы;

      8) эмитенттiң бағалы қағаздарын шығаруға тiркеген елдiң заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық меморандумның бар болуы;

      9) қаржы орталығының арнайы сауда алаңында маркет-мейкердiң бар болуы.

      9. Осы эмитенттiң жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып танылатын, ұйымының кепiлдiгiнiң астында арнайы белгiленген кәсiпорын-ұйымдармен шығарылған бағалы қағаздардың листингiсi бойынша листингiлiк талаптар эмитенттiң өзiне емес, осындай кепiлдерге қолданылады.

      10. "Қаржы орталығының листинг емес бағалы қағаздар" секторына листинг және делистингтердi енгiзу туралы шешiм листинг комиссиясының қорытындысы негiзiнде сауда-саттықты ұйымдастырушымен құрылған, сараптау кеңесiмен қабылданады.
      Бiрiншi және екiншi шарт бойынша листинг немесе листингтен бас тарту туралы шешiм қабылдау мерзiмi 10 (он) жұмыс күнiнен, ал үшiншi шарт бойынша - 20 (жиырма) жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
      Делистинг үшiн шешiм қабылдау мерзiмi - 10 (он) жұмыс күн, "Қаржы орталығының листинг емес бағалы қағаздары" секторына кiру рұқсаты үшiн - 5 (бес) жұмыс күні.

      11. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңында айналымға енетiн бағалы қағаздардың делистинг туралы шешiмi сараптау-кеңесiмен келесi жағдайларда қаралуы мүмкiн:

      1) бағалы қағаздары қаржы орталығының арнайы сауда алаңының листингiне енгiзiлген эмитенттiң қызметiн тоқтату;

      2) рұқсатнамаға листингiнiң қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тiзiмiнен бағалы қағаздарды өз еркiмен алып тастауы;

      3) бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерiнiң листингiге тiркелген шарттары бойынша талаптарға (осы талаптардың 6, 7 немесе 8 тармақтарымен) сәйкес келмеуi;

      4) эмитенттiң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзуы немесе сараптау кеңесiнде эмитент резидентi болып табылатын елдiң заңнамасы бұзылғандығын растайтын шүбәсiз және құзыреттi мәлiметтердiң бap болуы;

      5) эмитенттiң қаржы көрсеткiштерiнiң осы талаптардың 8 тармағының 4 және 5 тармақшаларында белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi;

      6) листинг бастаушысының сараптау кеңесiне күмәндi, дәл емес немесе жарым-жартылай мәлiмет беру фактiлерінiң анықталуы.

      12. "Қаржы орталығының листинг емес бағалы қағаздар" секторынан бағалы қағаздарды алып тастау туралы шешiмi сараптау кеңесiмен, күнтiзбелiк тоқсан iшiнде онымен мәмiлелер жасаспаған жағдайда қабылдануы мүмкiн.

      13. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының айналымына Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарынан басқа Агенттiкпен белгiленген, қаржы орталығының арнайы сауда алаңына кiру үшiн бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерiнiң рейтинг бағаларына қойылатын талаптарға сәйкес егемендi ұзақ мерзiмдi несиелiк рейтинг бағасы бар мемлекеттермен шығарылған мемлекеттерге рұқсат етiледi.

      14. Тiзiмi Агенттiктiң келiсiмi бойынша сауда-саттық ұйымдастырушымен белгiленетiн, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары қаржы орталығының арнайы сауда алаңында айналымға жiберiледi.

      15. Осы бұйрық ресми түрде жариялау күнiнен бастап күшiне енедi.

      16. Агенттiгiнiң Тiркеу департаментiне:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiне шаралар қолданылсын;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, Алматы қаласының әдiлет және статистика органдарының, Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң, "Қазақстандық қор биржасы" акционерлiк қоғамына және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң назарына жеткiзiлсiн.

      17. Агенттiгiнiң Даму департаментiне осы бұйрықты Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауы қамтамасыз етiлсiн.

      18. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттiктiң бағыттаушы төрағасының орынбасарына жүктелсiн.

       Қазақстан Республикасы Алматы
         қаласының өңiрлiк қаржы
       орталығының қызметiн реттеу
           Агенттiгi Төрағасы

              КЕЛIСIЛДI:
       Қазақстан Республикасының
         Қаржы рыногы және қаржы
      ұйымдарын реттеу және қадағалау
      жөнiндегi агенттігінің Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады