"Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 11 желтоқсандағы N 437 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 371 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 24 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4431 болып енгізілді.

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетiлдiру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi қызметiнiң мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:  

      1.»"Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 11 желтоқсандағы N 437  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3349 тіркелген,»"Ресми газетте" 2005 жылғы 19 ақпанда N 8 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесінде:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Республикалық бюджеттен берілген бюджет кредиттері жасалған кредит шарттарының, республикалық бюджеттен қаражат алушылардың бюджет кредиттерін игеру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі есептілігінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның есепке алуына жатады.
      Жергілікті бюджеттерден берілген бюджет кредиттері жасалған кредит шарттарының, тиісті жергілікті бюджеттерден қаражат алушылардың бюджет кредиттерін игеру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі есептілігінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның есепке алуына жатады".

      2. Қазынашылық комитеті (Д.М. Шәженова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады