Құрылыс объектілерінің жобаларына сараптаманы жүзеге асыратын, мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жатпайтын мемлекеттік емес сараптама орталықтарын аккредиттеу және сарапшыларды аттестаттау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының 2006 жылғы 19 қазандағы N 399 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 14 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4452 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 163/НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 26.07.2013 № 163/НҚ бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11) тармақшасымен "Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы N 918 қаулысын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Құрылыс объектілерінің жобаларына сараптаманы жүзеге асыратын, мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жатпайтын мемлекеттік емес сараптама орталықтарын аккредиттеу және сарапшыларды аттестаттау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, аккредиттеу және аттестаттау басқармасы:
      осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Қазақстан Республикасы Индустрия  
және сауда министрлігі Құрылыс және
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 
істері комитетінің      
2006 жылғы 19 қарашадағы   
N 399 бұйрығымен       
бекітілген          

  Құрылыс объектілерінің жобаларына сараптаманы
жүзеге асыратын, мемлекеттік сараптаманың ерекше
құзыретіне жатпайтын мемлекеттік емес сараптама
орталықтарын аккредиттеу және сарапшыларды
аттестаттау жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ 1. Жалпы ережелер

         1.   Құрылыс объектілерінің жобаларына сараптаманы жүзеге асыратын, мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жатпайтын мемлекеттік емес сараптама орталықтарын аккредиттеу және сарапшыларды аттестаттау жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына, "Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы N 918 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті туралы ережеге сәйкес әзірленген.

      2. Осы Нұсқаулық мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жатпайтын құрылыс объектілерінің жобаларына сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік емес сараптама орталықтары мен сарапшылар ретінде заңды тұлғаларды аккредиттеудің және жеке тұлғаларды аттестаттаудың тәртібін регламенттейді.

      3. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) уәкілетті орган - Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті;
      2) аккредиттеу - уәкілетті органның мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жатпайтын құрылыс объектілерінің жобаларына сараптама жүргізу жөніндегі тәуелсіз мемлекеттік емес сараптама орталығының өкілеттігін заңды тұлғаға ресми беруі;
      3) аттестаттау - уәкілетті органның мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жатпайтын құрылыс объектілерінің жобаларына сараптама жүргізу жөніндегі сарапшының (сарапшыға кандидаттың) өкілеттігін жеке тұлғаға ресми беруі;
      4) аккредиттеу туралы куәлік - мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жатпайтын құрылыс объектілерінің жобаларына сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік емес сараптама орталығы ретінде заңды тұлғаның аккредиттелгенін куәландыратын уәкілетті органның белгіленген нысандағы ресми құжаты (Нұсқаулыққа 1-қосымша);
      5) аттестат - мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жатпайтын құрылыс объектілерінің жобаларына сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік емес сарапшы ретінде жеке тұлғаның аттестатталғанын куәландыратын уәкілетті органның белгіленген нысандағы ресми құжаты (Нұсқаулыққа 2-қосымша);
      6) мемлекеттік емес сараптама орталығы - мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жатпайтын жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының тараулары (бөлімдері) бойынша сараптау жұмыстарын жүзеге асыру үшін уәкілетті орган аккредиттеген заңды тұлға;
      7) сарапшы - мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жатпайтын жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының жекелеген бөлімі (жекелеген бөлімдері) бойынша сараптау жұмыстарын жүзеге асыру үшін уәкілетті орган аттестаттаған жеке тұлға;
      8) жобаның негізі тараулары (бөлімдері) - жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларының негізін құрайтын және міндетті сараптамалық бағалауға жататын жобаның тараулары (бөлімдері). Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының міндетті құрамы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтермен белгіленеді.

  2. Мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне
жатпайтын құрылыс объектілерінің жобаларына сараптаманы
жүзеге асыратын заңды тұлғаны (сараптама орталығын)
аккредиттеу және жеке тұлғаны (сарапшыны)
аттестаттау шарттары

      4. Мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жатпайтын құрылыс объектілерінің жобаларына сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік емес сараптама орталықтары мен сарапшылар ретінде аккредиттелуге және аттестатталуға үміткер заңды және жеке тұлғалар уәкілетті органға мынадай материалдар мен құжаттарды:
      1) заңды тұлғалар үшін -  3-қосымшаға , жеке тұлғалар үшін -   4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтінішті;
      2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыру құқығына арналған мемлекеттік лицензиясының көшірмесін;
      3) заңды тұлға үшін - құрылтай құжаттарының, шаруашылық жүргізуші субъектіні тіркеу туралы куәліктің салық органдарында есепке тұру туралы куәліктің көшірмелерін және статистикалық карточканың көшірмелерін;
      4) жеке тұлғалар үшін - жеке кәсіпкер ретіндегі мемлекеттік тіркеу (есепке қою) туралы куәлігінің көшірмесін;
      5) заңды тұлға үшін - мамандардың біліктілік құрамы туралы мәліметтерді, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы арнайы жоғары кәсіби (орта арнайы) білімін растайтын дипломдардың, куәліктердің көшірмелерін, мамандығы бойынша бес жылдан кем емес (жоғары білімі) немесе жеті жылдан кем емес (орта арнайы білімі) жұмыс тәжірибесі бар еңбек кітапшаларының (жұмыс стажын растайтын өзге де құжаттардың) көшірмелерін;
      6) жеке тұлға үшін - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында арнайы жоғары (орта арнайы) кәсіби білімін растайтын дипломның, куәліктің көшірмелерін, мамандығы бойынша бес жылдан кем емес (жоғары білімі) немесе жеті жылдан кем емес (орта арнайы білімі) жұмыс тәжірибесі бар еңбек кітапшаларының (жұмыс стажын растайтын өзге де құжаттардың) көшірмелерін;
      7) жобалар сараптамасының сапасын бақылау жүйесімен жарақталған материалдық-техникалық базаның болуы, нормативтік-анықтамалық және әдіснамалық әдебиеттің болуы, есеп айырысуларды орындауға, сараптамалық қорытындылар жасау мен ресімдеуге арналған ұйымдық техникамен, бағдарламалық қамтамасыз етумен жарақтануы, өндірістік алаңдардың болуы, құжаттар мен материалдардың мұрағатталуын қамтамасыз етуі туралы мәліметтерді ұсынуға тиіс.
      Осы тармақтың 2)-6) тармақшаларында аталған құжаттардың көшірмелері нотариалды расталған болуы қажет.

      5. Аккредиттеу және аттестаттау туралы куәліктің қолданысы жыл сайын ұзартылып отырады.

      6. Сараптама орталықтары мен сарапшылар аккредиттеу және аттестаттау туралы куәліктің мерзімін ұзартқан кезде осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көзделген материалдар мен құжаттарды (өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда) ұсынады. Сонымен қатар, қосымша:
      1) аяқталған немесе аяқталу сатысындағы жұмыстары туралы мәліметтерді қоса алғанда, алдындағы аккредиттеу және аттестаттау туралы куәліктің мерзімін ұзартқаннан кейінгі мерзім аралығындағы атқарылған қызметі (бұдан әрі - аяқталған мерзім) туралы ақпаратты;
      2) сараптама орталықтары мамандары және (немесе) сарапшылар біліктілігінің артуын (біліктілігін көтеру курстарынан өтуін, семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстел жұмыстарын өткізгенін немесе оларға қатысқанын, арнайы оқу орындарында немесе орталықтарында лекциялар тыңдағанын) растайтын құжаттардың көшірмелерін (олар болған кезде);
      3) аяқталған мерзім аралығындағы берілген оң және теріс қорытындылардың сараптама тұжырымдары туралы ақпаратты;
      4) сараптамалық бағалауды жүзеге асыру үшін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының іске асырылуына қызығушылық танытып отырған субъектілермен шарттардың болуы туралы ақпаратты ұсынады.

      7. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағындағы 1), 5)-7) тармақшаларында, 6-тармағындағы 1)-4) тармақшаларында аталған құжаттарға және ақпаратқа сараптама орталығының бірінші басшысы (оны алмастыратын тұлға) немесе сарапшы қол қояды және мөр арқылы расталады.

      8. Сараптау жұмыстарының шектеулі рұқсат етілген арнайы түрлері бойынша заңды тұлғаны аккредиттеу және жеке тұлғаны аттестаттау үшін аттестатталған жеке тұлғада (аккредиттелген заңды тұлғаның штатында тұрған сарапшыда) тиісті рұқсаттарының болуы қажет.

      9. Аккредиттеуге немесе аттестаттауға, аккредиттеу немесе аттестаттау туралы куәліктердің мерзімін ұзартуға арналған құжаттардың толық жинағын тапсырмаған жағдайда өтініш қарауға қабылданбайды.

      10. Уәкілетті мемлекеттік орган жеке тұлғадан қажетті құжаттардың толық жинағын қабылдаған кезден он күннен және заңды тұлғадан қажетті құжаттардың толық жинағын қабылдаған кезден отыз күннен кешіктірмей аккредиттеу және (немесе) аттестаттау туралы не аккредиттеуден және (немесе) аттестаттаудан бас тартуға байланысты өз шешімі туралы оларды жазбаша хабардар ете отырып, аккредиттеу және (немесе) аттестаттау туралы куәлікті береді.

      11. Белгіленген тәртіппен аккредиттеуден өткен сараптама орталықтары (сарапшылар) аккредиттелген (аттестатталған) күнін, аккредиттеу (аттестаттау) туралы куәліктің нөмірін, лицензияның нөмірі мен берілген күнін (мерзімі бойынша лицензиаттың белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растаған соңғы күнді), мамандығын (біліктілігін), сараптама орталығы басшысының немесе дербес сарапшының тегін, атын және әкесінің атын, почтаның адресі мен өзге де қажетті деректемелерді көрсете отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның тізіліміне кіреді.

  3. Аккредиттеу, аттестаттау туралы куәлікті
кері қайтарып алу, олардың қолданысын тоқта тұру

      12. Уәкілетті орган басшысының не оның міндетін атқарушының бұйрығына сәйкес мемлекеттік емес сараптама орталығын аккредиттеу және мемлекеттік емес сарапшыларды аттестаттау туралы куәліктер мынадай жағдайларда:
      1) сараптама орталығының немесе сарапшының мемлекеттік лицензиясының қолданысы лицензияны иеленуші мәртебесі расталмауы, лицензияның кері қайтарылуы салдарынан тоқтағанда;
      2) уәкілетті мемлекеттік органның аккредиттеу, аттестаттау туралы куәліктердің қолданысын тоқтата тұру бойынша себептері жойылмағанда;
      3) сараптама орталығы немесе сарапшы аккредиттеу, аттестаттау туралы куәліктердің қолданылу мерзімін ұзартқан кезде бұрыс ақпараттар, құжаттар және материалдар ұсынғанда;
      4) белгісіз себептер бойынша аккредиттеу, аттестаттау туралы куәліктердің қолданылу мерзімін ұзартуға арналған материалдарды (өтініштерді) уақытында (үш айдан артық) ұсынбағанда кері қайтарып алады.

      13. Уәкілетті мемлекеттік орган сараптама орталықтарының аккредиттеу немесе сарапшылардың аттестаттау куәліктерінің қолданысын алты айға дейінгі мерзімге мынадай жағдайларда тоқтатады:
      1) мемлекеттік лицензияның қолданысын тоқтатқанда;
      2) сараптамалық бағалаудың мынандай принциптерін орындамаған жағдайда: сараптамалық бағалау қорытындыларының, нәтижелерінің (тұжырымдарының) объективтілігі; сараптама мен техникалық аудит барысында өтініш беруші туралы алынған ақпараттың құпиялылығы.

      14. Уәкілетті мемлекеттік орган осы Нұсқаулықтың 14-тармағында көзделген жағдайларда сараптама орталығының тек қана филиалдарына немесе өкілдігіне қатысты аккредиттеу, аттестаттау туралы куәліктің қолданысын тоқтатуды жүзеге асыра алады.

      15. Уәкілетті мемлекеттік орган үш күндік мерзімде сараптама орталығының, сарапшының аккредиттеу, аттестаттау туралы куәліктің қолданысын тоқтату немесе тоқтата тұру жөнінде қабылдаған шешімі туралы оларды хабардар етеді.

      16. Аккредиттеу, аттестаттау туралы куәліктердің қолданысын тоқтата тұру бойынша себептер жойылғаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органның басшысының немесе оның міндетін атқарушының бұйрығы негізінде қайта жалғасады.

      17. Сараптама орталығы (сарапшы) аккредиттеу, аттестаттау туралы куәліктерді қайтарып алу немесе қолданысын тоқтату туралы уәкілетті мемлекеттік органның шешіміне сотқа беру жолымен шағым жасауға құқылы. Бұл орайда, уәкілетті мемлекеттік органның аккредиттеу, аттестаттау туралы куәліктерді қайтарып алу немесе қолданысын тоқтату туралы шешімі сот шешімі шыққанға дейін қолданылады.

                                  Құрылыс объектілерінің жобаларына
                                     сараптаманы жүзеге асыратын,
                                   мемлекеттік сараптаманың ерекше
                                   құзыретіне жатпайтын мемлекеттік
                                     емес сараптама орталықтарын
                                    аккредиттеу және сарапшыларды
                                  аттестаттау жөніндегі нұсқаулыққа
                                              1-қосымша

                АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
                        N ҚІКТ-00000

Аккредиттеу туралы осы куәлік
20__жылғы "__"__________лицензиясы бар_______________________
                                        (лицензияның N)
20__жылғы "__"__________ расталған___________________________
            (берілген және соңғы рет расталған күні)

__________________________________________________________________
                      (заңды тұлғаның атауы)
__________________________________________________________берілді,
                        (заңды мекен-жайы)

  жұмыстар мен қызмет көрсетулер рыногында сараптау жұмыстарын
            (жобалар сараптамасын) жүзеге асыру құқығына
                        АККРЕДИТТЕЛДІ
    және сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі
           уәкілетті органның тізіліміне енгізілді

       Уәкілетті органның      
            басшысы                  _________ _____________
                                        М.О.

      Астана қаласы                 20__жылғы "__"__________

                                  Құрылыс объектілерінің жобаларына
                                    сараптаманы жүзеге асыратын,
                                  мемлекеттік сараптаманың ерекше
                                  құзыретіне жатпайтын мемлекеттік
                                    емес сараптама орталықтарын
                                    аккредиттеу және сарапшыларды
                                  аттестаттау жөніндегі нұсқаулыққа
                                              2-қосымша

                  АТТЕСТАТ N ҚІКТ-00000

       Осы аттестат мыналар туралы куәландырады:
20__жылғы "__"___лицензиясы бар_____________________________
                                      (лицензияның N)
20__жылғы "__"_________расталған_________________________________
                     (берілген және соңғы рет расталған күні)
________________________________________________________________
        (жеке кәсіпкер, тәуелсіз мемлекеттік емес сарапшы)
________________________________________________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты)

  жұмыстар мен қызмет көрсетулер рыногында сараптау жұмыстарын
            (жобалар сараптамасын) жүзеге асыру құқығына
                        АТТЕСТАТТАЛДЫ
және сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті
                   органның тізіліміне енгізілді

       Уәкілетті органның
           басшысы                  ________ __________

                                            М.О.

      Астана қаласы                 20__жылғы "__"_____

                                  Құрылыс объектілерінің жобаларына
                                    сараптаманы жүзеге асыратын,
                                  мемлекеттік сараптаманың ерекше
                                  құзыретіне жатпайтын мемлекеттік
                                    емес сараптама орталықтарын
                                    аккредиттеу және сарапшыларды
                                  аттестаттау жөніндегі нұсқаулыққа
                                              3-қосымша

                       _____________________________________________
                          (Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
                       _____________________________________________
                       істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган)

                         Өтініш

Қазақстан Республикасының___________________________________________
___________________________________________________________аумағында
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы)

      сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы,
мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жатпайтын құрылыс 
объектілерінің жобаларына сараптаманы жүзеге асыру үшін, мені
сараптама орталығы__________________________________________________
____________________________________________________________________
                  (заңды тұлғаның толық атауы)
      ретінде аккредиттеуді сұраймын.
      Ұйым туралы мәліметтер:
1. Атауы ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
2. Құрылған күні ___________________________________________________
3. Тіркеу туралы куәлігі ___________________________________________
4. Заңды мекен-жайы мен деректемелері ______________________________
5. Есеп шоты _______________________________________________________
6. Филиалдары, өкілдіктері _________________________________________
7. Қоса беріліп отырған материалдар мен құжаттар____________парақта.
Басшы (лауазымы) _______ _________________
                  (қолы) (аты-жөні)
    (орындаушы) 
(телефон нөмірі)

Өтініш 20__жылы "__"______ ______________________қарауға қабылданды
              (күні)(айы) (лауазымы, қолы, аты-жөні)
      * - тиісінше тіркеле отырып, өтініш берушінің бланкісіне 
шығарылады және мөрмен расталады.

                                  Құрылыс объектілерінің жобаларына
                                    сараптаманы жүзеге асыратын,
                                  мемлекеттік сараптаманың ерекше
                                  құзыретіне жатпайтын мемлекеттік
                                    емес сараптама орталықтарын
                                    аккредиттеу және сарапшыларды
                                  аттестаттау жөніндегі нұсқаулыққа
                                              4-қосымша

                           _________________________________________
                              (Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
                           _________________________________________
                       істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган)

                         Өтініш

Қазақстан Республикасының___________________________________________
                                аумағында (облыстың,
____________________________________________________________________
        республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы)

      сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы,
мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жатпайтын құрылыс
объектілерінің жобаларына сараптаманы жүзеге асыру үшін, мені
сарапшы ретінде аттестаттауды сұраймын.

1. Аты-жөні________________________________________________________
2. Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгендігі (есепке қою)
туралы куәлік _____________________________________________________
3. Мекен-жайы _____________________________________________________
4. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ____________________
5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында арнайы білімінің
болуы _____________________________________________________________
6. Мамандығы бойынша істеген жұмыс тәжірибесі _____________________
7. Жұмыс орны _____________________________________________________
8. Есеп шоты, СТТН ________________________________________________
9. Қоса беріліп отырған материалдар мен құжаттар___________парақта.
 
        ________  _______________
       (қолы)     (аты-жөні)

Өтініш 20__жылы "__"_________ ____________________қарауға қабылданды
              (күні) (айы) (лауазымы, қолы, аты-жөні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады