Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының, Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының және Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарының күшін жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 163/НҚ бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабының 2-тармағына және 43-1 бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары - министр                      Б.Сағынтаев

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің   
бірінші орынбасары -  
Қазақстан Республикасы 
Өңірлік даму министрінің
2013 жылғы 26 шілдедегі
№ 163/НҚ бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
істері комитеті төрағасының, Индустрия және сауда
министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
істері комитеті төрағасының және Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының күші
жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы аумағындағы тұрғын жайлардың үй-жайларын қайта құру (қайта жобалау, қайта жабдықтау) үшін рұқсат ету рәсімін өтудің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті төрағасының, 2000 жылғы 17 сәуірдегі № 99 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2000 жылғы 20 маусымда № 1161 болып тіркелген);
      2. «Өтініш берушілердің (лицензияға талапкерлердің) және (немесе) лицензиаттардың біліктілік талаптарына сай екеніне сараптамалық бағалау жүргізу үшін заңды және жеке тұлғаларды тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2005 жылғы 8 тамыздағы № 243 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 26 тамызда № 3816 болып тіркелген);
      3. «Өтініш берушілердің (лицензия алуға талапкерлердің) және (немесе) лицензиаттардың біліктілік талаптарына сәйкес келуіне сараптамалық бағалау жүргізу үшін жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2005 жылғы 8 тамыздағы № 243 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 158 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2006 жылғы 25 сәуірде № 4210 болып тіркелген);
      4. «Құрылыс объектілерінің жобаларына сараптаманы жүзеге асыратын, мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жатпайтын мемлекеттік емес сараптама орталықтарын аккредиттеу және сарапшыларды аттестаттау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2006 жылғы 19 қазандағы № 399 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2006 жылғы 14 қарашада № 4452 болып тіркелген);
      5. «Мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2010 жылғы 4 қарашадағы № 484 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 6676 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады