"Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентерін дербес қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 24 маусымдағы N 274-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 11 қазандағы N 242 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 11 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4455 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 22 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.01.2018 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әуежайлар және аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін дербес қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 24 маусымдағы N 274-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2981 нөмірмен тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3526 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 11 наурыздағы N 77-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағалар, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін дербес қолдану ережесінде:

      барлық мәтін бойынша "өсуіне" деген сөз "өсу" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "жаңадан іске қосылған рейс - әуе кемелерін басқа пайдаланушылар орындамайтын әуе кемелерін пайдаланушы орындайтын жаңа бағыт бойынша рейс;";

      он бірінші абзацта "орталық", "белгіленген құзырет шегінде, немесе облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы орган" деген сөздер алынып тасталсын;

      5-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтінімдер болған кезде, әуе кемелерін пайдаланушының мынадай талаптардың біреуін орындау кезінде әуежай әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне уақытша төмендету коэффициентін дербес қолданады:";

      1) тармақшада "әуе кемелеріне жерде қызмет көрсетудің" деген сөздер алынып тасталсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) әуе кемелерінің әуежайға техникалық қона отырып, транзиттік ұшуларды орындауы.";

      4) тармақша алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Өтінімдер болған жағдайда, әуе кемелерін пайдаланушының мынадай талаптарының біреуін орындау кезінде аэронавигация ұйымы аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне уақытша төмендету коэффициентін дербес қолданады:

      1) әуе кемелерінің ұшу жиілігінің өсуі және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде жаңа бағыттарды тарту;

      2) іске қосылмаған немесе әлсіз іске қосылған әуе трассаларын пайдалану мүмкіндігі.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Осы Ереженің 5, 5-1, 6 және 7-тармақтарында көзделген шарттарды орындамаған жағдайда, субъект әуе кемелерін пайдаланушының атына уақытша төмендету коэффициентін дербес қолданудан бас тартылғаны туралы жазбаша хабарлама жолдайды.";

      8-тармақ "Уақытша" деген сөз "Осы Ереженің 5-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, уақытша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақтың 1) тармақшасындағы "өсуімен" деген сөзден кейін ", бұл ретте жаңадан іске қосылған рейстер бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің өсуі 100 пайызға тең қабылдансын";

      13-тармақтағы "тұтыну көлемін" деген сөздерден кейін "(әуе кемесінің үлгісін, ұшу санын, рейстер қозғалысының жиілігін, ұшу массасын, реттеліп көрсетілетін қызметтерден түскен болжамды (нақты) табысын)" деген сөздермен толықтырылсын;

      16-тармақтың 3) тармақшасындағы "5-тармағында" деген сөздер "5, 5-1, 6 және 7-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Осы Ереженің 16-тармағында белгіленген жағдайларда әуе кемелерін пайдаланушыға алып тасталғанға дейін 10 күн бұрын уақытша төмендету коэффициентін алып тастау туралы хабарлама жолданады.";

      18-тармақтағы "3" деген саннан кейін "жұмыс" деген сөзбен толықтырылсын;

      көрсетілген Ереженің 1-қосымшасында:

      Реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша шартты-ауыспалы шығындардың Тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1.4 жолмен толықтырылсын:

      "1.4 Ұшу-қону жолағын ағымдағы жөндеу Жөндеу".

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі және порттар саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Г.Қ.Ыбыраева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің,"Астана халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының, "Алматы халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Н.Ш.Алдабергеновке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап

      қолданысқа енгізіледі.

Төраға



      Келісілген:

      Қазақстан Республикасы

      Көлік және коммуникация министрі

      2006 жыл 24 қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады