Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 9 қарашадағы N 438 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 15 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4491 болып енгізілді. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрiнiң 2007 жылғы 8 тамыздағы N 284 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрiнiң    2007 жылғы 8 тамыздағы N 284 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  іске асыру мақсатында және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесі бекітілсін.
      2. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Айтжанова Ж.Н.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы Вице-Министрі Ә.А.Смайыловқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрінің       
2006 жылғы 9 қарашадағы    
N 438 бұйрығымен бекітілген  

  Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы ", " Аудиторлық қызмет туралы ", " Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы " Заңдарына сәйкес әзірленді және аудиторлық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияны беру, қайта ресімдеу, оның көшірмесін беру, кері қайтарып алу, тоқтатып қою, қалпына келтіру және оның қолданылуын тоқтату, сондай-ақ лицензиаттың аудиторлық қызметті жүзеге асыруын бақылауын тәртібі мен шарттарын белгілейді.

      2. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - лицензиар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі  қаулысымен  бекітілген аудиторлық қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарға жауап беретін аудиторлық ұйымдарға (бұдан әрі - лицензиат) береді.

      3. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия бас болып табылады және лицензиатқа осы Ережеге  1-қосымшаға  сәйкес нысан бойынша беріледі.

      4. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды және жалғыз данада беріледі.

      5. Лицензия бланкілерінің ұсынушыға арналған бағалы қағаз деңгейінде қорғау дәрежесі, сондай-ақ есепке алу сериясы мен нөмірі болады және қатаң есептіліктегі құжат болып табылады. Лицензияның бланкілерін сатып алуды, есебін жүргізуді және сақтауды лицензиар жүзеге асырады.

      6. Лицензияға уәкілетті тұлға қол қояды және лицензиардың мөрімен расталады.

      7. Лицензияны басқа заңды тұлғаға беруге тыйым салынады.

      8. Лицензиаттар мен оларға берілген лицензиялар туралы мәліметтерді лицензиар аудиторлық ұйымдардың арнайы тізілімінде көрсетеді.

      9. Лицензияны беру, қайтарып алу, тоқтатып қою және оның қолданылуын тоқтатуды лицензиар мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.

      10. Лицензия, оның көшірмесі берілген, қайта ресімделген кезде, сондай-ақ лицензияны қайта ресімдегені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде лицензиялық алым төленеді.

  2. Лицензия беру не беруден бас тарту

      11. Лицензия алу үшін лицензиарға мынадай құжаттар беріледі:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша өтініш;
      2) аудиторлық қызметті айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды төлегендігін растайтын құжат;
      3) құрылтай құжаттарының, өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің және статистикалық карточканың нотариалдық расталған көшірмелері;
      4) өтініш берушінің салық органында есепке қойылғандығы туралы куәліктің (СТН) нотариалдық расталған көшірмесі;
      5) осы аудиторлық ұйымда жұмыс істейтін аудиторларға "аудитор" біліктілігінің берілгені туралы біліктілік куәліктерінің және негізінде олар осы ұйыммен еңбек қатынастарында тұратын құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері;
      6) басшының еңбек кітапшасының нотариалдық расталған көшірмесі немесе жеке еңбек шартының не қабылдау немесе босату туралы бұйрықтар үзінді көшірмелерінің нотариалдық расталған көшірмесі.
      Аудиторлық ұйым мәртебесін растау үшін шетелдік ұйым лицензияның нотариалдық расталған көшірмесін немесе Халықаралық бухгалтерлер федерациясының немесе резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының мүшесі болып табылатын кәсіби ұйымда оның мүшелігін растайтын хаттың көшермесін оның нотариалдық расталған аудармасымен бірге ұсынады.

      12. Лицензия алу үшін ұсынылған барлық құжаттарды лицензиар тіркейді.

      13. Лицензиар мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиiстi сұрау салуларды жiберу жолымен ұсынылған құжаттарда қамтылған жазбалар мен мәліметтерді нақтылай алады.

      14. Лицензиар лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдағанға дейін өтінішпен бірге ұсынылған материалдарды олардың толықтығы мен дұрыстығын, лицензиаттың берілген біліктілік талаптарға сәйкестігін бағалай отырып қарайды.

      15. Лицензия беру туралы шешімін заңды ресімдеу лицензиардың бұйрығын шығару жолымен жүзеге асырылады.

      16. Лицензия осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен бірге өтініш берген күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей беріледі.

      17. Мынадай негіздер бойынша лицензия беруден бас тартылуы мүмкін:
      1) осы Ереженің 11-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар тапсырылмауы. Өтініш беруші аталған кедергілерді жойған кезде, өтініш жалпы негіздерде қаралады;
      2) аудиторлық қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеуі;
      3) өтініш беруші Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына жауап бермеуі;
      4) аудиторлық ұйым басшысына қатысты оған аудиторлық қызметпен айналысуға тыйым салатын сот шешімінің болуы.

      18. Лицензияны беруден бас тарту туралы хабарламаны бас тарту себептерін көрсете отырып лицензиар лицензия беру үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрде береді.

      19. Қазақстан Республикасының заң актілеріне, сондай-ақ Ереженің 25-тармағына сәйкес лицензиясы қайтарып алынған аудиторлық ұйымның лицензия беруге арналған өтініші қайтарып алу туралы шешім шығарылған сәттен 1 (бір) айдан ерте емес қаралады.

  3. Лицензияны қайта ресімдеу және оның көшірмесін беру

      20. Заңды тұлға атауын, орналасқан жерін өзгерткен жағдайда, лицензиат бір айдың ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш береді, сондай-ақ бұрын берілген лицензияның түпнұсқасын қайтарады.
      Лицензиар лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап 10 (он) күннің ішінде лицензияны қайта ресімдейді.

      21. Лицензиясын жоғалтқан жағдайда лицензиаттың дубликат алуға құқығы бар. Лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша лицензиар лицензияның дубликатын беруді 10 (он) жұмыс күннің ішінде орындайды.

  4. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, лицензияны
кері қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтату

      22. Лицензиар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің бұйрығымен тоқтатып қою себептерін көрсете отырып, лицензияның қолданылуын 6 (алты) айға дейін мерзімде тоқтатып қоюға құқығы бар.

      23. Мыналар лицензияның қолданылуын тоқтата тұру үшін негіз болып табылады:
      1) сапаны сыртқы бақылауды жүргізуге кедергі жасау, одан жалтару, оған тиісті жағдайлар жасамау немесе белгіленген мерзімде сапаны сыртқы бақылауды өтпеу;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасының аудиторлық қызмет саласындағы талаптарын сақтамау;
      3) аудиторлық ұйым басшысының "аудитор" біліктілік куәлігін жою;
      4) кәсіби аудиторлық ұйымнан шығару;
      5) лицензиаттың жазбаша өтініші;
      6) кезекті 12 (он екі) күнтізбелік айдың ішінде қызметті жүзеге асырмау.

      24. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептер жойылған кезде лицензиар өзінің бұйрығымен лицензияның қолданылуын жаңғыртады.
      Лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтата тұрған себептер тоқтата тұру мерзімі өткеннен бұрын жойылса, лицензиат лицензиарға лицензияны жаңарту туралы өтініш береді.

      25. Лицензияны лицензиар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда, сондай-ақ:
      1) аудиттелетін субъектіге көрінеу дұрыс емес аудиторлық есеп берген;
      2) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет саласындағы заңнамасының талаптарын сақталмаған жағдайларда керi қайтарып алуды жүзеге асырады.

      26. Лицензияны кері қайтарып алған немесе оның қолданылуын тоқтатқан жағдайда лицензиат лицензияны қайтарып алу немесе оның қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күннің ішінде лицензиарға лицензияны қайтарады. 

      27. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе кері қайтарып алу туралы шешімді сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

      28. Лицензия мынадай:
      1) лицензия қайтарып алынған;
      2) лицензиат таратылған немесе қайта ұйымдастырылған;
      3) лицензиарға лицензия ерікті түрде қайтарылған жағдайда өзінің қолданылуын тоқтатады.

      29. Лицензиатқа қойылатын талаптар:
      1) жыл сайын, 1 наурызға дейінгі мерзімде лицензиарға осы  Ережеге 2 3-қосымшаларға  сәйкес нысандар бойынша аудиторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы Есептiлiктi, аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпаратты беру;
      2) филиал құрған жағдайда лицензиарды "аудитор" біліктілік куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін қоса бере отырып, оны құру, оның орналасқан жері мен басшысы туралы хабардар ету;
      3) лицензия алғаннан кейін бір айдың ішінде сақтандыру полисінің нотариалды куәландырылған көшірмесін беру;
      4) лицензияланатын қызметті тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде он күн мерзімде лицензиарға лицензияның түпнұсқасын қайтару.

                                               Аудиторлық қызметті
                                              лицензиялау ережесіне
                                                     1-қосымша

Сериясы                                                     Нөмірі

                    Қазақстан Республикасының
                        мемлекеттік гербі

           Аудиторлық қызметпен айналысуға арналған
                     МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ

___________________________________________________________________
                        (аудиторлық ұйымның толық атауы)
___________________________________________________________ берілді

Орналасқан жері ___________________________________________________
___________________________________________________________________

СТН _______________________________________________________________

               Бас лицензия Қазақстан Республикасының
                      бүкіл аумағында жарамды

Лицензия беруші орган  Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
                               (уәкілетті органның толық атауы)
___________________________________________________________________

Басшы
(уәкілетті тұлға) ________________________

М.О.

Лицензия берілген күні "__"___________ж. ___________________ қаласы

                                               Аудиторлық қызметті
                                              лицензиялау ережесіне
                                                     2-қосымша

     Аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметке қойылатын
     білiктілiк талаптарына сәйкестігі туралы есептiлiк

                        200_ ЖЫЛ ҮШІН

Аудиторлық ұйымның атауы  _________________________________________
Лицензияның сериясы, нөмірі мен берілген күні _____________________
___________________________________________________________________
Заңды мекен-жайы, телефоны ________________________________________
Іс жүзіндегі мекен-жайы, телефоны _________________________________
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң
сериясы, нөмiрi, берілген күнi ____________________________________
___________________________________________________________________
СТН _______________________________________________________________
Ұйымның басшысы ___________________________________________________
___________________________________________________________________
    (аты-жөні, "аудитор" біліктілік куәлігінің нөмірі және берілген күні)

Аудиторлық қызмет туралы заңнаманы бұзуға байланысты әкімшілік
жазалардың болуы __________________________________________________
___________________________________________________________________
             (жазаны қашан, не үшін және қандай орган қолданды)

Аудиторларға және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымдарға тиесілi
аудиторлық ұйымның жарғылық капиталындағы үлес:

Аудитордың немесе қатысушылар болып табылатын шетелдік аудиторлық ұйымның атауы мен орналасқан жері   

Жарғылық капиталдағы үлес мөлшері (%)

  

  

Есепті кезеңде құрылтай құжаттарында өзгерістердің болуы

Құрылтайшы құрамындағы өзгерістер 

Қызмет түрлерінің өзгеруі

Ия (қандай өзгерістер және енгізу күнін көрсету)

Жоқ

Ия (қандай өзгерістер және енгізу күнін көрсету)

Жоқ

  

  

  

  

Ұйымның сандық құрамы:

Қызметкерлердің жалпы саны 

Оның ішінде штатта тұрмайтындар

Есепті кезеңде

Өткен жыл үшін

Есепті кезеңде

Өткен жыл үшін

  

  

  

  

Ұйымда жұмыс істейтін аудиторлар:

Аты-жөні

Лицензияның нөмірі және берілген күні

"аудитор" біліктілік куәлігінің нөмірі және берілген күні

Есепті кезеңде аудиторлық ұйымның құрамында өзгерістердің болуы 

Уәкілетті органға өзгерістер туралы мәліметтер беру

Ия (қандай өзгерістер және енгізу күнін көрсету)

Жоқ

  

  

  

  

  

  

Ұйымда жұмыс істейтін аудиторлардың біліктілігін арттыру туралы
мәліметтер:

Аудитордың аты-жөні

Біліктілікті арттырудан өту күні мен орны

  

  

Кәсіби ұйымдағы мүшелігі:

Атауы

Енген күні (қайта енген күні)

  

  

Аудиторлық ұйымның филиалдары туралы деректер:

р/р
N

Аудиторлық ұйым филиалының атауы мен орналасқан жері

Басшының аты-жөні, "аудитор" біліктілік куәлігінің нөмірі және берілген күні

  

  

  

Басшы _____________                     ___________________________
          (қолы)                                 (аты-жөні)

                                                               М.О.

                                               Аудиторлық қызметті
                                              лицензиялау ережесіне
                                                     3-қосымша

             Аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық
          жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат

                         200_ ЖЫЛ ҮШІН

Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру туралы деректер:

р/р
N

Сақтандыру ұйымының атауы мен орналасқан жері 

Сақтандыру полисінің нөмірі мен берілген күні

  

  

  

Басшы _____________                     ___________________________
          (қолы)                                 (аты-жөні)

                                                               М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады