Қазақстан Реснубликасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 мамырдағы N 139 Заңы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексiне  (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат;  N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат):

      1) 59-баптың 1-тармағының үшiншi бөлiгiндегi "қорытындымен" деген сөз "есеппен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 60-баптың 4-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi "кәсiпқой аудиторды" деген сөздер "аудиторлық ұйымды" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат;  2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат;  N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат):

      229-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "229-бап. Жекеше нотариустардың және аудиторлық ұйымның
                құрамында жұмыс iстейтiн аудиторлардың
                өкiлеттiктердi терiс пайдалануы";

      бiрiншi бөлiктегi "немесе жекеше аудиторлардың" деген сөздер ", аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс iстейтiн аудитордың немесе аудиторлық ұйым жетекшiсiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексiне  (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 21-22, 87-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 4, 24, 25-құжаттар):

      495-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi "тәуелсiз аудитордың қорытындысын" деген сөздер "аудиторлық ұйымның аудиторлық есебiн" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат, N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат, N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат):

      1) 173-баптың он төртiншi бөлiгi алып тасталсын;

      2) 183-баптағы "аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиядан" деген сөздер "аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 184-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "184-бап. Аудиторлық ұйымның көрiнеу дұрыс емес аудиторлық
                есептi жасауы

      Аудиторлық ұйымның көрiнеу дұрыс емес аудиторлық есептi жасауы, -
      аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензиядан айыра отырып не онсыз аудиторлық ұйымға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      4) мынадай мазмұндағы 184-1, 184-2-баптармен толықтырылсын:
      "184-1-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет
                  туралы заңнамасын бұзу

      1. Аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында көзделмеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруы, -
      аудиторлық ұйымдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Аудитордың және аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында көзделген мiндеттердi орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы, -
      аудиторларға - айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, аудиторлық ұйымдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Өздерi үшiн аудит жүргiзу мiндеттi қаржылық ұйымдарға аудит жүргiзу нәтижесiнде анықталған Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы заңнамасын бұзушылық туралы қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органға хабарламау және аудиттелетiн осы ұйымдарды хабардар етпеу, -
      аудиторлық ұйымдарға айлық есептік көрсеткiштiң елуден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Аккредиттелген кәсiби аудиторлық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес берiлуi талап етiлетiн ақпаратты тиiстi уәкiлеттi органдарға бiр реттен артық уақтылы табыс етпеуi, -
      аккредиттелген кәсiби аудиторлық ұйымдарға ескерту жасауға немесе оларға айлық есептік көрсеткiштiң елуден жүз елуге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      184-2-бап. Аудитордың жеке мөрiн пайдалануға және сақтауға
                 байланысты бұзушылықтар

      Аудитордың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында белгiленген жеке мөрдi тиiсiнше сақтау және пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзуы, -
      аудиторға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      5) 185-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "185-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң аудиторлық ұйымға
                көрiнеу дұрыс емес ақпарат беруi";

      бiрiншi абзацта:
      "Аудиторға (аудиторлық ұйымға) тексерiлiп жатқан адамның" деген сөздер "Аудиторлық ұйымға аудиттелетiн субъектiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "барысында" деген сөзден кейiн "көрiнеу" деген сөзбен толықтырылсын;

      "қорытынды" деген сөз "есеп" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 571-баптың бiрiншi бөлiгi және екiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасы "178," деген цифрдан кейiн "184-1, 184-2," деген цифрлармен толықтырылсын;

      7) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
      1) тармақшада:
      жиырма үшiншi абзацтағы "177" деген цифрдың алдынан "175 (екiншi бөлiгi) (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаса)," деген сөздермен толықтырылсын;

      жиырма төртiншi абзац алып тасталсын;

      жиырма бесiншi абзац "184" деген цифрдан кейiн ", 184-1 (үшiншi бөлiгi)," деген сөздермен толықтырылсын;

      отыз бiрiншi абзацтағы "184," деген цифр алып тасталсын;

      3) тармақшадағы "184," деген цифр алып тасталсын.

      5. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат;  N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат):

      196-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы "қорытындының" деген сөз "есептiң" деген сөзбен ауыстырылсын.

      6. 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат):

      1) 129-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiндегi "Аудиторды немесе аудиторлық" деген сөздер "Аудиторлық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 138-баптың 3-тармағының 23) тармақшасындағы және 4-тармағының 11) тармақшасындағы "аудиторлық ұйымдардың мамандары" деген сөздер "аудиторлық ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 140-баптың 17) тармақшасындағы "аудиторларды немесе" деген сөздер алып тасталсын.

      7. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат; N 10, 54-құжат; N 14, 82-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 17, 98-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 11, 37-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат):

      1) 6-баптың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Заңның 11-бабының 1), 3)-5) тармақшаларында көзделген қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын - қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Халық Банкi, ал осы Заңның 11-бабының 2) тармақшасында көзделген қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын аудиторлық қызмет пен аудиторлық және кәсiби аудиторлық ұйымдардың қызметiн бақылау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.";

      2) 11-бапта:
      1) тармақшадағы ", банк қызметiне аудит" деген сөздер алып тасталсын;

      2-1) тармақша алып тасталсын;

      3) тармақшадағы ", сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аудитi" деген сөздер алып тасталсын.

      8. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат):

      1) 6-баптың 1-тармағында:
      б) тармақшасы алып тасталсын;

      в) тармақшасында "не банк қызметiне аудит жүргiзетiндей" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 19-баптың 4-тармағында:
      бiрiншi абзацтағы "(аудитордың)" деген сөз алып тасталсын;

      екiншi абзацта орыс тiлiндегi мәтiнге өзгерiс енгiзiлдi, мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгермейдi;

      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "ол аудиторлық қызмет саласындағы реттеу мен аудиторлық және кәсiби аудиторлық ұйымдардың қызметiн бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның немесе өзi резидентi болып табылатын мемлекеттiң құзыреттi органының лицензиясына сәйкес банктерге аудит жүргiзуге уәкiлеттi екендiгiн растайтын құжаттар табыс еткен жағдайда жарамды деп танылады.";

      3) 55-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "(аудитор)" деген сөз алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Банктер уәкiлеттi орган белгiлеген нысандар бойынша және мерзiмдерде пруденциялық нормативтердi орындағаны туралы есептердi және активтер мен шарттық мiндеттемелердiң жiктелiмi (провизияның қалыптастырылуы) туралы мәлiметтердi аудиторлық ұйым осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес ондағы берiлген мәлiметтердi растағаннан кейiн жариялайды.";

      4) 57-бапта:
      1-тармақта:
      "Бухгалтерлiк есептi және есеп берудi, бастапқы құжаттарды және банк қызметi туралы басқа да ақпарат аудитiн" деген сөздер "Банк аудитiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      орыс тiлiндегi мәтiнге өзгерiс енгiзiлдi, мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгермейдi;

      2-тармақ алып тасталсын;

      6-тармақтағы "аудиторлық ұйымның жүргiзiлген аудит туралы есебiнде" деген сөздер "аудиторлық есепте" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 58 және 59-баптар алып тасталсын.

      9. "Өндiрiстiк кооператив туралы" 1995 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 20, 119-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 2001 ж., N 17-18, 242-құжат; 2003 ж., N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат):

      1) 7-баптың 6-тармағында:
      екiншi бөлiктегi "тәуелсiз аудиторлық тексерiстен", "тәуелсiз аудиторлық тексерiс" деген сөздер "тәуелсiз аудиттен", "тәуелсiз аудит" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшiншi бөлiктегi "қорытындымен" деген сөз "есеппен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 17-1-бапта:
      1-тармақтағы "аудиторды" деген сөз "аудиторлық ұйымды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "немесе өзге" деген сөздер алып тасталсын;

      3-тармақтағы "аудитордың" деген сөз "аудиторлық ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "мұндай тексеру мiндеттi" деген сөздер "аудит мiндеттi" деген сөздермен ауыстырылсын; "мұндай тексеру мүдделі" деген сөздер "аудит мүдделi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. "Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 171-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 12, 116-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; 2006 ж., N 4, 24-құжат):

      8-баптың 3-тармағындағы "тәуелсiз аудиторларды немесе" деген сөздер алып тасталсын.

      11. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 11, 39-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):

      1) 6-баптың 2-тармағының 11) тармақшасындағы "аудиторлық тексеру" деген сөздер "аудит" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 49-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "49-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитi

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитiн Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым жүргiзедi.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептiлiгiнiң және басқа да ақпаратының аудиторлық есебi коммерциялық құпия болып табылмайды.
      3. Басқа да ақпараттың аудитi жинақтаушы зейнетақы қорының пруденциялық нормативтердi және зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алу жөнiнде уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарды орындауын тексерудi қамтиды. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерiн дербес инвестициялық басқаруды жүзеге асырған жағдайда басқа да ақпараттың аудитi зейнетақы активтерiн инвестициялау мен бағалау жөнiндегi талаптардың орындалуын тексерудi де қамтиды.
      Iлеспе қызметтердi жүргiзуге арналған шарт уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сай болуға тиiс.";

      3) мынадай мазмұндағы 59-1-баппен толықтырылсын:
      "59-1-бап. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды
                 жүзеге асыратын ұйымдардың аудитi

      1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың аудитiн Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес аудит жүргiзуге құқылы аудиторлық ұйым жүргiзедi.
      2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептiлiгiнiң және басқа да ақпаратының аудиторлық есебi коммерциялық құпия болып табылмайды.
      3. Басқа да ақпараттың аудитi зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтердi және зейнетақы активтерiн инвестициялау мен бағалау жөнiнде уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарды орындауын тексерудi қамтиды.
      Iлеспе қызметтердi жүргiзуге арналған шарт уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сай болуға тиiс.".

      12. "Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 5-6, 49-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24, 25-құжаттар):

      1) 46-баптың 4-тармағының екiншi және үшiншi бөлiктерiндегi "тексеру комиссиясы (тексерушi) және (немесе) аудитордың ол бойынша қорытындылары" деген сөздер "тексеру комиссиясының (тексерушiнiң) ол бойынша қорытындысы және (немесе) аудиторлық ұйымның есебi" деген сөздермен ауыстырылсын; "және (немесе) аудитордың қорытындылары" деген сөздер "қорытындысын және (немесе) аудиторлық ұйымның есебiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 58-баптың 5-тармағындағы "аудитордың қорытындысы" деген сөздер "аудиторлық есебi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 59-бапта:
      1-тармақтағы "байланысы жоқ кәсiби аудиторды" деген сөздер "байланысы жоқ аудиторлық ұйымды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "жылдық немесе өзге де қаржылық есептемелерге заңнамалық актiлерiмен мiндеттi түрде аудиторлық тексеру" деген сөздер "қаржылық есептемелерге заңнамалық актiлерiмен мiндеттi түрде жылдық аудит" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "аудиторлық тексеру" деген сөздер "аудит" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "аудиторлық тексеру" деген сөздер "аудит" деген сөзбен ауыстырылсын; "осындай тексеру мiндеттi болған кезде" деген сөздер "аудит мiндеттi болған кезде" деген сөздермен ауыстырылсын; "мұндай тексеру" деген сөздер "аудит" деген сөзбен ауыстырылсын.

      13. "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 16, 214-құжат; 1999 ж., N 19, 646-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., N 2, 17-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат):

      7-баптың 7) тармақшасында:
      "(аудиторлардың)" деген сөз алып тасталсын;

      "Тексеру нәтижелерi", "тексеру нәтижелерi" деген сөздер тиiсiнше "Аудиторлық есеп", "аудиторлық есеп" деген сөздермен ауыстырылсын.

      14. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңы  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 22, 309-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 5-құжат; N 8, 52-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 86-құжат, N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 23, 138-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат) мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтi жүзеге асыру процесiнде мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар, аудиторлық ұйымдар және кәсiби аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.

       1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) аккредиттелген кәсiби аудиторлық ұйым (бұдан әрi - кәсiби ұйым) - аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың өзiн-өзi реттейтiн бiрлестiгi болып табылатын коммерциялық емес ұйым;
      2) аккредиттеу - уәкiлеттi органның осы Заңда көзделген кәсiби аудиторлық ұйымдардың құқықтылығын ресми тануы;
      3) аудит - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептiлiк жасау және өзге де ақпарат туралы тәуелсiз пiкiр бiлдiру мақсатымен тексеру;
      4) аудитор - Бiлiктiлiк комиссиясы аттестаттаған, "аудитор" бiлiктiлiгiн беру туралы бiлiктiлiк куәлiгiн алған жеке тұлға;
      5) аудиторлық есеп - жүргiзiлген аудиттiң нәтижесi болып табылатын жазбаша ресми құжат;
      6) аудиторлық қызмет - қаржылық есептiлiгi мен басқа да ақпараттың аудитiн жүргiзу және қызмет бейiнi бойынша өзге де қызметтер ұсыну жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
      7) аудиторлық ұйым - аудиторлық қызметтi жүзеге асыру үшiн құрылған коммерциялық ұйым;
      8) аудиттелетiн субъект - қаржылық есептiлiгi және өзге де ақпараты бойынша аудит жүзеге асырылатын заңды тұлға;
      9) аттестаттау - Аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөнiндегi бiлiктiлiк комиссиясының (бұдан әрi - Бiлiктiлiк комиссиясы) кандидаттардың бiлiктiлiк деңгейiн анықтауы;
      10) Әдеп кодексi - аудиторлардың кәсiби қызметiнiң әдеп ережелерi жиынтығы;
      11) көрiнеу дұрыс емес аудиторлық есеп - аудит жүргiзiлмей жасалған немесе пайдаланушыларды қасақана шатастыратын пiкiр жазылған аудиторлық есеп;
      12) серiктес - аудиторлық ұйымның аудиторлық жобаға басшылық жасайтын және оның нәтижелерiне дербес жауапты болатын өкiлi;
      13) ұйымдардың стандарттары - аудиторлық ұйымның аудит жүргiзу тәртiбiне бiрыңғай талаптар белгiлейтiн iшкi құжаттары;
      14) уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган)  - аудиторлық қызмет саласында реттеу мен аудиторлық және кәсiби ұйымдардың қызметiне бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

       2-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет
               туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының  Конституциясына  негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасындағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.

       3-бап. Аудиторлық қызмет

      1. Аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйымдар аудиторлық қызметпен айналысу құқығына ие болады.
      2. Аудиторлық ұйымдар аудиттен басқа, өз қызметiнiң бейiнi бойынша мынадай қызметтердi де көрсете алады:
      1) аудит стандарттарына сәйкес өз қызметiнiң бейiнi бойынша iлеспе қызметтер;
      2) бухгалтерлiк есептi қалпына келтiру және жүргiзу, қаржылық есептiлiктi жасау;
      3) iшкi аудит;
      4) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi заңнаманы қолдану және салық есебiн жүргiзу мәселелерi бойынша консультация беру;
      5) ұйымның статистикалық есептiлiгiн жасау;
      6) қаржы-шаруашылық қызметтi талдау және қаржылық жоспарлау, экономикалық, қаржылық және басқарушылық консультация беру;
      7) бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау мәселелерi бойынша консультация беру;
      8) бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау, салық салу, аудит және қаржы-шаруашылық қызметтi талдау мен қаржылық жоспарлау бойынша оқыту;
      9) бухгалтерлiк есептi жүргiзудi және қаржылық есептiлiктi жасауды автоматтандыру жөнiнде ұсынымдар беру, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасауды автоматтандыруға үйрету;
      10) бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау, аудит, қаржы-шаруашылық қызметтi талдау және қаржылық жоспарлау жөнiнде, аудит стандарттарына сәйкес өз қызметiнiң бейiнi бойынша iлеспе қызметтердi көрсету жөнiнде әдiстемелiк құралдар мен ұсынымдар әзiрлеу;
      11) аудиторлық қызметке байланысты заң қызметтерiн көрсету;
      12) Бухгалтерлердiң халықаралық федерациясы жанындағы Халықаралық аудиторлық практика жөнiндегi комитеттiң Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн ұсынымдарына сәйкес жүзеге асырылатын қаржылық есептілік аудитiне iлеспе өзге де қызмет түрлерi.
      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы тармақта көзделген өз қызметiнiң бейiнi бойынша жекелеген қызмет түрлерiн көрсету тиiстi лицензия алуды талап етсе, аудиторлық ұйымдар осындай лицензиясыз бұл қызметтердi көрсетуге құқылы емес.
      3. Аудиторлық ұйымдарға өз қызметiнiң бейiнiне жатпайтын кәсiпкерлiк қызметтiң өзге түрлерiмен айналысуға тыйым салынады.

       4-бап. Аудиторлық қызметтiң негiзгi принциптерi және
               аудиттiң стандарттары

      1. Аудиторлық қызметтiң негiзгi принциптерi мыналар:
      тәуелсiздiк;
      объективтiлiк;
      кәсiби құзыреттiлiк;
      құпиялылық;
      адалдық;
      ұйымдардың стандарттарын және  Әдеп кодексiн  сақтау;
      аудиторлық қызметтiң халықаралық аудиторлық практикаға сәйкес айқындалатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де принциптерi.
      2. Аудит осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн, Қазақстан Республикасында оларды ресми жариялауға Бухгалтерлердiң халықаралық федерациясы жанындағы Халықаралық аудиторлық практика жөнiндегi комитеттiң жазбаша рұқсаты бар ұйымдар мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жариялаған халықаралық аудит стандарттарына (бұдан әрi - аудит стандарттары) сәйкес жүзеге асырылады.

       5-бап. Аудит және оның түрлерi

      1. Аудиттiң түрлерi мыналар:
      1) мiндеттi;
      2) бастамашылық.
      2. Мiндеттi аудит Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген тәртiппен және жағдайда жүргiзiледi.
      Аудит мiндеттi болып табылатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылдық қаржылық есептiлiктi мерзiмдi баспа басылымдарында жариялайтын ұйымдар жылдық қаржылық есептiлiкпен бiрге аудиторлық есептi де жариялауға мiндеттi.
      3. Бастамашылық аудит аудиттелетiн субъектiнiң не оған қатысушының бастамасы бойынша бастамашы мен аудиторлық ұйымның арасында аудит жүргiзуге жасалған шартта көзделген аудиттiң нақты мiндеттерi, мерзiмi мен көлемi ескерiле отырып жүргiзiледi.

       6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасының Yкiметi:
      1) аудиторлық қызмет саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органды айқындайды;
      2) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, аудит мiндеттi болып табылатын мемлекет қатысатын ұйымдарды айқындайды.

       7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      Аудиторлық қызмет саласындағы уәкiлеттi орган:
      1) мiндеттi аудит жүргiзуге жiберiлетiн аудиторлық ұйымдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi, ал қаржылық ұйымдардың мiндеттi аудитiне қатысты бiлiктiлiк талаптарын - қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша бекiтедi;
      2) кәсiби ұйымдарды аккредиттеу тәртiбiн бекiтедi;
      3) кәсiби ұйымдарды аккредиттейдi және олардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
      4) аудиторлық қызметтi лицензиялау ережесiн бекiтедi;
      5) аудиторлық қызметтi лицензиялауды және аудиторлық ұйымдардың тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады;
      6) аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, оны керi қайтарып алу, қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату туралы мәлiметтердi мерзiмдi баспа басылымдарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жариялайды;
      7) аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткiзу тәртiбiн бекiтедi;
      8) Бiлiктiлiк комиссиясы қызметiн қалыптастыру және жүзеге асыру ережесiн бекiтедi;
      9) аудит стандарттарын тарату үшiн жағдай жасалуын қамтамасыз етедi;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кәсiби ұйымдардың қызметiн тексерудi жүзеге асырады;
      11) кәсiби ұйымдарды тексерудi жүзеге асырудың тәртiбiн айқындайды;
      12) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы сақталмаған жағдайларда кәсiби ұйымдарға ескерту жасайды;
      13) кәсiби ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысанын және оны табыс ету мерзiмдiлiгiн айқындайды;
      14) басқа мемлекеттiк органдармен, кәсiби ұйымдармен және өзге де ұйымдармен аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасайды.

       8-бап. Аудитор

      1. Аудитор аудиторлық қызметтi бiр аудиторлық ұйымның құрамында ғана жүзеге асырады.
      2. Аудитор бiр аудиторлық ұйымға ғана қатысушы бола алады.

       9-бап. Аудиторлық ұйым

      1. Аудиторлық ұйым жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.
      2. Шетелдiк ұйым, егер оның мәртебесi Бухгалтерлердiң халықаралық федерациясының мүшесi болып табылатын кәсiби ұйымға мүшелiгiмен расталса немесе оның мәртебесiн өзi резидентi болып табылатын мемлекеттiң құзыреттi органы растаса, аудиторлық ұйым деп танылады.
      3. Шетелдiк аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтi тиiстi аудиторлық ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденттерiн құрған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.
      4. Аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны үш адамнан кем болмауға тиiс.
      5. Аудиторлық ұйымның жарғылық капиталында аудиторларға және (немесе) шетелдiк аудиторлық ұйымдарға тиесiлi үлес жүз процент болуға тиiс.
      6. Аудиторлық ұйым басшысының "аудитор" деген бiлiктiлiк куәлiгi болуы мiндеттi.
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес, сондай-ақ осы Заңның 16-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген негiздер бойынша лицензиясы керi қайтарып алынған аудиторлық ұйымға жетекшiлiк еткен аудитор лицензиясын керi қайтарып алу туралы шешiм шығарылған күннен бастап үш жыл бойы аудиторлық ұйымның басшысы бола алмайды.
      7. Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметтi жүзеге асыратын аудиторлық ұйым басқа аудиторлық ұйымның - Қазақстан Республикасы резидентiнiң қатысушысы бола алмайды.
      8. Қазақстан Республикасының аумағында филиал құрған жағдайда, филиал басшысының "аудитор" деген бiлiктiлiк куәлiгi болуы мiндеттi.

       10-бап. Кәсiби ұйымдар

      1. Кәсiби ұйымның аккредиттелуi уәкiлеттi орган бекiткен нысандағы аккредиттеу туралы куәлiкпен расталады. Аккредиттеу туралы куәлiктiң Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында күшi бар.
      2. Кәсiби ұйымдар коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және өз мүшелерiнiң жалпы жиналысында қабылданған жарғының негiзiнде жұмыс істейді.
      3. Кәсiби ұйымдардың құрылымы мен жұмыс органдары олардың жарғыларымен айқындалады.
      4. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ғана кәсiптiк ұйымдардың құрылтайшылары және қатысушылары бола алады. Кәсiби ұйымдардың саны аккредиттеуге өтiнiш берерден үш ай бұрын аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлар жалпы санының кемiнде бестен бiрiн және аудиторлық ұйымдар жалпы санының кемiнде бестен бiрiн құрауға тиiс. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар бiр ғана кәсiби ұйымның мүшесi бола алады.
      Аудиторлардың - кәсiби ұйымдар мүшелерiнiң ұйымның басқару органына сайлауға және сайлануға құқығы бар.
      5. Аудитор немесе аудиторлық ұйым кәсiби ұйымның құрамынан шығарылған жағдайда, мұндай аудитордың немесе аудиторлық ұйымның кәсiби ұйымның шешiмiмен белгiленген мерзiмде, бiрақ шығарылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзiм iшiнде кәсiби ұйымға кiруге құқығы жоқ.

       11-бап. Кәсiби ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi

      1. Кәсiби ұйымдар:
      1) аудиттiң дамуына, оның тиiмдiлiгiн арттыруға, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметiн ұйымдастыруға және үйлестiруге ықпал етуге;
      2) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттары талаптарын,  Әдеп кодексiн  сақтауын қамтамасыз етуге;
      3) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жұмыс тәжiрибесiн талдауға, қорытуға және таратуға;
      4) мемлекеттiк, қоғамдық, шетелдiк және халықаралық ұйымдарда аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың мүддесiн бiлдiруге;
      5) өздерiнiң қатысушылары болып табылатын аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға байланысты дауларын қарауға;
      6) аудиторлық ұйымдардың рейтингiн өткiзуге және оларды мерзiмдi баспа басылымдарында жариялауға;
      7) бухгалтерлiк есеп және аудит бойынша халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға;
      8) аудиторлық қызмет саласында оқулық әдебиеттердi, әдiстемелiк ұсынымдар мен мерзiмдi баспа басылымдарын әзiрлеуге, шығаруға және таратуға;
      9) аудит стандарттары және аудиторлық қызметтiң өзге де мәселелерi бойынша ұсынымдар беруге;
      10) сапаға жүргiзiлген сыртқы бақылау қорытындысы бойынша аудит стандарттары мен  Әдеп кодексiн  бұзуға жол берген тұлғаларды кәсiби ұйымнан шығаруға құқылы.
      2. Кәсiби ұйымдар:
      1) аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын, аудит стандарттарын,  Әдеп кодексiн  сақтауға;
      2) аккредиттеудi алған сәттен бастап үш ай iшiнде Бiлiктiлiк комиссиясының құрамына өз өкiлдерiн жiберуге;
      3) өз мүшелерiн Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiмен қамтамасыз етуге;
      4) Әдеп кодексiн әзiрлеуге және оны қабылдауға;
      5) аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылауды жүзеге асыруға;
      6) аудиторлардың бiлiктiлiгiн арттырудың оқу бағдарламаларын әзiрлеуге және оны бекiтуге;
      7) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен аудиторлардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде курстар өткiзуге, курстан өткенi туралы сертификаттар беруге;
      8) мүшелер қабылдаған (шығып кеткен, шығарылған), сондай-ақ басқару жұмыс органының дербес құрамы өзгерген жағдайда, осы өзгерiстер туралы уәкiлеттi органға хабарлауға;
      9) Бiлiктiлiк комиссиясына "аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшiн жою туралы ұсыныс енгiзуге;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға өз қызметi туралы ақпарат беруге мiндеттi.

       12-бап. Аккредиттеу туралы куәлiктен айыру

      1. Кәсiби ұйым, егер:
      1) өз мүшелерiнiң сапасын сыртқы бақылауға мiндеттi тексеру жүргiзбесе;
      2) өз өкiлдерiн белгiленген мерзiм iшiнде Бiлiктiлiк комиссиясының құрамына жiбермесе;
      3) кәсiби ұйым тарапынан өтiнiш жасалмай бiр жыл iшiнде кәсiби ұйымға мүше он аудиторлық ұйымның аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензиясы керi қайтарылып алынса;
      4) соңғы үш жыл iшiнде Аккредиттеу ережесiн жүйелi түрде (қатарынан екi реттен артық) бұзса;
      5) уәкiлеттi органға өзi және өз қызметi туралы көрiнеу жалған ақпарат берсе;
      6) уәкiлеттi органның ескерту жасаған себебi үш ай iшiнде жойылмаса, аккредиттеу туралы куәлiгiнен айырылады.
      2. Кәсiби ұйымдар уәкiлеттi органның шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасауға құқылы.

       13-бап. "Аудитор" бiлiктiлiгiн беруге кандидаттарды
                аттестаттау

      1. Жоғары бiлiмi бар және соңғы бес жыл еңбек стажының кемiнде үш жылында экономика, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлiк есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында iстеген адамдар аттестаттауға жiберiледi.
      2. Аттестаттаудан өткен адамдар "аудитор" бiлiктiлiгi берiлгенi туралы бiлiктiлiк куәлiгiн және бiлiктiлiк куәлiгiнiң нөмiрi, тегi, өз аты, сондай-ақ өзiнiң қалауымен - әкесiнiң аты көрсетiлген аудитордың жеке мөрiн (бұдан әрi - жеке мөр) алады.
      "Аудитор" бiлiктiлiгiн беру туралы шешiм Бiлiктiлiк комиссиясы айқындайтын мерзiмдiк баспасөз басылымдарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жарияланады.
      3. Аттестаттаудан өтпеген адамдар одан қайтадан өтуге Бiлiктiлiк комиссиясы белгiлеген тәртiппен жiберiледi.

       14-бап. Бiлiктiлiк комиссиясы

      1. Бiлiктiлiк комиссиясын оның құрылтайшылары болып табылатын кәсiби ұйымдар құрады және ол ереже негiзiнде жұмыс iстейдi.
      2. Бiлiктiлiк комиссиясы ұйымдық-құқықтық мекеме нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.
      3. Бiлiктiлiк комиссиясының құрамы кәсiби ұйымдардың өкiлдерiн тең жiберу арқылы оларды алқалы басқару органдарының шешiмiмен керi шақырып алу құқығымен құрылады. Бiлiктiлiк комиссиясының құрамына уәкiлеттi органның және уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi байқаушылар ретiнде кiре алады.
      4. Бiлiктiлiк комиссиясының төрағасы болып кәсiби ұйымдардың алқалы басқару органдарының ұсынуы бойынша комиссия мүшелерiнiң арасынан аудиторлық қызметпен айналысатын аудитор төрт жыл мерзiмге кезекпен сайланады.
      5. Бiлiктiлiк комиссиясының қызметiн қаржыландыруды және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi кәсiби ұйымдар тең көлемде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырады.
      6. Бiлiктiлiк комиссиясы аудиторлар тiзiлiмiн жүргiзедi.
      7. Бiлiктiлiк комиссиясы шешiм қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға "аудитор" бiлiктiлiгi берiлген не "аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшi жойылған адамдар туралы ақпаратты табыс етуге мiндеттi.

       15-бап. "Аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшiн жою

      1. "Аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшiн Бiлiктiлiк комиссиясы:
      1) дербес:
      "аудитор" бiлiктiлiгiн беруге кандидаттарды аттестаттауға жiберу үшiн берiлген мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған;
      сот тәртiбiмен аудитор әрекетке қабiлетсiз немесе оның әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылған;
      үш ай iшiнде кәсiби ұйымға кiрмеген;
      сот клиентке көрiнеу дұрыс емес аудиторлық есеп бердi деп таныған;
      аудиторлық қызметпен айналысуға сот тыйым салған жағдайда жояды;
      2) кәсiби ұйымның ұсынысы бойынша:
      Бiлiктiлiк комиссиясы өзiне қатысты тексеру жүргiзу туралы шешiм қабылдаған аудитор тексерудiң сапалы жүзеге асырылуы үшiн барлық қажеттi құжаттарды бермеген;
      аудит стандарттары мен  Әдеп кодексiнiң  талаптары сақталмаған жағдайда;
      3) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұзған жағдайда уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша жояды.
      2. "Аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшiн жою туралы шешiм кәсiби ұйымдарға хабарланады және Бiлiктiлiк комиссиясы айқындайтын мерзiмдi баспа басылымында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жарияланады.
      3. "Аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшi жойылған адамдар қайта аттестаттауға кем дегенде үш жыл өткеннен кейiн жiберiледi.
      4. Бiлiктiлiк комиссиясының "аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшiн жою туралы шешiмiне аудитор сот тәртiбiмен шағым жасауға құқылы.

       16-бап. Аудиторлық қызметтi лицензиялау

      1. Аудиторлық қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензиялануға жатады.
      2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру үшiн:
      1) сапаға сыртқы бақылау жүргiзу үшiн кедергi жасау, жалтару, тиiстi жағдайлар жасамау немесе белгiленген мерзiмдерде сапаның сыртқы бақылауынан өтпеу;
      2) осы Заңның және аудиторлық қызмет саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтамау;
      3) аудиторлық ұйым басшысының "аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшін жоюы;
      4) кәсiби ұйымнан шығару;
      5) лицензиаттың жазбаша өтiнiшi;
      6) қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде қызметiн жүзеге асырмау негiздеме болып табылады.
      Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себебiн көрсете отырып, оны алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
      3. Лицензияны уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда, сондай-ақ:
      1) аудиттелетiн субъектiге көрiнеу дұрыс емес аудиторлық есеп берген;
      2) осы Заңның және аудиторлық қызмет саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптары сақталмаған жағдайларда керi қайтарып алуды жүзеге асырады.
      4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда ғана лицензия өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
      5. Лицензия керi қайтарып алынған немесе қолданылуын тоқтатқан жағдайда лицензияны керi қайтарып алу немесе оның қолданылуын тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде аудиторлық ұйымдар уәкiлеттi органға лицензияны қайтаруға мiндеттi.
      6. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, сондай-ақ осы баптың 3-тармағына сәйкес лицензиясы керi қайтарылып алынған аудиторлық ұйымның лицензия беруге арналған өтiнiшi кем дегенде бiр жыл өткеннен кейiн қаралады.
      7. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және оны керi қайтарып алу туралы шешiмге сот тәртiбiмен шағым жасауға болады.

       17-бап. Аудит жүргiзу шарты

      1. Аудиторлық ұйымдар мен аудиттелетiн субъектiлер арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарт негiзiнде қалыптасады.
      2. Аудит жүргiзу және (немесе) аудиторлық қызмет бейiнi бойынша қызмет көрсету шартында: шарттың нысанасы, мерзiмi, ақы төлеу мөлшерi мен талаптары, тараптардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi көзделедi.
      3. Мiндеттi аудит және аудиттелетiн субъектiнiң iлеспе қызметiн жүргiзу шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

       18-бап. Аудиторлық есеп

      1. Аудиторлық есеп жүргiзiлген аудиттiң нәтижелерi бойынша жасалады және ол осы Заңның талаптары мен аудит стандарттарына сәйкес келуге тиiс.
      Аудиторлық есепте Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, аудиттелетiн субъектiнiң қаржылық есептiлiгiнiң жасалуы мен өзге де ақпараты туралы атқарушы-аудитордың және (немесе) серiктестiң және аудиторлық ұйымның тәуелсiз пiкiрi қамтылады.
      2. Аудиторлық есепке бiлiктiлiк куәлiгiнiң нөмiрi мен берiлген күнiн көрсете отырып, атқарушы-аудитор қол қояды, оны өзiнiң жеке мөрiмен куәландырады және (немесе) серiктесi куәландырады, аудиторлық ұйымның басшысы оған қолын қойып бекiтедi және аудиторлық ұйымның мөрiмен расталады.
      Аудиторлық есепте аудиторлық ұйым лицензиясының нөмiрi мен берiлген күнi де көрсетiледi.
      Аудитор өзiнiң жеке мөрiн тиiсiнше пайдаланбағаны және сақтамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
      "Аудитор" бiлiктiлiк куәлiгi бар немесе бухгалтерлер мен аудиторлардың шетелдiк кәсiби ұйымының мүшелiгiнде тұратын аудиторлық ұйымның өкiлi серiктес болып табылады.
      3. Аудиторлық есеп Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе нақты деректерге сай келмеген жағдайда мұндай есеп сот шешiмiмен жарамсыз деп танылады.

       19-бап. Сапаны бақылау және оның түрлерi

      1. Сапаны бақылау аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттарының талаптарын сақтауына бағытталған.
      2. Сапаны iшкi және сыртқы бақылау сапаны бақылау түрлерi болып табылады.
      Сапаны iшкi бақылауды аудиторлық ұйым аудит стандарттарына сәйкес дербес жүзеге асырады.
      Сапаны сыртқы бақылауды кәсiби ұйым өз мүшелерiне қатысты үш жылда бiр рет жүзеге асырады.
      3. Сапаны сыртқы бақылауды жүргiзудiң ережесiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi кәсiби ұйымдар әзiрлейдi.
      Сапаны сыртқы бақылауды аудиттi жүзеге асырушы аудиторлар ғана жүргiзе алады.
      4. Аудиторлық ұйым кәсiби ұйымның қорытындысына сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.

       20-бап. Аудиторлардың құқықтары мен мiндеттерi

      1. Аудиторлар:
      1) аудиттелетiн субъектiнiң аудит жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн қажеттi бухгалтерлiк және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамасын алуға және тексеруге;
      2) аудиттелетiн субъектiнiң лауазымды адамдарынан аудит барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша нысандарда түсiндірме алуға;
      3) кәсiби ұйымдардың шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
      2. Аудиторлар:
      1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын,  Әдеп кодексiн  сақтауға;
      2) үш жылда кемiнде бiр рет кәсiби ұйымдарда бiлiктiлiгiн арттыру курсынан өтуге;
      3) бухгалтерлiк есеп жүргiзу мен қаржылық есептiлiк жасауда анықталған елеулi кемшiлiктер туралы ақпаратты аудиттелетiн субъектiге беруге;
      4) "аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiн алғаннан кейiн үш ай iшiнде кәсiби ұйымға кiруге және өзiнiң кiргенi туралы Бiлiктiлiк комиссиясына хабарлауға мiндеттi.

       21-бап. Аудиторлық ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi

      1. Аудиторлық ұйымдар:
      1) аудит жүргiзу әдiстерiн дербес анықтауға;
      2) аудит жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн қажеттi бухгалтерлiк және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамаларын сұратып алуға және тексеруге;
      3) осы Заңның 24-бабында көрсетiлген тұлғаларды қоспағанда, әр түрлi бейiндегi мамандарды аудит жүргiзуге қатысуға шарттық негiзде тартуға;
      4) аудиттелетiн субъект аудит жүргiзуге арналған шарттың талаптарын бұзған жағдайда аудит жүргiзуден не аудиторлық есептi беруден бас тартуға;
      5) аудиттелетiн субъектiнiң қаржы-шаруашылық қызметтерiне байланысты құжаттамаларды толық көлемде, сондай-ақ осы құжаттамада есепке алынған мүлiктiң нақты бар-жоғын тексеруге құқылы.
      2. Аудиторлық ұйымдар:
      1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын,  Әдеп кодексiн  сақтауға;
      2) сапаны сыртқы бақылауды жүргiзу үшiн жағдайлар жасауға, сондай-ақ аудиторлық ұйымның аудиторына, аудиторлық ұйымның қызметкерлерiне қатысты тағайындалған тексеру кезiнде жәрдемдесуге;
      3) мемлекеттiк тiркелуден кейiн үш ай iшiнде кәсiби ұйымға кiруге;
      4) кәсiби ұйымнан ерiктi түрде шыққаннан кейiн бiр ай iшiнде басқа кәсiби ұйымға кiруге;
      5) осы Заңның 24-бабында көрсетiлген мән-жайлардың салдарынан аудит жүргiзудiң мүмкiн еместiгi туралы хабарлауға;
      6) бухгалтерлiк есеп жүргiзу мен қаржылық есептiлiк жасауда анықталған елеулi кемшiлiктер туралы ақпаратты аудиттелетiн субъектiге беруге;
      7) өздерi мүшесi болып табылатын кәсiби ұйымды аккредиттеуден айырған кезде үш ай iшiнде басқа кәсiби ұйымға кiруге;
      8) аудит жүргiзу мiндеттi болып табылатын қаржылық ұйымдарға аудит жүргiзу нәтижесiнде айқындалған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы аудиттелетiн субъектiлердi хабардар ете отырып, қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарлауға;
      9) Лицензиялау ережесiне сәйкес уәкiлеттi органға есептiлiктi, сондай-ақ уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру жөнiндегi ақпаратты беруге мiндеттi.
      3. Мемлекеттiк органдардың, аудиттелетiн субъектiлердiң және кез келген үшiншi тұлғалардың аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi.

       22-бап. Аудиторлық қызметтi сақтандыру

      1. Аудиторлық ұйымдар аудиттi жүзеге асыру кезiнде мүлiктiк зиян келтiрудiң салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
      2. Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

       23-бап. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың
                жауапкершiлiгi

      Аудиторлық қызмет туралы заңнаманы, сондай-ақ шарт талаптарын бұзғаны үшiн аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

       24-бап. Аудит жүргiзу құқығын шектеу

      Аудиторлық ұйымдардың:
      осы аудиторлық ұйым немесе осы аудиттi жүзеге асырушы оның қызметкерлерi өздерiнiң қатысушысы, кредиторы болып табылатын тапсырыс берушiлерге;
      өздерiмен азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру шартын жасасқан ұйымдарға;
      осы Заңның 3-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген өзiнiң қызмет бейiнi бойынша соңғы үш жылда қызметтер көрсеткен ұйымдарға;
      орындаушылары аудиттелетiн субъектiмен еңбек қатынастарында тұрған немесе оның лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ аудиттелетiн субъектi акцияларының он және одан да астам процентiн (жарғылық капиталға қатысу үлесiн) иеленген акционердiң (қатысушының) жақын туыстары немесе жекжаттары болып табылатын аудиторлық ұйымдардың;
      аудиттелетiн субъектiде жеке мүлiктiк мүдделерi бар орындаушылардың;
      егер, аудит жүргiзу жөнiндегi мiндеттемелердi қоспағанда, оның аудиттелетiн субъектiнiң алдында немесе аудиттелетiн субъектiнiң оның алдында ақшалай мiндеттемелерi бар болса, аудит жүргiзуiне тыйым салынады.

       25-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң құқықтары

      Аудиттелетiн субъект:
      аудиторлық ұйымнан аудит жүргiзуге қатысты заңнаманың талаптары туралы қажеттi ақпарат алуға;
      аудиторлық ұйымның ескертпелерi мен қорытындыларына негiз болған нормативтiк құқықтық актiлермен танысуға;
      аудиторлық ұйымнан қаржылық есептiлiктiң, басқа да ақпарат пен өзге де құжаттардың заңнамаға сәйкес келмейтіні анықталғаны туралы ақпарат алуға;
      аудиторлық ұйым шарт талаптарын бұзған жағдайда оның көрсететiн қызметiнен бас тартуға құқылы.

       26-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң мiндеттерi

      1. Аудиттелетiн субъект:
      аудиторлық ұйымға уақтылы және сапалы аудит жүргiзуi үшiн жағдай жасауға, қажеттi құжаттамаларды табыс етуге, ауызша немесе жазбаша нысанда түсiндiрме және түсiнiк беруге;
      егер шартта өзгеше көзделмесе, аудитке тиiстi мәселелер ауқымын шектеу мақсатында аудиторлық ұйымның қызметiне араласпауға;
      аудиторлық ұйымның талап етуi бойынша қажеттi ақпарат алу үшiн үшiншi тұлғалардың атына өз атынан жазбаша сауал жолдауға мiндеттi.
      2. Аудиторлық ұйымның шарт бойынша мiндеттемелерден туындайтын талаптарын орындау аудиттелетiн субъект үшiн мiндеттi.

       27-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң жауапкершiлiгi

      1. Аудиттелетiн субъект аудиторлық ұйымға аудит жүргiзу үшiн берген қаржылық есептiлiк пен өзге де ақпараттың толымдылығы мен дұрыстығы үшiн жауапты болады.
      2. Мiндеттi аудит жүргiзуден жалтарған не оны жүргiзуге кедергi жасаған, не оны жүргiзудi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қамтамасыз етпеген заңды тұлғаның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      3. Аудит жүргiзу аудиттелетiн субъектiнi табыс етiлген қаржылық есептiлiктiң және өзге де құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегенi үшiн жауаптылықтан босатпайды.

       28-бап. Дауларды қарау

      Аудиторлар, аудиторлық ұйымдар арасында, сондай-ақ олар мен аудиттелетiн субъектiлер арасында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi.

       29-бап. Өтпелi ережелер

      1. Дара кәсiпкерлер болып табылатын аудиторлар Осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай iшiнде аудиторлық қызметтi жүзеге асыра алады.
      2. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган берген лицензияларды қоспағанда, аудиторлық ұйымдардың уәкiлеттi орган берген лицензиялары және осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген "аудитор" бiлiктiлiк куәлiгi жарамды болады.

       30-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      Осы Заң, осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн 9-баптың 4, 5-тармақтарын, 10, 12 және 14-баптарын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.".

      15. "Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы" 1999 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 21, 770-құжат):

      1) 41-баптың 6-тармағындағы "аудитордың қорытындысы" деген сөздер "аудиторлық есеп" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 43-бапта:
      1-тармақта:
      "жылдық" деген сөзден кейiн "қаржылық" деген сөзбен толықтырылсын;

      "байланысты емес кәсiби аудитор" деген сөздер "байланысты емес аудиторлық ұйымды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "жылдық немесе өзге де қаржы есебiне мiндеттi аудиторлық тексеру" деген сөздер "жылдық қаржылық есептiлiгiнiң аудитiн мiндеттi түрде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "есебiне аудиторлық тексеру" деген сөздер "есептiлiгiне аудит" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "есебiне аудиторлық тексеру" деген сөздер "есептiлiгiне аудит" деген сөздермен ауыстырылсын, "мұндай тексеру жүргiзуден" деген сөздер "аудит жүргiзуден" деген сөздермен ауыстырылсын, "ондай тексеру" деген сөздер "аудит" деген сөзбен ауыстырылсын.

      16. "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; 2005 ж., N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж.,  N 3, 22-құжат; N 4, 25-құжат):

      1) 3-бапта:
      жиырма бiрiншi абзацтағы "және уәкiлеттi аудитор" деген сөздер алып тасталсын;

      отыз екiншi абзац алып тасталсын;

      2) 10-баптың 6) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 14-баптағы "немесе уәкiлеттi аудитордың" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 16-баптың 3-тармағындағы "кiрiстерi" деген сөз "оның қызметiнiң кiрiстерi" деген сөздермен, "және уәкiлеттi аудитор куәландырған жылдық қаржы есебiн" деген сөздер "жылдық қаржы есебiн және аудиторлық ұйым куәландырған аудиторлық есептi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 20-бапта:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудитiн Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргiзуге құқықтық өкiлеттiгi бар аудиторлық ұйым жүргiзедi.";
      "2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық есептiлiгi мен басқа да ақпаратын тексеру туралы аудиторлық есеп коммерциялық құпия болып табылмайды. Басқа да ақпараттың аудитi бухгалтерлiк есепте сақтандыру резервтерiн көрсетудiң дұрыстығын, осы Заңның 46-бабында көрсетiлген пруденциялық нормативтер мен өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердiң орындалуын, мәмiлелер жасауға шектеулердiң сақталуын тексерудi қамтиды.
      Iлеспе қызметтер жүргiзуге арналған шарт уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сәйкес келуге тиiс.";

      3-тармақта:
      "Уәкiлеттi аудитор" деген сөздер "Аудиторлық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "қорытындының" деген сөз "аудиторлық есептiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 24-баптың 2-тармағындағы "уәкiлеттi аудитордың" деген сөздер "аудиторлық ұйымның аудиторлық есебiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын, "қорытындысы" деген сөз алып тасталсын;

      7) 39-бап алып тасталсын;

      8) 43-бапта:
      4) тармақшадағы ", сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аудитiн" деген сөздер алып тасталсын;

      10) тармақшадағы "және уәкiлеттi аудиторлардың" деген сөздер алып тасталсын;

      9) 57 және 58-баптар алып тасталсын;

      10) 74-баптың 4-тармағындағы екiншi сөйлем алып тасталсын.

      17. "Ауыл шаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 23, 413-құжат):

      1) 27-баптың 2-тармағындағы "аудиторлық қызметпен айналысуға құқығы бар" деген сөздер "аудиторлық қызметтi жүзеге асырушы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 28-бапта:
      1-тармақта:
      "жылдық" деген сөзден кейiн "қаржылық" деген сөзбен толықтырылсын;

      "байланысы жоқ кәсiби аудиторды" деген сөздер "байланысы жоқ аудиторлық ұйымды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "аудиторлық тексеру" деген сөздер "аудит" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "аудиторлық тексерудi" деген сөздер "аудит" деген сөзбен ауыстырылсын, "мұндай тексеру мiндеттi", "мұндай тексеру мүдделі" деген сөздер "аудит мiндетті", "аудит мүдделі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      18. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 1, 8-құжат; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 10, 56-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат):

      1) 12-баптың 6-тармағындағы "аудитор", "аудиторлар" деген сөздер тиiсiнше "аудиторлық ұйым", "аудиторлық ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 17-баптың 2-тармағындағы "аудиторлар палаталары" деген сөздер "кәсiби аудиторлық ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 35-баптың 4-тармағындағы "тәуелсiз аудитор" деген сөздер "аудиторлық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын.

      19. "Қазақстанның Даму Банкi туралы" 2001 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 9, 85-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 83-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 15, 85-құжат;  N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 11, 37-құжат; N 23, 105-құжат):

      21-баптың 1 және 2-тармақтарындағы "(аудитор)" және "(аудитормен)" деген сөздер алып тасталсын.

      20. "Тұтыну кооперативi туралы" 2001 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 10, 138-құжат):

      23-бапта:
      1-тармақта:
      "жылдық" деген сөзден кейiн "қаржы" деген сөзбен толықтырылсын;

      "байланысты емес аудитор" деген сөздер "байланысты емес аудиторлық ұйымды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "аудиторлық тексеру" деген сөздер "аудит" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "аудиторлық тексеру" деген сөздер "аудит" деген сөзбен ауыстырылсын, "ондай тексеру өткiзуден" деген сөздер "аудит жүргiзуден" деген сөздермен ауыстырылсын, "мұндай тексеру" деген сөздер "аудит" деген сөзбен ауыстырылсын.

      21. "Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 12, 89-құжат):

      1) тақырыбында және бүкiл мәтiн бойынша "аудиторлар мен", "аудитормен немесе", "аудиторды және", "аудитордың немесе", "аудитордың және", "аудиторды немесе", "жеке кәсiпкер ретiнде аудиторлық қызметтi жүзеге асыратын аудиторлар және", "аудиторларды немесе", "аудиторларға және", "аудитор және", "аудитор немесе" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 1-баптың 4) тармақшасында орыс тiлiндегi мәтiнге өзгерiс енгiзiлдi, мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгермейдi;

      3) 3-бапта орыс тiлiндегi мәтiнге өзгерiс енгiзiлдi, мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгермейдi және 5-баптың 2-тармағындағы "оларды" деген сөз "оны" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 6-бапта:
      1-тармақтағы "Аудитор және аудиторлық" деген сөздер "Аудиторлық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "жүзеге асыратын аудитор немесе аудиторлық ұйым" деген сөздер "жүзеге асыратын аудиторлық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 15-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын.

       (Ескерту. 1-баптың 21-тармағының 5) тармақшасы осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi - осы Заңның  2-бабын  қараңыз).  

      22. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат):

      42-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "аудитор" деген сөз "аудиторлық ұйым қызметкерi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      23. "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 15, 132-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 23, 104-құжат, 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат):

      1) 9-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы ", қаржылық ұйымдардың аудитiн" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 10-баптың 7) тармақшасындағы "және банктерге аудит жүргiзуге лицензиясы бар аудиторлық ұйымдардың" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 11-баптың 9) тармақшасындағы "және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына аудит жүргiзуге лицензиясы бар аудиторлық ұйымдардың" деген сөздер алып тасталсын.

       2-бап.  Осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн осы Заңның 1-бабы 21-тармағының 5) тармақшасын қоспағанда, осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады