"Автомобиль көлігін күтіп - ұстау мен пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 626 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 25 қаңтардағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4527 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 476 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 N 476 бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына, 17-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған "Автомобиль көлігін күтіп - ұстау мен пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Белоног А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру - құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      Міндетін атқарушы

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      көлік және коммуникация
      министрі
      ___________________
      2007 жылғы 5 қаңтар

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының   
2006 жылғы»15 желтоқсандағы
N 626 бұйрығымен бекітілген

"Автомобиль көлігін күтіп ұстау мен пайдалануға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
туралы санитарлық-эпидемиологиялық
ережелер мен нормалар

1. Жалпы ереже

      1. "Автомобиль көлігін күтіп ұстау мен пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрі-санитарлық ереже) жолаушыларға тасымалдау қызметін көрсететін жеке және заңды тұлғаларға арналған.

      2. Осы санитарлық ереже жүк тасымалдайтын, арнаулы және арнайы автомобиль көлік құралдарына қолданылмайды.

2. Автомобиль көлігін күтіп ұстау мен пайдалануға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      3. Жұмыс істеуші және жолаушы тасымалдау жағдайына жағымсыз метеорологиялық факторлардан, отынның буынан, автокөліктен шығатын газдардан, жанар-жағар май материалдарынан қорғалуға тиіс.
      жүргізушінің жұмыс орны мен салонында болуына жол берілмейді.

      4. Қолданылатын отын және жанар - жағар майлар Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген болуы керек.

      5. Машина қозғалтқышының өткізгіш құбырлары пайдаланған газдарды төмен қарай және артқы жағынан шығуын қамтамасыз етуге тиіс.

      6. Жұмыстың оңтайлы жағдайларын тудыратын техникалық құралдар (жылытқыш, желдеткіш, кондиционер, ауаны салқындатқыш, тығыздағыштар, сервистік механизмдер, дірілді, шуды оқшаулағыштар) автокөлікті пайдаланатын барлық кезеңде жұмыс істеп тұруға тиіс.

      7. Желге қарсы және бүйірдегі әйнектерінің сынған жарығы болмай, әйнегі көлеңкеленбеуі керек.

      8. Кабинаның ішіндегі ауа адам тасымалдау жағдайына суық кезеңдерде салыстырмалы ылғалдық 70-75 пайыз (бұдан әрі - %) болған жағдайда + 14 градус Цельсиядан (бұдан әрі - 0 С) төмен және плюс 21 0 С жоғары болмауы керек.

      9. Сыртқы ауаның ылғалдығы жоғары болатын аудандар үшін және ауа салқындатқышты қолданған жағдайда кабинаның ішіндегі салыстырмалы ылғалдықты 10% көбейтуге рұқсат етіледі. Кабинаның ішкі беттерінің температурасы суық кезеңдерде кабинаның ішіндегі ауаның температурасынан 3 0 С кем болмауы, ал әйнегін есептемегенде, жылы кезеңдерде 35 0 С жоғары болмауға тиіс.

      10. Кабинаның және жолаушылар салонының желдету жүйесі ішке берілетін ауаны біртіндеп алдын ала шаңнан тазартып, ауа ағынын температурасын, жылдамдығын және бағатын реттеуді қамтамасыз етуі керек.

      11. Кабинаның ішіне шаңның кіруін болдырмас үшін ауаны тазарту жүйесінің сүзгіштері қолданылып және ол кабинаның сыртқы жағынан орнатылады. Сүзгіштер жеңіл ауыстырылып, тазартылып және жұмыс ауысымы барысында ауаны тазарту деңгейін қамтамасыз етуге тиіс.

      12. Кабинаның ішіндегі зиянды заттардың қанықпасы белгіленген гигиеналық нормативтерге сай болуы керек.

      13. Автокөліктер жарық беретін аспаптармен жабдықталып, олар терең көлеңкесіз, біркелкі жарық беруі және жүргізушінің көзін шағылыстырмауға тиіс.

      14. Жалпы жарық түсіретін шамдардың кабинадағы жарық қуаттылығы приборлар қалқалының деңгейіндегі кемінде 10 люкс (бұдан әрі - лк) құрауға тиіс.

      15. Приборлар шкалаларының жарық қуаттылығы кемінде 12 лк болуға тиіс.

      16. Отырғышта және оның арқалығында ойықтардың, сыртқа шығып тұратын серіппелердің, үшкір бұрыштарының болуына рұқсат етілмейді.

      17. Жүргізуші отырғышының сырты, арқасы, шынтақ тірейтін жері сол сияқты жолаушыларға арналған отырғыштардың сыртқы қабаты жұмсақ, ауа өткізетін, жеңіл жуылатын, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген, материалдан жасалуы керек.

      18. Есікті ашып-жабуды басқаратын тетігі жүріп бара жатқан кезде өздігінен ашылып кету мүмкіндігін болдырмауы керек.

      19. Автокөліктің осы санитарлық ережелердің талаптарына сай, белгіленген үлгідегі санитарлық төлқұжаты болуы керек.

      20. Барлық жұмыскерлер жұмысқа кіру алдында алдын ала және кезеңмен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 12 наурызында N 243 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркейтін Реестрде N 2780 тіркелген "Алдында алдын ала және кезеңмен міндетті түрде медициналық тексерістен өтуі керек зиянды өндірістік факторлар, кәсіптер Тізбесін бекіту туралы" және "Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың ықпалында жұмыс істеген жұмыскерлерді алдын ала және кезеңмен міндетті түрде медициналық тексерістен өткізу бойынша Нұсқауға" сәйкес медициналық тексерістен өтуі керек.

      21. Автокөлік Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылы 20 желтоқсанда N 876 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркейтін Реестрде N 3358 тіркелген "Тұрғындарға жедел медициналық көмек көрсету үшін қажетті алғашқы көмек кобдишасының құрамын бекіту туралы" құжатқа сәйкес медициналық қобдишамен жабдықталуы керек.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады